Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 Қаулысы
(2018.11.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтiк iссапарлары туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2000 жылғы 22 қыркүйектегі
1428 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2001.18.04 № 514 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
Мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебiнен ұсталатын
мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ,
Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының
Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік iссапарлары туралы
ереже
ҚР Үкіметінің 2018.11.05. № 256 Қаулысымен кiрiспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Ереже Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн Қазақстан Республикасы мемлекеттiк мекемелерi қызметкерлерiнің іссапар тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2005.28.07. № 783 (бұр.ред.қара) (2006.01.01 қолданысқа енді); 2008.25.03 № 283 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.01.07. № 657 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қызметтiк iссапар (бұдан әрi - iссапар) қызметкердiң орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттiк мекеме басшысының өкiмi бойынша еңбек мiндеттемелерiн өзiнiң тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде орындау үшiн, сондай-ақ кәсiптiк деңгейi мен бiлiктілiгiн арттыруға және қайта даярлануға белгiлі бiр мерзiмге сапары болып табылады.
Мемлекеттiк мекеменiң құрамына кiретiн бөлiмшелер басқа елдi мекенде орналасқан жағдайда жұмысы жеке еңбек шартымен (осы мемлекеттiк мекеменiң бұйрығымен) негізделген құрылымдық бөлiмше тұрақты жұмыс орны болып саналады.
ҚР Үкіметінің 2008.25.03 № 283 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.01.07. № 657 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiн iссапарға жiберудi бұйрықтың (өкiмнiң) негiзiнде баратын жерi мен мекеменiң атауын, iссапардың мерзiмi мен мақсатын көрсете отырып, орталық атқарушы органның жауапты хатшылары (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғалары), ал мұндай болмаған жағдайда - осы мемлекеттiк мекемелердiң басшылары жүргiзедi. Iссапарға жiберiлген қызметкерге орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменің басшысы қол қойған iссапар куәлiгi берiледi.
ҚР Үкіметінің 2008.25.03 № 283 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.16.05. № 630 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.01.07. № 657 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Қызметкерлер іссапарының мерзiмiн орталық атқарушы органның жауапты хатшылары (белгiленген тәртiппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғалары), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттiк мекемелердiң басшылары анықтайды, алайда ол, жолда жүру уақытын есептемегенде, 40 күннен (біліктіліктің кәсіби деңгейін арттыруға және қайта даярлауға жіберуді қоспағанда, сондай-ақ егер іссапар жедел-іздестіру қызметіне байланысты болса) аспауы тиiс. Қызметтiк қажеттiлiк жағдайында iссапар мерзiмi орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - осы мемлекеттiк мекеме басшысының тиiстi бұйрығымен ұзартылуы мүмкін.
4. Қызметкерлердiң бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған ұйымдарға iссапары жолда жүру уақытын есептемегенде, 5 күннен аспауы тиiс. Іссапар мерзiмiн ұзартуға ерекше жағдайларда (көлiк құралдарының болмауы немесе iссапардың шұғылдығы) осы ұйымның тиiстi бұйрығын шығару жолымен 5 күннен асырмай рұқсат етiледi.
ҚР Үкіметінің 2008.25.03 № 283 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Іссапарда болған нақты уақыты баратын жерiне келген күнi және барған жерiнен кеткен күнi туралы iссапар куәлiгіндегі белгілер бойынша анықталады. Егер қызметкер әртүрлi елдi мекендерге iссапарға жiберiлсе, келген күнi және кеткен күнi туралы белгiлер олардың әрқайсысында жасалады.
Іссапарға кеткен және iссапардан келген қызметкерлердi тiркеу, сондай-ақ осы мемлекеттік мекемеге iссапарға келген адамдарды тiркеу осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша арнайы журналдарда жүргізiледi.
Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменің басшысы бұйрық шығару арқылы iссапар куәлiктерiне белгілер жасауға және көрсетiлген арнайы журналдарды жүргiзуге жауапты адамды тағайындайды.
ҚР Үкіметінің 2005.17.02 № 146 қаулысымен (бұр. ред. қара); 2012.16.05. № 630 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
6. Іссапарға жiберiлушiнiң тұрақты жұмыс орнынан поезбен, ұшақпен, автобуспен немесе басқа да көлiк құралымен кеткен күнi - iссапарға кеткен күн, ал келген күн - көрсетiлген көлiк құралының тұрақты жұмыс орнына келген күнi болып саналады. Іссапарға шыққан күн 24 сағатқа дейiн қоса алғанда көлiк жүрген жағдайда - ағымдағы тәулiк, ал 00 сағат және одан кейiн жүрген жағдайда - келесi тәулiк болып саналады.
