Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 3 мамырдағы № 553 Қаулысы
(2014.09.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінiң 2005.09.02. № 122 Қаулысымен кіріспе өзгерді (бұр. ред. қара)
Төтенше жағдайларда алдын алу мен iс-қимыл жасаудың мемлекеттік жүйесiн одан әрi жетiлдiру, министрлiктердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ғылыми, қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктердiң халықты және аумақтарды авариялардан, апаттар мен зiлзала нәубеттерiнен қорғау, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелерi жөніндегі iс-қимылын үйлестiру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
ҚР Үкіметінiң 2005.09.02. № 122 Қаулысымен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік Комиссия құрылсын.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік Комиссия министрлiктердiң, өзге де орталық және атқарушы органдардың, ғылыми, қоғамдық бiрлестiктердiң авариялардың, апаттар мен зiлзала нәубеттерiнiң алдын алу және жою мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу үшiн консультациялық-кеңесшi орган болып табылады деп белгiленсiн.
ҚР Үкіметінiң 28.04.98 ж. № 390 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік Комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
ҚР Үкіметінiң 05.05.00 ж. № 671; 2005.09.02. № 122 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен 3-тармақ өзгерді
3. Облыстардың және Алматы қаласының әкімі облыстық (қалалық, аудандық) Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялар құрып, оларға басшылық етудi өздерiнiң орынбасарларына, ал ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етудi - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң.
ҚР Үкіметінiң 2005.09.02. № 122 Қаулысымен 4-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
4. Министрлiктердiң, өзге де орталық және атқарушы органдар Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiнде тиiстi салалық және объектiлiк комиссиялар құрып, оларға басшылық етудi өздерiнiң бiрiншi орынбасарларына (бас инженерлерiне) жүктейтiн болсын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмдерi қосымшаға сәйкес күшiн жойды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 3 мамырдағы № 553 Қаулысымен
бекiтiлген
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі
ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия (бұдан әрi - Комиссия) консультациялық-кеңесшi орган болып табылады және авариялардан, апаттардан, зiлзала және басқа нәубеттерден болатын төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою саласында бiрыңғай мемлекеттік саясат жасау және жүргiзу жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында құрылып отыр.
ҚР Үкіметінiң 2005.09.02. № 122 Қаулысымен 2-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
2. Комиссия өзiнiң өкiлеттiктерiн министрлiктермен, өзге де орталық және атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынас жасай отырып жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінiң 07.11.03 ж. № 1112; 2005.09.02. № 122 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен 3-тармақ өзгерді
3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
авариялардан, апаттардан, зiлзала және басқа нәубеттерден болатын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында бiрыңғай мемлекеттік саясат жасау және жүргiзу;
авариялардан, апаттардан, зiлзала және басқа нәубеттерден болатын төтенше жағдайлардан, халықты, елдiң аумағын қорғауға және қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық, ұйымдық-техникалық және өзге шаралар жүйесiн жасау;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою күштерi мен құралдарын құру және дамыту саласында бiрыңғай техникалық саясат жүргiзу;
төтенше жағдайларда алдын алу және iс-қимыл жасаудың мемлекеттік жүйесiн жетiлдiру мен одан әрi дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау;
төтенше жағдайлардың алдын алуға халықты және елдiң аумағын төтенше жағдайлардан қорғауға және осы бағдарламаларды орындау жөніндегі жұмыстарды үйлестiруге бағытталған мемлекеттік нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламалардың жобаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;
министрлiктердiң, өзге де орталық және атқарушы органдардың авариялардың, апаттардың, зiлзала және басқа нәубеттердiң салдарынан зардап шеккен азаматтарды, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға қатысқан адамдарды әлеуметтiк-экономикалық және құқықтық қорғау, медициналық оңалту мәселелерi бойынша қызметiн үйлестiру;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негiзгi бағыттарын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, меншiктің барлық нысанындағы кәсiпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, адамдардың жұқпалы аурулары iндетi мен жаппай улануының, мал эпизоотиясы мен өсімдiктер ауруының алдын алуға, оқшаулауға және жоюға, Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын аса қауіпті аурулар мен карантиндiк жұқпалы аурулар әкелуден және олардың таралуынан санитарлық қорғауға бағытталған қызметiн үйлестіру.
