11-2) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес облыстық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық берудің мүмкін емес екені туралы уәжді бас тарту түріндегі қорытындыны беру;»;
7) 26-бапта:
6-тармақтың 7) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихатқа бекітуге ұсыну;»;
мынадай мазмұндағы 16-1) және 16-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-1) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес аудандық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық берудің мүмкін екенін (мүмкін емес екенін) айқындау;
16-2) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес аудандық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық берудің мүмкін емес екені туралы уәжді бас тарту түріндегі қорытындыны беру;»;
8) 37-бапта:
2-тармақ 6) тармақшадағы «қорғау кезінде пайдаланылуға тиіс.» деген сөздер «қорғау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«7) табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғаларға міндетті қызметтерді көрсетуі;
8) өңір аумағында объектілердің орналастырылуын мониторингтеу мен есепке алу құралы ретінде қала құрылысын жоспарлау кезінде пайдаланылуға тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдаланады.
Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтымайтын мәліметтері мүдделі жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде беріледі. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсынатын мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға міндетті көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне мемлекеттік қала құрылысы кадастрының мәліметтерін беру осы мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты есебінен ақысыз негізде жүзеге асырылады.»;
9) 38-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпаратын және (немесе) мәліметтерін жинау, өңдеу, сақтау және беру үшін Жерді қашықтан зондтау, жерүсті түсірілімдері мен байқаулар әдістері, қор деректері, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасау кезінде алынған ақпарат қолданылады.
Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне ақпарат және (немесе) мәліметтер берудің форматы және олардың деректерінің құрылымы сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу жөніндегі мемлекеттік нормативтік құжатта белгіленеді.»;
10) 40-баптың 2-тармағында:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жер, су кадастрларының және басқа да салалық кадастрлардың, тіркелімдердің және өзге де ақпараттандыру объектілерінің деректері;»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) жеке және заңды тұлғаларға міндетті көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерінің, квазимемлекеттік ұйымдардың деректері бастапқы ақпарат (мәлімет) көздері болып табылады.»;
6-тармақтың 11) тармақшасы 2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11) 47-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Бас жоспарларды әзірлеуге қажетті бастапқы материалдардың құрамы мен көлемі мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленеді.
Бас жоспарлардың бастапқы материалдары барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес кешенді қала құрылысы сараптамасы жүргізілгенге дейін мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгізілуге тиіс.»;
6-тармақтың 12) тармақшасы 2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12) 47-1-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеуге қажетті бастапқы материалдардың құрамы мен көлемі мемлекеттік нормативтік құжаттарда белгіленеді.
Егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының бастапқы материалдары барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес кешенді қала құрылысы сараптамасы жүргізілгенге дейін мемлекеттік қала құрылысы кадастрына енгізілуге тиіс.»;
13) 61-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қала құрылысы жобалары мемлекеттік қала құрылысы кадастрының құрамдас бөлігі болып табылады және қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорында тіркеу қағидаларына сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне міндетті түрде енгізілуге жатады. Қала құрылысы жобаларын әзірлеу, іске асыру, жаңартып отыру туралы мәліметтер мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне міндетті түрде енгізіледі.»;
6-тармақтың 13) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қала құрылысы жобалары бойынша кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу барысында орындалатын жұмыстардың құны сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен қағидаларға сәйкес айқындалады.»;
6-тармақтың 14) тармақшасы 2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
14) 64-1-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Аумақтарда қала құрылысын жоспарлау саласындағы жобаларға кешенді қала құрылысы сараптамасын мемлекеттік сараптама ұйымы барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізеді.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобалары;»;
2-1-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:
«14. Тапсырыс берушілер кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу үшін барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес құжаттардың толық жиынтығын ұсынуға міндетті. Сараптама жүргізу үшін ұсынылған құжаттардың анықтығы үшін тапсырыс беруші жауапты болады.
Мыналар кешенді қала құрылысы сараптамасына тапсырыс берушілер болып табылады:
жалпымемлекеттік маңызы бар жобалар бойынша - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган;
өңірлік маңызы бар жобалар және елді мекендерді дамыту мен оларда құрылыс салу жобалары бойынша жергілікті атқарушы органдар.
