Жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсат бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындайды, жер учаскесін пайдалану схемасын жасайды және бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға келісуге жібереді.
Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар үш жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсат бойынша пайдаланудың мүмкін екендігі (мүмкін емес екендігі) туралы тиісті қорытындылар ұсынады.
Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, ол келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті құрылымдық бөлімшесі өтініш берушіге жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден уәжді бас тартуды жібереді.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден уәжді бас тарту жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті құрылымдық бөлімшесінің белгіленген нысандағы қорытындысы түрінде ресімделеді.
Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсат бойынша пайдаланудың мүмкін екендігі туралы оң қорытынды келіп түскен жағдайда, ол келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті құрылымдық бөлімшесі жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қорытындыны дайындайды және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімнің жобасын дайындау үшін республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органына, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне жібереді.
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті құрылымдық бөлімшесінен жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы түпкілікті қорытынды келіп түскен кезден бастап төрт жұмыс күні ішінде қабылданады.
4. Елді мекеннің шегінен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтініш облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) жергілікті атқарушы органына келіп түскен кезден бастап он алты жұмыс күніне дейінгі мерзімде қаралады.
Көрсетілген мерзімге:
жер учаскесін сатып алу-сату немесе жер учаскесіне уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу;
жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру кезеңдері кірмейді.
Облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) жергілікті атқарушы органы келіп түскен өтінішті бір жұмыс күні ішінде облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органына жібереді.
Облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсат бойынша пайдаланудың мүмкін екендігін айқындайды, жер учаскесін пайдалану схемасын жасайды және бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға келісуге жібереді.
Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар үш жұмыс күні ішінде жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсат бойынша пайдаланудың мүмкін екендігі туралы тиісті қорытындылар ұсынады.
Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, ол келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы өтініш берушіге жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден уәжді бас тартуды жібереді.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден уәжді бас тартуды облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы белгіленген нысандағы қорытынды түрінде ресімдейді.
Келісуші мемлекеттік органдар мен ұйымдардан жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсат бойынша пайдаланудың мүмкін екендігі туралы оң қорытынды келіп түскен жағдайда, облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы ол келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсынысы бар материалдарды жер комиссиясына енгізеді.
Жер комиссиясының қорытындысы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мүмкіндігі туралы ұсыныс жер комиссиясына келіп түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде хаттамалық шешім нысанында екі данада жасалады.
Облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы жер комиссиясының тиісті қорытындысы келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) жергілікті атқарушы органының тиісті шешімін дайындайды.
Облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) жергілікті атқарушы органының жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі жер комиссиясының оң қорытындысы негізінде қабылданады.
Облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың (оның әкімшілік бағынысына берілген аумақта) жергілікті атқарушы органының жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту туралы шешімі жер комиссиясының теріс қорытындысы келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде қабылданады. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту уәжді болуға тиіс.
5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге келісім беру не өзгертуден бас тарту туралы шешімі қабылданғанынан кейін үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жіберіледі.
Өтініш «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық құжат нысанында берілген жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертумен келісу не өзгертуден бас тарту туралы шешімі қабылданғанынан кейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтініш берушіге электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімінде мыналар қамтылуға тиіс:
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе заңды тұлғаның атауы;
жер учаскесінің өзгертілген нысаналы мақсаты;
жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсат бойынша пайдаланудың мүмкін екендігі туралы қорытындының не жер комиссиясы қорытындысының күні мен нөмірі;
жер учаскесінің кадастрлық нөмірі;
жер санаты;
жер учаскесінің орналасқан жері;
жер учаскесінің алаңы;
нысаналы мақсаты жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін өзгертілген жағдайда жер учаскесі телімінің түрі;
жерге құқықтың түрі, ауыртпалықтар, сервитуттар;
жер учаскесінің сатып алу бағасы және өзгертілген нысаналы мақсат үшін жер учаскесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджетке төлеу не өзгертілген нысаналы мақсат үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаске бұрын мемлекеттен сатып алынған баға арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу қажет болған жағдайда бөліп төлеуді беру мерзімдері;
өзгертілген нысаналы мақсат үшін жер учаскесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджетке төлеу не өзгертілген нысаналы мақсат үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаске бұрын мемлекеттен сатып алынған баға арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу қажет болған жағдайда жер учаскесін сатып алу-сату шарттарын жасасу мерзімдері.
