Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы
(2010.01.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 16 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтiк iссапарлары туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) бекітілсiн.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2000 жылғы 22 қыркүйектегі
1428 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2001.18.04 № 514 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
Мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ,
Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік iссапарлары туралы
ереже
Осы Ереже Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн Қазақстан Республикасы мемлекеттік мекемелерiнiң қызметкерлерiне шығыстарын өтеудің тәртібі мен шарттарын анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2005.28.07. № 783 (бұр.ред.қара) (2006.01.01 қолданысқа енді); 2008.25.03 № 283 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қызметтiк iссапар (бұдан әрi - iссапар) қызметкердiң орталық атқарушы органның басшысымен келісім бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеме басшысының өкімі бойынша еңбек мiндеттемелерiн өзiнiң тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде орындау үшiн сондай-ақ кәсiптiк деңгейi мен біліктілiгiн арттыру және қайта даярлану белгiлі бiр мерзiмге сапары болып табылады.
Мемлекеттік мекеменiң құрамына кiретiн бөлiмшелер басқа елдi мекенде орналасқан жағдайда жұмысы жеке еңбек шартымен (осы мемлекеттік мекеменiң бұйрығымен) негізделген құрылымдық бөлiмше тұрақты жұмыс орны болып саналады.
ҚР Үкіметінің 2008.25.03 № 283 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiн iссапарға жiберудi бұйрықтың (өкiмнiң) негiзiнде баратын жерi мен мекеменiң атауын, iссапардың мерзiмi мен мақсатын көрсете отырып, орталық атқарушы органның басшысымен келісім бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшылары (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғалары), ал мұндай болмаған жағдайда - осы мемлекеттік мекемелердiң басшылары жүргiзедi. Iссапарға жiберiлген қызметкерге орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменің басшысы қол қойған iссапар куәлiгi берiледi.
ҚР Үкіметінің 2008.25.03 № 283 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қызметкерлер iссапарының мерзiмiн орталық атқарушы органның басшысымен келісім бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшылары (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғалары), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекемелердiң басшылары анықтайды, алайда, ол жолда жүру уақытын есептемегенде, 40 күннен аспауы тиiс. Қызметтiк қажеттiлiк жағдайында iссапар мерзiмi орталық атқарушы органның басшысымен келісім бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның), ал мұндай болмаған жағдайда - осы мемлекеттік мекеме басшысының тиiстi бұйрығымен ұзартылуы мүмкiн.
4. Қызметкерлердiң бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған ұйымдарға iссапары жолда жүру уақытын есептемегенде, 5 күннен аспауы тиiс. Іссапар мерзiмiн ұзартуға ерекше жағдайларда (көлiк құралдарының болмауы немесе iссапардың шұғылдығы) осы ұйымның тиiстi бұйрығын шығару жолымен 5 күннен асырмай рұқсат етiледi.
ҚР Үкіметінің 2008.25.03 № 283 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Іссапарда болған нақты уақыты баратын жерiне келген күнi және барған жерiнен кеткен күнi туралы iссапар куәлiгіндегі белгілер бойынша анықталады. Егер қызметкер әртүрлi елдi мекендерге iссапарға жiберiлсе, келген күнi және кеткен күнi туралы белгiлер олардың әрқайсысында жасалады.
Іссапарға кеткен және iссапардан келген қызметкерлердi тiркеу, сондай-ақ осы мемлекеттік мекемеге iссапарға келген адамдарды тiркеу осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша арнайы журналдарда жүргізiледi.
Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменің басшысы бұйрық шығару арқылы iссапар куәлiктерiне белгілер жасауға және көрсетiлген арнайы журналдарды жүргiзуге жауапты адамды тағайындайды.
