3) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған мүгедек баланы (мүгедек балаларды) қоспағанда, жасына қарамастан, ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүгедек баласы (мүгедек балалары), оның ішінде бала кезінен мүгедек (мүгедектер) түсініледі.
Бұл ретте, егер ерлі-зайыптылардың екеуі де қызметкерлер немесе олардың біреуі әскери қызметші болып табылса, онда әрбір отбасы мүшесіне бір айлық ақшалай қаражатының жартысы мөлшеріндегі отбасы мүшелеріне көтерме жәрдемақы арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындайтын тәртіппен олардың біреуіне ғана төленеді.»;
7-тармақта:
«4), 6), 7), 11) – 13)» деген цифрлар «6), 12-1) және 13)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«тәртіппен» деген сөзден кейін «автомобиль жолының әр жиырма километріне бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 75-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі «(бұдан әрі – әскери-медициналық бөлімшелер)» деген сөздер алып тасталсын;
11) 76-баптың 6-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «қызметкер және сержант құрамындағы лауазымды иеленетін қызметкерлерге арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткергені туралы келісімшарттың» деген сөздер «және сержанттық құрам лауазымын атқаратын қызметкерлерге арнаулы мемлекеттік органдарда келісімшарт» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 77-бапта:
4-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «4), 6), 7), 11), 12), 12-1) және 13)» деген сөздер «6), 12-1) және 13)» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың 5) тармақшасындағы «қызмет өткеру туралы келісімшарттың» деген сөздер «келісімшарт» деген сөзбен ауыстырылсын;
13) 78-бапта:
4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелеріне (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) қызметкер орын ауыстырған кезде, сондай-ақ қызметтен шығарылған кезінде, осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 6), 7), 11) – 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа,» деген сөздер «(курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелеріне, осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 6), 12-1) және 13) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкер орын ауыстырған кезде, сондай-ақ қызметкер қызметтен шығарылған кезде» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) қызметкердің отбасы мүшелерінің қаза тапқан (қайтыс болған) адамның еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайды өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар.»;
14) 79-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігіндегі «4), 6), 7), 10) – 13)» деген цифрлар «6), 10, 12-1) және 13)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «мемлекеттік наградалармен – ордендермен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының немесе бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік наградаларымен – ордендерімен» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 80-баптың 5-тармағының 5) тармақшасындағы «қызмет өткеру туралы келісімшарт талабын бұзған іс-әрекеті» деген сөздер «келісімшарт талаптарын бұзған әрекеттері» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 84-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметтік тұрғынжайлары болады, оларды қалыптастыру және беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.».
3. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мәтін бойынша «жоғары оқу орны», «жоғары оқу орындарында», «жоғары оқу орнын», «жоғары оқу орындарының» деген сөздер тиісінше «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
1) тармақшадағы «офицерлер жəне сержанттар (старшиналар) құрамдарының» деген сөздер «офицерлік және сержанттық құрамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) азаматтық персонал адамдары (жұмыскерлер) – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда (бұдан әрі – Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар) мемлекеттік қызметтегі немесе еңбек қатынастарында тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары;»;
2), 3), 9), 19), 21), 23), 31), 44), 45) және 47) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ауыспалы құрам – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың штат санына кірмейтін әскери, арнаулы оқу орындарында білім алып жатқан Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери қызметшілерінің санаты;
3) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер – осы Заңда көзделген мерзімге Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға әскери қызметке шақырылған Қазақстан Республикасының азаматтары;»;
«9) әскери бөлімнің (мекеменің) штаты – құрамды, ұйымдық-штаттық құрылымды, жеке құрамның санын және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қару-жарақ пен әскери техникасы кадастрына сәйкес бекітіп берілген негізгі қару-жарақ пен әскери техниканың санын айқындайтын құжат;»;
