Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 3 мамырдағы № 553 және 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 7 қарашадағы № 1112 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзілсін:
1) "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 3 мамырдағы № 553 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 19, 164-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiс енгiзілсін:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, меншiктің барлық нысанындағы кәсiпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, адамдардың жұқпалы аурулары iндетi мен жаппай улануының, мал эпизоотиясы мен өсімдiктер ауруының алдын алуға, оқшаулауға және жоюға, Қазақстан Республикасының шекарасы мен аумағын аса қауіпті аурулар мен карантиндiк жұқпалы аурулар әкелуден және олардың таралуынан санитарлық қорғауға бағытталған қызметiн үйлестіру";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің бiрiншi орынбасары комиссияның төрағасы болып табылады";
2) "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 маусымдағы № 554 қаулысына:
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрамына мыналар енгiзілсін:
Исекешев - Қазақстан Республикасының
Әсет Өрентайұлы Индустрия және сауда вице-министрi
Мұстафин - Қазақстан Республикасының Көлiк
Қуандық Сапарұлы және коммуникациялар министрлігі
Көлiктiк бақылау комитетiнiң төрағасы
Ойнаров - Қазақстан Республикасының
Азамат Рысқұлұлы Қаржы вице-министрi
Түсімов - Қазақстан Республикасының Iшкi
Өмiрзақ Төлеуұлы iстер министрлігі Жол полициясы
департаментiнің бастығы;
мына:
"Белоног - Қазақстан Республикасының
Анатолий Александрович Денсаулық сақтау вице-министрi,
Қазақстан Республикасының бас
мемлекеттік санитарлық дәрiгерi"
деген жолда "вице-министрі" деген сөздер "бiрiншi вице-министрi" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген құрамнан Бейсембаев Мұхтар Таңатұлы, Құсайынов Әбiлғазы Қалиақпарұлы, Тоқсейiтов Рахымберген Құрманғалиұлы, Өмiрзақов Берік Нұрпейісұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |