9. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге əскери қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша не әскери бөлім (мекеме) штаттарының қысқартылуына байланысты əскери қызметтен шығарылған кезде жұмыстан шығу (біржолғы) жəрдемақысы еңбек сіңірген жылдары:
күнтізбелік 10 жылдан аз болғанға – үш айлық ақшалай қаражат;
күнтізбелік 10 жылдан 15 жылға дейін болғанға – төрт айлық ақшалай қаражат;
күнтізбелік 15 жылдан 20 жылға дейін болғанға – бес айлық ақшалай қаражат;
күнтізбелік 20 жылдан 25 жылға дейін болғанға – алты айлық ақшалай қаражат;
күнтізбелік 25 жылдан 30 жылға дейін болғанға – жеті айлық ақшалай қаражат;
күнтізбелік 30 жылдан астам болғанға – сегіз айлық ақшалай қаражат мөлшерінде төленеді.
Келісімшарт бойынша əскери қызметке қайта кірген кезде жұмыстан шығу (біржолғы) жəрдемақысының мөлшері, осы жұмыстан шығу (біржолғы) жəрдемақысы бұрын әскери қызметтен не Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарынан қызметтен шығарылған кезде төленбеген жағдайларды қоспағанда, бұрын төленген жұмыстан шығу (біржолғы) жəрдемақысы ескеріле отырып айқындалады.
Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімі өткен соң немесе денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған кезде мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшіге жұмыстан шығу жәрдемақысы – бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан болған аталған әскери қызметшіге бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді.
Жауынгерлік іс-қимылдарға, терроризмге қарсы және (немесе) бітімгершілік операцияларына қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының немесе бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының орденімен (ордендерімен) марапатталған әскери қызметшіге жұмыстан шығу жәрдемақысының мөлшері ақшалай қаражаттың екі айлықақысына ұлғайтылады.
Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген және әскери қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе әскери бөлім (мекеме) штаттарының қысқартылуына байланысты әскери қызметтен шығарылған офицерлік құрамның әскери қызметшісіне еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқығы болмаған кезде жұмыстан шығу (біржолғы) жәрдемақысын төлеумен қатар әскери қызметтен шығарылған күннен бастап бір жыл бойы әскери атағы бойынша айлықақы төлеу сақталады.
Бұл ретте, егер көрсетілген мерзім ішінде әскери қызметшілерге әскери атақ бойынша айлықақылары өсетін болса, тиісінше әскери қызметтен шығарылған, офицерлік құрамның әскери қызметшілеріне төленетін осы айлықақылар мөлшері ұлғаяды.
10. Осы Заңның 37-бабының 6-тармағына сəйкес келісімшарт бойынша əскери қызметке кірген қатардағы және сержанттық құрамдардың əскери қызметшілері, мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген, жиырма алты жасқа толмаған, бірақ он сегіз жастан кіші емес, бір жылдан аз қызмет өткерген немесе оқыған жəне келісімшарт бойынша əскери қызметтен шығарылған немесе əскери, арнаулы оқу орындарынан шығарып жіберілген курсанттар мен кадеттер мерзімді әскери қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тəртіппен əскери бөлімдерге (мекемелерге), бірақ кемінде үш ай мерзімге жіберіледі.
Бұрын мерзімді әскери қызмет өткермеген, он сегіз жасқа толмаған, бір жылдан аз оқыған жəне әскери, арнаулы оқу орындарынан шығарып жіберілген курсанттар мен кадеттер мерзімді әскери қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тəртіппен əскери қызметке шақыруға əскерге шақырылушыларды əскери есепке қою үшін тұрғылықты жері немесе уақытша болу (тұру) орны бойынша жергілікті əскери басқару органдарына, бірақ кемінде үш ай мерзімге жіберіледі.
Əскери, арнаулы оқу орнынан шығарып жіберілген курсанттар мен кадеттер үшін оқу уақыты мерзімді әскери қызмет мерзіміне есепке жатқызылады.
Үлгерімсіздігі, тəртіпсіздігі үшін, өз бастамасы бойынша, теріс себептермен, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты əскери қызметтен шығару салдарынан əскери, арнаулы оқу орнынан шығарып жіберілген, сондай-ақ əскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасудан бас тартқан курсант немесе кадет оқытудың бірінші жылының шығындарын қоспағанда, өзін әскери, арнаулы оқу орнында оқыту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуге, стипендия төлеуге және жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес келетін ақшаны мемлекетке өтеуге міндетті.
Көрсетілген міндеттемелер әскери, арнаулы оқу орнындағы оқытудың бірінші жылы ішінде оқудан шығарып жіберілген және келесі курсқа көшірілмеген, мерзімді әскери қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін белгіленген тәртіппен әскери бөлімдерге (мекемелерге) жіберілген курсанттар мен кадеттерге қолданылмайды.
Оқудан шығарып жіберілген курсанттар мен кадеттерден мемлекет кірісіне ақшаны өндіріп алу мәселелері бойынша 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін заңды күшіне енген сот актілері бойынша қозғалған атқарушылық іс жүргізулер «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тоқтатылады.
Осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген ақшаны мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы талап қоюлар 2018 жылғы 1 қаңтардан кейін оқудан шығарып жіберілген курсанттар мен кадеттерге беріледі.
Əскери, арнаулы оқу орнына қайта қабылдау немесе келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру оқу және (немесе) келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру кезеңінде оқытуға жұмсалған ақшаны өндіріп алуды тоқтата тұруға негіз болып табылады. Әскери, арнаулы оқу орнында оқыту кезеңі есепке алынбастан, күнтізбелік есептеумен келісімшарт бойынша он жыл әскери қызмет өткергеннен кейін (ұшқыштар құрамы үшін – он бес жыл) оқытуға жұмсалған ақшаны өндіріп алу тоқтатылады.
Əскери, арнаулы оқу орнын бітірген əскери қызметші теріс себептермен, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты немесе аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сай келмеуі бойынша əскери қызметтен шығарылған жағдайда, оқытудың бірінші жылының шығындарын қоспағанда, курсанттар мен кадеттерді әскери, арнаулы оқу орнында оқыту кезеңінде тамақтандыруды қамтамасыз етуге, стипендия төлеуге және жол жүруіне арналған шығындарға сәйкес келетін ақшаны мемлекетке әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт мерзімі аяқталғанға дейін қызмет өткерілмеген əрбір толық ай үшін пропорционалды түрде өтеуге міндетті.
Техникалық және кәсіптік білім беру (негізгі орта білім беру базасында) бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орнының түлегі жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын әскери, арнаулы оқу орнына түспеген және әскери қызметті одан әрі өткеруден бас тартқан жағдайларда, өзін оқытуға жұмсалған ақша өтелместен, мерзімді әскери қызметтің қалған мерзімін өткеру үшін әскери бөлімдерге (мекемелерге), бірақ кемінде үш ай мерзімге жіберіледі.
Əскери, арнаулы оқу орындарында əскери қызметшіні оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке өтеу тəртібін құрылымында әскери, арнаулы оқу орны бар уəкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайды.
Әскери, арнаулы оқу орнын бітірген және бітіргеннен кейін он жыл қызмет өткермеген (ұшқыштар құрамы үшін – он бес жыл) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшісі не Қазақстан Республикасы құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкері теріс себептермен, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты немесе аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сай келмеуі бойынша қызметтен шығарылған жағдайда, мемлекеттік органдар құрылымына әскери, арнаулы оқу орны кіретін мемлекеттік органды бұл туралы бір ай ішінде хабардар етуге міндетті.
11. Осы Заңның 47-бабында көзделген құқықты пайдаланған, қатардағы және сержанттық құрамдардың әскери лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші теріс себептермен, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуға байланысты немесе аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сай келмеуі бойынша әскери қызметтен шығарылған кезде өзін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқытуға жұмсалған ақшаны өтеуге міндетті.
12. Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты оны әскерге шақыру мерзімі ауыстырылған жағдайда әскери қызмет мерзімі өткенге дейін қызметтен шығарылуға жатады.
13. Әскери қызметтен шығарылған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қызметтен шығару туралы шешімге шағым жасауға құқылы.»;
17) 31-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мерзімді әскери қызметке Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті физикалық және моральдық-психологиялық қасиеттері бар азаматтар шақырылады.»;
18) 32-баптағы «Жиырма тоғыз жасқа дейінгі, әскери қызметке жарамды запастағы офицерлер» деген сөздер «Әскери қызметке жарамды, жиырма тоғыз жасқа дейінгі запастағы офицерлер мен отыз екі жасқа дейінгі медициналық қызметтің запастағы офицерлері» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«33-бап. Әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру
Əскери мiндеттiлер:
1) жұмылдыру дайындығы жөніндегі республикалық іс-шаралар шеңберінде:
әскери басқару органдарына, Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне (мекемелеріне) (аумақтық әскерлердің аумақтық органдарын қоспағанда) – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы негізінде;
әскери басқару органдарына, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдеріне (мекемелеріне) – Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган бірінші басшысының бұйрығы негізінде;
2) аумақтық әскерлердің аумақтық органдарына жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс дайындығы жөніндегі іс-шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен келісу бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің қаулысы негізінде әскери жиындарға шақырылады.»;
20) 35-баптың 2-тармағында:
1) тармақшаның екінші бөлігінде:
екінші абзацтағы «әйелі» деген сөз «зайыбы» деген сөзбен ауыстырылсын;
төртінші және бесінші абзацтардағы «күйеусiз (әйелсiз)» деген сөздер «жұбайынсыз (зайыбынсыз)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақша «азаматтарға» деген сөзден кейін «мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру» деген сөздермен толықтырылсын;
21) 38-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) курсанттарды, кадеттерді қоспағанда, он сегіз жастан кіші болмауға және әскери қызметте болудың шекті жасына толуға:
келісімшарт бойынша әскери қызметке алғаш рет кіретіндер үшін – он екі жыл және алты ай;
келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта кіретіндер және қатардағы және кіші сержанттық құрамдардың әскери атақтары барлар үшін – он екі жыл және алты ай;
келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта кіретіндер және кіші офицерлік және аға сержанттық құрамдардың әскери атақтары барлар үшін – он жыл;
келісімшарт бойынша әскери қызметке қайта кіретіндер және аға офицерлік немесе жоғары сержанттық құрамның әскери атақтары барлар үшін – бес жыл қалғанға дейін;»;
2-тармақтың бірінші бөлігінде:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) медициналық (әскери-дәрігерлік) комиссия келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге жарамсыз деп таныған;»;
5) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) арнайы тексеруден өтпеген жəне (немесе) өзі не өзінің ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір жəне ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-қарындастары (сіңлілері) немесе зайыбы жəне оның ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір жəне ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) туралы көрінеу жалған мəліметтер хабарлаған;»;
13) тармақшадағы «орындамаған;» деген сөз «орындамаған адам қабылданбайды.» деген сөздермен ауыстырылып, 14) және 15) тармақшалар алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Денсаулық жағдайына байланысты келісімшарт бойынша әскери қызметке жарамдылығын айқындау үшін Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық куәландыру жүргізіледі.»;
22) 41-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Запаста болудың шекті жасына толмаған:
1) әскери немесе құқық қорғау қызметінен шығарылған;
2) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызметтен:
қатардағы және сержанттық құрамдар қатарынан;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінен;
теріс себептермен;
қызмет өткеру туралы келісімшарт талаптарын орындамауға байланысты шығарылған;
3) әскери қызметке шақырудан босатылуына байланысты әскери қызмет өткермеген;
4) жиырма жеті жасқа толғаннан кейін әскерге шақыруды кейінге қалдырудың берілуіне байланысты әскери қызмет өткермеген;
5) әскери-есептік мамандығы бар әйелдер;
6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әскери кафедраларында запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша даярлықтан өткен;
7) Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында өтеулі негізде әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша оқудан өткен адамдар запасқа алынды деп есептеледі.»;
23) 42-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамы» деген сөздер «қатардағы және сержанттық құрамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 1) тармақшасындағы «сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамы» деген сөздер «қатардағы және сержанттық құрамдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 44-бапта:
5-1-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «мекемелер (ұйымдар, бөлімшелер)» деген сөздер «(медициналық) бөлімшелер» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік алып тасталсын;
7-тармақтың бірінші бөлігінің 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде стационарлық емделуде (медициналық куәландыруда) болған кезде;»;
8-тармақта:
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Курсанттарды, кадеттерді жəне əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілерді қоспағанда, əскери қызметшілер 100 километрден астам қашықтықтағы басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына (оның ішінде əскери бөлім (мекеме) немесе бөлімше құрамында) ауыстырылған кезде оларға əскери қызметшінің өзіне екі айлық ақшалай қаражат жəне əрбір отбасы мүшесіне:
1) жұбайына (зайыбына);
2) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған баланы (балаларды) қоспағанда, баласына (балаларына), оның ішінде ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласына (балаларына);
3) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған мүгедек баланы (мүгедек балаларды) қоспағанда, жасына қарамастан, ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүгедек баласына (мүгедек балаларына), оның ішінде бала кезінен мүгедекке (мүгедектерге) бір айлық ақшалай қаражаттың жартысы мөлшерінде көтерме жəрдемақы төленеді.»;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте, егер ерлі-зайыптылардың екеуі де әскери қызметші болып табылса немесе олардың біреуі Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкері болып табылса, онда әрбір отбасы мүшесіне бір айлық ақшалай қаражаттың жартысы мөлшеріндегі отбасы мүшелеріне көтерме жәрдемақы уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен олардың біреуіне ғана төленеді.»;
25) 46-баптың 7-тармағындағы «əйелдеріне (күйеулеріне)», «күйеулерінің (əйелдерінің)», «күйеуінің (əйелінің)» деген сөздер тиісінше «зайыптарына (жұбайларына)», «жұбайларының (зайыптарының)», «жұбайының (зайыбының)» деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 47-баптың бірінші бөлігіндегі «Сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар)» деген сөздер «Қатардағы және сержанттық құрамдардың әскери» деген сөздермен ауыстырылсын;
27) 50-баптың 1-1-тармағының төртінші бөлігі алып тасталсын;
28) 51-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әскери қызметші әскери қызмет өткеру кезеңінде не әскери қызметтен шығарылғаннан кейін әскери қызмет өткеру кезеңінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы), ауруы салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, әскери қызметшінің мұрагерлеріне – соңғы атқарған әскери лауазымы бойынша бес жылдық ақшалай қаражат мөлшерінде, ал мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшінің, курсант пен кадеттің, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттінің мұрагерлеріне 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай өтемақы төлемі жүргізіледі.
