ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-бапта:
7-1) және 28) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1) жеке арнайы шот – тұрғын үй төлемдерін алушылар тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызу және белгіленген мақсаттарға төлемдерді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкте ашатын ағымдағы банктік шот;»;
«28) тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме, модульдік (мобильді) тұрғын үй).
Модульдік (мобильді) тұрғын үй деп арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің тұруына арналған және соған пайдаланылатын, жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және өзге де жабық объектілерде орналасқан объект түсініледі;»;
44-3) тармақша «мен әскери қызметшілер» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған), аталған қызметкерлер мен әскери қызметшілердің отбасы мүшелері» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 3-баптың 2-1-тармағының екінші сөйлемі алып тасталсын;
3) 13-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Арнаулы мемлекеттік органдар, ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелері қызметкерлерінің немесе әскери қызметшілердің, оның ішінде қызметтен шығарылғандардың отбасы мүшелерінің тобы осы Заңның 101-10-бабына сәйкес айқындалады.»;
4-тармақтағы «2-тармағында көзделген негіздер бойынша» деген сөздер «2 немесе 2-1-тармағында көзделген негіз бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың бірінші бөлігінде:
5) тармақша «әскери» деген сөздің алдынан «жабық және оқшауланған» деген сөздермен толықтырылсын;
8-1) тармақшадағы «берілген;» деген сөз «берілген тұрғынжайларды жекешелендіруге болмайды.» деген сөздермен ауыстырылып, 9) тармақша алып тасталсын;
8-тармақтың 7) және 7-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«7) мыналар:
еңбек сiңiрген жылдары күнтiзбелік есептеумен жиырма және одан көп жыл болған;
еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік есептеумен он және одан көп жыл болған және жасына қарамастан мүгедек баланы (мүгедек балаларды), оның ішінде бала кезінен мүгедекті (мүгедектерді) асырап-бағып отырған әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар.
Әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған, осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған, тұрғынжай берілген адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оны өтеусіз жекешелендіру құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді;
7-1) өз-өзіне қол жұмсау (өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу жағдайларын қоспағанда), қылмыстық құқық бұзушылық жасау, алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйді туғызатын заттарды (сол тектестерді) медициналық емес мақсатта тұтыну салдарынан қаза тапқанды (қайтыс болғанды) қоспағанда, еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің, арнаулы мемлекеттік орган, ішкі істер органы қызметкерінің отбасы мүшелері;»;
10-тармақтың 3) тармақшасындағы «иеліктен шығарса, олар мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіре алмайды.» деген сөздер «иеліктен шығарса;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) осы Заңның 101-1-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде, 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде, 101-9-бабы 2-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін, өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алса немесе осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша тұрғын үй төлемдерін пайдалана отырып, міндеттемелерін орындаса, олар мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіре алмайды.»;
4) 67-баптың 3-3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-3. Осы елді мекенде ұлттық қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдары мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорының жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайлары тұрғынжайға мұқтаж деп танылған және тиісінше ұлттық қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдарының кадрларында тұрған адамдарға қызмет өткеру (еңбек қатынастары) кезеңіне беріледі.»;
5) 74-баптың 1-тармағындағы «98-1-бабында» деген сөздер «98-1 және 98-2-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 96-баптың бірінші бөлігіндегі «, 101-1, 101-2» деген цифрлар алып тасталсын;
7) мынадай мазмұндағы 98-2-баппен толықтырылсын:
«98-2 бап. Коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайлардың құқықтық режимі
1. 1990 жылға дейінгі кезеңде пайдалануға берілген, меншік нысанын өзгерткен мемлекеттік кәсіпорынға тиесілі болған, мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғынжайында тұратын Қазақстан Республикасының азаматы өзі тұрып жатқан тұрғынжайды осы Заңда белгіленген тәртіпке сәйкес жекешелендіруге құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, коммуналдық меншікке берілген тұрғынжай онда тұратын жалдаушыға беріледі, ол оны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қалдық құны бойынша жекешелендіруге құқылы.
3. Жалдаушы қайтыс болған жағдайда, осы тұрғынжайды жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
4. Тұрғынжайды жалдаушының коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіруі кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісуімен және кәмелетке толмағандардың құқықтары ескеріле отырып жүргізіледі.
5. Тұрғынжайды жекешелендіру жалдаушы (оның мұрагері) мен жергілікті атқарушы орган арасында жасалатын тұрғынжайды жекешелендіру туралы шартпен ресімделеді.»;
8) 101-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Еңбек сiңiрген жылдары күнтiзбелік есептеумен он және одан көп жыл болған әскери қызметшілер немесе арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар қызметтік тұрғынжайларға теңестірілген, өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіруге құқылы.
Еңбек сiңiрген жылдары күнтiзбелік есептеумен жиырма және одан көп жыл болған әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, сондай-ақ әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар қызметтік тұрғынжайларға теңестірілген, өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды өтеусіз жекешелендіруге құқылы.
Әскери қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметтен шығарылған, осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде аталған, қызметтік тұрғынжайға теңестірілген тұрғынжай берілген адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, жекешелендіру құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.»;
9) 101-1-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде өзгеше көзделмесе, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің (әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоспағанда) және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелері қызметкерлерінің тұрғынжай құқығын іске асыруы осы тарауда белгіленген тәртіппен олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап қызметтік тұрғынжай беру немесе олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Осы баптың 7 және 8-тармақтарында көзделген жағдайларда тұрғынжай құқығын іске асыру қызметтік тұрғынжай беру және тиісті жеке арнайы шотқа тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.
Арнаулы мемлекеттік органдардың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері не олардың зайыбы (жұбайы) осы баптың 6-тармағының бірінші бөлігінде немесе осы Заңның 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алған немесе осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаған немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырған жағдайларда, тұрғынжай құқығын іске асыру қызметтік тұрғынжай беру арқылы жүзеге асырылады, ал тұрғынжай алаңы осы Заңда белгіленген нормаға сай келетін қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда, тиісті жеке арнайы шотқа тұрғын үй төлемдері аударылады, олар тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін ғана пайдаланылады.»;
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «бесінші» деген сөз «жетінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке арнайы шотты тұрғын үй төлемдерін алушы өз бетінше ашады және оған қызмет көрсетеді.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды осы Заңда белгіленген тәртіппен жекешелендіруге құқығы бар.
5. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша, штаттардың қысқартылуына байланысты, қызмет өткеру туралы келісімшарт мерзімінің аяқталуы бойынша, өздеріне қатысты келісімшарт талаптары елеулі және (немесе) жүйелі түрде (екі және одан көп рет) бұзылған жағдайда немесе отбасы жағдайы бойынша қызметтен шығарылған кезде мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжаймен қамтамасыз етілмеген кезеңдері үшін:
1) бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдері;
2) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бұрын берілген немесе әрбір қызмет өткеру орны бойынша меншік құқығындағы тұрғынжайда тұру кезеңдері шегеріле отырып, арнаулы мемлекеттік органдарға, Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қызметке кірген күннен бастап 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін, ал олар көрсетілген күннен кейін Қарулы Күштерден, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан ауыстырылған жағдайда 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрғын үй төлемдерін алады.
Бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлестің болуы есепке алынбайды.
Жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрған арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша, штаттардың қысқартылуына байланысты, қызмет өткеру туралы келісімшарт мерзімінің аяқталуы бойынша, өздеріне қатысты келісімшарт талаптары елеулі және (немесе) жүйелі түрде (екі және одан көп рет) бұзылған жағдайда немесе отбасы жағдайы бойынша қызметтен шығарылған кезде тұрғын үй төлемдері көрсетілген тұрғынжайда тұрған кезеңдері үшін осы тарауға сәйкес айқындалған тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады.
Осы тармақтың күші арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, егер олар не олардың зайыбы (жұбайы):
1) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса;
2) осы тармақтың бірінші және үшінші бөліктерінде, осы баптың 6-тармағының бірінші бөлігінде, осы Заңның 101-2-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алса;
3) осы Заңның 101-5-бабының 1), 3) 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемені орындаса;
4) осы Заңның 101-5-бабының 1), 3) 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемені орындамаған жағдайды қоспағанда, осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы болса, қолданылмайды.
Бұл ретте арнаулы мемлекеттік органның қызметкеріне осы тармақтың бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер оның тұрғынжай құқығы ол некеге тұрғанға дейін іске асырылса, оның зайыбы (жұбайы), сондай-ақ оның баласы (балалары) есепке алынбай жүзеге асырылады.»;
6-тармақта:
екінші бөлік «шегеріле отырып,» деген сөздерден кейін «қызметкердің өзін қоса алғанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер:
1) мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузиясы) немесе ауруы арнаулы мемлекеттік органның қызметкері құқыққа қайшы әрекеттер жасаған кезде немесе алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйді туғызатын заттарды (сол тектестерді) тұтыну немесе өзіне қандай да бір дене зақымын (дене мүшесіне зақым келтіру) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе;
2) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, қызметкер не оның зайыбы (жұбайы) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса;
3) осы Заңның 101-5-бабының 1), 3) 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін қызметкермен не оның зайыбымен (жұбайымен) жасалған шарт бойынша міндеттеме орындалса;
4) осы Заңның 101-5-бабының 1), 3) 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттеме орындалмаған жағдайларды қоспағанда, қызметкердің не оның зайыбының (жұбайының) осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы болса;
5) қызметкер не оның зайыбы (жұбайы) өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алса;
6) қызметкер не оның зайыбы (жұбайы) осы баптың 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, осы тармақтың бірінші бөлігінде немесе осы Заңның 101-2-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін алса, төленбейді.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте арнаулы мемлекеттік органның қызметкеріне осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер оның тұрғынжай құқығы ол некеге тұрғанға дейін іске асырылса, оның зайыбы (жұбайы), сондай-ақ оның баласы (балалары) есепке алынбай жүзеге асырылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағындағы немесе жатақханадағы қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз етілген арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері осы тарауға сәйкес айқындалған тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүргізіледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер арнаулы мемлекеттік органның қызметкері не оның зайыбы (жұбайы):
1) осы баптың 6-тармағының бірінші бөлігінде, осы Заңның 101-2-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алса;
2) осы Заңның 101-5-бабының 1), 3) 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаса;
3) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса, төленбейді.»;
10) 101-2-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде өзгеше көзделмесе, әскери қызметшілердің (мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттерін, әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді қоспағанда) тұрғынжай құқығын іске асыруы осы тарауда белгіленген тәртіппен олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап қызметтік тұрғынжай беру немесе олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы, жүзеге асырылады.»;
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Осы баптың 7 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларда тұрғынжай құқығын іске асыру қызметтік тұрғынжай беру және тиісті жеке арнайы шотқа тұрғын үй төлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.
