қосу (алу)
дара кәсiпкердiң корпоративтiк кіріс салығын есептеу мақсатында жылдық жиынтық кірісті түзетулерді айқындаудың осы Кодекстiң 99-бабының 2-тармағында белгіленген тәртiбіне ұқсас тәртіппен айқындалған, салық кезеңі үшін жиынтықты түрде алынған кірісін түзету
алу
корпоративтiк кіріс салығын есептеу мақсатында шегерімдерге жатқызылатын шығыстарды айқындаудың осы Кодекстiң 100-125-баптарында белгіленген тәртiбіне ұқсас тәртіппен айқындалған шегерімдер
қосу (алу)
корпоративтiк кіріс салығын есептеу мақсатында кірістерді және шегерімдерді түзетуді айқындаудың осы Кодекстiң 132-бабында белгіленген тәртiбіне ұқсас тәртіппен айқындалған кірістер мен шегерімдерді түзету.
3. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкердiң кірісі осы Кодекстің 61-тарауына сәйкес айқындалады.»;
60) 184-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегi көздерден алынған, оның ішінде жеке тұлға, сондай-ақ шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсіпкер мүлікті өткізуден алған, осы Кодекстің 184-1-бабында белгіленген тәртіппен айқындалатын кірістер;»;
4) тармақша алып тасталсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) кәсіби медиаторларды қоспағанда, медиаторлардың салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасына сәйкес алған кірістері;»;
2-тармақтың 60) тармақшасының сегізінші - он бірінші абзацтары 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) бірлескен қызмет туралы шартқа сәйкес шаруа немесе фермер қожалығы кірісіндегі шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) үлесі бойынша айқындалатын кірісі.»;
2-1-тармақтың сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан аз болса, онда жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі және салық кезеңінің қорытындысы жөніндегі декларация бойынша жеке табыс салығын төлеуді Қазақстан Республикасының резиденті-үй жұмыскері болып табылатын еңбекші көшіп келуші жеке табыс салығы бойынша декларацияны болатын жері бойынша ұсынудың осы Кодекстің 187-7-бабында көзделген мерзімінен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады.»;
3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
61) 20-тарау мынадай мазмұндағы 184-1-баппен толықтырылсын:
«184-1-бап. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің Қазақстанеспубликасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған мүлікті өткізуден түсетін кірісін айқындау тәртібі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мүлікті өткізу құны жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті өткізу кезіндегі, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірісі болып табылады.
2. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің мүлікті өткізу кезіндегі, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірісі мынадай:
1) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі, ол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын;
2) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі, шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шет мемлекеттің құзыретті органында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті өткізу кезінде мүлікті өткізу құны мен оны сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
3. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жария етілген, ол бойынша сатып алу бағасы (құны) жоқ және жария ету үшін алым төлеу бойынша міндеттеме орындалған мүлікті жария еткен тұлға өткізген жағдайда мүлікті өткізу бағасы (құны) мен өткізілетін мүлікті жария ету үшін алымды есептеу үшін теңгемен айқындалған бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсімінен түсетін кіріс болып табылады.
4. Борыштық бағалы қағаздарды қоспағанда, жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірісі өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
5. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің борыштық бағалы қағаздарды өткізу кезіндегі, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірісі өткізу күнгі дисконт амортизациясын және (немесе) сыйлықақыны ескере отырып, купон есепке алынбастан, өткізу құны мен сатып алу құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
6. Жеке тұлғаның, сондай-ақ шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкердің қатысу үлесін өткізу кезіндегі, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі көздерден алынған кірісі өткізу құны мен сатып алу (салым) құны арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.
7. Осы баптың 2-тармағының ережесі мынадай:
1) жылжымайтын мүлік жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің аумағында болған;
2) жылжымалы мүлікке құқықтар немесе жылжымалы мүлік бойынша мәмілелер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттің құзыретті органында тіркелген жағдайларда қолданылмайды.
8. Осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарының ережелері, егер осы баптың 4, 5 және 6-тармақтарында көрсетілген кірістер жеңілдікті салық салынатын мемлекеттегі көздерден алынса, қолданылмайды.
9. Осы баптың 2, 4, 5 және 6-тармақтарының ережелері:
1) мүлікті сатып алу құнын (салым құнын);
2) мүлікті өткізу құнын;
3) шет мемлекеттің құзыретті органының мүлікті және (немесе) мүлікке меншік құқығын және (немесе) мүлік бойынша мәмілені шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркегенін растау құжаттары негізінде қолданылады.»;
2-тармақтың 62) тармақшасының бірінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
62) 21-тараудың тақырыбы алып тасталсын;
185-бапта:
2-тармақтың 62) тармақшасының үшінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
тақырыбы, 1 және 3-тармақтар алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын;
2-тармақтың 63) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
63) 186 және 187-баптар алып тасталсын;
64) мынадай мазмұндағы 21-1-тараумен толықтырылсын:
«21-1-тарау. Жеке тұлғалардың декларациялары
1-параграф. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация
187-1-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация
1. Осы бапта көрсетілген тұлғалар, егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар ұсынылатын жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтырады.
2. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны активтер мен міндеттемелер туралы декларациялар ұсынылатын жылдың 1 қаңтарында:
1) мынадай адамдардың бірі:
Қазақстан Республикасының кәмелеттік жасқа толған азаматы;
оралман;
тұруға ықтиярхаты бар адам болып табылатын, осы Кодекстің ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті;
2) осы баптың 3-тармағында айқындалған жағдайларда осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлға;
3) мыналардың:
осы баптың 4-тармағында айқындалған жағдайда он сегіз жасқа (кәмелет жасына) толмаған адамның;
әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп танылған және осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдар санатына жататын кәмелетке толған адамның кез келгенінің заңды өкілдерінің бірі болып табылатын жеке тұлға ұсынады.
3. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны мынадай жағдайда:
1) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік, сондай-ақ сол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік болғанда;
2) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі болғанда;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндеттер туындағанда ұсынады.
Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің қызметкерлері болып табылатын шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қолданылмайды.
4. Осы баптың 2-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген адамдар осы баптың 2-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген адам үшін активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны осы адамда мынадай жағдайлардың кез келгені басталған:
1) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша меншік құқығында мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлік, сондай-ақ олар бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркеуге жататын мүлік (жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлікті қоспағанда) болған;
2) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде осындай үлесі болған;
3) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша банк шоттарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын ең төмен жалақының 40 еселенген мөлшерінен жиынтықты түрде асатын ақша сомасы болған;
4) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша басқа тұлғалардың осы тұлға алдындағы берешегінің (дебиторлық берешегінің) және (немесе) осы тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегінің (кредиторлық берешегінің) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жылының алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын ең төмен жалақының 160 еселенген мөлшерінен асатын сомалары болған кезде ұсынады.
5. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бастапқы - активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну жөніндегі белгіленген міндеттің алғаш рет туындауына байланысты жеке тұлға ұсынатын осындай декларация;
2) кезекті - жеке тұлға активтері мен міндеттемелері туралы бастапқы декларацияны ұсынғаннан кейін осындай жеке тұлға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұсынатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;
3) қосымша - жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы бұрын ұсынылған декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға осы өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға қатысты ұсынатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация;
4) хабарлама бойынша қосымша - салық органы жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері бойынша камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған бұрын ұсынылған активтер мен міндеттемелер туралы декларацияға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде жеке тұлға ұсынатын активтер мен міндеттемелер туралы декларация.
6. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация:
1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну міндеті жүктелген адамдардың ұсынуын;
2) осы Кодекстің 70-бабында көзделген қосымша салық есептілігін ұсынуды қоспағанда, бір рет ұсынылады.
187-2-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны толтыру ерекшеліктері
1. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация мынадай талаптар ескеріле отырып толтырылады:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жария етілген ақшаны қоспағанда, қолма-қол ақша республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация ұсынылған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын ең төмен жалақының 160 еселенген мөлшері шегінен аспайтын сомада көрсетіледі;
2) Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешектерді қоспағанда, дебиторлық және (немесе) кредиторлық берешек міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын шарт немесе өзге құжат болған кезде республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация ұсынылған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын ең төмен жалақының 160 еселенген мөлшеріне тең сомадан асып кеткен жағдайда көрсетіледі.
2. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда мынадай талаптар ескеріле отырып, жеке тұлғаның қалауы бойынша басқа мүлік те көрсетілуі мүмкін:
1) биологиялық активтер осындай активтерге меншік құқығын растайтын ветеринариялық паспорт немесе өзге де құжат болған кезде көрсетіледі;
2) мәдени құндылықтар Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне олар Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен енгізілген жағдайда көрсетіледі;
3) асыл тастар мен бағалы металдар, олардан жасалған зергерлік бұйымдар және құрамында асыл тастар мен бағалы металдар бар басқа да заттар, сондай-ақ өнер және антиквариат туындылары осы мүліктің бірлігі үшін баға (құн) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын ең төмен жалақының 160 еселенген мөлшерінен асып кеткен және осындай мүліктің құнын растау құжаттары болған жағдайда көрсетіледі;
4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген өзге де мүлік осы мүліктің бірлігі үшін баға (құн) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және активтер мен міндеттемелер туралы декларация ұсынылған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанында қолданылатын ең төмен жалақының 160 еселенген мөлшерінен асып кеткен және осындай мүліктің құнын растау құжаттары болған жағдайда көрсетіледі.
187-3-бап. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну мерзімдері
Егер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, активтер мен міндеттемелер туралы декларация:
1) қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда - декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындаған жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей;
2) электрондық түрде ұсынылған жағдайда - декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындаған жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей ұсынылады.
2-параграф. Кірістер мен мүлік туралы декларация
187-4-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларация
1. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны кірістер мен мүлік туралы декларация ұсынылған жылдың алдындағы күнтізбелік жыл ішінде:
1) мынадай адамдардың бірі:
Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматы;
оралман;
тұруға ықтиярхаты бар адам болып табылатын, осы Кодекстің ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті;
2) осы баптың 2-тармағында айқындалған жағдайларда осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлға;
3) мыналардың:
осы баптың 3-тармағында айқындалған жағдайда он сегіз жасқа (кәмелет жасына) толмаған адамның;
әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп танылған және осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдар санатына жататын кәмелетке толған адамның кез келгенінің заңды өкілдерінің бірі болып табылатын жеке тұлға ұсынады.
2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалар мынадай жағдайда, егер:
1) есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасындағы көздерден жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер алса;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар болып табылса, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынады.
Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық немесе оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің қызметкерлері болып табылатын шетелдіктерге немесе азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қолданылмайды.
Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын, есепті салық кезеңінде алынған кірістерден жеке табыс салығын төлеу жөніндегі міндеттеме туындаған жағдайда мұндай адамдардың жеке табыс салығын төлеуі осы Кодекстің 179-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
3. Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдар осы баптың 1-тармағы 3) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген адам үшін кірістер мен мүлік туралы декларацияны осы адамда мынадай жағдайлардың кез келгені басталған:
1) есепті салық кезеңінде, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде мынадай кіріс түрлерін:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті;
бюджет қаражаты есебінен төленетін жәрдемақыларды, өтемақыларды, стипендияларды;
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдерді;
банктердегі және банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензия негізінде жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдар бойынша сыйақыларды;
бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде төленетін тұрғын үй құрылыс жинақ салымдары бойынша сыйлықақыларды;
бюджет қаражаты есебінен «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мөлшерлерде төленетін білім беру жинақтау салымдары бойынша мемлекет сыйлықақыларын қоспағанда, кірістер алған;
2) мемлекеттік немесе өзге де тiркелуге жататын мүлiктi, сондай-ақ сол бойынша құқықтар және (немесе) мәмiлелер мемлекеттік немесе өзге де тiркелуге, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркеуге жататын мүлiкті иеліктен шығарған және (немесе) иемденіп алған және (немесе) өтеусіз алған;
3) тұрғын үй құрылысына, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қатысу үлесін иемденіп алған және (немесе) талап ету құқығын басқаға берген және (немесе) өтеусіз алған;
4) есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша банк шоттарында, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде барлық банк салымдары бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын ең төмен жалақының 40 еселенген мөлшерінен жиынтықты түрде асатын ақша сомасы болған;
5) есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша банктерге және Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңнамасына сәйкес құрылған, банк операцияларының жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берешегін қоспағанда, басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегінің (дебиторлық берешегінің) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегінің (дебиторлық берешегінің) республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданылатын ең төмен жалақының 160 еселенген мөлшерінен асып кеткен сомасы болған кезде ұсынады.
4. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген жеке тұлға есепті салық кезеңінің ішінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келген кезде:
1) жеке тұлға:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адам;
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адам;
дара кәсіпкер;
жекеше нотариус;
жеке сот орындаушысы;
адвокат;
кәсіби медиатор болып табылмаса;
2) жеке тұлға:
мүліктік кіріс;
басқа да кірістер алмаса;
3) жеке тұлғада кез келген кірістер болмаса немесе жеке тұлға кірістерді:
төлем көзінен салық салынуға жататын кірістер;
өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды өтеу;
алименттер түрінде ғана алса;
4) жеке тұлғаның жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуға және (немесе) қайтаруға құқығы болмаса немесе ол жеке табыс салығы бойынша асып кетуді есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу құқығын іске асыруды қаламаса;
5) жеке тұлға мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге жататын мүлікті, сондай-ақ сол бойынша құқықтар және (немесе) мәмілелер мемлекеттік немесе өзге де тіркеуге, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тіркеуге жататын мүлікті сатып алмаса, иеліктен шығармаса, өтеусіз алмаса, кірістер мен мүлік туралы қысқаша декларацияны ұсынуға құқылы.
187-5-бап. Кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну мерзімдері
Кірістер мен мүлік туралы декларация:
қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда - есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 шілдесінен кешіктірілмей;
электрондық түрде ұсынылған жағдайда - есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмей ұсынылады.
3-параграф. Жеке табыс салығы бойынша декларация
187-6-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация
Жеке табыс салығы бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының резиденттері-үй жұмыскерлері болып табылатын, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың негізінде жасалған еңбек шарттары бойынша кірістер алған еңбекші көшіп келушілер ұсынады.
187-7-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны ұсыну мерзімдері
Қазақстан Республикасының резиденттері-үй жұмыскерлері болып табылатын осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген кірістерді алған еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны жеке табыс салығының есепті салық кезеңі үшін есептелген сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып кеткен жағдайда ұсынады.
Осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген кірістер бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының резиденттері-үй жұмыскерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер болатын жері бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей ұсынады.