Әскери қызметшінің қаза табуына (қайтыс болуына) байланысты біржолғы ақшалай өтемақы оқиға болған күннен бастап үш жыл өткенге дейін төленеді және мүгедектіктің белгіленуіне байланысты бұрын төленген біржолғы ақшалай өтемақыға қарамастан жүзеге асырылады.»;
3-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге оның әскери қызмет өткеру кезеңінде немесе әскери қызметтен әскери қызмет өткеру кезеңінде алған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы), ауруы салдарынан шығарылған күннен бастап бір жыл өткенге дейін мүгедектік белгіленген жағдайларда біржолғы ақшалай өтемақы:»;
екінші бөліктегі «Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер» деген сөздер «Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Мерзiмдi әскери қызметтегі әскери қызметшiлерге, стипендия алатын курсанттар мен кадеттерге, әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттiлерге осы тармақта көзделген жағдайларда:»;
5) тармақша «біржолғы» деген сөзден кейін «ақшалай» деген сөзбен толықтырылсын;
6-тармақта:
екінші бөліктегі «әйеліне (күйеуіне)» деген сөздер «зайыбына (жұбайына)» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «әйелі (күйеуі)» деген сөздер «зайыбы (жұбайы)» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 53-бапта:
2-тармақтың бірінші абзацындағы «мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне және әскери оқу орындарының (әскери факультеттердің) курсанттарына» деген сөздер «мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерге, курсанттар мен кадеттерге» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «сержанттар (старшиналар) құрамына» деген сөздер «сержанттық құрамға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Заңның 26-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әскери қызметтен шығаруды қоспағанда, теріс себептермен әскери қызметтен шығару әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге қатысты қолданылмайды.»;
30) мынадай мазмұндағы 53-1-баппен толықтырылсын:
«53-1-бап. Әскери қызметшілердің материалдық жауаптылығы
1. Әскери қызметшілер өздерінің кінәсінен келтірілген материалдық залал үшін ғана материалдық жауаптылықта болады.
Әскери қызметтік міндеттерін атқару кезінен тыс залал келтірген әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Еңсерілмейтін күш және құқыққа сыйымды әрекеттер салдарынан келтірілген материалдық залал үшін әскери қызметшілерді материалдық жауаптылыққа тартуға жол берілмейді.
2. Әскери қызметтік міндеттерін атқару кезінде абайсызда келтірілген материалдық залал үшін:
1) мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді, курсанттар мен кадеттерді, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді қоспағанда, әскери қызметшілер, сондай-ақ офицерлік құрамның әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілері – өздері келтірген залал мөлшерінде, бірақ тоғыз айлық ақшалай қаражаттан аспайтын мөлшерде;
2) мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер, курсанттар мен кадеттер – өздері келтірген залал мөлшерінде, бірақ бес айлық ақшалай ризықтан (стипендиялардан) аспайтын мөлшерде;
3) әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілер – өздері келтірген залал мөлшерінде, бірақ өзінің бір айлық жалақысынан аспайтын мөлшерде материалдық жауаптылықта болады.
3. Әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда толық материалдық жауаптылықта болады.»;
31) 55-бапта:
6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақта аталған адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, ақшалай өтемақы алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.»;
6-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақта аталған адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, тұрғынжай айырбастау құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақта аталған адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, ақшалай өтемақы алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.»;
8-тармақ алып тасталсын;
9-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар)» деген сөздер «қатардағы және сержанттық құрамдардың әскери» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы Заңның 26-бабы 1-тармағының 7), 9) және 11) тармақшаларында көзделген жағдайларда әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт мерзімі өткенге дейін әскери қызметтен шығарылған кезде;».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Қ. ТОҚАЕВ |
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 15 сәуір
№ 114-VII