Егер шығатын станция (вокзал, айлақ немесе әуежай) елдi мекеннен жырақта орналасса, онда iссапарға кету күнi жоғарыда көрсетiлген тәсiлмен көлiк жүретiн орынға жету үшiн қажеттi уақыт ескерiле отырып, есептеледi.
Қызметкердің тұрақты жұмыс орнына келген поездың, автобустың немесе басқа да көлік құралының нақты келіп жеткен күні іссапардан келген күн болып саналады, көліктің келген жерінен елді мекенге дейін жүру уақыты ескеріледі.
Поезд, автобус немесе басқа да көлік құралы уақтылы келмеген немесе жөнелтілмеген жағдайда, тасымалдаушы жолаушының өтінішімен оған поезд, автобус немесе басқа да көлік құралының кешіккені туралы куәландыратын құжат береді.
7. Iссапарда жүрген қызметкерлерге олар iссапарға жiберілген мемлекеттік мекемелердiң жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимi қолданылады.
2012 ж. 11 қыркүйектегі № 165560 сұрағына ҚР Қаржы министрінің 2012 ж. 10 қазандағы жауабы «Ереженің 8-тармағы орыс тілдегі мәтінге сәйкес қолданылады»
8. Iссапарға жiберiлген қызметкерлер iссапарының бүкiл уақыты бойы жұмыс (лауазым) орны мен iссапар уақытындағы, оның iшiнде, жолда жүру уақытындағы да орташа жалақысы сақталады.
Қызметкердiң iссапарда жүрген уақытындағы орташа жалақысы тұрақты жұмыс орны бойынша белгiленген кесте бойынша аптаның барлық жұмыс күнi үшiн сақталады.
Iссапарда бөлу күнiнiң нақты саны, қызметкерге iссапар куәлiгi берiлген сәт немесе iссапар туралы бұйрықта көзделген кету күніне қарамастан, поезд немесе басқа да көлiктiң жүрген күнiнен бастап, iссапарға жiберiлушi онымен барған немесе оралған поезд немесе басқа да көлiк құралы (тиiстi жағдайларда елдi мекеннен көлiк құралы жүретiн жерге жетуге және қайтуға қажеттi уақыт ескерілiп келген) күнi есептеледi.
Қызметкер iссапардан тұрақты жұмыс орнына жұмыс күнi аяқталмай келген жағдайда, осы күнi жұмысқа келу уақыты мәселесi әкiмшiлiкпен уағдаласып, шешiледi.
9 - 12. ҚР Үкіметінің 2018.11.05. № 256 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен ұсталатын
мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің
Қазақстан Республикасының шегіндегі
қызметтік іссапарлары туралы ережеге
1-қосымша
____________________________________________________________________________
(мемлекеттік мекеменің, кәсіпорынның атауы)
______________________________________ іссапарға кететін қызметкерлерді есепке алу
ЖУРНАЛЫ
№ р/р | Іссапарға жіберілген қызметкердің тегі, аты-жөні | Атқаратын лауазымы | Іссапар куәлігінің нөмірі | Іссапар куәлігінің қол қойған қызметкердің тегі, аты-жөні, уазымы | Күні | Іссапарға жіберілген қызметкердің іссапар куәлігін алуға қолхаты |
нақты кеткен | нақты келген |
| | | | | | | |
Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен ұсталатын
мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің
Қазақстан Республикасының шегіндегі
қызметтік іссапарлары туралы ережеге
2-қосымша
______________________________________________________________________________________
(мемлекеттік мекеменің, кәсіпорынның атауы)
______________________________________ іссапарға кететін қызметкерлерді есепке алу
ЖУРНАЛЫ
№ р/р | Іссапарға жіберілген қызметкердің тегі, аты-жөні | Атқаратын лауазымы | Іссапар куәлігін берген мемлекеттік мекеменің, кәсіпорынның атауы | Келген күні | Кеткен күні |
| | | | | |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2000 жылғы 22 қыркүйектегi
№ 1428 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң
тiзбесi
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бiрлестiктерi, кәсiпорындары мен ұйымдары қызметкерлерiнің қызмет бабындағы iссапарлары туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 22 қазандағы № 892 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 41, 607-кұжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 11 қаңтардағы № 27 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 1, 20-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 22 қазандағы № 892 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 23 қарашадағы № 158 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 5, 65-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану және оларға толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 тамыздағы № 728 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 33, 381-құжат).
5. «Қызмет бабындағы iссапар шығындарының нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 23 қарашадағы № 1175 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 46, 549-құжат).
6. «Қызмет бабындағы iссапар шығындары туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1994 жылғы 22 сәуiрдегі № 423 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 19, 189-құжат).
7. «Қызмет бабындағы iссапар шығындарының нормасы туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1994 жылғы 15 тамыздағы № 906 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., № 35, 383-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1996 жылғы 9 тамыздағы № 987 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердiң 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 33, 313-құжат).