«19) əскери қызметтен шығару – əскери қызметшіні осы Заңда көзделген негіздер бойынша запасқа қойып немесе отставкаға шығара отырып, əскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен алып тастау;»;
«21) әскери лауазым – әскери қызмет функцияларын орындау үшін лауазымдық өкілеттіктер, лауазымдық және арнайы міндеттер жүктелген Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың штаттық бірлігі;»;
«23) әскери міндеттілер запасы (бұдан әрі – запас) – аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті әскери басқару органдарында әскери есепте тұратын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды толық жасақтау, жұмылдыра өрістету және шығынының орнын толтыру мақсатында пайдаланылатын, осы Заңда белгіленген жастағы әскери міндеттілер;»;
«31) жеке құрам – әскери қызметшілер және азаматтық персонал адамдары (жұмыскерлер);»;
«44) сарбаздар (матростар) – қатардағы құрамның тиісті əскери атақтары берілген əскери қызметшілер;
45) сержанттар (старшиналар) – сержанттық құрамның тиісті əскери атақтары берілген əскери қызметшілер;»;
«47) теңізге шығу – міндеттерді орындау үшін корабльдер, катерлер мен кемелер экипаждарының, əскери қызметшілердің теңізге шығуы;»;
3) 6-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
7) тармақшадағы «тұрғын үймен» деген сөздер «тұрғынжаймен» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) тармақшадағы «қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.» деген сөздер «арнаулы құралдарды, қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«9) өздерінің құқықтарын, лауазымдық және арнайы міндеттерін айқындайтын құжаттармен танысуға;
10) жеке ісіне енгізілгенге дейін өздерінің қызметтік жұмысы туралы пікірлермен және басқа да құжаттармен, жеке іс материалдарымен (мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын арнайы тексеру материалдарын қоспағанда) танысуға, сондай-ақ жеке іске өздерінің жазбаша түсініктемелерін, басқа да құжаттар мен материалдарды қосуға;
11) өзінің және өз отбасы мүшелерінің дербес деректерінің қорғалуына;
12) медициналық қамтамасыз етілуге және санаториялық-курорттық емделуге;
13) зейнетақымен қамсыздандырылуға және әлеуметтік қорғалуға;
14) әскери қызмет ерекшеліктері ескеріле отырып, тиісінше ұйымдастырушылық-техникалық және санитариялық жағдайларына;
15) демалысқа;
16) педагогтік, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметті жүзеге асыруға құқығы бар.»;
4) 7-бапта:
1-тармақтың 9) тармақшасындағы «қамтамасыз етуге міндетті.» деген сөздер «қамтамасыз етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10), 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қызметтік әдеп нормаларын сақтауға;
11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдауға;
12) әскери мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуге;
13) әскери қызметшінің жеке мүдделері өзінің лауазымдық өкілеттігімен ұштасатын немесе оларға қайшы келетін жағдайларда жазбаша нысанда баянат беруге және командирге (бастыққа) дереу хабарлауға;
14) әскери қызмет мүдделерiне зиян келтiретiн жария сөйлеуге жол бермеуге;
15) командирге (бастыққа):
шет мемлекеттің азаматтығын қабылдау ниеті;
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бергені;
егер өзіне белгілі болса, зайыбының (жұбайының) немесе өзінің жақын туыстарының шет мемлекеттің азаматтығын қабылдау ниеті жəне (немесе) олардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініш бергені туралы жазбаша нысанда дереу хабарлауға;
16) теріс себептер, аттестаттаудың қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сай келмеуі бойынша, Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуына байланысты әскери қызметтен шығарылған кезде уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен мемлекетке:
өзін әскери, арнаулы оқу орнында, оның ішінде шет мемлекетте оқытуға, біліктілігін арттыруға, курстық даярлауға, әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша қайта даярлауға жұмсалған ақшаны;
Қазақстан Республикасы мен оқытатын ел арасында жасалған шарт сомасына барабар ақшаны өтеуге міндетті.»;
2-тармақ «адамдарының» деген сөзден кейін «лауазымдық және арнайы» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 9-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
6) 13-баптың тақырыбындағы «жоғары білім беру ұйымдарында» деген сөздер «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 15-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Азаматтар, мыналарды:
1) әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдерді;
2) әскери қызметтен отставкаға шығарылған немесе запаста болудың шекті жасына толуына байланысты әскери есептен алып тасталған не әскери есептен алып тасталып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдарды;
3) бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жүрген адамдарды;
4) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды;
5) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлерін, сондай-ақ əскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоспағанда, әскери есепке алынуға жатады.
