4. Деректер жеткілікті айқын болмаған немесе толық болмаған, сондай-ақ бұрын тексерілген мән-жайлар мен құжаттарды тақырыптық тексерудің барысында жаңа мәселелер туындаған кезде жоғары тұрған салық қызметі органы қайта тексеруді тағайындауға құқылы.
5. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім тақырыптық тексерудің және (немесе) қайта тақырыптық тексерудің нәтижелері ескеріле отырып шығарылады. Бұл ретте жоғары тұрған салық қызметі органы осындай тексерулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ол шағым бойынша шешім қабылдау кезінде оларды ескермеуге құқылы, алайда мұндай келіспеушілік дәлелді болуға тиіс.
94-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ (САЛЫҚ АГЕНТІНІҢ) ШАҒЫМЫН ҚАРАУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ШЕШІМДІ ҚАЙТА ҚАРАУ ТӘРТІБІ
676-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың нәтижелері бойынша шешімді қайта қарауды жүзеге асыратын орган
Осы Кодексте көзделген ережелерге сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексерудің нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қараудың нәтижелері бойынша шешімді қайта қарауды уәкілетті орган жүргізеді.
677-бап. Уәкілетті органға шағым берудің тәртібі
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Уәкiлеттi органға шағым салық төлеушi (салық агенті) шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiмдi алған күннен кейінгі күннен бастап не салық қызметінің жоғары тұрған органының шешiмi болмаған кезде осы Кодекстің 670-бабының 1-тармағында көрсетілген мерзiм аяқталған соң отыз жұмыс күнi iшiнде берiледi.
Бұл ретте, салық төлеуші (салық агенті) шағымның көшірмесін салық төлеушінің шағымын қараған салық қызметінің жоғары тұрған органына жіберуге тиіс.
Шағымды қарау нәтижелері бойынша салық қызметінің жоғары тұрған органының шешімін салық төлеушіге (салық агентіне) қолын қойғызып тапсырған күн немесе тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберген кезде пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына салық төлеушінің (салық агентінің) белгі қойған күні оны салық төлеуші (салық агенті) алған күн болып табылады.
Уәкілетті органға шағым беру күні оны беру тәсіліне қарай:
1) өзі келу тәртібімен - уәкілетті органның шағымды алған күні;
2) пошта арқылы - поштаның немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгісі қойылған күн болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда бұл мерзімді шағым беретін салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші бойынша уәкілетті орган қалпына келтіруі мүмкін.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Уәкілетті орган шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру мақсатында оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) уақытша еңбекке жарамсыздығын дәлелді себеп деп таниды.
Осы тармақтың ережесі оған қатысты салықтық тексеру жүргізілетін жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымы жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған кезде олардың орнын ауыстыратын тұлғалардың болуын көздемейтін салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылады.
Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңін растайтын құжатты және осындай салық төлеушінің (салық агентінің) ұйымдық құрылымын белгілейтін құжатты қоса беруге тиіс.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Шағым берудің өткізіп алған мерзімін уәкілетті органның қалпына келтіру туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтініші салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішті осы баптың 3-тармағында көрсетілген адамдардың уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана қанағаттандырылады.
5. Уәкілетті органға шағым беру осы баптың ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 667-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
678-бап. Уәкілетті органға жіберілетін шағымның нысаны мен мазмұны
1. Уәкілетті органға жіберілетін шағым нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстің 668-бабында белгіленген талаптарға жауап беруге тиіс.
2. Уәкілетті органға жіберілетін шағымға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараған жоғары тұрған салық қызметі органы шешімінің көшірмесі қоса тіркелуге тиіс.
679-бап. Шағымды қараудан бас тарту
1. Уәкілетті органның шешімді қараудан бас тартуы, осы баптың ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 669-бабында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Уәкiлеттi органның осы Кодекстiң 669-бабының 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда шешiмдi қараудан бас тартуы, егер салық төлеушi (салық агентi) жол берiлген бұзушылықтарды жойса, оны осы Кодекстiң 677-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiм шегiнде қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.
Осы Кодекстiң 669-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеушi (салық агентi) уәкiлеттi органға қайтадан шағым беруге құқылы емес.
680-бап. Уәкілетті органға жіберілген шағымды қарау тәртібі
1. Осы Кодексте белгіленген тәртіппен берілген, уәкілетті органға жіберілген шағымды уәкілетті орган - оның тіркелген күнінен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымдарын, осы Кодекстің 670-бабының 2-тармағында және 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тіркелген күнінен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.
2. Уәкілетті орган шағымды қарауды осы баптың ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 670-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.
3. Уәкілетті орган шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде оның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысатын лауазымды адамдарға қандай да бір ықпал етуге тыйым салынады.
681-бап. Уәкілетті органға жіберілген шағым бойынша шешім шығару
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Уәкілетті орган шағымды мәнi бойынша қарау аяқталған соң жазбаша түрде дәлелдi шешiм шығарады және оны салық төлеушiге (салық агентіне) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жiбередi немесе қолын қойғызып тапсырады, ал көшiрмесiн салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараған салық органына жібередi.
2. Шағымды қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган:
1) шағымды қанағаттандырусыз қалдыруға;
2) салық органының шағым жасалған шешімінің күшін жоюға;
3) шешімді өзгертуге немесе жаңа шешім шығаруға құқылы.
3. Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған уәкілетті органның шешімі салық органдарының орындауы үшін міндетті.
682-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру
Уәкілетті органға жіберілген шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 672-бабында белгіленген жағдайларда және тәртіппен тоқтатыла тұрады.
683-бап. Уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны
Уәкілетті органның шешімінде:
1) шешімнің қабылданған күні;
2) шағым берген салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не толық атауы;
3) сәйкестендіру нөмірі;
4) жоғары тұрған салық қызметі органының шағым жасалып отырған шешімінің қысқаша мазмұны;
5) шағымның мәні;
6) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған негіздеме мен қорытындылар көрсетілуге тиіс.
684-бап. Уәкілетті органға шағым берудің салдары
1. Уәкілетті органға шағым беру жазбаша шешім шығарылғанға дейін салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның орындалуын шағым жасалған бөлігінде тоқтата тұрады.
2. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күші жойылған жағдайда салықтық тексеру актісінің салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде ғана күші жойылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 685-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
685-бап. Тақырыптық тексеру тағайындау және жүргізу тәртібі
1. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде, қажет болған жағдайда тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы.
2. Тақырыптық тексеруді тағайындау және жүргізу осы баптың ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 675-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Уәкілетті орган нәтижелеріне шағым жасалған салықтық тексеруді жүргізген салық органына, сондай-ақ салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қараған салық органына тақырыптық тексеру жүргізуді тапсырмауға тиіс.
4. Уәкілетті органға жіберілген шағым бойынша шешім тақырыптық тексеру және (немесе) қайта тақырыптық тексеру нәтижелері ескеріле отырып шығарылады. Бұл ретте уәкілетті орган осындай тексерулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ол шағым бойынша шешім қабылдау кезінде оларды ескермеуге құқылы, алайда мұндай келіспеушілік дәлелді болуға тиіс.
95-тарау. САЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ОРГАНДАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ
686-бап. Шағым жасау құқығы
Салық төлеушінің немесе оның уәкілетті өкілінің жоғары тұрған салық қызметі органына немесе сотқа салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқығы бар.
687-бап. Шағым жасау тәртібі
Салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген тәртіппен шағым жасалады.
688-бап. Салық қызметі органдары лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылығы
Салық қызметі органдарының Қазақстан Республикасы салық заңнамасының бұзылуына кінәлі лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Н. НАЗАРБАЕВ |
| | |
Астана, Ақорда, 2008 жылғы желтоқсанның 10-ы.
№ 99-ІV ҚРЗ