8. Төлемақы сомасы жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жүзеге асыратын ұйымдар жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемді осы Кодекстің 17-тарауында белгіленген ережелерді ескере отырып есептейді.
482-бап. Салық кезеңі
Салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.
483-бап. Салық есептілігі
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды, сондай-ақ мүлiк салығы бойынша салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін салық салу объектілері орналасқан және (немесе) жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген жер учаскелерi бойынша дара кәсiпкерлерді қоспағанда, төлемақы төлеушілер жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын ұсынады.
2. Төлемақы төлеушілер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын есепті салық кезеңінің 20 ақпанынан кешіктірмей табыс етеді.
3. Салық кезеңі басталғаннан кейін өтемін төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасқан тұлғалар ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын шарт жасалған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.
4. Бірінші салық кезеңінде ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабымен бірге жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен жасалған өтемін төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі табыс етіледі.
Одан кейінгі кезеңдерде шарттың нотариат куәландырған көшірмесі төлемақы сомалары немесе шарттың талаптары өзгерген кезде ғана табыс етіледі.
5. Уақытша жер пайдалану туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталған соң немесе салық кезеңі басталғаннан кейін жергілікті атқарушы орган немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі оны бұзған кезде, ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы шарттың қолданылу мерзімі аяқталған (бұзылған) күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей табыс етіледі.
70-тарау. ЖЕР ҮСТІ КӨЗДЕРІНІҢ СУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ
484-бап. Жалпы ережелер
1. Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) жер үсті көздерінен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлері үшін алынады.
2. Арнаулы су пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат беру құжатының негізінде жүзеге асырылады.
3. Ресімделген рұқсат құжатсыз арнаулы су пайдалану суды алудың нақты көлемі белгіленген лимиттерден асып түсетін су пайдалану ретінде қарастырылады.
4. Су пайдаланудың арнаулы түрлері Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгіленеді.
2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5. Cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өңірлік органдары өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтерді тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей табыс етеді.
485-бап. Төлемақы төлеушілер
Мынадай:
1) жер үсті көздерінен және теңіз суларынан механикалық және өзі ағып жатқан суды алу жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылғыларды пайдалана отырып;
2) гидравликалық электр станцияларын пайдалана отырып;
3) балық шаруашылығын жүргізу үшін су шаруашылығы құрылғыларын пайдалана отырып;
4) 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) су көлігі мұқтаждары үшін жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - бастапқы су пайдаланушылар) төлемақы төлеушілер болып табылады.
486-бап. Салық салу объектілері
1. Мыналар салық салу объектілері болып табылады:
1) мыналарды:
бөгеттерге және басқа да тірек гидротехникалық және су реттеуші құрылғыларға шоғырландырылатын су көлемін;
ағынды бассейнаралық бұруды жүзеге асыратын арналарда және ағынды реттеуді жүзеге асыратын ернеуден тыс cу қоймаларында сүзуге және булануға кететін, су шаруашылығы жүйелерінің жобалық деректері негізінде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган растаған су шығындарын;
су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекіткен табиғат қорғау және (немесе) санитарлық-эпидемиологиялық су ағызу көлемін;
су тасқынын, су басуды және су астында қалуды болғызбау мақсатында жүзеге асырылатын, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган растаған суару жүйелеріне мәжбүрлі түрде су жинау көлемін қоспағанда, жер үсті су көзінен алынған судың көлемі;
2) өндірілген электр энергиясының көлемі;
3) су көлігімен тасымалдау көлемі;
4) 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Төлемақы кеме тіркемесінсіз сүректі ағызуға, рекреацияға, жер қазатын техниканы қолдануға, батпақты құрғатуға қолданылмайды.
487-бап. Төлемақы ставкалары
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1. Төлемақы ставкаларын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен төлемақы есеп-қисабының әдістемесі негізінде белгілейді.
2. Су алудың нақты көлемі cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген су пайдалану лимиттерінен асып кеткен жағдайда, осы баптың 1-тармағында көзделген төлемақы ставкалары осындай асып кенткен бөлігінде бес есе ұлғайтылады.
488-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлемақы сомасын су пайдаланудың нақты көлемі мен белгіленген ставкаларды негізге ала отырып, төлеушілер дербес есептейді.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Төлеушілер (шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерден басқа) нақты пайдаланылған су көлемі үшін ағымдағы төлемақы сомаларын су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ай сайынғы су пайдалану лимиттерінің негізінде есепті тоқсаннан кейін екінші айдың 25-інен кешіктірмей бюджетке төлейді.
