мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Осы баптың 1 және 1-1-тармақтарында көзделген ережелер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде айналымға шығарылған және Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарына қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген көлік құралдарын бастапқы тіркеу тәртібін, шарттары мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
2-тармақ 7) тармақшасындағы «болған жағдайда тыйым салынады.» деген сөздер «болған;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) М1 санатындағы көлік құралының шанағы ауыстырылған жағдайда тыйым салынады.»;
4) 88-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлік «тіркелген» деген сөзден кейін «, сондай-ақ басқа мемлекеттерде тіркелген» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелері Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген (кіргізілген) күннен бастап қатарынан күнтізбелік тоқсан күннен аз уақыт Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық жол жүрісіне қатысатын осындай көлік құралдарына қолданылмайды.».
44. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 18-бапта:
1-тармақ «тәртібі» деген сөзден кейін «, осы Заңның 37-бабына сәйкес тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына немесе импортына рұқсат беру тәртібін енгізуді қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Рұқсат» деген сөз «Осы баптың 4-1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, рұқсат» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Ішкі нарықтағы аса жетіспеушілікті болғызбау не азайту, елдің қорғанысы мен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіп сіздігін қамтамасыз ету, адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны, жануарларды, өсімдіктерді, мәдени құндылықтарды сақтау, қоғамдық мораль мен құқықтық тәртіпті қорғау мақсатында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспорты мен импортына рұқсат беру құжаттарын алу тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер, егер актілердің өзінде өзге мерзімдер көрсетілмесе, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.»;
2) 37-бапта:
1-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «көзделген болса, сондай-ақ» деген сөздер «, Еуразиялық экономикалық одақтың актілерінде көзделген болса немесе егер» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік «шарттарға» деген сөзден кейін «, Еуразиялық экономикалық одақтың актілеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына және орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың екінші бөлігіндегі «сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
9-тармақтың бірінші бөлігіндегі «рұқсат беру құжаттарын беруді жүзеге асыратын» деген сөздер алып тасталсын;
3) 1-қосымшаның 53-жолының 3-бағаны мынадай мазмұндағы 28-тармақпен толықтырылсын:
«28. Тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінің жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызу үшін жеке тұлғалардың ағымдағы банктік шоттарын ашуы және жүргізуі.».
45-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
45. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
3-баптың 4-1-тармағы алып тасталсын.
46. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әлеуетті жекеше әріптес - мемлекеттік заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және акционерлік қоғамдарды қоспағанда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысуға үміткер дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;
2) жекеше әріптес - мемлекеттік заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және акционерлік қоғамдарды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталы - мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинауға, өңдеуге, сақтауға, жекеше әріптесті айқындауға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын мониторингтеуге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық платформа;
6-2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталының операторы - мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға;»;
11), 13), 20) және 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар - тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының мақсаттарын, міндеттерін, шығындарды өтеу және кірістерді алу көздерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушыларды, мемлекеттік қолдау шараларын сипаттау, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін және (немесе) сервистік келісімшарт шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сипаттау көзделетін құжат;»;
«13) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде құрылатын (оның ішінде салынатын және қажет болған жағдайда жобаланатын) және (немесе) реконструкцияланатын және (немесе) жаңғыртылатын, сондай-ақ пайдаланылатын ғимараттар, құрылысжайлар және (немесе) жабдықтар, мүліктік кешендер, зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері;»;
«20) сервистік келісімшарт - жекеше әріптеске меншік құқығында тиесілі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі пайдаланыла отырып, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, қызметтер көрсетуді көздейтін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты;
21) тікелей келісім - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін мемлекеттік әріптес, жекеше әріптес пен жекеше әріптестің кредиторы арасында жасалатын жазбаша келісім;»;
2) 3-баптың 2-тармағы 5) тармақшасындағы «құру болып табылады.» деген сөздер «құру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі қағидаты - мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау мен іске асыру процестері туралы ақпаратқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шекте ашық қол жеткізу болып табылады.»;
3) 4-бап 5) тармақшасындағы «жүзеге асыруы жатады.» деген сөздер «жүзеге асыруы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасында инвестициялық және пайдалану кезеңдерінің болуы жатады.
Инвестициялық кезең мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін жобалауды (қажет болған жағдайда), салуды және (немесе) реконструкциялауды және (немесе) жаңғыртуды не құруды қамтиды. Пайдалану кезеңі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін оның функционалдық мақсатына сәйкес пайдалануды не мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісіне техникалық қызмет көрсетуді не оның инфрақұрылымын басқаруды қамтиды.»;
4) 7-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген келісімшарттық мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарында инвестициялық шығындардың өтемақысы бюджеттік тиімділік болған жағдайда ғана, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізілетін сараптамада расталған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан коммерциялық тиімділікке қол жеткізу мүмкін болмаған кезде көзделуі мүмкін.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамаларында, ұлттық жобаларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары көзделуі мүмкін.
Салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібін әзірлеу қажеттігі туралы шешім тиісті тұжырымдамада немесе ұлттық жобада айқындалады.»;
5) 9-бапта:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын орындау шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу;»;
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Егер әлеуметтік инфрақұрылым мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектісін пайдалану жекеше әріптес инвестицияларының өзін-өзі ақтауын қамтамасыз етпесе, осындай жобалар әлеуметтік инфрақұрылым мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз етудің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары болып табылса, жекеше әріптестің шығындарын толық өтеу тек қана мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жүзеге асырылады.
Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, телекоммуникация, байланыс, қоғамдық қауіпсіздік, көлік инфрақұрылымы, газбен, электрмен, жылумен және сумен жабдықтау және су бұру, қалдықтарды басқару объектілерін қоса алғанда, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдаланылатын, қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарға жүктелген объектілер, объектілердің кешендері әлеуметтік инфрақұрылым мен тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне жатады.»;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Сервистік келісімшарттарда инвестициялық шығындарды өтеу көзделмейді.»;
6) 10-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жоспарлау және іске асыру»;
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы мемлекеттік бастаманың немесе жекеше бастаманың негізінде мынадай реттіліктегі сатылардан өту арқылы іске асырылуы мүмкін:»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мыналарды:
мемлекеттік бастаманы іске асыру шеңберінде - инвестициялық ұсынысты және конкурстық (аукциондық) құжаттаманы әзірлеуді; немесе
жекеше бастаманы іске асыру шеңберінде - осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органы немесе жергілікті атқарушы орган қалыптастырған және жариялаған тізбеге енгізілген қажеттіліктермен айқындалатын әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған жобалар бойынша конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ақпараттық парағын әзірлеуді; немесе
жекеше әріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөздер жүргізудің жекеше бастамасы шеңберінде - бизнес-жоспар әзірлеуді қоса алғанда, жоспарлау;»;
7) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы ақпараттық қамтамасыз ету тәртібі
1. Тиісті салалардың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жыл сайын өз құзыретін іске асыру шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары негізінде, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары мен халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тізбесін қалыптастырады және жариялайды.
2. Тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік әріптестер және Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жоспарланатын және іске асырылатын жобалары туралы ақпараттық қамтамасыз етуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын пайдалану арқылы жүзеге асырады.»;
8) 18-бапта:
2-тармақ «қатысатын» деген сөзден кейін «, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдап отыру жөніндегі консультациялық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ «қатысатын» деген сөзден кейін «, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдап отыру жөніндегі консультациялық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 19-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) жекеше әріптесті айқындау жөнінде тікелей келіссөздер жүргізе отырып, жекеше бастама негізінде технологиялар трансферін көздейтін бірегей объектілерді құруға және пайдалануға бағытталған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру туралы шешім қабылдайды;»;
10) 20-бапта:
3) және 7) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) үлгілік конкурстық құжаттамаларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарттарын қоса алғанда, саланы (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібін келіседі;»;
9) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау қорытындыларын Қазақстан Республикасының заңдарында ақпаратты қорғау бөлігінде белгіленген шектеулерді ескере отырып, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің веб-порталында жариялайды;»;
мынадай мазмұндағы 11-1), 11-2) және 11-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
11-2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын бөлу және олардың тәуекелдерін бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
11-3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша шарттық мемлекеттік міндеттемелерді есепке алу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;»;
11) 21-бапта:
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша мемлекеттің қаржылық міндеттемелері туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен береді;»;
12) 23-бапта:
2) тармақша алып тасталсын;
2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) үлгілік конкурстық құжаттамаларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарттарын қоса алғанда, салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) және 9-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тізбесін қалыптастырады және бекітеді;»;
«9-1) жекеше әріптестердің мемлекеттік функциялардың іске асырылуын қамтамасыз етуін көздейтін жобалар бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобасына бизнес-жоспарды, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің республикалық жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, оның ішінде оларға бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласына қатысты бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен монополияға қарсы органмен келіседі;»;
13) 24-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын;
14) 25-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттердің тізбесін қалыптастырады және бекітеді;»;
12) тармақша алып тасталсын;
15) 3-тарау мынадай мазмұндағы 26-1-баппен толықтырылсын:
«26-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталының операторы
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталының операторы:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталын дамытуды, қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
2) мүдделі тұлғаларға мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталының жұмыс істеуі мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
4) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша уәкілетті субъектілермен өзара іс-қимыл жасайды;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді енгізу және қайтару процесін операциялық қолдап отыруды қамтамасыз етеді;
6) жоспарланатын және іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталы арқылы электрондық қызметтер көрсетеді.»;
16) 27-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарды тек қана мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсаттарына және мерзіміне беру;»;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қоса қаржыландыру инвестициялардың болжанатын мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жарым миллион еселенген мөлшерінен асатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша көзделуі мүмкін, бұл ретте қоса қаржыландыру мөлшері инвестициялардың болжанатын мөлшерінің отыз пайызынан аспайды.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоса қаржыландырудың және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құруға (реконструкциялауға) байланысты шығыстарды өтеуге бағытталған инвестициялық шығындар өтемақысының жиынтық көлемі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құрудың және (немесе) реконструкциялаудың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін әдістемеге сәйкес айқындалатын құнынан аспауға тиіс.»;
үшінші бөлік алып тасталсын;
17) 28-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) ведомствоаралық жобалау тобына, талқылауларға, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстық (аукциондық) комиссияға, тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияға қатысу;»;
18) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«31-бап. Жекеше әріптесті айқындау
1. Жекеше әріптесті айқындау:
1) конкурс тәсілімен жүзеге асырылады.
Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілерге қатысты жабық болуы мүмкін;
2) тікелей келіссөздер;
3) аукцион тәсілімен жүзеге асырылады.
2. Ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу осы Заңның нормалары қолданылмай, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Егер салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларында:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары;
2) экономиканың жекелеген салалары (аясы) бойынша жекеше әріптесті айқындаудың және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасудың өзгеше тәртібін қолдануға нұсқау көзделсе, оларға осы баптың ережелері қолданылмайды.»;
19) 35-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) нәтижелері, сондай-ақ жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурстың нәтижелері туралы мәліметтерді қазақ және орыс тілдерінде өзінің интернет-ресурсында орналастырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жариялау үшін Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығына жібереді.».
20) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«36-бап. Конкурсты (аукционды) өткізу туралы хабархат
Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу туралы ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік-жекешелік әріптестік веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады.»;
21) 40-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Осы Заңның 40-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) комиссияның шешімі негізінде жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) жеңімпазымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасады.
Конкурсты ұйымдастырушы ерекше маңызды мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін конкурстық (аукциондық) комиссияның шешімі негізінде конкурстың жеңімпазы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында құрған, құрылатынын конкурстың жеңімпазы конкурстық өтінімде мәлімдеген заңды тұлғамен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасады (мемлекеттік әріптеске мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалған көлемде және талаптарда осындай заңды тұлғаның міндеттемелерін орындаудың банктік кепілдіктері ұсынылған жағдайда).»;
22) мынадай мазмұндағы 40-1-баппен толықтырылсын:
«40-1-бап. Жекеше бастама негізінде жекеше әріптесті таңдау ерекшеліктері
1. Әлеуетті жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттер тізбесінен бір немесе бірнеше міндетті шешу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ақпараттық парағының жобасын әзірлеу арқылы бастамашылық жасауы жекеше бастама деп танылады.
2. Жекеше бастаманы іске асыру шеңберіндегі конкурстық (аукциондық) құжаттаманы тиісті саланың орталық уәкілетті мемлекеттік органдары, жергілікті атқарушы органдар келісілгеннен және сараптамадан кейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бекітеді.
3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан конкурстың (аукционның) жеңімпазы жобаға бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптеске оның конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ақпараттық парағының жобасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзірлеуге жұмсаған шығындарын өтеуге міндетті.
Конкурстық өтінімдер болмаған кезде жоба бойынша конкурс өтпеді деп есептеледі. Бұл ретте қайта конкурс өткізуге жол беріледі.»;
23) 43-бап алып тасталсын;
24) 44-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«44-бап. Тікелей келіссөздер негізінде жекеше әріптесті айқындау
Тікелей келіссөздер негізінде жекеше әріптесті айқындау технологиялар трансферін көздейтін бірегей объектілерді құруға және пайдалануға бағытталған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.»;
25) 45-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
26) 46-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының мақсаттары, міндеттері, тікелей және түпкілікті нәтижелері;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) сервистік келісімшарттарды қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құрудың (оның ішінде салудың және қажет болған кезде жобалаудың) немесе реконструкциялаудың немесе жаңғыртудың, сондай-ақ пайдаланудың шарттары мен көлемдері;»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) сервистік келісімшарт бойынша қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын мүлік туралы мәліметтер және мүлікке қойылатын талаптар;»;
7) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасына қойылатын талаптар, оның ішінде ұсынылатын қызметтердің сапа индикаторларын және толық пайдалану әзірлігінің өлшемшарттарын бұзғаны үшін ақаулы ұпайларды есептеу;»;
«18) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша дауларды сот арқылы және (немесе) соттан тыс шешу тәртібі;»;
19) тармақша «айыбын» деген сөзден кейін «(ақша сомасында немесе сомада пайызбен міндетті түрде көрсете отырып)» деген сөздермен толықтырылсын;
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және оған мониторинг жүргізу тәртібі;».
47. «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына: