Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 1428 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 сәуірдегі № 514 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 41, 461-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
тақырыбы «қызметкерлерінің» деген сөзден кейін «, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережеде:
тақырыбы «қызметкерлерінің» деген сөзден кейін «, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтың 2-тармақшасының екінші абзацында:
«мемлекеттік мекемелердің басшылары мен басшыларының орынбасарлары» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары» деген сөздермен толықтырылсын;
«бес есе» деген сөздер «жеті есе» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |