21-БӨЛІМ. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА ТАУАРЛАРМЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ, ЭЛЕКТРОНДЫҚ
НЫСАНДА ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ КЕЗІНДЕ ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
95-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА ТАУАРЛАРМЕН ЭЛЕКТРОНДЫҚ САУДАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ, ЭЛЕКТРОНДЫҚ
НЫСАНДА ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ КЕЗІНДЕ ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯҒА САЛЫҚ САЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
826-бап. Жалпы ережелер
1. Осы Кодекстің 102-бабының тәртібімен тіркелген шетелдік компания қосылған құн салығын төлеуші деп танылады.
Осы тармақтың мақсатында осы Кодекстің 100 және 101-баптарына сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілген тұлға шетелдік компанияға жатпайды.
2. Қосылған құн салығын төлеуші жеке тұлғаларға тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын, егер мынадай шарттардың бірі орындалса:
Қазақстан Республикасы сатып алушы жеке тұлғаның тұрғылықты жері болып табылса;
Қазақстан Республикасының аумағы көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу үшін сатып алушы жеке тұлға пайдаланатын банктік шот ашылған банктің немесе сатып алушы-жеке тұлға көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді жүзеге асыратын электрондық ақша операторының тұрған жері болып табылса;
көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде пайдаланылған сатып алушы жеке тұлғаның желілік мекенжайы Қазақстан Республикасында тіркелсе;
көрсетілетін қызметтерді сатып алу немесе оларға ақы төлеу үшін пайдаланылатын телефон нөмірі (оның ішінде мобильді телефон нөмірі) елінің халықаралық кодын Қазақстан Республикасы берсе, осы бөлімде белгіленген тәртіппен есептейді.
3. Жеке тұлғаларға электрондық нысанда өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер бойынша қосылған құн салығын төлеушінің шот-фактураларды жазып беруі талап етілмейді.
4. Жеке тұлғаларға тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығы мынадай жағдайларда:
1) кедендік баждар, салықтар жиынтық кедендік төлем түрінде Қазақстан Республикасында төленген және қайтарылуға жатпайтын, ЕАЭО-ның кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын құндық және (немесе) салмақтық нормадан асып кетуі бөлігінде;
2) егер мұндай тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің құны ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден әкелінетін тауарларға қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және осы Кодекстің 51-тарауына сәйкес қайтарылуға жатпайтын, осы Кодекстің 509-бабына сәйкес айқындалатын салық салынатын импорт мөлшеріне енгізілсе, есептелуге және төленуге жатпайды.
827-бап. Жеке тұлғаларға тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеу тәртібі
1. Жеке тұлғаларға тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығы электрондық нысанда өткізілген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің құнына осы Кодекстің 503-бабының 1-тармағында белгіленген салық мөлшерлемесін қолдану арқылы есептеледі.
Жеке тұлғаларға электрондық нысанда өткізілген тауарлардың, көрсетілген қызметтердің шетел валютасындағы құны салық төлеу күнінің алдындағы соңғы күнтізбелік күнге белгіленген ресми валюта бағамы қолданыла отырып, теңгемен қайта есептеледі.
Шетелдік компания жеке тұлғаларға тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде есептелген қосылған құн салығын бюджетке әрбір тоқсан үшін, тауарларды өткізу, қызметтерді көрсету жүзеге асырылған тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей төлеуге міндетті.
2. Осы бөлімнің мақсаттары үшін тауарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алушы төлемді жүзеге асырған күн жеке тұлғаларға тауарлардың электрондық саудасы және (немесе) электрондық нысанда қызметтер көрсету бойынша айналым жасалған күн болып табылады.
3. Қосылған құн салығының төленген сомалары осы бапқа сәйкес қайтарылуға жатпайды.
22-БӨЛІМ. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
828-бап. Өтпелі ережелер
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 351-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жүзеге асырылған біржолғы зейнетақы төлемдері бойынша бұрын есептелген және мемлекеттік бюджетке аударылмаған жеке табыс салығын ұстап қалуды және аударуды жүргізбейді.
2. Егер жеке тұлғаның салық салынатын кірісін 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 353-бабының 3 және 3-1-тармақтарына сәйкес айқындау кезінде жеке тұлғаның кірісінен жеке табыс салығын ұстап қалу күнінен кешірек өтініш жасауы себебінен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдері және (немесе) біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі жеке тұлғаның кірісіне 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 346-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында белгіленген салықтық шегерімдер қолданылмаса, онда жеке тұлға осындай кірістен жеке табыс салығын ұстап қалуды жүргізген салық агентіне өтініш пен растаушы құжаттарды ұсынуға құқылы, олардың негізінде салық агенті осы Кодекстің 65-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде кірістерді қайта есептеуді жүргізеді.