ҚР Үкіметінiң 2005.09.02. № 122 Қаулысымен 4-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
4. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тапсыруымен:
министрлiктердiң, өзге де орталық және атқарушы органдардың, ғылыми, қоғамдық ұйымдар мен бiрлестiктердiң төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы iс-қимылын үйлестiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
Комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша заң және басқа нормативтiк-құқықтық актiлердiң жобаларын жасауға қатысуға;
министрлiктердiң, өзге де орталық және атқарушы органдардың лауазымды адамдарының Комиссияның құзыретiне жататын мәселелер бойынша есебiн тыңдауға;
министрлiктерден, өзге де орталық және атқарушы органдардан, меншiктiң барлық нысандарындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерден комиссияның қажеттi қызметi жөнiнде ақпарат сұратуға;
министрлiктердiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, оның iшiнде бағдарламалық шараларды iске асыруға бюджеттен бөлiнген қаражатты, мақсатты пайдалануға талдау жасау мәселелерi жөніндегі мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды орындауына талдау жүргiзуге;
Қазақстан Республикасының кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының мамандарын (олардың басшылары мен келісім бойынша) төтенше жағдайларды алдын алу және жою мәселелерi жөніндегі талдау жасалатын, сараптық және басқа жұмыстарды орындау үшiн тартуға құқылы.
ҚР Үкіметінiң 28.04.98 ж. № 390 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 05.05.00 ж. № 671 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 07.11.03 ж. № 1112 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінiң 02.02.04 ж. № 123 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінiң 2005.09.02. № 122 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрi комиссияның төрағасы болып табылады;
ҚР Үкіметінiң 28.04.98 ж. № 390; 05.05.00 ж. № 671; 2005.09.02. № 122 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен 6-тармақ өзгерді; ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
ҚР Үкіметінiң 28.04.98 ж. № 390; 05.05.00 ж. № 671; 2005.09.02. № 122 (бұр. ред. қара) Қаулыларымен 7-тармақ өзгерді
7. Комиссия өзiнiң қызметiн төраға бекiтетiн жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.
Комиссияның мәжілістерi қажет болуына қарай, бiрақ тоқсан сайын кемiнде бiр рет өткiзiледi. Комиссияның шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiн талап ететiн мәселелер бойынша Комиссия Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі арқылы белгiленген тәртiппен тиiстi ұсыныстар енгiзедi.
8. Комиссияның құзыретiне сәйкес қабылданған шешiмдерiнiң нұсқаулық сипаты болады.
9. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметін Комиссия қарайтын және шешетiн неғұрлым маңызды мәселелер жөнiнде үнемi хабардар етiп отырады.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 10-тармақпен толықтырылды
10. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін комиссия хатшысы хаттама ресімдейді.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 11-тармақпен толықтырылды
11. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 12-тармақпен толықтырылды
12. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1996 жылғы 3 мамырдағы № 553 Қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшiн жойған шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
1. «Қазақ ССР-iнiң Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының дербес құрамы туралы» Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 11 қыркүйектегi № 525 қаулысы.
2. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының дербес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 28 мамырдағы № 476 қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының дербес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 мамырдағы № 345 қаулысы.
4. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының дербес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 қаңтардағы № 82 қаулысы.
5. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының дербес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 29 сәуірдегі № 463 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 20, 210-бап).
6. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының дербес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 6 қазандағы № 1119 қаулысы.
7. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының дербес құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 7 желтоқсандағы № 1379 қаулысы.
8. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының дербес құрамына өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 желтоқсандағы № 1453 қаулысы.
9. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының дербес құрамына өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 6 наурыздағы № 223 қаулысы.
10. «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясының дербес құрамына өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 19 мамырдағы № 718 қаулысы.