Осы тармақтың күші әскери қызметшілерге, егер олар не олардың зайыбы (жұбайы):
1) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса;
2) осы Заңның 101-1-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде, осы тармақтың бірінші және үшінші бөліктерінде, осы баптың 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алса;
3) осы Заңның 101-5-бабының 1), 3) 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемені орындаса;
4) осы Заңның 101-5-бабының 1), 3) 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттеме орындалмаған жағдайларды қоспағанда, осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы болса, қолданылмайды.
Бұл ретте әскери қызметшіге осы тармақтың бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер оның тұрғынжай құқығы ол некеге тұрғанға дейін іске асырылса, оның зайыбы (жұбайы), сондай-ақ оның баласы (балалары) есепке алынбай жүзеге асырылады.
6. Әскери қызметшілерге әскери қызмет өткеру кезеңінде алған, әскери-дәрігерлік комиссия әскери қызметшіні әскери есептен шығара отырып әскери қызметке жарамсыз деп таныған мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы себебінен әскери қызметтен шығарылған кезде тұрғын үй төлемдері біржолғы ақшалай өтемақы түрінде аударылады. Біржолғы ақшалай өтемақының мөлшері бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдерінің сомасы шегеріле отырып, әскери қызметшінің өзін қоса алғанда, оны қызметтен шығару кезіндегі отбасы құрамына сәйкес келетін пайдалы алаң нормасын мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланатын ағымдағы жылғы қаңтардағы деректеріне сәйкес, әскери қызметші әскери қызмет өткерген Қазақстан Республикасының тиісті өңіріндегі жаңа тұрғынжай сатудың бір шаршы метрінің бағасына көбейту арқылы айқындалады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер:
1) мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы әскери қызметші құқыққа қайшы әрекеттер жасаған кезде немесе алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйді туғызатын заттарды (сол тектестерді) тұтыну немесе өзіне қандай да бір дене зақымын (дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе;
2) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, әскери қызметші не оның зайыбы (жұбайы) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса;
3) әскери қызметші не оның зайыбы (жұбайы) өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алса;
4) әскери қызметші не оның зайыбы (жұбайы) осы Заңның 101-1-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде, осы баптың 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін алса;
5) осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін әскери қызметшімен не оның зайыбымен (жұбайымен) жасалған шарт бойынша міндеттеме орындалса;
6) осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттеме орындалмаған жағдайларды қоспағанда, әскери қызметшінің не оның зайыбының (жұбайының) осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы болса, төленбейді.
Бұл ретте әскери қызметшіге осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер оның тұрғынжай құқығы ол некеге тұрғанға дейін іске асырылса, оның зайыбы (жұбайы), сондай-ақ оның баласы (балалары) есепке алынбай жүзеге асырылады.
7. Жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағындағы немесе жатақханадағы қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдері осы тарауға сәйкес айқындалған тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер әскери қызметшілер не олардың зайыбы (жұбайы):
1) осы Заңның 101-1-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде, осы баптың 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алса;
2) осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаса;
3) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса, төленбейді.
8. Қызметтік тұрғынжайларды күтіп-ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мүдделі уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітеді.»;
11-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
11) 101-3-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «арнаулы (әскери)» деген сөздер «әскери, арнаулы» деген сөздермен ауыстырылсын;
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) олардың осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы болмаса, тұрғынжайға мұқтаж деп танылады, бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлестің болуы есепке алынбайды.
Осы тармақшаның талабы осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша орындалмаған міндеттемесі бар арнаулы мемлекеттік органдардың, ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне немесе әскери қызметшілерге қолданылмайды;
2) олардың Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан алған тұрақты пайдалануында тұрғынжайы болмаса;»;
екінші бөлік алып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Арнаулы мемлекеттік органдардың, ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлерін және (немесе) әскери қызметшілерді, егер олар не олардың зайыбы (жұбайы):
1) өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақыны алу орны бойынша алса;
2) осы Заңның 101-1-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде немесе 101-2-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін алу орны бойынша алса;
3) осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерін шартты ресімдеу орны бойынша орындаса;
4) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын құқықты іске асыру орны бойынша іске асырса;
5) зайыбының (жұбайының) некеге тұрғанға дейін тұрғынжайы болған жағдайды қоспағанда, өздері қызмет өткеріп жүрген елді мекенде тұруға жарамды тұрғынжайды соңғы бес жыл ішінде иеліктен шығаруды жүргізсе, тұрғынжайға мұқтаж деп танудан бас тартылады. Бұл жағдайда тұрғынжайда елу пайыздан кем үлестің иеліктен шығарылуы есепке алынбайды.»;
12) 101-4-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «босатылған жағдайларда тоқтатылады.» деген сөздер «босатылған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемені орындамаған жағдайларды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе әскери қызметші қызмет орны бойынша берілген, жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағындағы қызметтік тұрғынжайдан бас тартқан;
7) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында өзге тұрғынжай сатып алған жағдайларда тоқтатылады, бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлестің болуы не мұраға қалдырылған меншік құқығындағы тұрғынжайдың пайда болуы есепке алынбайды.»;
13) 101-9-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлік «шегеріле отырып,» деген сөздерден кейін «өзін қоса алғанда» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
2) тармақшадағы «немесе әкімшілік» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша «(сол тектестерді)» деген сөздерден кейін «медициналық емес мақсатта» деген сөздермен толықтырылсын;
14) 101-10-баптың 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жұбайы (зайыбы);
«2) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған баланы (балаларды) қоспағанда, баласы (балалары), оның ішінде ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласы (балалары);
3) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған мүгедек баланы (мүгедек балаларды) қоспағанда, жасына қарамастан, ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүгедек баласы (мүгедек балалары), оның ішінде бала кезінен мүгедек (мүгедектер) жатады.»;
15) 101-11-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктегі «Ішкі істер» деген сөздер «Егер осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде өзгеше көзделмесе, ішкі істер» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ішкі істер органдарының қызметкері не оның зайыбы (жұбайы) осы Заңның 101-1-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде, 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алған немесе осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаған немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырған жағдайларда, тұрғынжай құқығын іске асыру қызметтік тұрғынжай беру арқылы жүзеге асырылады, ал тұрғынжай алаңы осы Заңда белгіленген нормаға сай келетін қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда, оның жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдері аударылады, олар тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін ғана пайдаланылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жатақханадағы қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері осы тарауға сәйкес айқындалған тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер ішкі істер органдарының қызметкерлері не олардың зайыбы (жұбайы):
1) осы Заңның 101-1-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде және 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алса;
2) осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаса;
3) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса, төленбейді.»;
6-тармақтың төртінші бөлігінде:
2) тармақшадағы «немесе әкімшілік» деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша «(сол тектестерді)» деген сөздерден кейін «медициналық емес мақсатта» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтың екінші бөлігіндегі «(сол тектестерден) масаңдануы немесе өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру себебінен» деген сөздер «масаң күйді туғызатын заттарды (сол тектестерді) тұтынуы немесе өзіне қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 109-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Еңбек сiңiрген жылдары күнтiзбелік есептеумен он және одан көп жыл болған әскери қызметшілер немесе арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайларды (жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және өзге де жабық объектілерде орналасқан қызметтік тұрғынжайларды қоспағанда) қалдық құны бойынша жекешелендіруге құқылы.
Еңбек сiңiрген жылдары күнтiзбелік есептеумен жиырма және одан көп жыл болған әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайларды (жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және өзге де жабық объектілерде орналасқан қызметтік тұрғынжайларды қоспағанда) өтеусіз жекешелендіруге құқылы.
Әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған, осы тармақта аталған, қызметтік тұрғынжай берілген адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оны жекешелендіру құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді;»;
4-тармақтағы «2-тармағында» деген сөздер «2 немесе 2-1-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 110-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Қызметтік тұрғынжай осы Заңда көзделген шарттарда және тәртіппен басқа қызметтік тұрғынжайға айырбасталуы мүмкін.»;
18) 111-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған, тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайды жекешелендіру құқығы жоқ адамдар өздерімен тұрып жатқан барлық адамдармен қоса басқа тұрғынжай берілместен шығарылуға жатады.».
2. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша:
«арнаулы (әскери)», «Арнаулы (әскери)» деген сөздер тиісінше «әскери, арнаулы», «Әскери, арнаулы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Әскери-медициналық бөлімшелер», «әскери-медициналық бөлімшелерінде және мекемелерінде», «әскери-медициналық бөлімшелер», «әскери-медициналық бөлімшелерде», «әскери-медициналық бөлімшелердің» деген сөздер тиісінше «Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер», «әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінде», «әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер», «әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде», «әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 7-баптың 5-тармағы:
«құқық қорғау қызметін» деген сөздерден кейін «, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті» деген сөздермен толықтырылсын;
«құқық қорғау қызметінен» деген сөздерден кейін «не арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ретте көрсетілген кезең лауазымдық айлықақыны айқындау үшін өтілін және (немесе) еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеу кезінде есепке жатқызылмайды.»;
3) 9-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «Қызмет өткеру туралы келісімшарт», «Қызмет өткеру туралы келісiмшартты», «қызмет өткеру туралы басқа келiсiмшартты», «Қызмет өткеру туралы келісiмшартта», «Қызмет өткеру туралы келiсiмшарттың», «қызмет өткеру туралы келiсiмшарт» деген сөздер тиісінше «Келісімшарт», «Келісiмшартты», «басқа келiсiмшартты», «Келісiмшартта», «Келiсiмшарттың», «келiсiмшарт» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 10-бапта:
6, 7, 8, 11-тармақтардағы және 12-тармақтың екінші және бесінші бөліктеріндегі «қызмет өткеру туралы» деген сөздер алып тасталсын;
13-тармақтың бірінші бөлігіндегі «4), 5), 6), 7), 11), 12) жəне 13) тармақшаларында» деген сөздер «5), 6), 12-1) жəне 13) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 33-бапта:
