Қазақстан Республикасының аумағына дербес әкелінген (оның ішінде импортталған) және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді (оның ішінде импорттауды) жүзеге асырған тұлғадан сатып алынған және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы өзі дербес өндірген шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу нәтижесінде алған және (немесе) оларды өзі дербес өндірген шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу нәтижесінде алған өзара байланысты жер қойнауын пайдаланушыдан тікелей сатып алынған шикі мұнайды немесе газ конденсатын қайта өңдеу өнімдерін мұнай өнімдерін өндірушіге (қуаты аз мұнай өнімдерін өндірушіні қоспағанда) беретін заңды тұлға да мұнай беруші болып табылады.
Осы Заңның мақсаттары үшін мынадай шарттардың кемінде біреуі сақталған кезде:
мұнай берушіге жер қойнауын пайдаланушыдағы акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тиесілі болса;
жер қойнауын пайдаланушыға мұнай берушідегі акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тиесілі болса;
мұнай берушіні және жер қойнауын пайдаланушыны мұнай берушідегі және жер қойнауын пайдаланушыдағы акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тиесілі тұлға бақыласа, жер қойнауын пайдаланушымен өзара байланысты тұлға мұнай беруші деп танылады.»;
37-тармақтың 5) тармақшасының тоғызыншы - он төртінші абзацтары 2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
«14-бап. Мұнай өнімдеріне бағаларды мемлекеттік реттеу
1. Қазақстан Республикасында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында маңызды әлеуметтік мәні бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономикасына елеулі ықпал ететін мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және стационарлық автожанармай құю станцияларында өткізуге арналған мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге бағаларды мемлекеттік реттеу мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен белгіленуі мүмкін.
2. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және стационарлық автожанармай құю станцияларында өткізуге арналған мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге шекті бағаларды белгілейді.
3. Мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге белгіленген шекті бағаларды асырмауға міндетті.
Мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге белгіленген шекті бағаларды асырмауға міндетті.
4. Мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және стационарлық автожанармай құю станцияларында өткізуге арналған мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге бағаларды мемлекеттік реттеу жағдайларында шекті бағалар айына бір реттен артық белгіленбейді.»;
37-тармақтың 6) тармақшасы 2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
6) 17-баптың 2-тармағында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мұнай өнімдерінің базасына иелік етуге тиіс.
Мұнай өнімдері базасын жалға алу шарты кемінде бір жыл мерзімге жасалуға тиіс;»;
мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) мұнай өнімдерін өндірушілер, мұнай берушілер авиациялық отынды өткізген және (немесе) мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізген жағдайларда және мұнай өнімдерін импорттау жағдайларында меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мұнай өнімдерінің базасына немесе резервуарға иелік етуге;
4) мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер тізіліміндегі көтерме сауда арқылы берушілер үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мұнай өнімдері базасындағы резервуарға иелік етуге тиіс.»;
3-тармақтағы «Резервуарды немесе мұнай өнімдерінің базасын» деген сөздер «Мұнай өнімдерінің базасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
37-тармақтың 7) тармақшасы 2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
7) 21-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мұнай өнімдерін өндірушілер мен мұнай берушілер жыл сайын 1 наурыз бен 31 мамыр аралығындағы және 1 шілде мен 30 қыркүйек аралығындағы кезеңде мұнай өнімдерін беру жоспарына сәйкес стационарлық автожанармай құю станцияларының атына бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерінің көлемдерін беруге міндетті.».
38-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
38. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
63-баптың 1-1-тармағындағы «2023» деген цифрлар «2024» деген цифрлармен ауыстырылсын.
39. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
39) тармақша «, ірі коммерциялық тұтынушы, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлға» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 42-1) тармақшамен толықтырылсын:
«42-1) ірі коммерциялық тұтынушы - өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторды және электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушыны қоспағанда, тауарлық газды өз қызметінде пайдалану үшін сатып алатын, осы Заңның 8-бабының 4-1-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сай келетін заңды тұлға;»;
2) 6-баптың 6) тармақшасындағы «шекті бағасын» деген сөздер «бағаларын» деген сөзбен ауыстырылсын;
3) 8-бапта:
4-тармақ 10) тармақшасындағы «тұтынушылар тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің субъектілері болып табылады.» деген сөздер «тұтынушылар;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:
«11) ірі коммерциялық тұтынушылар;
12) цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің субъектілері болып табылады.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. Газ тұтыну жабдығының санына қарамастан, жылына 10 миллион текше метр және одан көп көлемде тауарлық газды сатып алатын заңды тұлғалар ірі коммерциялық тұтынушылар болып табылады.»;
4) 15-бапта:
3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газдың бағасы:»;
4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы баптың 4-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың бағасы:»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. 2023 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша өз қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өндіретін тауарлық газдың бағасы көрсетілген күнге дейін жер қойнауын пайдалануға арналған өзге келісімшарттар (лицензиялар) шеңберінде шикі газ өндіру жүзеге асырылмаған жер қойнауы учаскесіне (учаскелеріне) қатысты:
1) ұлттық операторға тауарлық газды өткізудің болжамды орнынан Қазақстан Республикасының шекарасына дейін тауарлық газды магистральдық газ құбыржолдары жүйесі арқылы тасымалдауға арналған шығыстар;
2) тауарлық газды жер қойнауын пайдаланушыдан ұлттық операторға тауарлық газды өткізудің болжамды орнына дейін тасымалдауға арналған шығыстар;
3) ұлттық оператордың он пайызға дейінгі мөлшердегі рентабельділік нормалары шегеріле отырып, тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағалары мен тауарлық газдың экспорттық бағаларының орташа арифметикалық мәні негізге алынып, көмірсутектер кен орнын әзірлеу мен шикі газды қайта өңдеудің күрделілігі ескеріле отырып айқындалады.
Осы тармақта көзделген тауарлық газдың бағасын айқындау тәртібі өз қызметін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған (берілген) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (лицензия) бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар өндіретін тауарлық газдың осындай жер қойнауын пайдаланушының ұлттық операторға жылдық тауарлық газды өткізу көлемінің 2023 жылдың алдындағы қатарынан күнтізбелік бес жылдағы орташа арифметикалық мәнінен асатын көлемдеріне де қолданылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың бағасын жер қойнауын пайдаланушы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес айқындайды және ол уәкілетті органның сараптауына және бекітуіне жатады.»;
6-тармақтағы «газдың шекті бағасының» деген сөздер «газ бағасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы «газдың шекті бағасының», «газдың шекті бағасын» деген сөздер тиісінше «газ бағасының», «газ бағасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Жер қойнауын пайдаланушылар мемлекеттің артықшылықты құқығын сақтауға міндетті.»;
9-тармақтың 2) тармақшасындағы «бағасын» деген сөз «бекітілген бағасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 17-бапта:
6-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы «, ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға, цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын тұлғаларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларды электр энергиясымен жабдықтауды жүзеге асыратын тұлғаларға» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушыларға, ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға, цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын тұлғаларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларды электр энергиясымен жабдықтауды жүзеге асыратын тұлғаларға тауарлық газды өткізу шарттарында:
электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылардың халықты, заңды тұлғаларды, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларды энергиямен жабдықтау үшін тауарлық газдың пайдаланылуын бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі;
ірі коммерциялық тұтынушылардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, сондай-ақ халық пен заңды тұлғалар үшін жылу және (немесе) электр энергиясын және басқа да тауарларды өндіру үшін тауарлық газдың пайдаланылуын бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі;
цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалардың цифрлық майнингті және өзге де қызметті жүзеге асыруға тауарлық газдың пайдаланылуын бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі;
электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын тұлғалардың цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға және өзге де тұлғаларға электр энергиясын өндіру үшін тауарлық газдың пайдаланылуын бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі;
тұтынушыларды электр энергиясымен жабдықтауды жүзеге асыратын тұлғалардың цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға және өзге де тұлғаларға электр энергиясын өткізу көлемін бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі міндеттемелері көзделеді.»;
9-тармақ 5) тармақшасындағы «болған жағдайларда, газ тасымалдау немесе газ тарату ұйымы немесе топтық резервуарлық қондырғылардың иесі бұзушылықтар жойылғанға дейін тұтынушыға тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді біржақты тәртіппен тоқтата тұруға құқылы.» деген сөздер «болған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) осы баптың 6-1-тармағында көзделген, тауарлық газды бөлек есепке алуды жүргізу жөніндегі шарт талаптары бұзылған жағдайларда, газ тасымалдау немесе газ тарату ұйымы немесе топтық резервуарлық қондырғылардың иесі бұзушылықтар жойылғанға дейін тұтынушыға тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді біржақты тәртіппен тоқтата тұруға құқылы.»;
6) 19-баптың 2-тармағы «енгізілген тұтынушылар» деген сөздерден кейін «, ірі коммерциялық тұтынушылар, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар, цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын тұлғалар» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 20-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Тауарлық және сұйытылған мұнай газына баға белгілеу»;
2, 2-1 және 2-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағалары Қазақстан Республикасының өңірлерін газбен жабдықтаудың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары ескеріле отырып, жылдарға бөлу арқылы әрбір бес жыл сайын әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, тұтынушыларға одан әрі өткізу мақсатында сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін жеке белгіленеді және қажет болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жыл сайын 1 шілдеде түзетіліп отырады.
Түзету тауарлық газды сатып алу бағаларының, тауарлық газ құрылымының және (немесе) көздерінің және (немесе) тауарлық газды магистральдық газ құбыржолдары арқылы тасымалдауға, тауарлық газды жерасты газ қоймаларында сақтауға арналған мемлекеттік реттеуге жататын тарифтердің өзгеруіне байланысты ұлттық оператордың уәкілетті органға жүгінуі негізінде жылына бір реттен асырылмай жүргізіледі.
2-1. Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында тауарлық газды өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағалары олар пайдалануға енгізілген күннен бастап жылдарға бөлу арқылы әрбір бес жыл сайын әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жеке белгіленеді және қажет болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жыл сайын 1 шілдеде түзетіліп отырады.
Түзету тауарлық газды сатып алу бағаларының, тауарлық газ құрылымының және (немесе) көздерінің және (немесе) тауарлық газды магистральдық газ құбыржолдары арқылы тасымалдауға, тауарлық газды жерасты газ қоймаларында сақтауға арналған, мемлекеттік реттеуге жататын тарифтердің өзгеруіне байланысты ұлттық оператордың уәкілетті органға жүгінуі негізінде жылына бір реттен асырылмай жүргізіледі.
2-2. Электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағалары электр станцияларының тізбесіне енгізілген әрбір тұтынушы үшін жылдарға бөлу арқылы әрбір бес жыл сайын жеке белгіленеді және қажет болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жыл сайын 1 шілдеде түзетіліп отырады.
Түзету тауарлық газды сатып алу бағаларының, тауарлық газ құрылымының және (немесе) көздерінің және (немесе) тауарлық газды магистральдық газ құбыржолдары арқылы тасымалдауға, тауарлық газды жерасты газ қоймаларында сақтауға арналған, мемлекеттік реттеуге жататын тарифтердің өзгеруіне байланысты ұлттық оператордың уәкілетті органға жүгінуі негізінде жылына бір реттен асырылмай жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 2-3 және 2-4-тармақтармен толықтырылсын:
«2-3. Ірі коммерциялық тұтынушыларға, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағалары осы баптың 3-3-тармағына сәйкес жыл сайын 1 шілдеде әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жеке белгіленеді.
2-4. Ірі коммерциялық тұтынушылар үшін белгіленетін шекті бағалар:
әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын;
цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, халық және заңды тұлғалар үшін жылу және (немесе) электр энергиясын өндіруге қажетті тауарлық газды өткізу жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.»;
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Уәкілетті орган табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мақсатында тауарлық газды өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвестор үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын кейіннен 1 шілдеден бастап бесжылдық кезеңге бекіте отырып, жоба пайдалануға енгізілген күнге дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей бекітеді және қажет болған кезде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жыл сайын 1 шілдеде түзетіп отырады.
Түзету тауарлық газды сатып алу бағасының, тауарлық газ құрылымының және (немесе) көздерінің және (немесе) тауарлық газды магистральдық газ құбыржолдары арқылы тасымалдауға, тауарлық газды жерасты газ қоймаларында сақтауға арналған мемлекеттік реттеуге жататын тарифтердің өзгеруіне байланысты ұлттық оператордың уәкілетті органға жүгінуі негізінде жылына бір реттен асырылмай жүргізіледі.»
мынадай мазмұндағы 3-3-тармақпен толықтырылсын:
«3-3. Уәкілетті орган табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша жыл сайын 15 мамырдан кешіктірілмейтін мерзімде:
ірі коммерциялық тұтынушыларға;
цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға немесе цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғаларға кейіннен өткізуге арналған тауарлық газды алдағы жылы ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекітеді.»;
8) 25-баптың 4-1-тармағы «тұтынушылар» деген сөзден кейін «, ірі коммерциялық тұтынушылар, цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар не цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіру жөніндегі тұлғалар» деген сөздермен толықтырылсын;
39-тармақтың 9) тармақшасы 2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
9) 27-баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасындағы «өнім беру жоспарынан тыс» деген сөздер алып тасталсын;
39-тармақтың 10) тармақшасы 2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
10) 28-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тұрмыстық, коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік тұтынушылардың сұйытылған мұнай газын сақтау ыдыстарына құю арқылы бөлшек саудада өткізген жағдайда, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға тұрмыстық баллондарда бөлшек саудада өткізген жағдайда, газ толтыру станцияларының иелері;»;
11) 34-бап мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
«4. Мыналар:
1) осы Заңның 20-бабының 5-тармағы 2022 жылғы 2 наурыздан бастап 2022 жылғы 1 шілдеге дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«5. Өнім беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасы тоқсан сайын белгіленеді және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.»;
2) осы Заңның 27-1-бабының 11-тармағы 2022 жылғы 1 қаңтар - 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығында мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«11. Өнім беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газын сатып алу құқығына:
1) газ толтыру станцияларының иелері;
2) топтық резервуарлық қондырғылардың иелері;
3) газ толтыру пункттерінің иелері;
4) автогаз құю станцияларының иелері;
5) сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушылар ие болады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында аталған өнеркәсіптік тұтынушылардың тізбесін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларына сәйкес бекітеді.».
5. Осы Заңның 27-1-бабы 4 және 5-тармақтарының қолданысы 2022 жылғы 1 қаңтар - 2024 жылғы 31 желтоқсан аралығында тоқтатыла тұрсын.».
40. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 8-бапта:
1-тармақтағы «осы Заңда белгіленген тәртіппен сайланатын» деген сөздер «Қордың жалғыз акционері сайлайтын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
2) 10-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) Қордың интернет-ресурсында орналастырылатын Қор қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы жария есепті дайындау;
3-2) Қор қызметінің мәселелері бойынша бизнес-қоғамдастықпен және шетелдік инвесторлармен тұрақты негізде кездесулер өткізу;»;
3) 13-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қордың қызметі туралы сұратылатын кез келген ақпарат беріледі.»;
4) 20-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Жалғыз акционердің шешімі бойынша және ол айқындайтын тәртіппен Қор жыл сайын «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры түріндегі коммерциялық емес ұйымға Қордың таза кірісінің кемінде жеті пайызы мөлшерінде қаражат бөледі.»;
5) 24-баптың 5-тармағындағы «2-тармағында» деген сөздер «1-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын.
41-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
41. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
80-баптың 1-1-тармағының бірінші абзацындағы «2023» деген цифрлар «2024» деген цифрлармен ауыстырылсын.
42-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
42. «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 22-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасындағы «2023» деген цифрлар «2024» деген цифрлармен ауыстырылсын;
2) 31-баптың екінші бөлігіндегі «2023» деген цифрлар «2024» деген цифрлармен ауыстырылсын.
43. «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 10-бап мынадай мазмұндағы 24-2) тармақшамен толықтырылсын:
«24-2) жол жүрісі саласындағы ақпараттық жүйелерді интеграциялауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.
Жол жүрісі саласындағы ақпараттық жүйелерді интеграциялауға бірыңғай ақпараттық кеңістіктегі ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық жүйелері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жатады;»;
2) 65-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«65-бап. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық жол жүрісіне көлік құралдарының қатысуына рұқсат беру
1. Көлік құралы, егер оны Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты жоқ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам пайдаланса және:
1) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері немесе орналасқан жері бар жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі болса;
2) Қазақстан Республикасында тіркелмесе;
3) Қазақстан Республикасына уақытша әкелінсе, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық жол жүрісінде деп есептеледі.
2. Халықаралық жол жүрісіне қатысатын көлік құралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап бір жылға дейін Қазақстан Республикасының аумағында бола алады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін халықаралық жол жүрісіндегі көлік құралы Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерге ұзақтығы кемінде үзіліссіз күнтізбелік отыз күн болатын мерзімге әкетілуге жатады.
3. Халықаралық жол жүрісіндегі көлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағындағы жол жүрісіне қатысуына рұқсат беру Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес берілген:
1) көлік құралын, тіркемені тіркеу туралы куәлік;
2) көлік құралының тіркеу нөмірі;
3) мемлекеттің айырым белгісі;
4) көлік құралының таным белгісі;
5) көлік құралының техникалық қарап-тексеруден өтуі фактісін растайтын құжат;
6) көлік құралы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты;
7) көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен басқа да техника түрлерінің электрондық паспорттары жүйесінен алынған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдарының сәйкестендіру белгілері және оларды тіркеу есебі туралы мәліметтер болған кезде жүзеге асырылады.»;
3) 67-бапта:
1-тармақ «арналған» деген сөзден кейін «немесе М1 санатындағы көлік құралының шанағын ауыстыруға байланысты немесе соңғы тіркеу жүзеге асырылған мемлекетте тіркеу есебінен шығарылмаған» деген сөздермен толықтырылсын;