Бұл ретте 2021 жылғы 1 қаңтар - 2021 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде жүзеге асырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі кірістерді қайта есептеу бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі 2021 жылғы 1 қаңтар - 2025 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезең ішінде айқындалды.
829-бап. Жеке практикамен айналысатын адамға қатысты өтпелі ережелер
1. Салық органы осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке практикамен айналысатын адамды хабардар етпестен, оны осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығаруға тиіс.
2. Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке практикамен айналысатын адам осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде, тіркелген жеріндегі салық органына қосылған құн салығы бойынша таратудың салықтық есептілігін осындай таратудың салықтық есептілігін ұсыну бойынша міндеттеме туындаған салықтық кезеңнің басынан бастап оны салық органына ұсынған күнге дейінгі кезең үшін ұсынуға міндетті.
3. Жеке практикамен айналысатын адамды қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап жарамсыз деп танылады.
830-бап. Механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін алым мөлшерлемелері бойынша өтпелі ережелер
Халықаралық автомобильмен жүк тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат куәлігі бар төлеушілер тіркейтін, шығарылған жылын қоса алғанда, 7 жылға дейінгі N3 (ершікті тартқыштар) санатындағы көлік құралдарына қатысты осы Кодекстің 615-бабының 4-тармағында белгіленген механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін алым мөлшерлемелері 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылмайды деп белгіленсін.
831-бап. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық мөлшерлемелердің қолданылуы бойынша өтпелі ережелер
Байланыс саласындағы уәкілетті орган радиожиілік спектрін пайдалануға берген рұқсаттар шеңберінде өзіне міндеттемелер қабылдаған, төлемақының тиісті мөлшерлемесін төмендетуден босаған қаражаттан аз емес қаражатты қалалық және ауылдық елді мекендердегі Интернетке кең жолақты қолжетімділік жобаларын қаржыландыруға дербес өзі немесе топтасып жіберген байланыс операторлары үшін осы Кодекстің 645-бабы 2-тармағының кестесі 7-жолының қолданысы 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, айқындалған жылдық төлемақы мөлшерлемелері 90 пайызға азайтылады деп белгіленсін.
Төлеушілер төлеген төлем сомаларын қайтару жүргізілмейді.
Байланыс операторлары осындай міндеттемелерді ресімдеу мақсатында байланыс саласындағы уәкілетті органға радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты жібереді, ол міндеттемелерді енгізеді және радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты байланыс операторына қайтарады.
Байланыс операторлары тиісті міндеттемелер орындалғанға дейін және орындалғаннан кейін көрсетілген жобаларды қаржыландыру бойынша жыл сайынғы аудиттелген мәліметтерді байланыс саласындағы уәкілетті органға ұсынады, сондай-ақ қалалық және ауылдық елді мекендерді Интернетке кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету жөніндегі ақпаратты ай сайынғы негізде береді.
Байланыс саласындағы уәкілетті орган радиожиілік спектрін пайдалануға берген рұқсаттар шеңберінде өзіне міндеттемелер қабылдаған, төлемақының тиісті мөлшерлемесін төмендетуден босатылған қаражаттан аз емес қаражатты спутниктік технологияларды қолдана отырып, ауылдық елді мекендерде Интернетке кең жолақты қолжетімділік жобаларын қаржыландыруға дербес өзі жіберген байланыс операторлары үшін осы Кодекстің 645-бабы 2-тармағының кестесі 9, 9.1 және 10-жолдарының қолданысы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, айқындалған жылдық төлемақы мөлшерлемелері тиісті міндеттемелер қабылданған күннен бастап 90 пайызға азайтылады деп белгіленсін.
Төлеушілер төлеген төлем сомаларын қайтару жүргізілмейді.
Байланыс операторлары осындай міндеттемелерді ресімдеу мақсаттарында байланыс саласындағы уәкілетті органға радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты жібереді, ол міндеттемелерді енгізеді және радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсатты байланыс операторына қайтарады.
Байланыс операторлары көрсетілген жобаларды қаржыландыру бойынша жыл сайынғы аудиттелген мәліметтерді тиісті міндеттемелер орындалғаннан кейін байланыс саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
832-бап. Негізгі құрал ретінде есепке алынған (есепке алынатын) жеңіл автокөлік бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу бойынша өтпелі ережелер
Егер негізгі құрал ретінде есепке алынған (есепке алынатын) жеңіл автокөлікті алған күн немесе оны сатып алу жөніндегі шот-фактураны жазып берген күн 2026 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңге тұспа-тұс келетін болса, онда мұндай жеңіл автомобиль бойынша осы Кодекстің 49-тарауында белгіленген шарттар сақталған кезде 2026 жылы есепке жатқызылады деп белгіленсін.
833-бап. 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ұсынылған қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы салықтық өтініштер мен талаптарды қарау тәртібі туралы өтпелі ережелер
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ұсынылған қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтару туралы салықтық өтініштер мен талаптар 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген тәртіппен және мерзімдерде қаралады деп белгіленсін.
834-бап. Жеке тұлғаларға тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығын есептеу мен төлеу жөніндегі өтпелі ережелер
ЕАЭО Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама күшіне енгенге дейін жеке тұлғаларға тауарлардың электрондық саудасын жүзеге асыру, электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде қосылған құн салығы кедендік баждар, салықтар жиынтық кедендік төлем түрінде Қазақстан Республикасында төленген және қайтарылуға жатпайтын, ЕАЭО кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын құндық және (немесе) салмақтық нормадан асып кетуі бөлігінде есептелуге және төленуге жатпайды деп белгіленсін.
835-бап. Экспортқа рента салығын төлеушілер бойынша өтпелі ережелер
Осы Кодекстің 746-бабының бірінші бөлігі үшінші абзацының қолданысы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«жер қойнауын пайдалануға баламалы салық төлеушілер болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылар өндірген шикі мұнай мен газ конденсаты экспортының көлемдері кірмейді.».
836-бап. 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған стратегиялық жоба бойынша салықтық преференцияларды сақтау
Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық стратегиялық жоба бойынша салықтар бойынша преференциялар 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған олардың қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады деп белгіленсін.
837-бап. Инвестициялық басым жобаны іске асыру кезінде инвестициялық келісімшартта көзделген талаптарды және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық міндеттемелер туралы келісімдер үшін көзделген талаптарды сақтау
1. Инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған инвестициялық келісімшартқа сәйкес іске асырылатын инвестициялық басым жоба бойынша оның қолданылу мерзімі өткенге дейін:
1) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімшарттар бойынша Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік бөлігінде;
2) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде жасалған келісімшарттар бойынша салық преференциялары және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік бөлігінде осы келісімшарт талаптары сақталады деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық міндеттемелер туралы келісімдер бойынша салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік сақталады деп белгіленсін.
838-бап. 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялар туралы келісімде көзделген шарттарды сақтау
Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялар туралы келісім жасасуға уәкілеттік берген мемлекеттік органмен Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған осындай келісімдер бойынша салық салу шарттары мен Қазақстан Республикасының салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік бөлігіндегі оның қолданылу мерзімі өткенге дейін осы келісімнің шарттары сақталады деп белгіленсін.
839-бап. 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшарттың шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығынан босату жөніндегі талаптарын сақтау
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшарт (инвестициялық басым жоба мен инвестициялық стратегиялық жобаны қоспағанда) шеңберінде шикізат және (немесе) материалдар импортын қосылған құн салығынан босату осы келісімшарттың қолданылу мерзімі өткенге дейін сақталады деп белгіленсін.
840-бап. Арнаулы салық режимдерін қолданатын салық төлеушілерге қатысты өтпелі ережелер
1. Салық органы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы салық режимдерін патент негізінде және арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып қолданған, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін осы баптың 2-тармағында көзделген хабарламаны ұсынбаған салық төлеушілерді 2026 жылғы 1 наурызда дара кәсіпкерлер ретінде есептен автоматты түрде шығаруға тиіс.
Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күн мұндай салық төлеушілер дара кәсіпкерлер ретінде есептен шығарылған күн болып табылады.
Мыналар:
ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде қызметті жүзеге асырған жағдайда - осы Кодекстің 720-бабының 3-тармағына сәйкес бірінші төлем құжатында көрсетілген ай;
өзге жағдайларда - арнаулы мобильді қосымшада қалыптастырылған алғашқы чектің күні өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимін қолдану басталған күн болып табылады.
2. 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы салық режимдерін қолданған салық төлеушілер осы Кодекстің 723-бабында белгіленген қолдану шарттарын ескере отырып, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану үшін 2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламалар ұсынады.
Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күн осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін қолданылған арнаулы салық режимдерін қолдану тоқтатылған күн және осындай салық төлеушілерге арналған режимді қолдану басталған күн болып табылады.
3. 2026 жылғы 1 наурызға дейін осы баптың 2-тармағына сәйкес қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынбаған салық төлеушілер (осы баптың 1-тармағында көрсетілгендерден, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданатындардан басқа) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданушылар деп танылады.