2-тармақтың екінші бөлігіндегі «мекемелерде» деген сөз «бөлімшелерде, ал олар қызмет өткеру орны бойынша болмаған немесе оларда тиісті бөлімшелер болмаған жағдайда – медициналық ұйымдарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың 8) тармақшасы «қызметкер» деген сөзден кейін «, құқық қорғау органдарының қызметкері немесе әскери қызметші» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 49-бапта:
1-тармақта:
4), 7) және 11) тармақшалар алып тасталсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) арнайы тексеру нәтижелері бойынша қызметті одан әрі өткеру мүмкін болмауына байланысты;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Белгіленген мерзiмдердi өткерген қызметкерлерді қызметтен шығару төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгiзілген жағдайда, оның қолданылу кезеңіне тоқтатыла тұрады. Бұл ретте олармен жасалған келісімшарттар төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңі бойы қолданыста болады.»;
7) 51-бапта:
8 және 12-тармақтар алып тасталсын;
13-тармақтағы «жүргізуден бас тарту кезінде қызметтен шығару, егер қызметкер өзіне қатысты арнайы тексеру жүргізуден бас тартса немесе оны мемлекеттік құпияларға рұқсат беруді ресімдеуді қажет етпейтін лауазымға тағайындау мүмкін болмаған кезде арнайы тексеру нәтижелері бойынша қызметкерге» деген сөздер «нәтижелері бойынша одан әрі қызмет өткеру мүмкін болмауына байланысты қызметтен шығару қызметкерді мемлекеттік құпияларға рұқсат беруді ресімдеуді талап етпейтін лауазымға тағайындау мүмкін болмаған кезде арнайы тексеру нәтижелері бойынша оған» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Теріс себептер бойынша қызметтен шығару мынадай жағдайларда:
1) қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенде – арнаулы мемлекеттік органға келіп түскен соттың айыптау үкімі және оны орындау туралы өкім негізінде;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылғанда – келіп түскен сот үкімінің және оның заңды күшіне енуі туралы өкімнің немесе прокурор бекіткен қылмыстық қудалау органының қаулысы негізінде;
3) медициналық ұйымда жүргізілген медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған, қызметтік міндеттерін атқару кезінде психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну немесе масаң күйде болу фактісі анықталғанда, сондай-ақ одан өтуден бас тартқанда немесе жалтарғанда – жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша;
4) медициналық ұйымда жүргізілген медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған, қызметтен тыс уақытта есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну фактісі анықталғанда – жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша;
5) қызметкер келісімшарт талаптарын орындамағанда – жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша;
6) жасалған күніне қарамастан, осы Заңның 7-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтер ұсынылмағанда немесе бұрмаланғанда – жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнаулы атақтан айырылғанда – арнаулы мемлекеттік органға келіп түскен соттың айыптау үкімі және оны орындау туралы өкім негізінде;
8) қызметте қатарынан үш және одан көп сағат бойы дәлелді себептерсіз болмағанда – жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша;
9) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етуге немесе жоғалтуға, оларды жеткізгіштерді жоғалтуға алып келген, құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген талаптар бұзылғанда – жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша;
10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған жағдайларда;
11) арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке кір келтіретін теріс қылық жасалғанда – жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша жүргізіледі.
Қызметкерлердің мынадай әрекеттері, оның ішінде қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты емес, бірақ азаматтардың алдында арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтің беделін анық түсіретін әрекеттері, атап айтқанда:
қызмет бабын жеке пайдакүнемдік мақсатта пайдалану;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың лауазымдық міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрімен, оның ішінде коммерциялық делдалдықпен айналысу;
қызмет бабын пайдалана отырып жұмыстар орындау мен қызметтер көрсету және сол үшін сыйақы алу;
бюджет қаражатына немесе мемлекеттік мүлікке тікелей қызмет көрсететін қызметкердің кінәлі әрекеттер жасауы, егер бұл әрекеттер уәкілетті басшы тарапынан оған деген сенімді жоғалтуға негіз берсе;
қызметкердің арнаулы киім нысанында қоғамдық орынға адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын, алкогольдік немесе есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтынудан туындаған өзге де масаң күйде келуі;
ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатысу арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметке кір келтіретін теріс қылықтар болып табылады.»;
8) 72-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қызметкерлерге ақшалай ризық:
1) осы Заңның 33-бабы 4-тармағының 8) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда штаттық емес лауазымдарда қызмет өткеру кезеңдері үшін;
2) қамауда немесе күзетпен ұстауда болған кезеңдері үшін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда төленбейді.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қызметкер теріс себептер бойынша қызметтен шығарылған жағдайда, ол сауықтыруға арналған жәрдемақы сомасын қызмет өткермеген уақытына пропорционалды түрде өтеуге міндетті.»;
9) 73-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қызметкерлерге (жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағындағы қызметтік тұрғынжайда тұратын қызметкерлерден, сондай-ақ курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген мөлшерде, арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен төленеді.»;
5-тармақтың бірінші бөлігінің бесінші абзацындағы «4), 6), 7), 11) – 13)» деген цифрлар «6), 12-1) және 13)» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақта:
«елу» деген сөз «бір жүз» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Осы тармақта қызметкерлердің отбасы мүшелері деп:
1) жұбайы (зайыбы);
2) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған баланы (балаларды) қоспағанда, баласы (балалары), оның ішінде ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласы (балалары);