2. Әскери есепке алуды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды олардың тұрғылықты жері немесе уақытша болатын (тұратын) орны бойынша жергілікті әскери басқару органдары жүзеге асырады, ал олар жоқ елді мекендерде әскери есепке алуды кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері қамтамасыз етеді.»;
8) 18-баптың 1-тармағында:
екінші бөліктің 1) тармақшасындағы «сарбаздар (матростар) құрамының» деген сөздер «қатардағы және сержанттық құрамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктің 1) тармақшасындағы «сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) және офицерлер құрамының» деген сөздер «қатардағы, сержанттық және офицерлік құрамдардың әскери» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 19-бапта:
1-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қатардағы;
2) сержанттық;
3) офицерлік құрамға бөлінеді.»;
2-тармақта:
1) тармақшаның бірінші абзацындағы «сарбаздар (матростар) құрамы» деген сөздер «қатардағы құрам» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшаның бірінші абзацындағы «сержанттар (старшиналар) құрамы» деген сөздер «сержанттық құрам» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 20-бапта:
төртінші бөлікте:
1) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) сержанттық құрамға:»;
2) тармақшаның екінші абзацы «жыл» деген сөзден кейін «, ал бес жыл әскери, арнаулы оқу орнындағы оқу мерзімі барларға – бір жыл» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөліктегі «Сарбаздар (матростар) құрамына» деген сөздер «Қатардағы» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 21-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тізбесін уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы бекіткен лауазымдарға тағайындалатын әскери қызметшілерге және азаматтық персонал адамдарына (жұмыскерлерге) қатысты уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен психофизиологиялық және полиграфологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізіледі.»;
5-тармақтың 6) тармақшасындағы «жұбайымен (əскери қызметші зайыбымен)» деген сөздер «немесе Қазақстан Республикасы құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкері жұбайымен (зайыбымен)» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «мекемелерде» деген сөз «бөлімшелерде, ал олар әскери қызмет өткеру орны бойынша болмаған немесе оларда тиісті бөлімшелер болмаған жағдайда – медициналық ұйымдарда» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 22-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
«Әскери» деген сөз «Қарулы Күштер мен әскери» деген сөздермен ауыстырылсын;
«уәкілетті» деген сөзден кейін «мемлекеттік» деген сөзбен толықтырылсын;
13) 23-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Заңның 26-бабы 1-тармағының 9) және 11) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әскери қызметтен шығарылған адамдарды қоспағанда, Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда күнтізбелік есептеумен жиырма бес және одан көп жыл қызмет өткерген әскери қызметшілерге запасқа немесе отставкаға шығарылған кезде әскери киім нысанын киіп жүруге рұқсат етіледі.»;
14) 24-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер әскери қызметші әскери қызметтен, қызметкер Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарынан, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтегі қызметінен шығарылған күннен бастап және оны әскери қызметке қабылдаған күнге дейін үш айдан аспаса, оның көрсетілген кезеңде өзге де жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастары болмаған жағдайда әскери қызметі үзіліссіз деп есептеледі. Бұл ретте көрсетілген кезең лауазымдық айлықақыны айқындау үшін өтілін және (немесе) еңбек сіңірген жылдарына зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеу кезінде есепке жатқызылмайды.»;
15) 25-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «сарбаздар мен кіші сержанттар құрамының» деген сөздер «қатардағы және кіші сержанттық құрамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Әскери қызметте болудың шекті жасына толған әскери қызметшілер Әскери қызмет өткеру қағидаларында белгіленген тәртіппен әскери қызметтен запасқа немесе отставкаға шығарылуға жатады.
Жоғары кәсіптік даярлығы, атқаратын лауазымында жұмыс тәжірибесі бар және әскери қызмет өткеру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамды, әскери қызметте болудың шекті жасына толған әскери қызметшіге өзінің баянаты бойынша уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы онымен әскери қызмет өткеру туралы жаңа келісімшарт жасасу арқылы әскери қызмет мерзімін бес жылға дейінгі мерзімге ұзартуы мүмкін.
Әскери қызмет мерзімін ұзарту туралы шешім әскери қызметшіні осы Заңда көзделген негіздер бойынша Қарулы Күштерден, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан шығару мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындаған және әскери қызметте болудың шекті жасына толған әскери қызметшіге әскери қызмет өткеру үшін денсаулық жағдайы бойынша жарамды болған жағдайда, өзі берген баянат негізінде Қазақстан Республикасының Президенті әскери қызмет мерзімін бес жылға дейін ұзартуы мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында әскери қызметшілердің әскери қызметтегі шекті жасы запаста болудың шекті жасына сәйкес ұлғайтылады. Бұл ретте олармен жасалған әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттар жұмылдыру, соғыс жағдайы мерзімі және соғыс уақыты аяқталғанға дейін қолданылады.»;
16) 26-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«26-бап. Әскери қызметтен шығару
1. Әскери қызметшіні әскери қызметтен шығару мынадай негіздер бойынша:
1) әскери қызметте болудың шекті жасына толуы бойынша;
2) әскерге шақыру бойынша әскери қызмет мерзімінің өтуі бойынша;
3) әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт мерзімінің өтуі бойынша;
4) әскери-дәрігерлік комиссияның әскери қызметке жарамсыз немесе шектеулі жарамды деп тану туралы қорытындысына байланысты денсаулық жағдайы бойынша;
5) әскери бөлім (мекеме) штаттарының қысқартылуына байланысты әскери қызметшіні басқа тең әскери лауазымдарға тағайындау мүмкін болмаған және ол төмен әскери лауазымға тағайындалудан бас тартқан кезде;
6) Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарына ауыстыруды қоспағанда, мемлекеттік қызметке немесе мемлекеттік мекемелерге ауысуына байланысты;
7) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылуына байланысты;
8) уәкілетті мемлекеттік органның арнайы тексеру нәтижелері бойынша одан әрі әскери қызмет өткеру мүмкін болмауына байланысты;
9) аттестаттау қорытындысы бойынша анықталған қызметіне сай келмеуі бойынша;
10) техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары әскери оқу орындарының түлектерін, сондай-ақ әскери интерндерді, магистранттарды, докторанттарды және адъюнкттерді шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, әскери, арнаулы оқу орнынан шығарып жіберуге байланысты;
11) теріс себептер бойынша;
12) белгіленген мерзімді өткерген адамдар үшін төтенше жағдай күшінің жойылуына байланысты жүргізіледі.
2. Әскери қызметшіні теріс себептер бойынша әскери қызметтен шығару:
1) қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
3) медициналық ұйымда жүргізілген медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған, әскери қызметтік міндеттерін атқару кезінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну немесе масаң күйде болу фактісі анықталған, сондай-ақ одан өтуден бас тартқан немесе жалтарған;
4) медициналық ұйымда жүргізілген медициналық куәландыру нәтижелерімен расталған қызметтен тыс уақытта есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтыну фактісі анықталған;
5) әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт талаптары жүйелі түрде (екі және одан көп рет) бұзылған;
6) жасалған күніне қарамастан, осы Заңның 38-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтер ұсынылмаған немесе бұрмаланған;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әскери атағынан айырылған;
8) Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органының немесе ішкі істер органының әскери қызметшісі қатарынан үш және одан көп сағат бойы дәлелді себепсіз қызметте болмаған;
9) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жария етуге немесе жоғалтуға, оларды жеткізгіштерді жоғалтуға алып келген, құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген талаптар бұзылған;
10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған;
11) әскери қызметке кір келтіретін теріс қылық жасалған жағдайларда жүргізіледі.
Әскери қызметшінің мынадай әрекеттері, оның ішінде әскери қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты емес, бірақ азаматтардың көз алдында әскери қызметтің беделін анық түсіретін әрекеттері, атап айтқанда:
қызмет бабын жеке пайдакүнемдік мақсатта пайдалану;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың лауазымдық және арнайы міндеттері болып табылатын жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрімен, оның ішінде коммерциялық делдалдықпен айналысу;
қызмет бабын пайдалана отырып жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсету және сол үшін сыйақы алу;
бюджет қаражатына немесе мемлекеттік мүлікке тікелей қызмет көрсететін әскери қызметшінің кінәлі әрекеттер жасауы, егер бұл әрекеттер уәкілетті лауазымды адам тарапынан оған деген сенімді жоғалтуға негіз берсе;
әскери қызметшінің әскери киім нысанында қоғамдық орынға адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын, алкогольдік немесе есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді медициналық емес мақсатта тұтынудан туындаған өзге де масаң күйде келуі;
ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатысуы әскери қызметке кір келтіретін теріс қылықтар болып табылады.
3. Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшінің:
1) өзіне қатысты әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт талаптары елеулі және (немесе) жүйелі түрде (екі және одан көп рет) бұзылған жағдайда;
2) отбасы жағдайлары бойынша:
өзі әскери қызмет өткеретін жергілікті жерде оның отбасы мүшесінің медициналық көрсетілімдер бойынша тұруы мүмкін болмаған және оны жаңа әскери қызмет орнына ауыстыру мүмкіндігі болмаған кезде;
отбасының басқа елді мекенге көшу қажеттілігіне байланысты әскери қызметші – жұбайының (әскери қызметші – зайыбының) әскери қызмет орнын өзгерткен;
тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша тұрақты күтімге мұқтаж не бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер болып табылатын жұбайына (зайыбына), жақын туыстарына немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа толған немесе он сегіз жасқа толмаған адамдарға, заң бойынша аталған азаматтарды күтіп-бағуға міндетті басқа адамдар болмаған кезде, тұрақты күтім жасау қажет болған;
әскери қызметші анасыз (әкесіз) тәрбиелеп отырған он сегіз жасқа толмаған балаға (балаларға) күтім жасау қажет болған кезде;
3) Қазақстан Республикасының өкілді органдарына сайланған немесе тағайындалған жағдайда;
4) судья лауазымына сайланған немесе тағайындалған жағдайда, әскери қызметтен мерзімінен бұрын шығарылуға құқығы бар.
4. Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші осы баптың 1-тармағының 2), 4) және 7) тармақшаларында, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында, 3-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әскери қызметтен шығарылады.
5. Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшінің:
1) осы Заңның 35-бабының 9-тармағына сәйкес әскерге шақыруды кейінге қалдырудан бас тарту туралы өтініш берген адамдарды қоспағанда, отбасы жағдайының өзгеруі салдарынан әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе әскерге шақырудан босату құқығы туындаған;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шетелге шығуға құқық берілетінін растайтын құжаттары болған кезде отбасы құрамында шетелде тұрақты тұрғылықты тұруға немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын отбасымен қосылу үшін кеткен жағдайларда мерзімінен бұрын қызметтен шығарылуға құқығы бар.
6. Офицерлік құрамның әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшісінің осы Заңның 35-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген мән-жайлар болған кезде әскери қызметтен мерзiмiнен бұрын шығарылуға құқығы бар.
7. Қайтыс болған (қаза тапқан) әскери қызметшi – қайтыс болған (қаза тапқан) күні құжатпен расталған күннен кейiнгі келесі күннен бастап, ал сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған әскери қызметші сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап әскери бөлімнің (мекеменің) тiзiмдерінен шығарылады.
8. Белгіленген мерзiмдердi өткерген әскери қызметшіні әскери қызметтен шығару төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгiзілген жағдайда, оның қолданылу кезеңіне тоқтатыла тұрады.
Бұл ретте онымен жасалған әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңі бойы қолданыста болады.