Әскери қызметші не оның зайыбы (жұбайы) осы баптың 6-тармағының бірінші бөлігінде немесе осы Заңның 101-1-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алған немесе осы Заңның 101-5-бабының 1), 3), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген мақсаттарда, сондай-ақ кейіннен сатып алатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындаған немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырған жағдайларда, тұрғынжай құқығын іске асыру қызметтік тұрғынжай беру арқылы жүзеге асырылады, ал тұрғынжай алаңы осы Заңда белгіленген нормаға сай келетін қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда, тиісті жеке арнайы шотқа тұрғын үй төлемдері аударылады, олар тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу үшін ғана пайдаланылады.»;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жасырын құрамының әскери қызметшілеріне тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, ал Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери барлау органдарының әскери қызметшілеріне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітеді.»;
2-тармақта:
бірінші бөліктегі «төртінші» деген сөз «алтыншы» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке арнайы шотты тұрғын үй төлемдерін алушы өз бетінше ашады және оған қызмет көрсетеді.»;
4, 5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Әскери қызметшілердің мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды осы Заңда белгіленген тәртіппен жекешелендіруге құқығы бар.
Әскери қызметте 2013 жылғы 1 қаңтарға күнтізбелік есептеумен он және одан көп жыл болған, әскери қызмет мерзімі күнтізбелік есептеумен жиырма және одан көп жыл болған және жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда тұратын әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларына сәйкес тұрғын үй төлемдері түрінде өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.
Осы тармақта көзделген өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы, егер әскери қызметшінің не оның зайыбының (жұбайының):
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайы болса, төленбейді, бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлестің болуы есепке алынбайды;
2) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса;
3) осы Заңның 101-1-бабы 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде, осы баптың 5-тармағының бірінші және үшінші бөліктерінде, 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдерін немесе өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алса;
4) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында өзіне тиесілі тұрғынжайды соңғы бес жыл ішінде иеліктен шығаруды жүргізсе, төленбейді.
Бұл ретте әскери қызметшіге осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген тұрғын үй төлемдері, егер оның тұрғынжай құқығы ол некеге тұрғанға дейін іске асырылса, оның зайыбы (жұбайы), сондай-ақ оның баласы (балалары) есепке алынбай жүзеге асырылады.
Өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақының мөлшері бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдерінің сомасы шегеріле отырып, республика бойынша орташа алғанда жаңа тұрғынжай сатудың бір шаршы метрінің құнын әскери қызметшінің өзін қоса алғанда, отбасының әрбір мүшесіне он сегіз шаршы метр пайдалы алаңнан есептелетін тұрғынжай алаңына көбейту арқылы айқындалады.
Өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы төленген адамдар қызметтік тұрғынжайды ақшалай өтемақы төленген кезден бастап үш айдан кешіктірмей белгіленген тәртіппен тапсырады.
Егер ерлі-зайыптылардың екеуі де әскери қызметші болып табылса, өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы олардың таңдауы бойынша ерлі-зайыптылардың біреуіне төленеді.
Қызметтік тұрғынжай жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің тізбесін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мүдделі уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша бекітеді.
Осы тармақта көзделген жеңілдіктер бір рет қолданылады.
5. Әскери қызметшілер әскери қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша, штаттардың қысқартылуына байланысты, әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт мерзімінің аяқталуы бойынша, өздеріне қатысты келісімшарт талаптары елеулі және (немесе) жүйелі түрде (екі және одан көп рет) бұзылған жағдайда немесе отбасы жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған кезде мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжаймен қамтамасыз етілмеген кезеңдері үшін:
1) бұрын жүзеге асырылған тұрғын үй төлемдері;
2) бұрын Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген немесе әрбір қызмет өткеру орны бойынша меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрған кезеңдері шегеріле отырып, арнаулы мемлекеттік органдарға, Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға қызметке кірген күннен бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрғын үй төлемдерін алады.
Бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлестің болуы есепке алынбайды.
Жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрған әскери қызметшілерге әскери қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша, штаттардың қысқартылуына байланысты, әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт мерзімінің аяқталуы бойынша, өздеріне қатысты келісімшарт талаптары елеулі және (немесе) жүйелі түрде (екі және одан көп рет) бұзылған жағдайда немесе отбасы жағдайы бойынша әскери қызметтен шығарылған кезде тұрғын үй төлемдері көрсетілген тұрғынжайда тұрған кезеңдері үшін осы тарауға сәйкес айқындалған тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады.