6. Жер қойнауын пайдаланушының тұтастай қызметі бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде жер қойнауын пайдалануға арналған нақты келісімшарт бойынша шеккен залалдар ескерілмейді, жер қойнауын пайдаланушының оларды осы Кодекстің 339-бабының ережелерін ескере отырып, келесі салықтық кезеңдерде жер қойнауын пайдалануға арналған осындай нақты келісімшарт бойынша қызметтен алған кірістері есебінен ғана өтеуге құқығы бар.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиясы бойынша шеккен залалдары Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес геологиялық ақпарат жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға берілген күннен бастап қатарынан бес жыл ішінде (құпиялылық мерзімі) оны өткізуден алынған кірістер есебінен өтелуі мүмкін.
7. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияның немесе акциялары (қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық қаржыландыру (оның ішінде сыйақы жөніндегі) бойынша мiндеттемесiн стратегиялық әріптестің есептен шығаруынан түсетін кіріс те келісімшарттық қызмет бойынша кіріс болып табылады.
8. Салық төлеушінің техногендік минералдық түзілімдерді қайта өңдеу бойынша кірістері мен шығыстары келісімшарттан тыс қызмет бойынша салықтық есепке алуда ескеріледі.
9. Осы бөлімнің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар:
1) жалпы кірістер мен шығыстар - жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық және келісімшарттан тыс қызметті жүзеге асырумен байланысты және жер қойнауын пайдалануға арналған нақты келісімшартпен және (немесе) келісімшарттан тыс қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысты емес және олардың арасында тиісті үлес бойынша бөлуді талап ететін жалпы тіркеп-белгіленген активтер бойынша кірістері мен шығыстарын қоса алғанда, есепті салықтық кезеңдегі кірістері мен шығыстарын;
2) жалпы тіркеп-белгіленген активтер - келісімшарттық және келісімшарттан тыс қызметті жүзеге асырумен байланысты және пайдалану ерекшелігіне қарай жер қойнауын пайдалануға арналған нақты келісімшартпен және (немесе) келісімшарттан тыс қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысты емес тіркеп-белгіленген активтерді;
3) жанама кірістер мен шығыстар - жер қойнауын пайдаланушының есепті салықтық кезеңдегі кірістері мен шығыстарын, оның ішінде жер қойнауын пайдалануға арналған бірнеше келісімшартпен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар және жер қойнауын пайдалануға арналған осындай келісімшарттар арасында ғана тиісті үлес бойынша бөлінуге жататын тіркеп-белгіленген активтер бойынша кірістері мен шығыстарын;
4) жанама тіркеп-белгіленген активтер - пайдаланылу ерекшелігіне қарай жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттармен ғана тікелей себеп-салдарлық байланысы бар тіркеп-белгіленген активтерді;
5) минералды шикізатты өндірудің (байытудың), бастапқы қайта өңдеудің (байытудың), көмірсутекті дайындаудың өндірістік өзіндік құны - халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, мыналарды:
пайдалы қазбаларды сақтау, тасымалдау, өткізу бойынша шығындарды;
минералды шикізатты өндірумен, бастапқы қайта өңдеумен (байытумен), көмірсутекті дайындаумен тікелей байланысты емес өзге де шығындарды;
халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қорлардың өзіндік құнына қосуға жатпайтын жалпы әкімшілік шығыстарды;
қарыздар бойынша шығындарды қоспағанда, минералды шикізатты өндірумен, бастапқы қайта өңдеумен (байытумен), көмірсутектерді дайындаумен тікелей байланысты өндіріске жұмсалатын шығындарды;
6) тікелей кірістер мен шығыстар - жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған нақты келісімшартпен немесе келісімшарттан тыс қызметпен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар тіркеп-белгіленген активтер бойынша кірістері мен шығыстарын қоса алғанда, есепті салықтық кезеңдегі кірістері мен шығыстарын білдіреді.
10. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында жер қойнауын пайдаланушының барлық кірістері мен шығыстары тікелей, жанама және жалпы болып бөлінеді.
Жер қойнауын пайдаланушы кірістер мен шығыстарды тікелей, жанама және жалпы деп сыныптауды қызмет ерекшелігінің негізінде дербес жүзеге асырады.
Тікелей кірістер мен шығыстар тікелей себеп-салдарлық байланысы бар келісімшарттық немесе келісімшарттан тыс қызметке ғана толық көлемде жатқызылуға тиіс.