6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешімі негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шарты жасалады.
7. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгертілген кезде сәйкестендіру құжаттарын немесе жер-кадастрлық жоспарды дайындау мерзімі төрт жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды.»;
18) 145-1-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Жерді қашықтан зондтау және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру деректері негізінде оларды мақсаты бойынша пайдаланбау және (немесе) ұтымсыз пайдалану фактілері бойынша жүргізіледі.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері аумақтық бөлімшенің есепке алуына жатады.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқау қолма-қол табыс етіледі немесе бақылау субъектісіне табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында немесе аумақтық бөлімшенің жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат арқылы «электрондық үкімет» веб-порталымен интеграцияландырылған ақпараттық жүйелер арқылы жіберіледі.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқау мынадай жағдайларда:
1) нұсқауда алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап - қолма-қол;
2) хабарламаны белгілеген күннен бастап - пошта арқылы;
3) жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орган бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жіберген күннен бастап - электрондық тәсілмен табыс етілді деп есептеледі.»;
10-тармақтағы «жазбаша түрде» деген сөздер алып тасталсын;
11-тармақтағы «зондтау деректерін» деген сөздер «зондтау және ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру деректерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 152-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастры (республиканың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер кадастры) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кадастрлар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады, оны Мемлекеттік корпорация және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның қызметіне осы Кодекстің 153-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген іздестіру жұмыстары жатады.
Мемлекеттік корпорация және Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын орталық уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар қатарынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.»;
20) 153-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесін жүргізуді;»;
21) 171-бап мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің 44-2-бабы қолданысқа енгізілгенге дейін жеке және заңды тұлғаларға берілген жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттар мен сәйкестендіру құжаттары заңдық күшін сақтайды.».
2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
163-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Жеке және заңды тұлғаларға міндетті қызметтерді көрсету кезінде табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері ақпараттандыру объектілерін пайдаланады, сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу шеңберінде табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің міндетті қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне деректерді машинада оқылатын түрде береді.».
3. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
10-3-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы «кондоминиум объектісіне техникалық паспорттарды және көппәтерлі тұрғын үй орналасқан жер учаскесіне, сондай-ақ жиналыс шешімі негізінде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда, үй жанындағы жер учаскесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттарды» деген сөздер «пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда жиналыс шешімі негізінде көппәтерлі тұрғын үйге және үй жанындағы жер учаскесіне жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
4-баптың 6-1) тармақшасындағы «кондоминиум объектісіне техникалық паспорттарды және көппәтерлі тұрғын үй орналасқан жер учаскесіне, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелері жиналысының шешімі негізінде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда, үй жанындағы жер учаскесіне құжаттарды» деген сөздер «көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналысының шешімі негізінде көппәтерлі тұрғын үйге және үй жанындағы жер учаскесіне жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 27-баптың 1-тармағының 27-2) тармақшасындағы «кондоминиум объектісіне техникалық паспорттарды және көппәтерлі тұрғын үй орналасқан жер учаскесіне, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері жиналысының шешімі негізінде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда, үй жанындағы жер учаскесіне құжаттарды» деген сөздер «көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналысының шешімі негізінде көппәтерлі тұрғын үйге және үй жанындағы жер учаскесіне жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 31-баптың 1-тармағының 16-1) тармақшасындағы «кондоминиум объектісіне техникалық паспорттарды және көппәтерлі тұрғын үй орналасқан жер учаскесіне, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері жиналысының шешімі негізінде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда, үй жанындағы жер учаскесіне құжаттарды» деген сөздер «көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналысының шешімі негізінде көппәтерлі тұрғын үйге және үй жанындағы жер учаскесіне жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
6-тармақтың 1) тармақшасы 2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-бапта:
16) тармақшада:
екінші абзацтағы «және жобалау-сметалық құжаттама» деген сөздер «, жобалау-сметалық құжаттама» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«барлық деңгейдегі қала құрылысы жобалары бойынша жүргізілетін, аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді қала құрылысы сараптамасы;»;
16-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1) жобалау саласындағы сараптама қызметінің субъектілері - сараптама ұйымдары, сондай-ақ сараптама ұйымдарының штаттағы қызметкерлері болып табылатын не осы ұйымдар жобаның құрамында жекелеген бөлім (бөлік) бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманы немесе кешенді қала құрылысы сараптамасын орындау үшін штаттан тыс сарапшылар ретінде уақытша тартқан сарапшылар;»;
2) 17-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сараптама жүргізу процесінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында объектінің беріктігіне, орнықтылығына және сенімділігіне тікелей әсер ететін бұзушылықтар, сондай-ақ қала құрылысы жобасында бұзушылықтар, нормалар мен талаптардың бұзылуы анықталған жағдайда және анықталған бұзушылықтар сараптама жүргізудің белгіленген мерзімдерінде жойылмаған жағдайда, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, қала құрылысы жобаларын әзірлеген ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Сараптаманың теріс қорытындысы (сарапшылардың айғақтары) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын және қала құрылысы жобаларын әзірлеу кезінде анықталған бұзушылықтарды растау болып табылады.
Құрылыс процесінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында салынып жатқан объектінің беріктігіне, орнықтылығына және сенімділігіне тікелей әсер ететін бұзушылықтар анықталған кезде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеген ұйым, сондай-ақ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша оң қорытынды берген сарапшы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Қала құрылысы жобасында қолданыстағы нормалар мен талаптарды бұзушылықтар анықталған кезде қала құрылысы жобасын әзірлеген ұйым, сондай-ақ қала құрылысы жобасы бойынша оң қорытынды берген сарапшы және мемлекеттік сараптама ұйымы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Анықталған бұзушылықтар және сарапшылардың ескертулері уәжді болуға және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тиісті нормативтік құқықтық актілерге, қала құрылысы регламенттерінің және техникалық регламенттердің, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттардың нормалары мен ережелерінің талаптарына жасалған сілтемелермен негізделуге тиіс. Ұсынымдық сипаттағы ескертулер беруге жол берілмейді.»;
3) 20-бапта:
6-тармақтың 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) тармақша алып тасталсын;
11-12) тармақша «сараптама» деген сөзден кейін «және қала құрылысы жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын» деген сөздермен толықтырылсын;
15-1) және 15-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1) қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорында тіркеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
15-2) қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен құрылыс салу жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
4) 21-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының (негізгі ережелерді қоса алғанда) жобасын бекіту;»;
6-тармақтың 5) тармақшасы 2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 24-баптың 1-тармағында:
2-2) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
2-2) ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын (аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған және кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларының жобаларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;»;
«10) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін, кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен қала құрылысы жобаларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс салу жобаларын) бекіту және іске асыру;»;
16) тармақша алып тасталсын;
6) 25-бапта:
6-тармақтың 6) тармақшасының екінші - төртінші абзацтары 2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен қала құрылысы жобаларын (халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі бас жоспарларды) қалалық мәслихатқа бекітуге ұсыну;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес республикалық маңызы бар қалаларда, астанада жер учаскесіне құқық берудің мүмкін екендігін (мүмкін емес екендігін) айқындау;
5-2) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес республикалық маңызы бар қалаларда, астанада жер учаскесіне құқық берудің мүмкін емес екені туралы уәжді бас тарту түріндегі қорытындыны беру;»;
2-тармақта:
6-тармақтың 6) тармақшасының тоғызыншы - он бірінші абзацтары 2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен қала құрылысы жобаларын, сондай-ақ қала аумағын абаттандыру және инженерлік жағынан қамтамасыз ету қағидаларын осы Заңның 22-бабына сәйкес тиісті мәслихатқа бекітуге ұсыну;»;
«6) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен қала құрылысы жобаларын (қала және қала маңы аймағының егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын) бекіту және іске асыру;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес облыстық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық берудің мүмкін екенін (мүмкін емес екенін) айқындау;
11-2) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес облыстық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық берудің мүмкін емес екені туралы уәжді бас тарту түріндегі қорытындыны беру;»;
3-тармақта:
6-тармақтың 6) тармақшасының он алтыншы - он сегізінші абзацтары 2024 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен қала құрылысы жобаларын, сондай-ақ қала аумағын абаттандыру және инженерлік жағынан қамтамасыз ету қағидаларын осы Заңның 22-бабына сәйкес тиісті мәслихатқа бекітуге ұсыну;»;
«6) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен қала құрылысы жобаларын (қала және қала маңы аймағының егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын) бекіту және іске асыру;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 44-2-бабына сәйкес облыстық маңызы бар қалаларда жер учаскесіне құқық берудің мүмкін екенін (мүмкін емес екенін) айқындау;