1) мыналар:
резерв;
белгіленген қуат және (немесе) сыйымдылық;
бос және қолжетімді қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың бар-жоғы;
желілердің өткізу қабілеттілігі;
орналасқан жері (елді мекен көшелерінің атауын көрсете отырып);
ұзындығы;
брондалған қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың саны және олардың брондау мерзімдері;
көрсетілетін қызметтерді түпкі тұтынушыларға ұсыну үшін технологиялық процесте пайдаланылатын бос емес қуаттардың және (немесе) сыйымдылықтардың саны туралы ақпаратты;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік құпияларға және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде пайдаланылатын желілерді немесе өзге де мүлікті орналастыру схемаларын машинамен оқылатын түрде орналастырады және (немесе) жаңартып отырады.».
2-бап. Осы Заң, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін тоғыз ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 1) тармақшасын, 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 5) тармақшасын, 6) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтарын, 7) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 11) және 12) тармақшаларын, 13) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 14) тармақшасын, 15) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 16), 17) және 18) тармақшаларын қоспағанда, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2023 жылғы 5 сәуір
№ 221-VІІ ҚРЗ