Жалпы кірістер мен шығыстар келісімшарттық және келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлінуге жатады және тиісті үлесімен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар сол келісімшарттың және келісімшарттан тыс қызметтің кірістері мен шығыстарына жатады.
Жанама кірістер мен шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар арасында ғана бөлінуге жатады және тиісті үлесімен себеп-салдарлық байланысы бар сол келісімшарттың кірістері мен шығыстарына жатады.
Жалпы және жанама кірістер мен шығыстарды бөлу осы баптың 12-тармағында белгіленген әдістерге сәйкес және осы баптың 11-тармағының ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
11. Жалпы және жанама тіркеп-белгіленген активтер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) пен келісімшарттан тыс қызмет арасында жер қойнауын пайдаланушының осы тіркеп-белгіленген активтер бойынша шеккен шығыстары, оның ішінде амортизация бойынша шығыстары және бұдан кейінгі шығыстары бөлінуге жатады.
Сыйақылар жөніндегі жалпы және жанама шығыстар бойынша осы Кодекстің 263-бабына сәйкес айқындалған осындай сыйақылар жөніндегі шегерімнің жалпы сомасы бөлінуге жатады.
Егер бағамдық айырма тікелей себеп-салдарлық байланыс бойынша жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық және (немесе) келісімшарттан тыс қызметіне жатқызылмайтын болса, бағамдық айырма бойынша салықтық кезең үшін алынған жиынтық (сальдоланған) нәтиже оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі немесе теріс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық айырма сомасынан асып кетуі түрінде бөлінуге жатады.
Жалпы және жанама салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілер бойынша шегерімге жатқызылуға тиіс салықтар сол салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілердің өздері тиісінше бөлінбей, осы баптың 12-тармағында белгіленген әдістерге сәйкес бөлінуге жатады.
12. Жер қойнауын пайдаланушы әрбір келісімшарттық қызмет үшін жалпы және жанама кірістер мен шығыстарды бөлуді қызметтің ерекшелігін немесе жер қойнауын пайдаланушының салықтық есепке алу саясатында қабылдаған бөлек салықтық есепке алуды жүргізудің бір немесе бірнеше әдістері, оның ішінде:
1) жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезең үшін алған тікелей кірістердің жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей кірістердің үлес салмағы бойынша;
2) салық төлеушінің жер қойнауын пайдалануға арналған барлық келісімшарттары бойынша пайдалы қазбаларды өндірудің жалпы көлеміндегі жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшарт бойынша пайдалы қазбаларды өндіру көлемінің үлес салмағы бойынша;
3) жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезең үшін жүргізген тікелей шығыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей шығыстардың үлес салмағы бойынша;
4) мына баптардың бірі бойынша: жер қойнауын пайдаланушы салықтық кезең үшін осы бап бойынша жүргізген шығыстардың жалпы сомасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір нақты келісімшартқа және келісімшарттан тыс қызметке келетін тікелей өндірістік шығыстар, еңбекақы төлеу қоры немесе тіркеп-белгіленген активтердің құны бойынша шеккен шығыстардың үлес салмағы бойынша;
5) жер қойнауын пайдаланушы жұмыскерлерінің жалпы орташа тізімдік санындағы келісімшарттық қызметке қатысатын жұмыскерлердің орташа тізімдік санының үлес салмағы бойынша;
6) жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша бекітілген қорлар көлемдерінің жер қойнауын пайдалануға арналған барлық келісімшарттар бойынша бекітілген қорлардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы бойынша;
7) өзге де әдістер негізінде жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізуді есепке ала отырып, дербес жүргізеді.
Жалпы және жанама кірістер мен шығыстардың әр түріне қатысты оларды бөлудің осы тармақта белгіленген әртүрлі әдістері қолданылуы мүмкін.
Тиісті салықтық кезеңнің соңында жалпы және жанама кірістер мен шығыстарды бөлудің қолданылған әдістері көрсетілген салықтық кезең үшін өзгертуге жатпайды.
Жалпы және (немесе) жанама кірістер мен шығыстарды неғұрлым дәл бөлу үшін жер қойнауын пайдаланушы жоғарыда көрсетілген әдістердің бірін қолдану нәтижесінде алынған үлес салмағының мәнін үлестің жүзден бірге дейінгі пайызымен (0,01%) айқындайды.
13. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт бойынша келісімшарттық қызметтің корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында, өндірілген көмірсутектерді (көмірсутектерді дайындауды қоса алғанда) және (немесе) көмірсутектерді дайындау немесе минералды шикізатты бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) ғана өткен минералды шикізатты өткізуден түскен кіріс Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының сақталуы ескеріле отырып, оларды өткізу бағасының негізінде, бірақ өндірілген көмірсутектердің, минералды шикізаттың және (немесе) бастапқы қайта өңдеу (байыту) нәтижесінде алынған, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын тауар өнімінің өндірістік өзіндік құнынан төмендетілмей айқындалады.
Егер Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес шикі газды, оның ішінде қайта өңдеуден өткен газды ұлттық оператор мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде сатып алса, онда жер қойнауын пайдаланушы мұндай шикі газды, оның ішінде қайта өңдеуден өткен газды өткізуден түсетін кірісті осы Кодекстің 239-бабына сәйкес айқындайды.
Жер қойнауын пайдаланушы экспортқа өндірілген мұнайды өткізген кезде, егер мұнайдың әлемдік бағасы осындай мұнайды өткізетін күнге осы мұнайды өндірудің өндірістік өзіндік құнынан төмен болса, осындай мұнайды өткізуден түскен кіріс осы Кодекстің 239-бабына сәйкес айқындалады.
Өндірілген көмірсутектерді және (немесе) бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты кейіннен қайта өңдеу үшін басқа заңды тұлғаға (меншік құқығын ауыстырмай) және (немесе) бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық немесе өзге де технологиялық бөлімшеге берген немесе өзінің өндірістік мұқтаждықтарына пайдаланған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы, көмірсутектерді дайындауды немесе минералды шикізатты бастапқы қайта өңдеуді (байытуды) қоса алғанда, осындай операция бойынша кірісті өндірудің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, 20 пайызға ұлғайтылған нақты өндірістік өзіндік құны бойынша айқындайды.
Егер шикі газ мұнаймен ілеспе түрде өндірілетін болса, мұндай шикі газды өндірудің өндірістік өзіндік құны мына формула бойынша айқындалады:
, мұнда:
СР - бір мың текше метр үшін теңгемен ағымдағы салықтық кезеңде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін шикі газды өндірудің өндірістік өзіндік құны;
СF - теңгемен ағымдағы салықтық кезеңде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын көмірсутектер өндірудің өндірістік өзіндік құны;
GР1 - ол бойынша халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарында өзіндік құнды айқындау бір мың текше метрмен көзделетін, ағымдағы салықтық кезеңде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде мұнаймен ілеспе түрде өндірілетін шикі газдың өндірілу көлемі;
OР - ағымдағы салықтық кезеңде жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт шеңберінде мұнайдың тоннамен өндірілу көлемі;
0,857 - мұнаймен ілеспе түрде өндірілетін шикі газдың бір мың текше метрін ауыстыру коэффициенті, тоннамен;
r - мына формула бойынша айқындалатын құндық коэффициент:
, мұнда:
GР2 - ағымдағы салықтық кезеңде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде мұнаймен ілеспе түрде өндірілетін шикі газдың бір мың текше метрмен өндірілу көлемі;
OР - ағымдағы салықтық кезеңде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде шикі мұнайдың тоннамен өндірілу көлемі;
AEPG - бір мың текше метр үшін теңгемен сыртқы сауда кедендік статистикасын және өзара сауда статистикасын жүргізу жөніндегі уәкілетті органдардың деректері бойынша есептелетін, тауарлық газды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау бойынша тарифтер негізінде айқындалатын шығыстар шегеріле отырып, тиісті салықтық кезең үшін Қазақстан Республикасының шекарасындағы тауарлық газдың орташа өлшемді экспорттық бағасы;
AEPО - тоннасына теңгемен сыртқы сауда кедендік статистикасын және өзара сауда статистикасын жүргізу жөніндегі уәкілетті органдардың деректері бойынша есептелетін, мұнайды жер қойнауын пайдаланушыдан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тасымалдау бойынша тарифтер негізінде айқындалатын шығыстар шегеріле отырып, тиісті салықтық кезең үшін Қазақстан Республикасының шекарасындағы мұнайдың орташа өлшемді экспорттық бағасы.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттан тыс қызметі бойынша жиынтық жылдық кірісіне осындай кейіннен қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізуден нақты алынған кіріс пен жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызметі бойынша жылдық жиынтық кірісіне қосылатын, осы тармаққа сәйкес есептелген кіріс сомасы арасындағы айырмаға тең сома қосуға жатады.
Осы бөлімнің мақсаттары үшін байыту фабрикасы, қайта өңдеу, өндiріс немесе металлургия цехы (зауыты) заңды тұлғаның өзге де технологиялық бөлімшесі деп танылады.
758-бап. Жер қойнауын пайдалану құқығын жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне қайта ресімдеу кезіндегі салықтық есепке алу ерекшеліктері
1. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттан жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне қайта ресімделген жағдайда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты қайта ресімдеу жүргізілген салықтық кезеңде бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында жер қойнауын пайдалануға қайта ресімделген келісімшарт және оның орнына алынған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия жиынтық түрде жер қойнауын пайдалануға арналған біртұтас келісімшарт ретінде қаралады, ал жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға қайта ресімделген келісімшарт бойынша және аталған жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға алынған лицензия шеңберіндегі қызметі бірыңғай бөлек салықтық есепке алу жүргізілетін біртұтас келісімшарттық қызмет ретінде қаралады.
Егер жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу кезінде жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың орнына жер қойнауын пайдалануға екі және одан көп лицензия берілсе, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты қайта ресімдеу жүргізілген салықтық кезең үшін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт деп жер қойнауын пайдалануға қайта ресімделген келісімшарттың осы баптың 2 - 7-тармақтарына сәйкес лицензияға қайта бөлінген салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге сәйкес келетін бір бөлігі мен көрсетілген жер қойнауын пайдалануға арналған лицензия жиынтық түрде түсініледі. Тиісінше, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты қайта ресімдеу жүргізілген салықтық кезеңде жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға алынған әрбір лицензия шеңберіндегі қызметі және жер қойнауын пайдалануға қайта ресімделген келісімшарт бойынша аталған жер қойнауын пайдаланушы қызметінің соған сәйкес келетін бір бөлігі жиынтық түрде бөлек салықтық есепке алу жүргізілетін жеке біртұтас келісімшарттық қызмет ретінде қаралады.
2. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттан жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне қайта ресімдеген кезде қайта ресімделген келісімшарт бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер жер қойнауын пайдалану құқығын көрсетілген қайта ресімдеу жүргізілген салықтық кезеңнің басынан бастап қайта ресімделген келісімшарттың орнына алынған лицензия бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер деп танылады.
Егер жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу кезінде жер қойнауын пайдаланушыға жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың орнына жер қойнауын пайдалануға екі және одан көп лицензия берілсе, жер қойнауын пайдалануға қайта ресімделетін келісімшарт бойынша салықтық есепке алуда ескерілетін салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер жер қойнауын пайдалану құқығын көрсетілген қайта ресімдеу жүргізілген салықтық кезеңнің басынан бастап осы баптың 3-тармағына сәйкес алынған лицензияларға қайта бөлуге жатады және бұдан әрі жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір лицензия шеңберіндегі қызмет бойынша тиісінше бөлек салықтық есепке алуды жүргізу кезінде ескеріледі.
3. Жер қойнауын пайдаланушының тиісті салықтық кезеңнің басынан бастап жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты лицензиялық режимге қайта ресімдеу күніне дейінгі жалпы және жанама кірістері мен шығыстарын бөлу осы Кодекстің 757-бабының 9, 10, 11 және 12-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл ретте салық төлеуші жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық органын осы Кодекстің 757-бабының 12-тармағына сәйкес бөлудің қайта қарауға және өзгертуге жатпайтын таңдап алынған әдістері туралы хабардар етеді.
Осы баптың 7-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде мұндай хабарлама болмаған жағдайда, бөлу мақсатында осы Кодекстің 757-бабының 12-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген әдіс қолданылады.
4. Жер қойнауын пайдалануға қайта ресімделетін келісімшарт бойынша түзілген, амортизацияланатын активтердің кіші тобының (I тобының), тобының, сондай-ақ осы Кодекстің 305-бабында көрсетілген амортизацияланатын активтердің жеке тобының құндық балансын бөлу жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу жүргізілген жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте амортизацияланатын активтердің кіші тобының (I тобының), тобының көрсетілген құндық балансына енгізілген амортизацияланатын активтер осы Кодекстің 757-бабының 9 және 12-тармақтарына сәйкес тікелей, жанама және жалпы болып сыныпталуға тиіс.
5. Жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу жүргізілген жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жинақталған тарату қорының қаражаты осы Кодекстің 757-бабының 12-тармағына сәйкес лицензияларға бөлуге жатады және осындай жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу жүргізілген жылы осындай лицензиялардың жылдық жиынтық кірісіне енгізіледі.
6. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты жер қойнауын пайдаланудың лицензиялық режиміне қайта ресімдеу жүргізілген салықтық кезеңнің басында жер қойнауын пайдалануға қайта ресімделетін келісімшарт шеңберінде алдыңғы салықтық кезеңдерден жинақталған залалдар болған жағдайда, көрсетілген залалдар мынадай тәртіппен есепке алынады:
жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға бір лицензия алған жағдайда - жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты қайта ресімдеу жүргізілген салықтық кезеңде есепке алынады және олар толық пайдаланылмаған жағдайда осы Кодекстің 339-бабына сәйкес айқындалатын мерзім шегінде көрсетілген лицензия шеңберіндегі қызметтен алынған салық салынатын кіріс есебінен өтеу үшін ауыстырылады;
жер қойнауын пайдалануға екі және одан көп лицензия алынған жағдайда - осы Кодекстің 757-бабы 12-тармағының ережелері және жер қойнауын пайдаланушының алынған лицензияларға салықтық есепке алу саясаты ескеріле отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты қайта ресімдеу жүргізілген жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бөлінеді, көрсетілген салықтық кезеңде әрбір лицензия бойынша тиісті бөлігінде есепке алынады және осы Кодекстің 339-бабына сәйкес айқындалатын мерзім шегінде тиісті лицензия шеңберіндегі қызметтен алынған салық салынатын кіріс есебінен одан әрі өтеу үшін ауыстырылады.
7. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген кішI топтардың (I топтың), топтардың жалпы және жанама құндық баланстарын, осы баптың 5-тармағында көрсетілген тарату қорында жинақталған қаражатты, сондай-ақ осы баптың 6-тармағында көрсетілген залалдарды бөлу жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 757-бабы 12-тармағының 1) - 5) тармақшаларында көзделген әдістерден дербес таңдаған сол бір бөлу әдісі бойынша жүзеге асырылады, бұл туралы салық төлеуші жер қойнауын пайдалану құқығын қайта ресімдеу жүргізілген жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық органын хабардар етеді және ол қайта қарауға және өзгертуге жатпайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде мұндай хабарлама болмаған жағдайда, бөлу мақсатында осы Кодекстің 757-бабының 12-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген әдіс қолданылады.
87-тарау. ҚОЛ ҚОЮ БОНУСЫ
759-бап. Жалпы ережелер
Қол қою бонусы келісімшарт аумағында (жер қойнауы учаскесінде), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен келісімшарт аумағы (жер қойнауы учаскесі) кеңейтілген кезде жер қойнауын пайдалану құқығын иелену үшін біржолғы тіркелген төлем болып табылады.
760-бап. Төлеушiлер
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес мынадай талаптардың біріне сай келетін:
1) жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстың (аукционның) жеңiмпазы болған;
2) жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойған;
3) жер қойнауын пайдалануға арналған мынадай келісімшарттардың бірiн:
барлауға арналған келісімшартты;
пайдалы қазбаларды өндiруге арналған келісімшартты;
бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартты;
жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны;
жер қойнауының кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны;
кен іздеушілікке арналған лицензияны жасасқан (алған) тұлға қол қою бонусын төлеуші болып табылады.
Тиiстi келісімшарт аумағында (жер қойнауы учаскесінде) барлауға арналған келісімшарттың шеңберiнде коммерциялық табуға байланысты өндiру құқығын алуға айрықша құқық негiзiнде келісімшарт жасасқан тұлға барлауға арналған осындай келісімшарт жасалған кезде оны төлегенде қол қою бонусын төлеуші болып танылмайды.
Осы бөлімнің мақсаттары үшін «Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін конкурс» ұғымы «Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес өткізілетін аукцион» ұғымымен бірдей.
761-бап. Қол қою бонусын есептеу тәртібі
1. Қол қою бонусының бастапқы мөлшерi жер қойнауын пайдалануға жасалатын әрбір келісімшарт үшiн мынадай мөлшерде жеке белгiленедi:
1) мынадай:
пайдалы қазбалардың бекітілген қорлары жоқ аумақтағы барлауға арналған келісімшарттар үшiн:
көмірсутектер бойынша - конкурс шарттары жарияланған күнге немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2 800 еселенген мөлшерi;