ҚР Үкіметінің 2005.17.02 № 146 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Іссапарға жiберiлушiнiң тұрақты жұмыс орнынан поезбен, ұшақпен, автобуспен немесе басқа да көлiк құралымен кеткен күнi - iссапарға кеткен күн, ал келген күн - көрсетiлген көлiк құралының тұрақты жұмыс орнына келген күнi болып саналады. Іссапарға шыққан күн 24 сағатқа дейiн қоса алғанда көлiк жүрген жағдайда - ағымдағы тәулiк, ал 00 сағат және одан кейiн жүрген жағдайда - келесi тәулiк болып саналады.
Егер шығатын станция (вокзал, айлақ немесе әуежай) елдi мекеннен жырақта орналасса, онда iссапарға кету күнi жоғарыда көрсетiлген тәсiлмен көлiк жүретiн орынға жету үшiн қажеттi уақыт ескерiле отырып, есептеледi.
Қызметкердiң тұрақты жұмыс орнына келген поездың, автобустың немесе басқа да көлiк құралының нақты келiп жеткен күнi iссапардан келген күн болып саналады, бiрақ, мұнда да көлiктiң келген жерiнен елдi мекенге дейiн жүру уақыты ескерiледi.
Поезд уақытылы келмесе немесе жөнелтiлмесе, тасымалдаушы жолаушының өтiнiшiмен оған поездың кешiккенi туралы куәландыратын құжат бередi.
7. Iссапарда жүрген қызметкерлерге олар iссапарға жiберілген мемлекеттік мекемелердiң жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимi қолданылады.
8. Iссапарға жiберiлген қызметкерлер iссапарының бүкiл уақыты бойы жұмыс (лауазым) орны мен iссапар уақытындағы, оның iшiнде, жолда жүру уақытындағы да орташа жалақысы сақталады.
Қызметкердiң iссапарда жүрген уақытындағы орташа жалақысы тұрақты жұмыс орны бойынша белгiленген кесте бойынша аптаның барлық жұмыс күнi үшiн сақталады.
Iссапарда бөлу күнiнiң нақты саны, қызметкерге iссапар куәлiгi берiлген сәт немесе iссапар туралы бұйрықта көзделген кету күніне қарамастан, поезд немесе басқа да көлiктiң жүрген күнiнен бастап, iссапарға жiберiлушi онымен барған немесе оралған поезд немесе басқа да көлiк құралы (тиiстi жағдайларда елдi мекеннен көлiк құралы жүретiн жерге жетуге және қайтуға қажеттi уақыт ескерілiп келген) күнi есептеледi.
Қызметкер iссапардан тұрақты жұмыс орнына жұмыс күнi аяқталмай келген жағдайда, осы күнi жұмысқа келу уақыты мәселесi әкiмшiлiкпен уағдаласып, шешiледi.
ҚР Үкіметінің 2005.17.02 № 146 (бұр. ред. қара); 2005.28.07. № 783 (2006.01.01 қолданысқа енді) (бұр. ред. қара); 2008.31.07. № 725 (бұр.ред.қара); 2010.01.09. № 862 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 9-тармақ өзгертілді
9. Іссапарға жiберiлген қызметкердiң мынадай шығыстары өтеледi:
1) iссапарда жүрген әрбiр күнi үшiн екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде тәулiкақы төленедi;
2) көрсеткен құжаттардың негізiнде тұрғын үй-жайды жалдауы бойынша:
мемлекеттік мекемелердiң басшылары мен басшыларының орынбасарлары, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары, Жоғарғы Сот судьялары үшiн тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстардың сомасы тәулiгiне Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында он есе айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерiнен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда жеті есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен және аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда бес есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен аспауы тиiс;
мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстардың сомасы тәулігіне Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында жеті есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда алты есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен, аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда төрт есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен және ауылдық округтарда екі есе айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен аспауы тиіс
3) темір жолмен жүрген кезде - купе вагонының (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналқан жұмсақ креслолары бар 2 орындық купе (ҰВ), сондай-ақ жүрдек поездардың «Турист» және «Бизнес» класты вагондарын қоспағанда) тарифi бойынша; су жолдарымен, тас және топырақ жолдармен - сол жергіліктi жердегi қолданылып жүрген жол құны бойынша, ерекше жағдайларда, (көрсетiлген көлiк құралдарының болмауы немесе iссапардың қауырттығы) мемлекеттік мекеме басшысының рұқсатымен жұмсақ дивандары төменде орналасқан, оның қалпын реттеу құрылғысымен отыруға арналған жұмсақ креслолары бар 2 орындық купе (УВ), сондай-ақ жүрдек поездардың «Турист» және «Бизнес» класты вагондарының тарифтері бойынша темір жол көлiгiмен және әуе көлiгiмен - экономикалық сынып тарифi бойынша, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарларына әуе көлігімен «Бизнес» сынып тарифі бойынша көрсеткен жол құжаттарының негiзiнде iссапарға жiберiлген орынға жетуi және тұрақты жұмыс орнына қайтып келуi бойынша (әкiмшiлiк iссапарға жiберiлушiге қозғалыс құралдарын берген жағдайлардан басқа жағдайларда);
4) жол жүру билеттерi мен қонақ үйдегі орынды алдын ала алғаны үшiн, сондай-ақ iссапарға жiберiлген орнына келу және тұрақты жұмыс орнына қайтып келу кезiнде поездарда ақ жайма жабдықтарын пайдалануының құны осы шығыстарды растайтын құжаттар болған кезде;
5) iссапар орнына және тұрақты жұмыс орнына қайтып келу жол құжаттары болмаған кезде осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлген көлiкпен (әуе көлiгiн қоспағанда) жол жүрудiң ең төменгi құны бойынша шығыстар өтеледi;
6) темір жол станциясына, айлаққа, әуежайға, егер олар елдi мекеннен жырақта орналасса, растайтын құжаттар болған кезде автокөлiкпен (таксиден басқа) жүруi бойынша.
ҚР Үкіметінің 2008.25.03 № 283 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Жергiлiктi жерге iссапарға жiберiлген кезде, одан iссапарға жiберiлген қызметкердiң тұрғылықты жерiне күн сайын қайту мүмкiндiгi болса, мынадай тәртiппен шығыстар өтеледi:
1) егер iссапарға жiберiлген қызметкер жұмыс күнi аяқталғаннан кейін өз еркiмен iссапар орнында қалса, онда растаушы құжаттарды көрсеткен кезде осы Ереженiң 9-тармағында көзделген мөлшерде тұрғын үй-жайды жалдау туралы, тәулiкақы және көлiктiк шығыстар өтеледi;
2) егер iссапарға жiберiлген қызметкер тұрғылықты жерiне күн сайын қайтып келсе, онда жол жүру билеттерi болған кезде тәулiкақыны (тәулiкақының орнына үстемеақы) төлемей, тек қана көлiктiк шығыстар өтеледi.
Қызметкер күн сайын iссапар орнынан тұрғылықты жерiне қайтып келуi мәселесiн әрбiр нақты жағдайда қашықтықтың ұзақтығын, көлiк қатынасының жағдайларын, орындалатын тапсырманың сипатын, сондай-ақ қызметкерге демалыс үшiн жағдай жасаудың қажеттiгін ескере отырып, iссапарға жiберiлушi жұмыс iстейтiн орталық атқарушы органның басшысымен келісім бойынша орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - мемлекеттік мекеменiң басшысы шешедi.
ҚР Үкіметінің 2001.04.18. № 514 қаулысымен 11-тармақ өзгерді
11. Iссапарға жiберiлген қызметкердiң уақытша жұмысқа жарамсыздығы жағдайында оған жалпы негіздермен тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстар өтеледi (iссапарға жiберiлген стационарлық емдеуде жатқан жағдайдан басқа жағдайларда) және ол оған жүктелген қызметтiк тапсырманы орындауға кiрiскенше немесе тұрғылықты жерiне қайтып келгенше бүкiл, бiрақ, 40 күннен артық емес уақыттың iшiнде тәулiкақы төленедi.
Іссапарға жiберiлген қызметкердiң уақытша жұмысқа жарамсыздығы, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша тұрғылықты жерiне қайтып келуiнiң мүмкiн болмауы белгіленген тәртiппен куәландырылуы тиiс.
Уақытша жұмысқа жарамсыздық кезеңiнде iссапарға жiберілген қызметкерге жалпы негіздермен уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша әлеуметтiк жәрдемақы төленедi. Уақытша жұмысқа жарамсыздық күндерi iссапардың мерзiмiне енгiзiлмейдi.
12. Іссапарға жiберiлген қызметкерге iссапарға жiберiлуiнiң алдында жол жүру ақысына, тұрғын үй-жай жалдауы және тәулiкақы бойынша шығыстарға тиесiлi сомалар шегiнде ақшалай аванс беріледi. Іссапардан оралғаннан кейiн қызметкер бес күннiң iшiнде ақша қаражатының нақты шығыстары туралы аванстық есеп беруге мiндеттi. Аванстық есепке белгiленген тәртiппен ресiмделген iссапар куәлiгi, тұрғын үй-жайды жалдау мен жол жүру шығыстары туралы құжаттар қоса берiледi.
Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен ұсталатын
мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің
Қазақстан Республикасының шегіндегі
қызметтік іссапарлары туралы ережеге
1-қосымша
______________________________________
(мемлекеттік мекеменің, кәсіпорынның атауы)
______________________________________ іссапарға кететін
қызметкерлерді есепке алу
ЖУРНАЛЫ
---------------------------------------------------------------------------
№ ! Іссапарға !Атқаратын!Іссапар!Іссапар! Күні !Іссапарға
р/р!жіберілген !лауазымы !куәлі. !куәліг.!----------------------!жіберілген
!қызметкер. ! !гінің !іне қол! нақты ! нақты !қызметкер.
!дің тегі, ! !нөмірі !қойған ! кеткен ! келген !дің ісса.
!аты-жөні ! ! !қызмет.! ! !пар куәлі.
! ! ! !кердің ! ! !гін алуға
! ! ! !тегі, ! ! !қолхаты
! ! ! !аты-жө.! ! !
! ! ! !ні, ла.! ! !
! ! ! !уазымы ! ! !
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен ұсталатын
мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің
Қазақстан Республикасының шегіндегі
қызметтік іссапарлары туралы ережеге
2-қосымша
______________________________________
(мемлекеттік мекеменің, кәсіпорынның атауы)
______________________________________ іссапарға кететін
қызметкерлерді есепке алу
ЖУРНАЛЫ
---------------------------------------------------------------------------
№ ! Іссапарға ! Атқаратын ! Іссапар куәлігін ! Келген ! Кеткен
р/р! жіберілген ! лауазымы ! берген мемлекеттік ! күні ! күні
! қызметкердің ! ! мекеменің, кәсіпор. ! !
! тегі, аты-жөні ! ! ынның атауы ! !
---------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2000 жылғы 22 қыркүйектегi
№ 1428 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң
тiзбесi
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бiрлестiктерi, кәсiпорындары мен ұйымдары қызметкерлерiнің қызмет бабындағы iссапарлары туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 22 қазандағы № 892 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., № 41, 607-кұжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 11 қаңтардағы № 27 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 1, 20-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 22 қазандағы № 892 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 23 қарашадағы № 158 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 5, 65-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану және оларға толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 тамыздағы № 728 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 33, 381-құжат).
5. «Қызмет бабындағы iссапар шығындарының нормалары туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 23 қарашадағы № 1175 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 46, 549-құжат).
6. «Қызмет бабындағы iссапар шығындары туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1994 жылғы 22 сәуiрдегі № 423 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 19, 189-құжат).
7. «Қызмет бабындағы iссапар шығындарының нормасы туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1994 жылғы 15 тамыздағы № 906 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., № 35, 383-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1996 жылғы 9 тамыздағы № 987 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердiң 14-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 33, 313-құжат).