Қала құрылысы жобаларына тапсырыс беруші осы жоба бойынша сараптама жұмыстарына тапсырыс беруші де болып табылады.»;
15) 64-3-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аккредиттелген сараптама ұйымдары немесе тиісті аттестаты бар сарапшылар жүзеге асыратын, құрылысқа арналған жобаларға сараптама (құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама);»;
6-тармақтың 15) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) кешенді қала құрылысы сараптамасы - мемлекеттік монополияға жатқызылған, барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына сараптама;»;
6-тармақтың 16) тармақшасы 2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
16) 64-4-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік монополияға:
1) барлық деңгейлердегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы;
2) мыналар:
қаржыландыру көздеріне қарамастан, ықтимал қауіпті құрылыс объектілеріне жататын жаңа өндірістік ғимараттар мен құрылысжайларды, сондай-ақ техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі жаңа объектілерді, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларын салу;
бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен қаржыландырылатын, мыналарға:
ықтимал қауіпті;
техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық жағынан қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу;
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын, жауапкершіліктің бірінші деңгейіне жатқызылған қолданыстағы объектілерді реконструкциялау, кеңейту, жаңғырту, техникалық жағынан қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган әзірлеген үлгілік жобалар үшін құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) ведомстводан тыс кешенді сараптама жатады.»;
2-тармақтағы «кешенді ведомстводан тыс сараптаманы», «ведомстводан тыс кешенді сараптаманың», «кешенді ведомстводан тыс сараптама» деген сөздер тиісінше «қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы мен ведомстводан тыс кешенді сараптаманы», «қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы мен ведомстводан тыс кешенді сараптаманың», «қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасы мен ведомстводан тыс кешенді сараптама» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың 17) тармақшасы 2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
17) 64-6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құрылыс объектілерін жобалау және қала құрылысы жобалары саласында сараптама қызметімен айналысу құқығына аттестат алу үшін жеке тұлғаның тиісті мамандық бойынша жоғары білімі, объектілер құрылысына, қала құрылысы жобаларына арналған техникалық-экономикалық негіздемелердің немесе жобалау-сметалық құжаттаманың тиісті бөлімі (бөлігі) бойынша жобалау саласында кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуға және аттестаттаудан өтуге тиіс. Аттестаттау рәсімі ағылшын тілінде өткізілуі мүмкін.»;
6-тармақтың 18) тармақшасы 2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
18) 64-8-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) кәсіптік мамандануына сәйкес қала құрылысы жобасының жекелеген бөлімдері (бөліктері) бойынша сараптаманы жүзеге асыруға, олар бойынша сарап тама қорытындысының тиісті бөліктерін жасауға, тапсырыс беруші кері қайтарып алынатын сараптама қорытындысының тұжырымдарында айтылған шарттарды (талаптарды) орындамаған жағдайда сараптама ұйымының бұрын берілген қорытындыны кері қайтарып алуына бастама жасауға;»;
19) мынадай мазмұндағы 68-1-баппен толықтырылсын:
«68-1-бап. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы ақпараттық жүйелер
1. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында барлық кезеңдерде, оның ішінде елді мекендердің аумақтарын жоспарлау, құрылыс объектілерін жобалау, сараптау, салу және пайдалану кезеңдерінде әртүрлі процестерді автоматтандыру және рәсімдерді оңайлату үшін ақпараттық жүйелер қолданылуы мүмкін.
2. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы ақпараттық жүйелер меншік нысаны бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес болып табылады.
3. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйелерді қолдануды сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
4. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы субъектілер қызметін жүзеге асыру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйелерді қолдануға міндетті.
Өзге жағдайларда субъектілер қызметінің нәтижесі жарамсыз деп танылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті шаралар қолданылуға жатады.»;
20) 74-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылысжайлардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімі қоса берілген меншік иесінің салынған объектіні өз бетінше пайдалануға қабылдау актісі сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесінде міндетті түрде есепке алуына жатады.
Меншік иесі объектілерді өз бетінше тапсырған кезде осы Заңның 60-бабы 2-тармағының 4), 11), 13), 16), 17) және 19) тармақшаларында көрсетілген объектілер үшін атқарушылық геодезиялық түсірілім талап етілмейді.»;
21) 75-1-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өтініш берушіден объектінің техникалық сипаттамалары және инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылысжайлардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімі, сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар қоса берілген объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін алған кезден бастап бір күн ішінде бір мезгілде:
1) объектінің орналасқан жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесіне - объектінің техникалық сипаттамалары және инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылысжайлардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімі қоса берілген объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін;
2) объектінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау органдарына объектінің техникалық сипаттамалары, сәйкестік туралы декларация және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар қоса берілген объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін жібереді.
2. Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалған рәсімдерді сақтауын салыстырып тексереді және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесі арқылы пайдалануға қабылдау актісін есепке алуды жүргізеді.
Салыстырып тексеру қорытындылары бойынша құрылыс объектісінің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының талаптарына сәйкес еместігі анықталған жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде бұл туралы мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау органдарына және тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.
Сәйкессіздік болмаған жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде тіркеуші органға жазбаша хабарлайды.».
7. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
9-баптың 19-7) тармақшасындағы «кондоминиум объектісіне техникалық паспорттарды және көппәтерлі тұрғын үй орналасқан жер учаскесіне, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері жиналысының шешімі негізінде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда, үй жанындағы жер учаскесіне құжаттарды» деген сөздер «көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналысының шешімі негізінде көппәтерлі тұрғын үйге және үй жанындағы жер учаскесіне жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 7-1) және 11-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі - жүргізілу тәртібі осы Заңда және Қазақстан Республикасының Жер кодексінде айқындалатын жер кадастрларының және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын ақпараттық жүйе;»;
«11-1) жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты - жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау жөніндегі уәкілетті орган және жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысанға сәйкес жылжымайтын мүліктің бастапқы немесе кейінгі объектісінің техникалық, сәйкестендіру сипаттамаларын, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда орналасқан жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын сәйкестендіру құжаты;»;
25) тармақша алып тасталсын;
2) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау
1. Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеудің қажетті шарттары болып табылады.
2. Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүзеге асырылмайды және жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты ресімделмейді.
Тіркеуші орган жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін тиісті жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінде есепке алынуға жататын, объектіні пайдалануға қабылдау актісінің негізінде құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізеді.
Құқық белгілейтін құжатта қамтылған сәйкестендіру мәліметтері мен техникалық мәліметтердің жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің нақты деректерінен алшақтығын анықтау мақсатында құқық иеленуші тіркеуші органға мұндай алшақтықтарды анықтау үшін өтініш беруге құқылы, оның нәтижесі бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қорытынды ресімделеді.
Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке кадастрлық нөмір беру жылжымайтын мүлікті реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау нәтижесінде олардың техникалық және (немесе) сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген кезде, мұндай сипаттамалардың өзгеруі жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізбестен жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортында көрсетіле алатын жағдайларды қоспағанда, оның ішінде кадастрлық нөмір, мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды (бар болған кезде) өзгерген кезде жүргізіледі.
Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспорты ресімделеді, онда анықталған өзгерістер көрсетіледі.
3. Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізу, жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды жүргізу тәртібі мен мерзімдерін, бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмір беру тәртібін, сондай-ақ құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізілуге міндетті мәліметтердің нысандарын, жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының нысанын уәкілетті орган айқындайды.»;
3) 18-1-бап мынадай мазмұндағы 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-2) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының нысанын әзірлейді және бекітеді;
4-3) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
4) 39-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «автоматтандырылған» деген сөз алып тасталсын;
5) 58-баптың 2-тармағындағы «жылжымайтын мүлік объектісіне жаңа техникалық паспорт» деген сөздер «жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
134-баптың 2-тармағы 28) тармақшасындағы «қорғау саласында жүзеге асырады.» деген сөздер «қорғау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 29), 30) және 31) тармақшалармен толықтырылсын:
«29) құрылыс жобаларына (техникалық-экономикалық негіздемелерге, жобалау-сметалық құжаттамаға) кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу;
30) барлық деңгейдегі қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу;
31) құрылыс жобаларының мемлекеттік банкін қалыптастыру мен жүргізу, сондай-ақ құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінен техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын ұсыну саласында жүзеге асырады.».
10. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
11-баптың 4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Энергия тиімділігінің талап етілетін сыныбы құрылыс (реконструкциялау, күрделі жөндеу) жобасын әзірлеуге арналған тапсырмада көрсетіледі және құрылысы (реконструкциялауы, күрделі жөндеуі) аяқталған объект пайдалануға берілгеннен кейін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу кезінде жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортында көрсетіледі.
5. Қазіргі бар ғимараттардың, құрылыстардың, құрылыс жайлардың энергия тиімділігі сыныбы және оны қайта қарау уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, энергия аудитін жүргізу қорытындылары бойынша белгіленеді және жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортында көрсетіледі.
Энергия аудитінің қорытындысы жылжымайтын мүлік объектісінің (ғимараттардың, құрылыстардың, құрылысжайлардың) кадастрлық паспортына қоса беріледі.».
11. «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
7-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті органмен және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жария кадастрлық картаны жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;».
12. «Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 15-баптың 7-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) ақпараттандыру объектілерінен алынған табиғи монополия субъектісінің қуатын нақты пайдалану туралы деректер;»;
2) 24-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Сәулет және қала құрылысы органдарының өтініші бойынша табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беруді табиғи монополия субъектісі:
1) техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін - екі жұмыс күні ішінде;
2) техникалық жағынан күрделі объектілер үшін - бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Табиғи монополия субъектісінің желілеріне қосылуға немесе реттеліп көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайтуға арналған техникалық шарттар жобалаудың, құрылыстың нормативтік кезеңіне беріледі және оларды сәулет және қала құрылысы органдары мемлекеттік қала құрылысы кадастрына ұсынады.»;
3) 25-бап мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:
«6-2. Табиғи монополиялар субъектілері сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен нысандарға сәйкес мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде: