Тауарлардың нысаналы мақсатын растауды уәкілетті орган немесе уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар айқындайтын тәртіпке сәйкес және нысан бойынша өз құзыреті шегінде уәкілетті орган немесе мемлекеттік органдар жүзеге асырады.»;
8) 16-1-баптың 3-тармағының екінші бөлігі «шарттарға» деген сөзден кейін «және Еуразиялық экономикалық комиссия актілеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 17-баптың 2-тармағында:
«Тарифтік» деген сөз «Жекелеген тауарларға қатысты тарифтік» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Экспорты және (немесе) импорты осы баптың 1-тармағында белгіленген шараларға сәйкес рұқсат беру құжаттарының негізінде жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесін орталық мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша өз құзыреті шегінде айқындайды.»;
10) 33-1-бап алып тасталсын;
25-тармақтың 11) тармақшасы 2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
11) 33-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«33-2-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган және оның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жол берілетін шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы бапқа сәйкес жүзеге асырылады.
2. Сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін ішкі сауда субъектілері, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау субъектілері болып табылады.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талаптар мен шектеулер қолданылатын қызмет пен мүлік Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау объектілері болып табылады.
4. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жол берілетін шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган және оның лауазымды адамдары жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына осындай бағаларды белгілеу туралы шешімдерінің негізінде жүзеге асырады.
5. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жол берілетін шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік бақылау субъектісін осы бақылауды жүргізудің басталғаны туралы алдын ала хабардар ету талап етілмейді.
6. Уәкілетті орган өздеріне қатысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жол берілетін шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізілетін мемлекеттік бақылау субъектілерінің тізімін жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы шешімдерінің негізінде қалыптастырады.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жол берілетін шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу қорытындылары бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті орган мемлекеттік бақылау субъектісіне (объектісіне) жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою туралы нұсқама береді.
7. Әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының жол берілетін шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуын мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы көрсетілген мерзімдерде орындамау жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз болып табылады.».
26. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 15-3-бап мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Бірыңғай сатып алушының электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алуына байланысты құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.»;
2) 16-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде электр энергиясына кепілдік беріп жеткізушілерге энергиямен жабдықтаушы өзге ұйымдарға қарағанда артықшылықтар беруге болмайды.»;
3) 25-бап мынадай мазмұндағы 4-1 және 9-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Осы Заңның 13-бабының 3-3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген тыйым салу 2030 жылғы 1 қаңтарға дейін электр энергиясына кепілдік беріп жеткізушілерге қолданылмайды.»;
«9. Осы Заңның 15-3-бабының 10-тармағының күші бірыңғай сатып алушы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жасасқан электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттарға қолданылады.».
27. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
24-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қарулы Күштердің спорт, мәдениет, әуежай қызметі саласында, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында маманданатын мемлекеттік мекемелері өздерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетін және өздерінің негізгі қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге және осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен пайдалануға құқылы.»;
екінші бөліктегі «мәдениет, сондай-ақ» деген сөздер алып тасталсын.
28. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 1-тармағында:
7) тармақшаның үшінші абзацындағы «бағалары мен нарықтарының» деген сөздер алып тасталсын;
38) тармақша алып тасталсын;
2) 19-2-баптың 2-тармағы «органдардың» деген сөзден кейін «, сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның» деген сөздермен толықтырылсын.
29. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
2-1), 2-2) 2-3) және 2-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) креативті индустриялар - жеке және заңды тұлғалардың креативті қызметінің нәтижелерін жасау, шығару, қайта жаңғырту және жаппай тарату жөніндегі индустриялар;
2-2) креативті қызмет - шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға байланысты экономикалық қызмет түрлері;
2-3) Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогы - Қазақстан Республикасы кітапханаларының қорлары туралы библиографиялық мәліметтер қамтылған электрондық ақпараттық ресурс;
2-4) Қазақстан Республикасының баспасөз архиві (бұдан әрі - баспасөз архиві) - Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қорындағы баспа өнімінің жиынтығы;»;
мынадай мазмұндағы 2-5), 2-6) және 18-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-5) Қазақстан Республикасының материалдық емес мәдени мұрасы - ұрпақтан-ұрпаққа берілетін және материалдық емес мәдени құндылық болып табылатын салттар, түсініктер мен пайымдардың нысандары, білім мен дағдылар, сондай-ақ оларға байланысты құралдар, заттар;
2-6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогы - Қазақстан Республикасының музей қорына енгізілген барлық музей заттары және музей коллекциялары туралы мәліметтер қамтылған электрондық ақпараттық ресурс;»;
«18-1) шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру - кіріс алуға бағытталған, жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен көрсетілетін қызметтерді нарыққа шығару мақсатында зияткерлік қызмет нәтижелерін қоса алғанда, шығармашылық қызмет нәтижелерін іс жүзінде қолдануға байланысты қызмет;»;
2) 3-бап мынадай мазмұндағы 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-1) креативті қызметтен нәтижелер алуға, оның ішінде кіріс алуға тартылған тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне кепілдік беру;
10-2) мәдениетті, шығармашылықты, білімді, ғылымды, өндірісті және даму институттарын интеграциялау;»;
3) 6-бапта:
1) тармақша «мәдениет,» деген сөзден кейін «креативті индустриялар,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерін креативті индустриялар субъектілеріне жатқызу өлшемшарттарын бекітеді;
1-2) креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесін бекітеді;»;
4) 7-бап мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3) және 3-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-1) креативті индустриялар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;
3-2) шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
3-3) жеке кәсіпкерлік субъектілерін креативті индустриялар субъектілеріне жатқызу өлшемшарттарын әзірлейді;
3-4) креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлерінің тізбесін әзірлейді;»;
5) 4-тарау мынадай мазмұндағы 18-2-баппен толықтырылсын:
«18-2-бап. Креативті индустриялар саласындағы авторлық және сабақтас құқықтар
Автордың және орындаушының құқықтарын пайдалануға байланысты креативті индустриялар саласындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
30. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
10-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
30-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы 2022 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді
«10-1) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры - орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қаржыландыру мақсатында ақша түсімдерін есепке жатқызу және жұмсау үшін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған қолма-қол ақшаны бақылау шоты;»;
мынадай мазмұндағы 10-2) және 12-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«10-2) білім беру кредиті - қаржылық ұйымдар оқыту ақысын төлеу үшін қарыз алушыға мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен беретін ақша;»;
30-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
«12-1) білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекция - дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын, тапсырыс берушінің функциялары берілген, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобада көзделген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер кешенін жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
30-тармақтың 2) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
2) 2-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) сатып алынуы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобада айқындалған тәртіппен жүзеге асырылатын жұмыстарды, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.»;
3) 5-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-7) тармақшамен толықтырылсын:
«2-7) Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу, жұмсау, мониторингтеу және оның есептілігі тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
4) 6-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салуды, реконструкциялауды қамтамасыз етеді;»;
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өздеріне жүктелген функцияларды білім беруді басқарудың тиісті органдары және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандар әкімдерінің аппараттары арқылы іске асырады.
Аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасқан білім бөлімдері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармаларына есеп береді және олардың бақылауында болады.»;
30-тармақтың 5) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
5) 61-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері болып табылады.»;
6) 64-бап мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Өздеріне тиесілі мүліктік кешендері бар мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар, балаларға арналған мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдары иеліктен шығарылуға жатпайды.».
31. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-1-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. Қаржы-есеп айырысу орталығының электр энергиясын сатып алуына байланысты құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.»;
2) 11-1-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен жасасқан шарттарына осы Заңның 7-1-бабы 9-тармағының күші қолданылады.».
32-тармақ 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
32. «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
21-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «2023» деген цифрлар «2024» деген цифрлармен ауыстырылсын.
33. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 58-баптың 2-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;»;
2) 62-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға;»;
3) 98-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 18-3) тармақшамен толықтырылсын:
«18-3) тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшадан;».
34. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
6-3-бапта:
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы сатушының (дайындаушының, орындау шының), тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің тұтынушылардың жолданымдарын қабылдауы мен қарауы және уәкілетті органның оларға мониторинг жүргізуі қамтамасыз етіледі.
Тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері тұтынушылардың қаралған жолданымдарының нәтижелері, сондай-ақ оларды қараудан бас тарту себептері туралы барлық ақпаратты Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Тұтынушылардың жолданымдарын сатушылар (дайындаушылар, орындаушылар) Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы олар онда ерікті түрде тіркелген кезде қарайды.
4. Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы қаралатын тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жолданымдарға мыналар жатады:
1) тұтынушылардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатушыларға (дайындаушыларға, орындаушыларға) өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарды жою, сондай-ақ тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан осы бұзушылықтар келтірген залалды (зиянды) өтеу туралы наразылығы бар жолданымдары;
2) тұтынушылардың ұтыс түрінде берілген (орындалған, көрсетілген) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасы бойынша ойын бастамашыларына (ұйымдастырушыларына) наразылығы бар жолданымдары;
3) тұтынушылардың тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілеріне өздерінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан келтірілген залалды (зиянды) өтеу, моральдық зиянды өтеу үшін берілген жолданымдары.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сотқа жолданымдар Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жіберілмеуге тиіс.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. «Электрондық жолданымдар» ақпараттық талдау жүйесі арқылы қаралатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жолданымдарға мыналар жатады:
1) тұтынушылардың тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы өз құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған сатушыларға (дайындаушыларға, орындаушыларға), ойын бастамашыларына (ұйымдастырушыларына) қатысты өз құзыреті шегінде шаралар қабылдау мақсатында уәкілетті органға және тиісті мемлекеттік органдарға жолданымдары;
2) тұтынушылардың тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің және (немесе) тұтынушылардың заңды мүдделерін білдіретін өкілдердің тұтынушылық дауларды қарау және (немесе) өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті тиімсіз жүзеге асыруына байланысты оларға қатысты өз құзыреті шегінде шаралар қабылдау мақсатында уәкілетті органға және тиісті мемлекеттік органдарға жолданымдары;
3) тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, қауымдастықтардың (одақтардың) қауіпсіздік пен сапа жөніндегі белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тауарларды шығарған және өткізген (жұмыстарды орындаған және қызметтер көрсеткен) тұлғаларға қатысты өз құзыреті шегінде шаралар қабылдау мақсатында; тұтынушылардың өтініштері, шағымдары келіп түскен жағдайда тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасын бағалау мақсатында; тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу фактісін қарауға жәрдемдесу мақсатында уәкілетті органға және тиісті мемлекеттік органдарға, оның ішінде қоғамдық бақылау нәтижелері бойынша жолданымдары.».
35. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 2-тармағы «сақтау» деген сөзден кейін «, сондай-ақ әуежай қызметінің көрсетілетін қызметтерін ұсыну» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 15-1-баптың тақырыбы және бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1-бап. Азаматтық (мемлекеттік) авиация саласындағы уәкілетті органның табиғи монополиялар саласындағы құзыреті
Азаматтық (мемлекеттік) авиация саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:»;
3) 65-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі «азаматтық» деген сөзден кейін «(мемлекеттік)» деген сөзбен толықтырылсын.
36. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
36-тармақтың 1) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін қолданылды
1) мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын:
«22-1-бап. Мемлекеттік заңды тұлғаның айырбастау шарты бойынша мүлікті сатып алуы
Қазақстан Республикасының азаматтық және өзге де заңнамасына сәйкес мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалар арасында жасалатын айырбастау шарты мемлекеттік заңды тұлғаның мүлікті сатып алуына негіз болып табылады.»;
36-тармақтың 2) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін қолданылды
2) мынадай мазмұндағы 116-1-баппен толықтырылсын:
«116-1-бап. Мемлекеттік заңды тұлғаның айырбастау шарты бойынша мүлікті иеліктен шығаруы
Қазақстан Республикасының азаматтық және өзге де заңнамасына сәйкес мемлекеттік және өзге де мемлекеттік емес заңды тұлғалар арасында жасалатын айырбастау шарты мемлекеттік заңды тұлғаның мүлікті иеліктен шығаруына негіз болып табылады.»;
3) 161-баптың 2-тармағы «Қарулы Күштердің спорт» деген сөздерден кейін «, мәдениет, әуежай қызметі» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 213-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы бапта көрсетілген мүлікті өткізуден түскен қаражат Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет кірісіне немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына есепке жатқызылады.»;
5) 215-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ақша түріндегі мүлік Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет кірісіне немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына есепке жатқызылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік мүліктің құрамына түскен салымдар (депозиттер) сомасын банктер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес номиналды түрде толық көлемде бюджет кірісіне немесе Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына аударады.».
37. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 9) тармақшасы алып тасталсын;
37-тармақтың 2) тармақшасы 2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
2) 4-бапта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу;»;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу;»;
37-тармақтың 3) тармақшасы 2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
3) 7-бапта:
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілейді;»;
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізуге шекті бағаларды белгілейді;»;
21-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«21-3) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге, сондай-ақ бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізуге шекті бағаны айқындау тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
37-тармақтың 4) тармақшасы 2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
4) 9-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау тәртібін, сондай-ақ көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңдерінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу тәртібін бекітеді;»;
5) 11-1 және 14-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«11-1-бап. Мұнай беруші
Өзі дербес өндірген, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес заттай нысанда төленетін салықтар ретінде Қазақстан Республикасы алған, Қазақстан Республикасының аумағына өзі дербес әкелген (оның ішінде импорттаған) және (немесе) өзара байланысты жер қойнауын пайдаланушыдан және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді (оның ішінде импорттауды) жүзеге асырған тұлғадан тікелей сатып алынған шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын мұнай өнімдерін өндірушіге, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарына беретін және осындай мұнайды және (немесе) газ конденсатын қайта өңдеу нәтижесінде алынған мұнай өнімдерін осы Заңда белгіленген шарттармен өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға мұнай беруші болып табылады.