2) Қазақстан Республикасы банк заңнамасының нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығына қойылатын талаптарына сәйкестігін тексеруді білдіреді.»;
«6-3. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын бөлу және оларды пайдалану кезінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі және Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражатын пайдалануға жауапты тиісті атқарушы органның бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
3-тармақтың 24) тармақшасының он екінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
6-4. Осы баптың 5-4-тармағында көрсетілген растаушы құжаттардың анықтығы мен негізділігі үшін білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекция Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.»;
25) 98-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі:
«өтемақы қорының» деген сөздерден кейін «, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 25) тармақшасының үшінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
«бақылау шоттарына» деген сөздерден кейін «, білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі дирекцияның шотына» деген сөздермен толықтырылсын;
26) 104-бапта:
3-1-тармақ «қорының» деген сөзден кейін «, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-2) Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) бюджет қаражатын одан әрі пайдалануға;
4-3) өткен қаржы жылында міндеттемелер қабылданбаған бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) тиісті бюджет комиссиясының ұсынысы бойынша және бюджеттік мониторинг негізінде олардың нысаналы мақсатын өзгертпей, одан әрі қаржыландыруға пайдаланылуы мүмкін.
Бюджет комиссиясының тиісті ұсынысы бюджетті түзету жылының алдындағы жылдың 1 желтоқсанына дейін әзірленеді.»;
27) 124-баптың 1-тармағында:
1) тармақша мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының түсімдері мен шығыстары туралы есепті;»;
3-тармақтың 27) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) тармақша үшінші абзацындағы «есепті қамтиды.» деген сөздер «есепті;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы қамтиды.»;
3-тармақтың 28) тармақшасы 2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
28) 6-бөлім мынадай мазмұндағы 26-1-тараумен толықтырылсын:
«26-1-тарау. Мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндама
134-1-бап. Мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы қалыптастыру
1. Мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндама (бұдан әрі - ұлттық баяндама) мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару тиімділігін кешенді талдауды қамтитын құжат болып табылады.
2. Ұлттық баяндама мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқаруға байланысты қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қалыптастырылады.
3. Ұлттық баяндаманы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады және онда мыналар қамтылуға тиіс:
1) мемлекеттік активтердің есепті кезеңдегі жай-күйі туралы талдамалық ақпарат;
2) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің есепті кезеңдегі қызметі туралы ақпарат;
3) мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару тетіктерін одан әрі дамыту жөніндегі тұжырымдар мен ұсыныстар;
4) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі өзге де деректер.
4. Ұлттық баяндаманы қалыптастыру тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.
134-2-бап. Ұлттық баяндаманы ұсыну және бекіту
1. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын ұлттық баяндаманы Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсынады.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұлттық баяндама бекітілгеннен кейін оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының Парламентіне есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қарашасынан кешіктірмей ұсынады.
3. Ұлттық баяндама туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.»;
3-тармақтың 29) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
29) 151-бапта:
14-тармақ «инвестицияларын» деген сөзден кейін «, сондай-ақ білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын бюджеттік инвестицияларды» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
«16. Білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде бюджеттік инвестицияларды жоспарлау мен іске асыру тәртібін бюджеттік жоспарлау және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.»;
3-тармақтың 30) тармақшасы 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылады
30) 153-бап мынадай мазмұндағы 22-тармақпен толықтырылсын:
«22. Осы баптың нормалары білім беру саласындағы пилоттық ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын бюджеттік инвестициялық жобаларға қолданылмайды.»;
31) 154-1-баптың 1-тармағында:
бірінші бөліктің бірінші абзацы «экономикалық қорытындының немесе» деген сөздерден кейін «әлеуетті жекеше әріптес жекеше бастаманы іске асыру шеңберінде әзірлеген конкурстық құжаттаманың ақпараттық парағының жобасына қорытындының немесе» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың ережелері саланы (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына, егер көрсетілген құжаттарда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары көзделсе, қолданылмайды.»;
32) 154-3-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасы, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме Қазақстан Республикасының заңнамасында, жекеше бастама негізінде іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларында көзделген жағдайларда, осы баптың 1 және 2-тармақтары қолданылмай, Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен әзірленеді.»;
33) 156-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың ережелері саланы (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына, егер көрсетілген құжаттарда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары көзделсе, қолданылмайды.»;
34) 160-баптың 7-тармағы «сыйақыны» деген сөзден кейін «, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін қоса қаржыландыруды, мемлекеттің тұтыну кепілдігін» деген сөздермен толықтырылсын;
35) 48-тарау мынадай мазмұндағы 243-7-баппен толықтырылсын:
«243-7-бап. 2023 қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау ерекшеліктері
2023 қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау осы Кодекстің 12-бабының 6-тармағы қолданылмай жүзеге асырылады.».
4. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
161-баптың жетінші бөлігінің екінші абзацы «электрондық ақшаға,» деген сөздерден кейін «жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеуге арналған субсидиялар түрінде алынған, тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттардағы ақшаға,» деген сөздермен толықтырылсын.
5. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 70-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасында инвестициялық және пайдалану кезеңдерінің болуы.
Инвестициялық кезең мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін жобалауды (қажет болған жағдайда), салуды және (немесе) реконструкциялауды және (немесе) жаңғыртуды не құруды қамтиды. Пайдалану кезеңі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін оның функционалдық мақсатына сәйкес пайдалануды не мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсетуді, не оны басқаруды қамтиды;»;
2) 72-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«72-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде құрылатын (оның ішінде салынатын және қажет болған жағдайда жобаланатын) және (немесе) реконструкцияланатын және (немесе) жаңғыртылатын, сондай-ақ пайдаланылатын ғимараттар, құрылысжайлар және (немесе) жабдық, мүліктік кешендер, зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері болып табылады.»;
3) 73-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігі қағидаты - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектерде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау мен іске асыру процестері туралы ақпаратқа ашық қол жеткізу;»;
4) 82-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы сауда саясаты жөніндегі консультативтік-кеңесші органның шешімі негізінде ішкі нарықта елеулі маңызды тауарлар тізбесіне енгізілген азық-түлік тауарларының немесе өзге де тауарлардың аса жетіспеушілігін болғызбау не азайту және Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тыйым салулар мен сандық шектеулер және кедендік-тарифтік реттеу шараларын енгізуге;»;
5) 90-бапта:
1) тармақшадағы «және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілетін шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды» деген сөздер алып тасталсын;
2-4) және 2-5) тармақшалар алып тасталсын;
6) 90-6-бап мынадай мазмұндағы 39-5) тармақшамен толықтырылсын:
«39-5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарды, республикалық мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын, республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық (аукциондық) құжаттамасын, оның ішінде оларға жекеше әріптестердің мемлекеттік функциялардың іске асырылуын қамтамасыз етуін көздейтін жобалар бойынша бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласына қатысты бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келіседі;»;
7) 92-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің креативті индустриялар саласындағы қызметі;»;
8) 116-баптың 3-тармағында:
5-тармақтың 8) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізуге;»;
11) тармақшадағы «шекті бағасын» деген сөздер «бағасын» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақтың 9) тармақшасы 2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
9) 122-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«122-бап. Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізуге баға белгілеу
1. Мемлекет Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және стационарлық автожанармай құю станцияларында өткізуге арналған мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге бағаларды реттейді.
2. Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган табиғи монополиялар саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген, стационарлық автожанармай құю станцияларында өткізуге арналған мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге шекті бағаларды белгілейді.
3. Мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізушілер мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы өткізу кезінде бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізудің белгіленген шекті бағаларынан асырмауға міндетті.
Мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізушілер бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге белгіленген шекті бағалардан асырмауға міндетті.
4. Мұнай өнімдерін стационарлық автожанармай құю станциялары арқылы бөлшек саудада өткізуге және стационарлық автожанармай құю станцияларында өткізуге арналған мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуге бағалар мемлекеттік реттелген жағдайда, шекті бағалар айына бір реттен асырылмай белгіленеді.»;
10) 124-2-бапта:
тақырыптағы «газдың шекті бағасын» деген сөздер «газ бағасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«газдың шекті бағасын бекітеді» деген сөздер «газ бағасын бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 193-бапта:
3-тармақта:
5-тармақтың 11) тармақшасының үшінші абзацының күші 2025 ж. 1 қаңтарға дейін лотерея операторына қолданылмайды
екінші бөлік «кәсіпорын,» деген сөзден кейін «акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген талап Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторына және дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі, бағалы қағаздардың бастапқы нарығында акцияларды орналастырған заңды тұлғаларға, сондай-ақ олармен үлестес тұлғаларға қолданылмайды.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Нарық субъектілеріне осы баптың талаптарын бұза отырып, бәсекелес нарықта қандай да бір тауарды өндіруге, өткізуге және (немесе) сатып алуға өзге де айрықша немесе артықшылықты құқықтар беруге тыйым салынады.»;
12) мынадай мазмұндағы 282-2-баппен толықтырылсын:
«282-2-бап. Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері
1. Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалады.
2. Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері:
1) Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізеді;
2) инвесторлардың қызметін қолдап отыруды қамтамасыз етеді, оның ішінде инвесторлардың мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарымен, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерімен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен кездесулерін ұйымдастырады, инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдар, конференциялар мен семинарлар өткізеді, жұмыс істеп тұрған және перспективалы инвесторлардың дерекқорын қалыптастырады және жүргізеді, туындайтын мәселелерді шешуде инвесторларға жәрдемдеседі;
3) Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілетеді, оның ішінде инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпарат береді;
4) инвесторлармен келіссөздердің қорытындылары бойынша қол жеткізілген ресми уағдаластықтардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді;
5) инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын өнеркәсіптік-инновациялық жобаларға мониторинг жүргізеді;
6) инвесторлардың мемлекеттік қызметтерді, сондай-ақ өзге ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алуын қолдап отыру бөлігінде инвесторлармен «бір терезе» қағидаты бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
7) өнеркәсіптік өнімді, оның ішінде басым тауарлар тізбесіне сәйкес өндіруге инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізеді.»;
13) 289-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «5-тармағында» деген сөздер «4-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 295-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«295-2-бап. Инвестициялар туралы келісім
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген тұлға мен заңды тұлға, оның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында тіркелген заңды тұлға арасында жасалатын, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің жеті жарым миллион еселенген мөлшерінен кем емес мөлшерде инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шарт инвестициялар туралы келісім болып табылады.
Инвестициялар туралы келісімде инвестициялар туралы келісім жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген преференциялар мен жеңілдіктер беру шарттары мен тәртібі айқындалады, сондай-ақ инвестициялар туралы келісім жасасқан заңды тұлғалар үшін қарсы міндеттемелер белгіленеді.
Инвестициялар туралы келісімдер мынадай қызмет түрлеріндегі жобаларды іске асыру үшін жасалмайды:
1) есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымына байланысты қызмет;
2) акцизделетін өнімді өндіру және (немесе) көтерме саудада өткізу;
3) лотерея өткізу;
4) ойын бизнесі саласындағы қызмет;
5) радиоактивті материалдардың айналымына байланысты қызмет;
6) банк қызметі (не банк операцияларының жекелеген түрлері) және сақтандыру нарығындағы қызмет (сақтандыру агентінің қызметінен басқа);
7) аудиторлық қызмет;
8) бағалы қағаздар нарығындағы кәсіптік қызмет;
9) цифрлық майнинг саласындағы қызмет;
10) кредиттік бюролардың қызметі;
11) күзет қызметі;
12) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымына байланысты қызмет;
13) жер қойнауын пайдалану саласындағы қызмет, оның ішінде кен іздеушілердің қызметі;
14) пайдалы қазбаларды өткізу, оның ішінде трейдерлердің қызметі, көмір, мұнай өткізу жөніндегі қызмет.
2. Инвестициялар туралы келісімнің мерзімі, оны өзгертудің және бұзудың тәртібі мен шарттары инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган бекіткен инвестициялар туралы келісімдерді жасасу, өзгерту және бұзу қағидаларында белгіленген.
3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан туындайтын ережелерді, сондай-ақ тараптардың келісімі бойынша инвестициялар туралы келісімге өзгерістер енгізу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда инвестициялар туралы келісімнің ережелері жасалған күнінен бастап жиырма бес жыл бойы өз күшін сақтайды.»;
15) 295-3-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен заңды тұлға арасында жасалатын, заңды тұлғаның мұндай келісімді жасасуға өтінім берілген жылды қоса алғанда, сегіз жыл ішінде, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және оны жасасуға өтінім берілген жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің жетпіс бес миллион еселенген мөлшерінен кем емес жиынтық мөлшерінде, капиталдандырылатын кейінгі шығыстарды және (немесе) жаңа тіркелген активтерді сатып алуға, өндіруге, салуға арналған шығыстарды қаржыландыру жөніндегі, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес тіркелген активтердің құнын ұлғайтатын басқа да шығындарды қаржыландыру жөніндегі міндеттемелерін көздейтін шарт инвестициялық міндеттемелер туралы келісім болып табылады.
