34) тармақшадағы «тұтынушы жылжымалы құрамның жүріп өтуі үшін пайдаланатын кірме жолдың» деген сөздер «тұтынушыға (контрагентке) дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын.
57. «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
20-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне, мемлекеттік органдардың даму жоспарларына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен міндеттемелеріне сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушылардың өтінімдері бойынша қалыптастырылады.».
58. «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) арнайы экономикалық аймақ - Қазақстан Республикасы аумағының дәл белгіленген шекаралары бар, осы Заңға сәйкес қызметті жүзеге асыру үшін арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын бір бөлігі;»;
5) тармақшадағы «уәкілетті орган айқындайтын» деген сөздер «арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асырылатын басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізілген» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) бейінді емес қызмет түрлері - басым қызмет түрлерінің тізбесіне кірмейтін, өңдеу өнеркәсібі салаларына жататын, шикізатты, материалдарды, заттарды, жаңа өнімге арналған құрамдастарды өңдеумен байланысты қызмет түрлері;
5-2) бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға - бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізіліміне енгізілген және осындай қызметті арнайы экономикалық аймақ аумағында жүзеге асыратын тұлға;
5-3) бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарт - бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын бірнеше тұлға мен арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы арасында жасалатын, арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыру шарттарын, тараптардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін шарт;»;
7) тармақшадағы «басым қызмет түрі», «басым қызмет түрінің» деген сөздер тиісінше «басым немесе бейінді емес қызмет түрі», «басым және (немесе) бейінді емес қызмет түрінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) жоба - арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушысының, өтініш берушісінің, қатысушысының немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның басым немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыруы үшін, сондай-ақ индустриялық аймақтың әлеуетті қатысушысының, өтініш берушісінің немесе қатысушысының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы үшін өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті заманауи өндірістер мен көрсетілетін қызметтер құруды көздейтін іс-шаралар кешені;»;
«17) өтініш беруші - арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына басым немесе бейінді емес, немесе қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған өтінішті не индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына индустриялық аймақтың қатысушысы ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналған өтінішті беретін тұлға;»;
2) 10-баптың 2) тармақшасы бесінші абзацындағы «айқындау туралы шешімдер қабылдау;» деген сөздер «айқындау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«арнайы экономикалық аймақтың атауын өзгерту туралы шешімдер қабылдау;»;
3) 11-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асырылатын басым қызмет түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асырылатын басым қызмет түрлерінің тізбесін жүргізу;»;
5) тармақша тоғызыншы абзацындағы «нысанын әзірлеу және бекіту;» деген сөздер «нысанын;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шарттарды әзірлеу және бекіту;»;
8) тармақша алып тасталсын;
14) тармақша «тізілімін» деген сөзден кейін «және бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізілімін» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 12-баптың 5) тармақшасы алып тасталсын;
5) 13-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;
6) 14-бапта:
13) тармақша «қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын» деген сөздерден кейін «, бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттардың талаптарын» деген сөздермен толықтырылсын;
13-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«13-1) осы Заңның талаптарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің салынған объектісі мемлекеттік меншікке берілген жағдайда арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғамен арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясынан уақытша жер пайдалану құқығын бір мезгілде жекеше әріптес болып табылатын арнайы экономикалық аймақ қатысушысының немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның пайдасына иеліктен шығаруға байланысты арнайы экономикалық аймақ құрылатын, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу;»;
7) 17-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Арнайы экономикалық аймақтар осы баптың 3-2-тармағына сәйкес арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары сатып алған жер учаскелерінде де жұмыс істейді.»;
3-тармақта:
бірінші бөлік «қосалқы» деген сөзден кейін «және бейінді емес» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) қызметті жүзеге асыру туралы шарттар негізінде басым қызмет түрлерін жүзеге асыратын арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына, бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарт негізінде бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға - өтеусіз негізде;»;
үшінші, төртінші, бесінші және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Қосалқы және бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған арнайы экономикалық аймақ аумағының жиынтық алаңы арнайы экономикалық аймақ аумағының жалпы алаңының елу пайызынан аспауға тиіс.
Бұл ретте арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы арнайы экономикалық аймақтардың қатысушыларына және бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға беру үшін жер учаскелерін бөлуді жүзеге асырады.
Қызметті жүзеге асыру туралы шарттарға немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттарға сәйкес арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы жер учаскесінің жобаны іске асыру үшін көзделген бір бөлігін онда айқындалған кезеңдерге сәйкес резервке қоюға міндетті. Бұл ретте осылайша резервке қойылған жер учаскелерін басқарушы компания тиісті шарт жасалған арнайы экономикалық аймақ қатысушысының немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның келісімінсіз өзге тұлғаларға бере алмайды немесе өзгеше түрде иеліктен шығара алмайды, бұған осындай қатысушының немесе тұлғаның жобаны кезең-кезеңімен іске асыру жөніндегі міндеттемелерді орындамау жағдайлары кірмейді.»;
«Басқарушы компания кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға) берілген мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерінде толық немесе ішінара түрде бюджет қаражаты есебінен құрылған инфрақұрылым объектілерін қосалқы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға және (немесе) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына мүліктік жалдауға (жалға) немесе қосымша жалдауға (қосалқы жалға) бере алады.»;
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Арнайы экономикалық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес сервитуттар ескеріле отырып, шетелдік заңды тұлғаларды қоспағанда, арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына меншікке берілуі мүмкін.
Қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін осындай учаскелер осы Заңның 16-бабына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың арнайы құқықтық режимі қолданылатын аумақтағы жерлердің құрамынан шығарылуға жатады.»;
4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары немесе қосалқы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар арнайы экономикалық аймақтың аумағы шегінде өздеріне берілген учаскелердің шекарасынан тыс жерде өздеріне қажетті инфрақұрылым объектілерін өз қаражаты есебінен салуды, осындай құрылыс учаскелерін қозғайтын арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларымен немесе қосалқы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалармен және арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен осындай құрылыс келісілген жағдайда жүзеге асыруға құқылы.»;
5 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Арнайы экономикалық аймақ құрылатын, басым және (немесе) қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған жеке меншіктегі жер учаскелерін олардың меншік иелері арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдалану (жалдау) шартына сәйкес басқарушы компанияға уақытша пайдалануға (жалға) бере алады.
Басқарушы компания арнайы экономикалық аймақ құрылатын, басым және (немесе) қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған жеке меншіктегі жер учаскелерін арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша кейінгі пайдалану (қосалқы жалдау) шартына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына немесе қосалқы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға уақытша кейінгі пайдалануға (қосалқы жалға) беруге құқылы.
Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдалану (жалдау) және арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша кейінгі пайдалану (қосалқы жалдау) шарттары тиісінше арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдаланудың (жалдаудың) және арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша кейінгі пайдаланудың (қосалқы жалдаудың) үлгілік шарттарына сәйкес осындай арнайы экономикалық аймақ құрылатын мерзімнен аспайтын мерзімге жасалады.
Жер учаскесінің меншік иесі осы Заңның талаптарына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың аумағында арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе қосалқы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға ретінде қызметті жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте жер учаскесінің меншік иесімен арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдалану (жалдау) шарты жасалмайды.»;
«9. Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары немесе қосалқы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру үшін қажет объектілерді салуды және пайдалануға енгізуді жүзеге асыруға тиіс мерзімдерді көрсету:
1) қызметті жүзеге асыру туралы;
2) бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы;
3) басқарушы компания мен арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе қосалқы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға арасында жасалатын, арнайы экономикалық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) және кейінгі жер пайдалану (қосалқы жалдау);
4) жер учаскесінің меншік иесі мен арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе қосалқы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға арасында жасалатын, арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша пайдалану (жалдау) және уақытша кейінгі пайдалану (қосалқы жалдау) шарттарындағы міндетті талап болып табылады.»;
8) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға ретінде қызметті жүзеге асыруға арналған өтініштерді қарау рәсімі
1. Арнайы экономикалық аймақ қатысушысының немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаның қызметі қызметті жүзеге асыру туралы шартқа немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады, оларды жасасу үшін өтініш беруші осы бапқа сәйкес арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына тиісті өтінішті береді.
2. Мыналар:
1) жер қойнауын пайдаланушылар;
2) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 462-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетін тауарларды өндіретін ұйымдар;
3) арнаулы салық режимдерін қолданатын ұйымдар мен дара кәсіпкерлер;
4) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен жасалған, аяқталмаған келісімшарттар бойынша инвестициялық салықтық преференцияларды қолданатын ұйымдар;
5) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны және инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын (іске асырған) ұйымдар;
6) ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға арналған өтінішті берушілерге жатпайды.
Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймаққа қатысты өтініш берушілерге шетелдік жеке және заңды тұлғалар жатпайды.
3. Егер осы баптың 4-тармағында өзгеше көзделмесе, арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға ретінде қызметті жүзеге асыруға арналған өтінішке қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мынадай құжаттар:
1) уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
3) өтініш берушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) заңды тұлға жарғысының көшірмесі;
5) заңды тұлғаның жоғары органының арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шешімінің көшірмесі;
6) өтініш берушінің бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған, соңғы қаржы жылы үшін қаржылық есептіліктің көшірмесі қоса беріледі.
Егер өтініш беруші қызметті өтініш берілген күнге дейін 12 айдан аз жүзеге асырса, онда қаржылық есептілікті ұсыну ол болған кезде соңғы есепті күнге жүзеге асырылады;
7) жобаның уәкілетті орган белгілеген талаптарға сай келетін техникалық-экономикалық негіздемесі қоса беріледі.
Ақпараттық-коммуникациялық және инновациялық технологиялар саласында арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берілген кезде жобаның негіздемесі қоса беріледі;
8) қызмет көрсететін банктің өтініш берушінің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірмесі және кредиттік бюродан алынатын кредиттік есеп;
9) тіркеу есебіне қойылған жеріндегі мемлекеттік кіріс органының салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар немесе жоқ екені туралы анықтамасы;
10) осы баптың 16 және 17-тармақтарына сәйкес жобаны қаржылық қамтамасыз етудің растамасы;
11) егер жобаны іске асыру объектілер (құрылысжайлар, құрылыстар) салуды талап етсе, аумақтың эскиздік жобасы қоса беріледі.
Егер заңды тұлға құжаттарды беру кезінде Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаған және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, онда мемлекеттік кіріс органдарында салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуде жоқ екендігі туралы анықтаманың көшірмесі ұсынылады.
Шетелдік заңды тұлғалар осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген заңдастырылған құжаттарды, сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді көшірмені немесе шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын заңдастырылған басқа құжатты қазақ және орыс тілдеріне нотариат куәландырған аудармасымен бірге ұсынады.
4. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ үшін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға ретінде қызметті жүзеге асыруға арналған өтінішке қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі мынадай құжаттар:
1) дара кәсіпкер үшін:
уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;
дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде тұрған өтініш беруші жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тіркеу есебіне қойылған жеріндегі мемлекеттік кіріс органының салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар немесе жоқ екені туралы анықтамасы;
осы баптың 16-тармағына сәйкес жобаны қаржылық қамтамасыз етудің растамасы (бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар үшін);
егер жобаны іске асыру объектілер (құрылысжайлар, құрылыстар) салуды талап етсе, аумақтың эскиздік жобасы;
2) заңды тұлға үшін:
уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
өтініш берушінің бірінші басшысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
жарғының көшірмесі;
өтініш беруші заңды тұлғаның жоғары органының арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыру туралы шешімінің көшірмесі;
өтініш берушінің бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы қаржы жылы үшін қаржылық есептіліктің көшірмесі қоса беріледі. Егер өтініш беруші қызметті өтініш берілген күнге дейін 12 айдан аз жүзеге асырса, онда қаржылық есептілікті ұсыну ол болған кезде соңғы есепті күнге жүзеге асырылады;
тіркеу есебіне қойылған жеріндегі мемлекеттік кіріс органының салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешектің бар немесе жоқ екені туралы анықтамасы;
осы баптың 16-тармағына сәйкес жобаны қаржылық қамтамасыз етудің растамасы (бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар үшін);
егер жобаны іске асыру объектілер (құрылысжайлар, құрылыстар) салуды талап етсе, аумақтың эскиздік жобасы қоса беріледі.
5. Өтініш беруші өтініш берген кезде арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы:
1) өтініш берілген күні оны өтініштерді тіркеу журналында тіркеуге және бірыңғай үйлестіру орталығының интернет-ресурсында орналастыруға;
2) ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексеруге міндетті.
6. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы өтінішті жобаларды іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарына сәйкес қарайды.
7. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы мәлімделген қызмет түрі, оның ішінде бірыңғай технологиялық процесс шеңберіндегі қызмет түрлері арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына, басым қызмет түрлеріне, өтініш берушілердің жобаларын іріктеу өлшемшарттарына және (немесе) ұсынылған құжаттар осы баптың 3 немесе 4-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда өтініш берушіге қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудан бас тартады.
8. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы мәлімделген қызмет түрі өтініш берушілердің жобаларын іріктеу өлшемшарттарына және (немесе) ұсынылған құжаттар осы баптың 3 немесе 4-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өтініш берушіге бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудан бас тартады.
9. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шартты немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартты жасасудан бас тарту туралы шешімді оны қабылдау негіздемесімен бірге өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жазбаша түрде жіберуге және бірыңғай үйлестіру орталығының интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.
10. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы осы баптың 7 және 8-тармақтарында көзделген талаптарды ескере отырып, өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қызметті жүзеге асыру туралы шартқа немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартқа қол қояды.
11. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шарт немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасалған кезден бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, бірыңғай үйлестіру орталығына қызметті жүзеге асыру туралы шарттың немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттың көшірмесін жібереді және шарт жасасу туралы ақпаратты бірыңғай үйлестіру орталығының интернет-ресурсында орналастырады.
12. Бірыңғай үйлестіру орталығы тиісті шарттың көшірмесін алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде өтініш беруші туралы мәліметтерді арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізеді және тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлік береді немесе куәлік бермей бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізіліміне енгізеді.
Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізіліміне немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізіліміне мәліметтер енгізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде бірыңғай үйлестіру орталығы осындай тұлғаларды және арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға мәртебесін алғаны туралы хабардар етеді. Бірыңғай үйлестіру орталығы мемлекеттік кіріс органдарын да тұлғаны арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізу туралы хабардар етеді.
Аталған тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізіліміне немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізіліміне енгізу туралы ақпарат бірыңғай үйлестіру орталығының интернет-ресурсында орналастырылады.
13. Тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлік алынғаннан кейін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен салықтық жеңілдіктерді алуға құқылы.
14. Мемлекеттік кіріс органдары бірыңғай үйлестіру орталығының хабарламасын алғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнайы экономикалық аймақтың қатысушысын есепке алуды жүзеге асырады.
15. Қызметті жүзеге асыру туралы шарттың немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы:
1) арнайы экономикалық аймақ таратылған кезде;
2) қызметті жүзеге асыру туралы шарттың немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттың мерзімі өткен немесе ол мерзімінен бұрын бұзылған кезде;
3) осы Заңда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында немесе қызметті жүзеге асыру туралы шартта немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шартта көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы қызметті жүзеге асыру туралы шарттың немесе бейінді емес қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданысы тоқтатылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай үйлестіру орталығын және мемлекеттік кіріс органдарын тиісті шарт қолданысының тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.
16. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы немесе бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға ретінде қызметті жүзеге асыруға өтініш берген кезде өтініш берушілер жоба құнының кемінде он пайызы мөлшерінде қаржылық қамтамасыз етудің бар екенін мынадай тәсілдердің бірімен:
1) ақшамен;
2) банктік кепілдікпен;
3) өтініш беруші үшін осы тармақта көзделген тәсілдермен кепілгердің қаржылық қаражатының бар екенінің растамасы қоса берілген кепілгерлікпен;
4) мүлік кепілімен;
5) сақтандыру шартымен растауға тиіс.
Өтініш беруші қаржылық қамтамасыз ету тәсілдерінің кез келгенін, оның ішінде бірнеше тәсілді комбинациялау арқылы таңдауға құқылы.
Осы тармақтың ережелері шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына қолданылмайды.