салық салуға жататын, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріс сомасы
алу
осы Кодекстің 156-бабының 1-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша түзетулер сомасы
алу
осы Кодекстің 156-1-бабына сәйкес айқындалған жеке табыс салығы бойынша түзетуді ауыстыру сомасы
алу
осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда және мөлшерлерде салық шегерімінің сомасы.
3. Сақтандыру сыйлықақылары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары есебінен төленген сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері түріндегі салық салуға жататын, жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша кіріске республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сақтандыру төлемі жүзеге асырылатын, сақтандыру төлемі түріндегі кірісті есепке жазудың әрбір айы үшін сақтандыру төлемі түріндегі кірісті есепке жазу күні қолданыста болатын бір ең төмен жалақы мөлшеріндегі сомада салық шегерімі қолданылады.
Күнтізбелік жыл ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және сақтандыру төлемін жүзеге асыру күні қолданыста болатын ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерінен асатын салық шегерімін қолдануға жол берілмейді.
176-бап. Салық сомасын есептеу
Жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 158-бабы 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені осы Кодекстің 175-бабына сәйкес айқындалатын жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша салық салынатын кіріс сомасына қолдану жолымен есептеледі.»;
47) 20-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«20-тарау. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер»;
48) 177-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«177-бап. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер
Кірістердің мынадай түрлері:
1) мүліктік кіріс;
2) дара кәсіпкердің кірісі;
2-тармақтың 48) тармақшасының алтыншы абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3) жеке практикамен айналасудан түсетін кіріс;
4) өзге де кірістер жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер болып табылады.
2-тармақтың 48) тармақшасының сегізінші абзацы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Мүліктік кіріс дара кәсіпкердің кірісі, жеке практикамен айналысудан түсетін кіріс болып табылмайды.»;
49) мынадай мазмұндағы 177-1-баппен толықтырылсын:
«177-1-бап. Салық кезеңі
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, күнтізбелік жыл жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістерден жеке табыс салығын есептеу үшін салық кезеңі болып табылады.
2. Жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде күнтізбелік жыл басталғаннан кейін тіркелген кезде ол үшін дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік жылдың соңына дейінгі уақыт кезеңі бірінші салық кезеңі болып табылады.
3. Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен дара кәсіпкерді күнтізбелік жылдың соңына дейін шығарған кезде ол үшін күнтізбелік жыл басталғаннан бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күнге дейінгі уақыт кезеңі соңғы салық кезеңі болып табылады.
4. Жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде күнтізбелік жыл басталғаннан кейін тіркелген және дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен сол жылдың соңына дейін шығарылған кезде ол үшін дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күнге дейінгі уақыт кезеңі салық кезеңі болып табылады.
5. Дара кәсіпкер күнтізбелік жыл ішінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде және жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырған кезде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимінде кәсіпкерлік қызмет жүзеге асырылған уақыт кезеңі салық кезеңіне қосылмайды.»;
50) 178-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«178-бап. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеу
1. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістерден алынатын жеке табыс салығын есептеу кірістер мен мүлік туралы декларацияда жүргізіледі.
2. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістерден алынатын жеке табыс салығының сомасы осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені жеке тұлғаның салық салынатын кірісінің сомасына қолдану жолымен есептеледі.
3. Жеке тұлғаның күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша салық салынатын кірісі осы баптың 4-тармағына сәйкес айқындалған салық салынатын кірістің және шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) осы баптың 5-тармағына сәйкес айқындалған салық салынатын кірісінің сомасы ретінде айқындалады.
Егер салық салынатын кірістің сомасы жыл қорытындысы бойынша теріс мәнде болса, онда жеке табыс салығын есептеу мақсатында салық салынатын кірістің сомасы жыл қорытындысы бойынша нөлге тең деп танылады.
4. Жеке тұлғаның, оның ішінде дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың, жеке сот орындаушысының, кәсіби медиатордың салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
осы Кодекстің 177-бабында көзделген жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер
қосу
осы Кодекстің 172 және 173-баптарында көзделген кірістерді қоспағанда, төлем көзінен салық салуға жататын кірістердің салық агенті есептеген сомасы
алу
осы Кодекстің 156-бабында көзделген салық салудан босатылатын кірістер
алу
осы тарауда белгіленген шектерде салық шегерімдері.
Осы тармақтың ережелері шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) салық салынатын кірісін айқындау кезінде қолданылмайды.
5. Шаруа немесе фермер қожалығы басшысының (мүшесінің) салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
осы Кодекстің 184-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген кірістер
алу
осы Кодекстің 156-бабы 1-тармағының 56) тармақшасында көзделген салық салудан босатылатын кірістер.
6. Бюджетке төленуге жататын жеке табыс салығының сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
осы баптың 2-тармағында көзделген тәртіппен есептелген жеке табыс салығының сомасы
алу
осы Кодекстің 163, 168, 170 және 175-баптарында көзделген төлем көзінен салық салуға жататын кірістерден есептелген жеке табыс салығының сомасы
алу
осы Кодекстің 223-бабына сәйкес есепке жатқызу жүзеге асырылатын жеке табыс салығының сомасы.
7. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер көрсетілген арнаулы салық режимдері шеңберінде салық салынатын кірістер бойынша жеке табыс салығын есептеуді осы Кодекстің 61-тарауына сәйкес жүргізеді.»;
2-тармақтың 51) тармақшасы 2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
51) 179-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жеке тұлғаның дербес салық салуына жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын төлеуді салық төлеуші салық кезеңінен кейінгі жылдың 25 шілдесінен кешіктірмей, мынадай тәртіппен:
1) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор - орналасқан жері бойынша;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген жеке тұлға - тұрғылықты (болатын) жері бойынша жүзеге асырады.»;
52) 180-баптың 1-тармағында:
2-тармақтың 52) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның мүлікті салық агенттері болып табылмайтын тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға) беруден алған кірісі;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үйдегі (ғимараттағы) үлесін басқаға беруден түсетін кіріс;»;
53) 180-1-бапта:
1-тармақта:
1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) меншік құқығындағы тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін;
2) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын меншік құқығындағы жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
3) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мемлекеттік тіркеуге жататын, меншік құқығындағы механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді;»;
2-тармақтың 53) тармақшасының тоғызыншы - он үшінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Осы баптың 1-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген мүлікті өткізу кезіндегі құн өсімінен түсетін кіріс:
1) сатып алу (салым) бағасы (құны) болған жағдайда - өткізу бағасы (құны) мен оны сатып алу (салым) бағасы (құны) арасындағы оң айырма болып табылады. Жеке тұлға опцион бойынша сатып алған бағалы қағаздарды өткізу кезінде сатып алу құны опционның орындалу бағасы мен опционның сыйлықақысы мөлшерінде айқындалады;
2) мүлікті (салымды) сатып алу бағасы (құны) болмаған жағдайда - мүлікті өткізу бағасы (құны) болып табылады.
Осы баптың және осы Кодекстің 180-2-бабының мақсатында заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көрсетілген, бірақ нақты енгізілген салым мөлшерінен аспайтын құн жарғылық капиталға салымның құны болып табылады.»;
54) 180-2-баптың 1-тармағында:
1), 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) меншік құқығындағы тұрғын үйлерді, саяжай құрылыстарын, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін;
2) меншік құқығы туындаған күннен бастап тапсыру күніне дейін жарғылық капиталға салым ретінде нысаналы мақсаты осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналасқан жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу, гараж салу болып табылатын меншік құқығындағы жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
3) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін жарғылық капиталға салым ретінде нысаналы мақсаты осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген объектілер орналаспаған жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, гараж салу болып табылатын жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;»;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мемлекеттік тіркеуге жататын, меншік құқығындағы механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді;»;
55) мынадай мазмұндағы 180-4-баппен толықтырылсын:
«180-4-бап. Талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесті басқаға беруден түсетін кіріс
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, талап ету құқығын басқаға беру құны мен сол бойынша жеке тұлға осындай құқықты иемденіп алған құн арасындағы оң айырма талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
2. Егер осы баптың 3-тармағында өзгеше белгіленбесе, талап ету құқығын басқаға беру құны мен тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарттың бағасы арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлестi талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.
3. Талап ету құқығын басқаға беру құны мен сол бойынша осындай құқықты ол бұрын иемденіп алған құн арасындағы оң айырма тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру жолымен бұрын иемденіп алған, тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлестi талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.»;
2-тармақтың 56) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
56) 20-тараудың 2-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-параграф. Жеке практикамен айналысудан түсетін кіріс»;
2-тармақтың 57) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
57) 181 және 182-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«181-бап. Жалпы ережелер
1. Жеке практикамен айналысудан түсетін кіріске:
1) жекеше нотариустың кірісі;
2) жеке сот орындаушысының кірісі;
3) адвокаттың кірісі;
4) кәсіби медиатордың кірісі жатады.
2. Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың қызметтеріне ақы төлеу жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ретінде жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор қызметіне ақы төлеу есебіне қабылдаған ақша сомасы көрсетілген қызметтердің қол қойылған актісінде көрсетілген осындай қызметтердің көрсетілу күнінен бастап кіріс деп танылады.
3. 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін сатып алынған және жеке практикамен айналысудан кіріс алуға байланысты қызметте пайдаланылатын:
1) компьютерлер, ноутбуктер, мониторлар, проекторлар;
2) басып шығаруға, көруге, көшірме жасауға, факспен жіберуге арналған құрылғылар;
3) сейфтер жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың активтері деп танылады.
Осы тармақта көрсетілген, салық кезеңінің соңындағы активтердің құны:
активті сатып алу құны
қосу
салық кезеңі ішінде активтерді сүйемелдеуге, жөндеуге және пайдалануға жұмсалған шығыстар сомасы
алу
алдыңғы салық кезеңінде есепке жазылған амортизациялық аударымдар сомасы ретінде айқындалады.
4. Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың амортизациялық аударымдарды есептеуі салық кезеңінің соңындағы активтер құнының 25 пайызы мөлшерінде жүргізіледі.
5. Осы Кодекстің 182, 182-1, 182-2 және 182-3-баптарының мақсаттарында қызметтік іссапарлар кезіндегі, шегерімге жататын өтемақыларға:
1) жол жүру мен броньға (оның ішінде құнының төлену фактісін растау құжаты болған кезде электрондық билетке) жұмсалған шығыстарды растау құжаттары негізінде броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, іссапарда болатын жерге бару және одан кері қайту үшін нақты жүргізілген шығыстар;
2) тұрғын үй-жайды жалдауға және броньға жұмсалған шығыстарды растау құжаттары негізінде броньға жұмсалған шығыстардың төлемақысын қоса алғанда, тұрғын үй-жайды жалдауға нақты жүргізілген шығыстар;
3) іссапарда болған күнтізбелік қырық күннен аспайтын кезең ішінде - іссапарда болған күнтізбелік әрбір күн үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын тәулікақы жатады.
Іссапарда болу уақыты:
салық төлеушінің жұмыскерді іссапарға жіберу туралы бұйрығы немесе жазбаша өкімі;
іссапарда болатын жерге кету күні мен одан кері қайтып келу күнін негізге ала отырып, жол жүруін растау құжаттарында көрсетілген іссапар күндерінің саны негізінде айқындалады.
182-бап. Жекеше нотариустың кірісі
1. Жекеше нотариустың салық кезеңіндегі кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
нотариаттық қызметті жүзеге асырудан алуға жататын (алынған) кірістер
алу
жекеше нотариустың кәсіби шегерімдері.
2. Жекеше нотариус қызметін жүзеге асырудан түсетін кірістерге:
1) нотариаттық әрекеттерге ақы төлеу түріндегі кіріс;
2) жекеше нотариус нотариаттық әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипатта көрсетілген қызметтерге ақы төлеу түріндегі кіріс;
3) нотариаттық қызметті жүзеге асыру кезінде алынуға жататын (алынған) басқа да кірістер жатады.
3. Жекеше нотариус осы баптың 4-тармағында көзделген, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
1) жекеше нотариус қызметін жүзеге асырудан түсетін кірісті алуға байланысты жүргізілген;
2) құжатпен расталған;
3) жекеше нотариустың салық тіркелімдерінде көрсетілген шығыстар бойынша кәсіби шегерімдерді қолдануға құқылы.
4. Жекеше нотариустың кәсіби шегерімдеріне:
1) кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға жұмсалған шығыстар;
2) нотариаттық қызмет көрсету үшін үй-жайды мүліктік жалдау (жалға беру) бойынша шығыстар;
3) осы Кодекстің 181-бабының 4-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар;
4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар;
5) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскерлердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың есепке жазылған кірістері;
6) осы Кодекстің 100-бабының 14-1-тармағында және 114-бабында көзделген шығыстар;
7) осы Кодекстің 181-бабының 5-тармағына сәйкес қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
8) жұмыскерлердің бір жылдағы орташа тізімдік санын негізге ала отырып, бір жұмыскер үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің шегінде нотариат палатасына енгізілетін мүшелік жарналар;
9) «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруға жұмсалған шығыстар жатады.»;
2-тармақтың 58) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
58) 20-тараудың 2-параграфы мынадай мазмұндағы 182-1, 182-2 және 182-3-баптармен толықтырылсын:
«182-1-бап. Жеке сот орындаушысының кірісі
1. Жеке сот орындаушысының салық кезеңіндегі кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) кірістер
алу
жеке сот орындаушысының кәсіби шегерімдері.
2. Жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асырудан түсетін кірістерге:
1) жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу;
2) атқарушылық әрекеттер жасау бойынша шығыстарды, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен өтеу;
3) жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асыру кезінде алынуға жататын (алынған) басқа да кірістер жатады.
3. Жеке сот орындаушысы осы баптың 4-тармағында көзделген, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
1) жеке сот орындаушысы қызметін жүзеге асырудан түсетін кірісті алуға байланысты жүргізілген;
2) құжатпен расталған;
3) жеке сот орындаушысының салықтық тіркелімдерінде көрсетілген шығыстар бойынша кәсіби шегерімдерді қолдануға құқылы.
4. Жеке сот орындаушысының кәсіби шегерімдеріне:
1) кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға жұмсалған шығыстар;
2) жеке сот орындаушысы қызметін көрсету үшін үй-жайды мүліктік жалдау (жалға беру) бойынша шығыстар;
3) осы Кодекстің 181-бабының 4-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар;
4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар;
5) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскерлердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың есепке жазылған кірістері;
6) осы Кодекстің 100-бабының 14-1-тармағында және 114-бабында көзделген шығыстар;
7) қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
8) жұмыскерлердің бір жылдағы орташа тізімдік санын негізге ала отырып, бір жұмыскер үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің шегінде жеке сот орындаушыларының алқасына енгізілетін мүшелік жарналар;
9) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша шығыстар;
10) осы тармақтың 1) - 9) тармақшаларында көзделмеген, атқарушылық әрекеттер жасау бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтелген шығыстар жатады.
182-2-бап. Адвокаттың кірісі
1. Адвокаттың салық кезеңіндегі кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
адвокаттық қызметті жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) кірістер
алу
адвокаттың кәсіби шегерімдері.
2. Адвокаттық қызметті жүзеге асырудан түсетін кірістерге:
1) адвокаттың заң көмегін көрсетуінен түсетін кіріс;
2) қорғауға және өкілдік етуге, құқықтық ақпарат беруге және құқықтық консультация беруге байланысты шығыстарды, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен өтеу түріндегі кіріс;
3) адвокаттық қызметті жүзеге асыру кезінде алынуға жататын (алынған) басқа да кірістер жатады.
3. Адвокат осы баптың 4-тармағында көзделген, бір мезгілде мынадай шарттар орындалған:
1) адвокаттық қызметті жүзеге асырудан түсетін кірісті алуға байланысты жүргізілген;
2) құжатпен расталған;
3) адвокаттың салықтық тіркелімдерінде көрсетілген шығыстар бойынша кәсіби шегерімдерді қолдануға құқылы.
4. Адвокаттың кәсіби шегерімдеріне:
1) кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға жұмсалған шығыстар;
2) адвокаттық қызметті жүзеге асыру үшін үй-жайды мүліктік жалдау (жалға беру) бойынша шығыстар;
3) осы Кодекстің 181-бабының 4-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар;
4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар;
5) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскерлердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың есепке жазылған кірістері;
6) осы Кодекстің 100-бабының 14-1-тармағында және 114-бабында көзделген шығыстар;
7) қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
8) жұмыскерлердің бір жылдағы орташа тізімдік санын негізге ала отырып, бір жұмыскер үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіштің шегінде адвокаттар алқасына енгізілетін мүшелік жарналар;
9) осы тармақтың 1) - 8) тармақшаларында көзделмеген, қорғауға және өкілдік етуге байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтелген шығыстар жатады.
182-3-бап. Кәсіби медиатордың кірісі
1. Кәсіби медиатордың салық кезеңіндегі кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
«Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіби медиатор қызметін жүзеге асырудан алынуға жататын (алынған) кірістер
алу
кәсіби медиатордың кәсіби шегерімдері.
2. Кәсіби медиатор осы баптың 3-тармағында көзделген, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
1) кәсіби медиатор қызметін жүзеге асырудан түсетін кірісті алуға байланысты жүргізілген;
2) құжатпен расталған;
3) кәсіби медиатордың салық тіркелімдерінде көрсетілген шығыстар бойынша кәсіби шегерімдерді қолдануға құқылы.
3. Кәсіби медиатордың кәсіби шегерімдеріне:
1) кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға жұмсалған шығыстар;
2) кәсіби медиатор қызметін көрсету үшін үй-жайды мүліктік жалдау (жалға беру) бойынша шығыстар;
3) осы Кодекстің 181-бабының 4-тармағына сәйкес есептелген амортизациялық аударымдар;
4) банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар;
5) азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскерлердің, сондай-ақ жеке тұлғалардың есепке жазылған кірістері;
6) осы Кодекстің 100-бабының 14-1-тармағында және 114-бабында көзделген шығыстар;
7) қызметтік іссапарлар кезіндегі өтемақылар;
8) жұмыскерлердің бір жылдағы орташа тізімдік санын негізге ала отырып, бір жұмыскер үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданылатын айлық есептік көрсеткіш шегінде кәсіби медиаторлар ұйымына енгізілетін мүшелік жарналар жатады.»;
2-тармақтың 59) тармақшасы 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
59) 183-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«183-бап. Дара кәсіпкердің кірісі
1. Дара кәсiпкердiң салық кезеңіндегі кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
дара кәсiпкердiң осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалған салық салынатын кірісі
қосу
шетелдік көздерден алынатын, осы Кодекстiң 224-бабына сәйкес айқындалған кірістер
алу
осы баптың 3-тармағында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, дара кәсiпкердiң корпоративтiк кіріс салығын есептеу мақсатында салық салынатын кірісті азайтуды айқындаудың осы Кодекстiң 133-бабында белгіленген тәртiбіне ұқсас тәртiппен айқындалған салық салынатын кірісін азайту
алу
корпоративтiк кіріс салығын есептеу мақсатында залалдарды ауыстырудың осы Кодекстiң 136 және 137-баптарында белгіленген тәртiбіне ұқсас тәртіппен айқындалған ауыстырылуға жататын залалдар.
2. Дара кәсiпкердiң салық кезеңіндегі салық салынатын кірісі мынадай тәртіппен айқындалады:
осы Кодекстiң 85-98-баптарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, дара кәсiпкердiң салық кезеңі үшін жиынтықты түрде алынған, корпоративтiк кіріс салығын есептеу мақсатында жылдық жиынтық кірісті айқындаудың осы Кодекстiң 84-бабында белгіленген тәртiбіне ұқсас тәртіппен айқындалған кірісі
алу
дара кәсiпкердiң корпоративтiк кіріс салығын есептеу мақсатында жылдық жиынтық кірісті түзетуді айқындаудың осы Кодекстiң 99-бабының 1-тармағында белгіленген тәртiбіне ұқсас тәртіппен айқындалған, салық кезеңі үшін жиынтықты түрде алынған кірісін түзету