Пайдалы қатты қазбаларды өндіру және (немесе) қайта өңдеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғамен инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасқан жағдайда мұндай келісім тек қана пайдалы қатты қазбаларды өндіру және (немесе) қайта өңдеу саласындағы қызмет бойынша жасалады.
2. Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін заңды тұлғамен жасалады:
1) көмірсутекті пайдалы қазбаларды өндіретін жер қойнауын пайдаланушылар мен мұнай өнімдерін өндірушілерді қоспағанда, заңды тұлға тауар өндіруші болып табылады. Осы баптың мақсаттары үшін тауар өндіруші деп инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасуға өтінім берілген жылдың алдындағы жылдағы жиынтық жылдық кірісінің кемінде жетпіс пайызын өз өндірісінің тауарларын өткізуден не осындай тұлға өндірген пайдалы қазбаларды және (немесе) осындай тұлғаның пайдалы қазбаларды қайта өңдеуі нәтижесінде алынған өнімді өткізуден түсетін кіріс құрайтын заңды тұлға түсініледі;
2) заңды тұлға осы Кодекске сәйкес ірі немесе орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылады;
3) акцизделетін тауарларды өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асырмайды;
4) арнаулы салық режимдерін қолданбайды.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген соманың кемінде елу пайызын қаржыландыру, инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасасуға өтінім берілген жылды қоса алғанда, алғашқы төрт жыл ішінде жүзеге асырылуға тиіс.».
6. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
156-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының екінші абзацы «тұрғын үй төлемдеріне,» деген сөздерден кейін «жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттардағы ақшаға,» деген сөздермен толықтырылсын.
7. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 532-бапта:
1-тармақта:
5) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 275, 277, 280, 280-1, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528, 529, 530, 531, 532, 533, 534, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543, 544, 545, 548, 549, 550, 551, 552, 553, 554, 555, 556 және 558-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін;»;
6) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 184, 190, 192-1, 193, 200, 207, 209, 213, 214, 216, 216-1, 218, 219, 221, 222, 222-1, 226, 228, 231, 233, 233-1, 235-1, 243, 250, 259, 311, 312 және 313-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 198, 214, 216, 218, 223, 232, 234, 235, 236, 238, 239, 241, 242, 244, 245, 246, 248, 250, 253, 255, 256, 263, 275, 286, 297, 366, 367 және 368-баптары бойынша;»;
9) тармақшадағы «автокөлік құралының» деген сөздер «жүк автомобилінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) егер тауарларды жөнелту (шығару, транзиттеу) елінің кедендік декларациясын уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша толтыру тауарларды жөнелту (шығару, транзиттеу) елінде көзделсе, кедендік декларациялау кезінде мұндай кедендік декларациялардың көшірмелерін ұсынуға келісім беру туралы міндеттеменің болуы.»;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген шарттар;»;
2) 533-баптың 14-тармағындағы «және 8)» деген сөздер «, 8) және 11)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 534-бапта:
1-тармақта:
5) тармақша:
«137-бабының 4-тармағына» деген сөздерден кейін «, 417-бабының 3-1 және 8-тармақтарына, 419-бабының 5-тармағына» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Хабарламаға осы Кодекстің 55-тарауында көзделген тәртіппен шағым жасалған жағдайда, куәліктің қолданысын тоқтата тұру шағым бойынша шешім шығарылғаннан немесе шағым жасалған хабарлама бойынша сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін жүзеге асырылады;»;
7-тармақтың 3) тармақшасының жетінші және сегізінші абзацтары 2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес берешектің (бересінің) туындауы;»;
11) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар акцияларының он және одан көп пайызына ие акционерлер, мұндай заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары), басшылары, бас бухгалтерлері болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасында 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 184, 190, 192-1, 193, 200, 207, 209, 213, 214, 216, 216-1, 218, 219, 221, 222, 222-1, 226, 228, 231, 233, 233-1, 235-1, 243, 250, 259, 311, 312 және 313-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 198, 214, 216, 218, 223, 232, 234, 235, 236, 238, 239, 241, 242, 244, 245, 246, 248, 250, 253, 255, 256, 263, 275, 286, 297, 366, 367 және 368-баптары бойынша қылмыстық іс қозғау;»;