841-бап. Мүліктік кіріс бойынша өтпелі ережелер
2028 жылғы 1 қаңтарға дейін:
1) осы Кодекстің 382-бабының 5-тармағы 1), 2) және 4) тармақшаларының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1) осындай жеке тұлғаның меншік құқығында:
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жүргізілген меншік құқығын тіркеу күнінен бастап бір жыл және одан көп болатын;
2026 жылғы 1 қаңтардан кейін дейін жүргізілген меншік құқығын тіркеу күнінен бастап екі жыл және одан көп болатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрғынжайларды, саяжай құрылыстарын, орынтұрақ орындарын, қоймаларды, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін;
2) мынадай:
тұрғынжай, саяжай құрылысы, орынтұрақ орны, қойма, гараж, жеке қосалқы шаруашылық объектісі осындай жеке тұлғаның меншік құқығында 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жүргізілген меншік құқығын тіркеу күнінен бастап бір жыл және одан көп болатын
немесе
тұрғынжай, саяжай құрылысы, орынтұрақ орны, қойма, гараж, жеке қосалқы шаруашылық объектісі осындай жеке тұлғаның меншік құқығында 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін жүргізілген меншік құқығын тіркеу күнінен бастап екі жыл және одан көп болатын
немесе
осындай шарт 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған күннен бастап немесе талап ету құқығын басқаға беру арқылы осындай құқыққа 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ие болған күннен бастап мүлікті өткізу немесе оны жарғылық капиталға салым ретінде беру күніне дейінгі кезең екі және одан көп жылды құрайтын
немесе
осындай шарт 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған күннен бастап немесе талап ету құқығын басқаға беру арқылы осындай құқыққа 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін ие болған күннен бастап мүлікті өткізу немесе оны жарғылық капиталға салым ретінде беру күніне дейінгі кезең үш және одан көп жылды құрайтын жағдайда, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша немесе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын беру арқылы сатып алынған, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрғынжайларды, орынтұрақ орындарын, қоймаларды, гараждарды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін;»;
«4) осындай жеке тұлғаның меншік құқығында:
бір жыл және одан көп болатын, меншік құқығы 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған күннен бастап өткізу, заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, бау-бақша шаруашылығы, гараж салу болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін;
немесе
екі жыл және одан көп болатын, меншік құқығы 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін дейін туындаған күннен бастап өткізу, заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу, бау-бақша шаруашылығы, гараж салу болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін өткізу, заңды тұлғаның жарғылық капиталына салым ретінде беру кезінде түзілмейді.»;
2) осы Кодекстің 382-бабының 6-тармағы 1) және 2) тармақшаларының қолданысы тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1) мынадай:
осындай шарт 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған күннен бастап осындай талап ету құқығын басқаға беру күніне дейінгі кезең екі және одан көп жылды құрайтын;
осындай шарт 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған күннен бастап осындай талап ету құқығын басқаға беру күніне дейінгі кезең үш және одан көп жылды құрайтын жағдайда;
2) мынадай:
тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру арқылы осындай құқыққа 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін ие болған күннен бастап осындай талап ету құқығын басқаға беру күніне дейінгі кезең екі және одан көп жылды құрайтын;
тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беру арқылы осындай құқыққа 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін ие болған күннен бастап осындай талап ету құқығын басқаға беру күніне дейінгі кезең үш және одан көп жылды құрайтын жағдайда түзілмейді.».
842-бап. Жылжымайтын мүлік бойынша құн өсімінен түсетін кіріс бойынша өтпелі ережелер
Осы Кодекстің 383-бабының 1-тармағы 1) және 2) тармақшаларының қолданысы 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақшалар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрғынжайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды, орынтұрақ орындарын, қоймаларды, жеке қосалқы шаруашылық объектілерін олар меншік құқығында:
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жүргізілген меншік құқығын тіркеу күнінен бастап бір жылдан аз болатын;
2026 жылғы 1 қаңтардан кейін жүргізілген меншік құқығын тіркеу күнінен бастап екі жылдан аз болатын жағдайда;
2) меншік құқығы туындаған күннен бастап өткізу күніне дейін нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, гараж салу, орынтұрақ орындары болып табылатын Қазақстан Республикасындағы жер учаскелерін және (немесе) жер үлестерін олар меншік құқығында:
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жүргізілген меншік құқығын тіркеу күнінен бастап бір жылдан аз болатын;
2026 жылғы 1 қаңтардан кейін жүргізілген меншік құқығын тіркеу күнінен бастап екі жылдан аз болатын жағдайда;».
843-бап. Талап ету құқығын, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс бойынша өтпелі ережелер
Осы Кодекстің 391-бабы 2 және 3-тармақтарының қолданысы 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2. Талап ету құқығын басқаға беру құны мен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың бағасы арасындағы оң айырма:
осындай шарт 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған күннен бастап талап ету құқығын басқаға беру күніне дейінгі кезең екі жылдан аз болатын;
осындай шарт 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған күннен бастап осындай талап ету құқығын басқаға беру күніне дейінгі кезең үш жылдан аз болатын жағдайда, талап ету құқығын басқаға берген салық төлеуші үшін тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті талап ету құқығын басқаға беруден түсетін кіріс болып табылады.