Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 28 сәуірдегі № 390 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 457 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.05.05. № 671 қаулысымен.
2. "Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 3 мамырдағы № 553 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 1996 ж., № 19, 164-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
2-тармақтағы "мен оның дербес құрамы" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның құрамы туралы ережеде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiнiң төрағасы комиссияның төрағасы болып табылады (лауазымы бойынша)";
6-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың үшiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
мiндетiн атқарушы