3. Төлемақы сомасы рұқсат құжатында көрсетілген арнаулы су пайдаланылатын жер бойынша бюджетке төленеді.
489-бап. Салық төлеушілердің жекелеген санаттарының төлемақыны есептеуі мен төлеуінің ерекшеліктері
1. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақы төлеуді осы Кодекстің 446-бабында белгіленген мерзімде жүргізеді.
2. Жеке және заңды тұлғалар тірек гидротехникалық және суды реттейтін құрылыстары бар су объектілерінде су көліктерімен тасымалдау көлеміне жүк тасымалының тонна/километрі үшін төлемақы төлейді.
3. Жылу энергетикасы кәсіпорындары тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қажеттеріне жылу энергиясын өндіруге жұмсалатын су үшін төлемақы мөлшерін тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары үшін көзделген ставкалар бойынша айқындайды.
4. Агрегаттарды суыту (суды қайталап тұтыну) үшін технологиялық қажеттерге су алу лимиті шегінде су алатын жылу энергетикасы кәсіпорындары төлемақы мөлшерін тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары үшін көзделген ставкалар бойынша айқындайды. Суды қайтарусыз тұтыну төлемақысының мөлшері өнеркәсіп кәсіпорындары үшін белгіленген ставкалар бойынша айқындалады.
490-бап. Салық кезеңі
Салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.
491-бап. Салық есептілігі
1. Төлемақы төлеушілер арнаулы су пайдалану орны бойынша салық органдарына декларация табыс етеді.
2. Төлемақы төлеушілер, осы баптың 3-тармағында аталғандарды қоспағанда, тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей декларация табыс етеді.
3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақы жөніндегі декларацияны табыс етпейді.
4. Декларациялар салық органына табыс етілгенге дейін cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өңірлік органында куәландырылады.
71-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЭМИССИЯ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ
492-бап. Жалпы ережелер
1. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) қоршаған ортаға эмиссия үшін арнайы табиғат пайдалану тәртібімен алынады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, арнайы табиғат пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - рұқсат құжатын беретін орган) беретін экологиялық рұқсат (бұдан әрі - рұқсат құжаты) негізінде жүзеге асырылады.
3. Белгіленген тәртіппен ресімделмеген рұқсат құжатынсыз қоршаған ортаға эмиссиялар, қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға белгіленген эмиссиялар нормативтерінен артық қоршаған ортаға эмиссиялар ретінде қарастырылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтерді тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.
493-бап. Төлемақы төлеушілер
1. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін арнайы табиғат пайдалану тәртібімен жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша салық салу объектілері жөніндегі төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше төлемақыны дербес төлеуші ретінде танылған жағдайда, заңды тұлғаның мұндай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 494-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
494-бап. Салық салу объектісі
Қоршаған ортаға эмиссиялардың:
1) ластаушы заттар шығарындыларының;
2) ластаушы заттар төгінділерінің;
3) өндіріс пен тұтынудың орналастырылған қалдықтарының;
4) мұнай операцияларын жүргізу кезінде түзілетін, орналастырылған күкірттің белгіленген нормативтері шегінде және (немесе) одан да көп мөлшерде қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.
495-бап. Төлемақы ставкалары
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1. Төлемақы ставкалары осы баптың 7-тармағындағы ережелер ескеріле отырып, республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бірiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерін негізге ала отырып айқындалады.
2. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:
| Рет № | Ластағыш заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК) | 1 килограмм үшін төлемақы ставкалары (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Күкірт тотықтары | 10 | |
| 2. | Азот тотықтары | 10 | |
| 3. | Шаң және күл | 5 | |
| 4. | Қорғасын және оның қосындылары | 1993 | |
| 5. | Күкіртсутек | 62 | |
| 6. | Фенолдар | 166 | |
| 7. | Көмірсутектер | 0,16 | |
| 8. | Формальдегид | 166 | |
| 9. | Көміртегі тотықтары | 0,16 | |
| 10. | Метан | 0,01 | |
| 11. | Күйе | 12 | |
| 12. | Темір тотықтары | 15 | |
| 13. | Аммиак | 12 | |
| 14. | Алты валентті хром | 399 | |
| 15. | Мыс тотықтары | 299 | |
| 16. | Бенз(а)пирен | | 498,3 |
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:
| № Рет | Ластағыш заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлем ақы ставкалары (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Көмірсутектер | 2,23 |
| 2. | Көміртегі тотықтары | 0,73 |
| 3. | Метан | 0,04 |
| 4. | Күкірт диоксиды | 10 |
| 5. | Азот диоксиды | 10 |
| 6. | Күл | 12 |
| 7. | Күкіртті сутегі | 62 |
| 8. | Меркаптан | 9966 |
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:
| Рет № | Отын түрлері | Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін ставка (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Этилденбеген бензин үшін | 0,33 |
| 2. | Дизель отыны үшін | 0,45 |
| 3. | Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін | 0,24 |
5. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:
| Рет № | Ластағыш заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Нитриттар | 670 |
| 2. | Мырыш | 1340 |
| 3. | Мыс | 13402 |
| 4. | Оттегіне биологиялық сұраныс | 4 |
| 5. | Тұзды аммоний | 34 |
| 6. | Мұнай өнімдері | 268 |
| 7. | Нитраттар | 1 |
| 8. | Жалпы темір | 134 |
| 9. | Сульфаттар (анион) | 0,4 |
| 10. | Өлшенген заттар | 1 |
| 11. | Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар | 27 |
| 12. | Хлоридтер (анион) | 0,1 |
| 13. | Алюминий | 27 |
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:
| Р/с № | Қалдықтардың түрлері | Төлемақы ставкалары (АЕК) |
| 1 тонна үшін | 1 гигабек-керель (Гбк) үшін |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Өндіріс және тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін: | | |
| 1.1. | Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылғыларының кәріздік тұнбасы) | 0,19 | |
| 1.2. | Қауіптілік деңгейін ескере отырып, өнеркәсіптік қалдықтар: | | |
| 1.2.1 | «қызыл» тізім | 7 | |
| 1.2.2 | «жақұт» тізім | 4 | |
| 1.2.3 | «жасыл» тізім | 1 | |
| 1.2.4 | сыныпталмағандар | 0,45 | |
| 1.3. | Бұдан басқа: | | |
| 1.3.1 | аршынды жыныстар | 0,002 | |
| 1.3.2 | жанас таужыныстары | 0, 013 | |
| 1.3.3 | байыту қалдықтары | 0,01 | |
| 1.3.4 | шлактар, шламдар | 0,019 | |
| 1.3.5 | күл мен күлшлактар | 0,33 | |
| 1.3.6 | ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы | 0,009 | |
| 2. | Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк): | | |
| 2.1. | Трансуранды | | 0,38 |
| 2.2. | Альфа-радиоактивті | | 0,19 |
| 2.3. | Бета-радиоактивті | | 0,02 |
| 2.4. | Шынақты радиоактивті көздер | | 0,19 |
2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары бір тонна үшін 3,77 АЕК-ті құрайды.
7. Мынадай коэффициенттер:
1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссия көлемі үшін табиғи монополия субъектілері мен Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары үшін осы бапта белгіленген төлемақы ставкаларына:
2-тармақта - 0,3 коэффициенті;
5-тармақта - 0,43 коэффициенті;
6-тармақтың 1.3.5.-жолында - 0,05 коэффициенті;
2) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін 6-тармақтың 1.1.-жолында белгіленген төлемақы ставкасына 0,2 коэффиценті қолданылады.
8. Осы баптың 7-тармағында көзделген коэффициенттер қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерден тыс көлемі үшін төленетін төлемақыға қолданылмайды.
2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
9. Жергілікті өкілді органдардың, осы баптың 3-тармағында белгіленген жиырма еседен аспайтындай арттыруға құқығы бар ставкаларды қоспағанда, осы бапта белгіленген ставкаларды екі еседен аспайтындай арттыруға құқығы бар.
Бұл ретте жергілікті өкілді органдар энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында келісім жасасқан субъектілерге объектілер бойынша тек қана осындай келісім шеңберінде осы бапта белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін көтермеуге құқылы.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 10-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Осы бапта белгіленген қоршаған ортаға эмиссия үшін белгіленген нормативтерден асатын төлем мөлшерлемелері он есе ұлғаяды.
496-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлемақы төлеушілер төлемақы сомасын қоршаған ортаға эмиссияның нақты көлемдерін және белгіленген ставкаларды негізге ала отырып дербес есептейді.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер рұқсат құжатын беретін орган белгілеген, қоршаған ортаға эмиссиялар нормативін сатып алуға құқылы. Нормативті сатып алу рұқсат құжаты есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмей ресімделген кезде ағымдағы жыл үшін алдын ала толық ақы төлеу арқылы жүргізіледі.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Рұқсат құжаты осы Кодекстің 498-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін алынған кезде нормативті сатып алу рұқсат құжаты алынған айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Ластанудың қозғалмалы көздерін қоспағанда, төлемақы сомасы қоршаған ортаға эмиссиялар көзінің (объектісінің) рұқсат құжатында көрсетілген орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
Ластанудың қозғалмалы көздері бойынша төлем сомасы бюджетке:
1) мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалмалы көздер бойынша - мұндай тіркеуді жүргізу кезінде мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын қозғалмалы көздерді тіркеу орны бойынша;
2) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластанудың қозғалмалы көздері бойынша - салық төлеушінің орналасқан жері бойынша енгізіледі.
5. Төлемақы төлеушілер қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемі үшін төлемақының ағымдағы сомаларын осы баптың 2 және 6-тармақтарында аталған төлеушілерді қоспағанда, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей енгізеді.
6. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақы төлеуді осы Кодекстің 446-бабында белгіленген мерзімдерде жүргізеді
497-бап. Салық кезеңі
Салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.
498-бап. Салық есептілігі
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Ластанудың қозғалмалы көздерi бойынша декларацияны қоспағанда, төлемақы төлеушiлер ластану объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына декларация тапсырады.
Ластанудың қозғалмалы көздерi бойынша декларация салық органдарына:
1) мемлекеттік тіркеуге жататын қозғалмалы көздер бойынша - мұндай тіркеуді жүргізу кезінде мемлекеттік уәкілетті орган айқындайтын қозғалмалы көздерді тіркеу орны бойынша;
2) мемлекеттік тіркеуге жатпайтын ластанудың қозғалмалы көздері бойынша - салық төлеушінің орналасқан орны бойынша тапсырылады.
2. Төлемақы төлеушілер декларацияны, осы баптың 3 және 5-тармақтарында аталғандарды қоспағанда, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.
3. Жылдық жиынтық көлемі 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер декларацияны есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
4. Рұқсат құжаты осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімнен кейін ресімделген жағдайда, аталған төлеушілер декларацияны рұқсат құжатын алған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.
5. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақы жөніндегі декларацияны табыс етпейді.
72-тарау. ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ
499-бап. Жалпы ережелер
1. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) жануарлар дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін алынады.
2. Жануарлар дүниесін арнайы пайдалану жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретін жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың (бұдан әрі - рұқсат) негізінде жүзеге асырылады.
3. Жануарлар дүниесін пайдалану түрлері Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленеді.
4. Сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін пайдалану үшін төлемақыны әрбір жекелеген жағдайда осы жануарларды табиғи ортадан аулауға рұқсат беру кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
5. Мынадай жағдайларда:
1) жануарларды табиғи ортадан ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарында ен салу, сақина салу, көшіру, жерсіндіру, жасанды көбейту және будандастыру мақсаттары үшін ұстап алып, кейіннен табиғи ортаға жіберген кезде;
2) жеке және заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын, жасанды жолмен өсірілген әрі қамауда және (немесе) жартылай қамауда ұсталатын жануарлар дүниесінің объектілерін пайдаланған кезде;
3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган балық ресурстарын және су жануарларының басқа да түрлерін пайдалануға арналған биологиялық негіздеу мақсатында балықтар мен басқа да су жануарларын бақылау үшін аулауды жүзеге асырған кезде;
4) халық денсаулығын қорғау, ауыл шаруашылығы және басқа да үй жануарларын аурудан қорғау, қоршаған ортаға зиянды болғызбау, ауыл шаруашылығы қызметіне айтарлықтай залал келтіру қаупінің алдын алу мақсатында саны реттелуге тиіс жануарлар түрлерін алған кезде төлемақы алынбайды.
6. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтерді тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.
500-бап. Төлемақы төлеушілер
Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесін арнайы пайдалану құқығын алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
501-бап. Төлемақы ставкалары
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1. Төлемақы ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және төлемақыны төлеу күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.