2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
5. Қолма-қол ақшамен қабылданған төлемақы сомаларын «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған табиғат қорғау ұйымдары кейіннен оларды бюджет есебіне жатқызу үшін ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейінгі күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімі айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен кем болса, ақшаны тапсыру, ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі үш операциялық күнде бір рет жүзеге асырылады.
6. Жеке тұлғалар төлемақы сомасын қолма-қол ақшалай төлеген кезде қатаң есептілік бланкілеріне «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған табиғат қорғау ұйымдарының сәйкестендіру нөмірі қойылады.
7. Төлемақының төленген сомалары қайтарылуға жатпайды.
8. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесі ресурстарын және орман ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлеу осы Кодекстің 502 және 507-баптарына сәйкес жүргізіледі.
75-тарау. РАДИОЖИІЛІК СПЕКТРІН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ
512-бап. Жалпы ережелер
1. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бөлген радиожиілік спектрінің номиналдары (белдеулері, диапазондары) (бұдан әрі - радиожиілік спектрінің номиналдары) үшін алынады.
2. Радиожиілік спектрін пайдалану құқығы байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.
2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Радиожиілік спектрінің номиналдарын бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негізде жүргізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды қамтамасыз ету мақсатында ұлттық телерадио хабарларын тарату операторына радиожиілік спектрінің номиналдары конкурс өткізбей бөлінеді.
Бұл ретте конкурс қорытындылары бойынша жеңімпаз Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде мемлекеттік бюджетке бір жолғы төлемақы енгізеді.
4. Бюджетке төленуге тиіс бір жолғы төлемақы сомасы осы баптың 3-тармағына сәйкес төлем есебіне есептелмейді.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Байланыс саласындағы аумақтық уәкiлеттi мемлекеттік органдар өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлеушілер және төлемақы сомалары туралы, сондай-ақ салық салу объектiлерi туралы мәлiметтерді мынадай мерзімде:
1) осы Кодекстің 515-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайда - салық кезеңінің 25 ақпанынан кешіктірмей;
2) осы Кодекстің 515-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайда - салық төлеуші радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей табыс етеді.
513-бап. Төлемақы төлеушілер
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен радиожиiлiк спектрiн пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушiлер болып табылады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше төлемақыны дербес төлеуші ретінде танылған жағдайда, заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 514-бап өзгертілді; 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 514-бап жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
514-бап. Төлемақы ставкалары
1. Төлемақының жылдық мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бiрiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерiне негiзделе отырып, радиобайланыс түрiне, пайдаланылатын жиiлiктердiң номиналдарына (диапазон белдеулеріне), радиоұзартқыштар жинақтамаларына, пайдалану аумағына, сондай-ақ байланыс қызметтерi ұсынылатын елді мекен аумағында тұратын халықтың санына, сондай-ақ таратушы радиоэлектрондық құралдың қуатына қарай айқындалады.
2. Радиобайланыстың мына түрлеріне төлемақының жылдық мөлшерлемелері мынаны құрайды:
| Р/с № | Радиобайланыс түрлерi | Пайдалану аумағы | Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Дербес радиошақыру радиожүйелерi (енi 25 кГц жиiлiк белгiленгенi үшiн) | облыс, Астана, Алматы қалалары | 10 |
| 2. | Транкинг байланысы (қабылдауға енi 25 кГц/беруге 25 кГц радиоарна үшiн) | | |
| 1) | | Астана, Алматы қалалары | 140 |
| 2) | | халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен | 80 |
| 3) | | қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) | 10 |
| 3. | УҚТ-диапазонды радиобайланыс (қабылдауға енi 25 кГц/25 кГц дуплекстi арна үшiн) | | |
| 1) | | Астана, Алматы қалалары | 80 |
| 2) | | халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен | 60 |
| 3) | | қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) | 15 |
| 4. | УҚТ-диапазонды радиобайланыс (енi 25 кГц симплекстi арна үшiн) | | |
| 1) | | Астана, Алматы қалалары | 30 |
| 2) | | халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен | 20 |
| 3) | | қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) | 10 |
| 5. | Таратқыштың шығу қуаты: - 50 Вт-қа дейiн; - 50 Вт-тан астам болған кезде ҚT-байланыс (бiр жиiлiк белгiленгенi үшiн) | облыс, Астана, Алматы қалалары | 10 20 |
| 6. | Радиоұзартқыштар (арна үшiн) | облыс, Астана, Алматы қалалары | 2 |
| 7. | Ұялы байланыс (қабылдауға енi 200 кГц/беруге 200 кГц жиiлiк белдеуi үшiн) | облыс, Астана, Алматы қалалары | 1100 |
| 7.1. | Үшiншi жаңартылымдағы ұялы байланыс және төртiншi жаңартылымдағы ұтқыр байланыс (қабылдауға енi 2 МГц/беруге 2 МГц радиожиiлiк белдеуi үшiн) | облыс, Астана, Алматы қалалары | 2200 |
| 8. | Жаһандық жеке жылжымалы спутниктік байланыс (қабылдауға енi 100 кГц/ беруге 100 кГц жиiлiктердiң дуплекстi белдеуi үшiн) | Қазақстан Республикасы | 20 |
| 9. | HUB - технологиялы спутниктік байланыс (HUB-қа пайдаланылатын қабылдауға енi 100 кГц/беруге 100 кГц белдеуi үшiн) | Қазақстан Республикасы | 30 |
| 10. | HUB-технологиясынсыз спутниктік байланыс (бiр станция пайдаланатын жиiлiктер үшiн) | Қазақстан Республикасы | 100 |
| 11. | Радиорелелi желiлер (бiр аралықтағы дуплекстi арна үшiн): | | |
| 1) | жергiлiктi | аудан, қала, кент, ауыл, ауылдық округ | 40 |
| 2) | аймақтық және магистральдық | Қазақстан Республикасы | 10 |
| 12. | Сымсыз радиоға қол жетiмдiлiк жүйелерi (қабылдауға енi 25 кГц/ беруге 25 кГц дуплекстi арна үшiн) | | |
| 1) | | халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен | 25 |
| 2) | | қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) | 2 |
| 13. | КБС-технологиясы пайдаланылған кезде сымсыз радиоға қол жетiмдiлiк жүйелерi (қабылдауға енi 2МГц/ беруге 2МГц дуплекстi арна үшiн) | | |
| 1) | | Астана, Алматы қалалары | 140 |
| 2) | | халқының саны 50 мың адамнан асатын елдi мекен | 70 |
| 3) | | қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (аудандық маңызы бар қала, аудан, кент, ауыл, ауылдық округ) | 5 |
| 14. | Эфирлiк-кабельдік телевизия (8 МГц жиiлiк белдеуi үшiн) | | |
| 1) | | халқының саны 200 мың адамнан асатын елдi мекен | 300 |
| 2) | | халқының саны 50 мыңнан 200 мың адамға дейін болатын елдi мекен | 135 |
| 3) | | халқының саны 50 мың адамға дейiн болатын аудандық маңызы бар қала, аудан | 45 |
| 4) | | қалған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер (кент, ауыл, ауылдық округ) | 5 |
| 15. | Теңiздегi радиобайланыс (радиомодем, жағалаулық байланыс, телеметрия, радиолокациялық және т.б.), бiр радиоарна үшiн | облыс | 10 |
3. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға төлемақының жылдық мөлшерлемелері мынаны құрайды:
| Р/с № | Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға арналған жиіліктер диапазоны | Пайдалану аумағы | Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1. | Телевизия/метрлік жиілік диапазоны | |
| 1) | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 50 Вт-ға дейінгі | Астана, Алматы қалалары | 81 |
| облыс | 15 |
| 2) | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 250 Вт-ға дейінгі | Астана, Алматы қалалары | 361 |
| облыс | 65 |
| 3) | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 500 Вт-ға дейінгі | Астана, Алматы қалалары | 957 |
| облыс | 174 |
| 4) | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 1000 Вт-ға дейінгі | Астана, Алматы қалалары | 1353 |
| облыс | 245 |
| 5) | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-дан жоғары | Астана, Алматы қалалары | 2344 |
| облыс | 425 |
| 2. | Телевизия/дециметрлік жиілік диапазоны | |
| 1) | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 50 Вт-ға дейінгі | Астана, Алматы қалалары | 51 |
| облыс | 9 |
| 2) | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 250 Вт-ға дейінгі | Астана, Алматы қалалары | 228 |
| облыс | 41 |
| 3) | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 500 Вт-ға дейінгі | Астана, Алматы қалалары | 605 |
| облыс | 110 |
| 4) | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты қоса алғанда 1000 Вт-ға дейінгі | Астана, Алматы қалалары | 855 |
| облыс | 155 |
| 5) | Таратушы радиоэлектрондық құралдың қуаты 1000 Вт-дан жоғары | Астана, Алматы қалалары | 1481 |
| облыс | 269 |
4. Қоса алғанда алты айға дейiнгі мерзімде тәжiрибелiк пайдалану, жарыстар, көрмелер және өзге де iс-шаралар өткiзу кезеңiнде радиожиiлiк спектрiн пайдаланған кезде төлемақы радиобайланыс түрiне, радиожиiлiк спектрiн пайдалану аумағына және таратушы радиоэлектрондық құралдың қуатына қарай, оны нақты пайдалану мерзiмiне сәйкес мөлшерде, бiрақ төлемақының жылдық мөлшерлемесінің кемiнде 1/12 мөлшерiнде белгiленедi.
Енi осы баптың мөлшерлемелерінде көрсетiлгеннен өзгеше дуплекстi арна белдеуiн пайдаланатын технологияларды қолданған жағдайда, төлемақы мөлшерлемелері төлеушi нақты қолданатын дуплекстi арна белдеуi енiнiң үлес салмағының осы баптың мөлшерлемелерінде көрсетiлген дуплекстi арна белдеуiнiң енiне ара қатынасы негiзге алына отырып айқындалады.
Кең белдеулi сигнал (КБС) технологиясын пайдалану кезiнде төлемақы енi қабылдауға 2 МГц/беруге 2 МГц белдеу үшiн алынады.
515-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Төлемақы сомасын байланыс саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган рұқсат құжаттарында көрсетiлген техникалық параметрлерге, оның ішінде таратушы радиоэлектрондық құралдың қуатына сәйкес радиобайланыс түрi мен радиожиiлiк спектрiн пайдалану аумағына қарай төлемақының жылдық мөлшерлемелері негiзiнде есептейдi.
2. Егер есепті салық кезеңіндегі радиожиілік спектрін пайдалану кезеңі бір жылдан кем болған жағдайда төлемақы сомасы жыл бойына есептелген төлемақы сомасын он екіге бөліп, оны жыл бойы радиожиілік спектрі пайдаланылған айлардың тиісті санына көбейту арқылы айқындалады.
3. Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар төлемақының жылдық сомасын көрсетіп хабарлама жазады және оны төлемақы төлеушілерге ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірмей жібереді.
4. Радиожиілік спектрін пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда, байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеушіге төлемақы сомасын көрсете отырып, салық төлеуші радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей хабарлама жібереді.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жылдық төлемақы сомасы бюджетке төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша тең үлестермен ағымдағы жылдың 25 наурызынан, 25 маусымынан, 25 қыркүйегінен және 25 желтоқсанынан кешіктірілмей төленеді.
Қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асырмайтын және Қазақстан Республикасында салық төлеушілер ретінде тіркелмеген шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және резидент емес заңды тұлғалар байланыс саласындағы мемлекеттік уәкілетті органның орналасқан жері бойынша бюджетке төлемақы төлейді.
6. Радиожиілік спектрін пайдалану құқығын куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда, рұқсат құжатын алған күннен кейінгі кезекті мерзім алғашқы төлеу мерзімі болып табылады.
516-бап. Салық кезеңі
Салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.
517-бап. 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
76-тарау. ҚАЛААРАЛЫҚ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕЛЕФОН БАЙЛАНЫСЫН, СОНДАЙ-АҚ ҰЯЛЫ
БАЙЛАНЫСТЫ БЕРГЕНІ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ 76-т
518-бап. Жалпы ережелер
1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы):
1) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын;
2) ұялы байланысты беру құқығы үшін алынады.
2. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығы (бұдан әрі - құқық) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген рұқсат құжаттарымен куәландырылады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Байланыс саласындағы аумақтық уәкiлеттi мемлекеттік органдар өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша төлеушілер және төлемақы сомалары туралы, сондай-ақ салық салу объектiлерi туралы мәлiметтерді мынадай мерзімде:
1) осы Кодекстің 521-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайда, - салық кезеңінің 25 ақпанынан кешіктірмей;
2) осы Кодекстің 521-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайда - салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланыс ұсынуға рұқсат алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей табыс етеді.
519-бап. Төлемақы төлеушілер
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен құқық алған, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
520-бап. Төлемақы ставкалары
Төлемақының жылдық ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
521-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлемақы сомасын байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган төлемақының жылдық ставкалары негізінде төлемақы төлеушілердің электрлі байланыс (телекоммуникациялар) қызметтерін беруден түсетін кірістерін негізге ала отырып есептейді.
2. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру кезеңі есепті салық кезеңінде бір жылдан кем болған жағдайда, төлемақы сомасы жыл бойынша есептелген төлемақы сомасын он екіге бөліп, оны жыл бойы қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс берілген айлардың тиісті санына көбейту арқылы айқындалады.
3. Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жылдық төлемақы сомасы көрсетілген хабарлама жазады және оны ағымдағы есепті кезеңнің 20 ақпанынан кешіктірілмейтін мерзімде төлеушіге жібереді.
4. Құқықты куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда, байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық төлеуші қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беруге рұқсат алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, төлемақы сомасы көрсетілген хабарламаны төлемақы төлеушіге жібереді.
5. Жылдық төлемақы сомасы бюджетке төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша тең үлестермен ағымдағы жылдың 25 наурызынан, 25 маусымынан, 25 қыркүйегінен және 25 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімдерде төленеді.
6. Құқықты куәландыратын рұқсат құжатын осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алған жағдайда рұқсат құжатын алған күннен кейінгі кезекті мерзім алғашқы төлеу мерзімі болып табылады.
522-бап. Салық кезеңі
Салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.
523-бап. 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
77-тарау. КЕМЕ ЖҮЗЕТІН СУ ЖОЛДАРЫН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 524-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
524-бап. Жалпы ережелер
1. Кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы (бұдан әрi - төлемақы) Қазақстан Республикасының кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн алынады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Көлiк саласындағы мемлекеттік уәкiлеттi орган жыл сайын, есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешiктiрмей уәкiлеттi орган белгiлеген тәртіппен және нысан бойынша уәкiлеттi органға навигация мерзiмдерi туралы мәліметтер ұсынады.
525-бап. Төлемақы төлеушілер
1. Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
2. Мемлекеттік мекемелер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 526-бап жаңа редакцияда
526-бап. Төлемақы мөлшерлемесі
1 валдық регистрлiк тонна үшiн төлемақының жылдық мөлшерлемесі республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған 0,26 айлық есептiк көрсеткiш есебiнен айқындалады.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 527-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
527-бап. Есептеу, төлеу және салық есептілігін ұсыну тәртібі
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Жылдық төлемақы сомасы жылдық төлемақы мөлшерлемесі мен кеменің регистрлік тоннадағы жалпы сыйымдылығы негiзге алына отырып айқындалады.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бір ай үшін төлемақы мөлшері көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ағымдағы жылға белгілейтін навигация кезеңіне есептелген жылдық төлемақы сомасын бөлу арқылы айқындалады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Салық кезеңінің қорытындылары бойынша бюджетке енгізілуге жататын төлемақы сомасы осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын бір ай үшін төлемақы мөлшерін кеме жүзетін су жолдарының нақты кезеңіне көбейту жолымен айқындалады. Бұл ретте, салық кезеңі үшін төлемақы сомасы бір ай үшін төлемақы мөлшерінен кем болмауға тиіс. Төлемақы төлеу төлемақы жөніндегі декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмей төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
4. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Кеменің бір жолғы кіруі кезінде шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, резидент емес шетелдік заңды тұлғалар бір ай үшін төлемақы мөлшерінде бюджетке төлемақы енгізеді. Олар Қазақстан Республикасының кеме жүзетін су жолдарында бір айдан астам болған кезде бюджетке төлемақыны осы бапта белгіленген тәртіппен енгізеді.
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Төлемақы төлеушілер төлемақы төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органдарына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей төлемақы жөнінде декларация тапсырады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9. 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл төлемақы үшін салық кезеңі болып табылады.
78-тарау. СЫРТҚЫ (КӨРНЕКІ) ЖАРНАМАНЫ ОРНАЛАСТЫРҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ
528-бап. Жалпы ережелер
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) Қазақстан Республикасының аумағындағы жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуіндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде және көлік құралдарына орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін алынады.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін сыртқы (көрнекі) жарнама деп:
1) астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда;
2) астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда тіркелген көлік құралдарында;
3) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің аумағы шегіндегі республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырылған жарнамаларды қоспағанда, республикалық және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырылған жарнамалар танылады.
2. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін (бұдан әрі - жарнама объектісі) орналастыру:
2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда; 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)