Осы тараудың ережелері бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензияның негізінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына қолданылады.
2. Рұқсат беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Радиожиілік спектрінің белдеулерін (номиналдарын) бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық негізде жүргізілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды қамтамасыз ету мақсатында ұлттық телерадио хабарларын тарату операторына радиожиілік спектрінің белдеулері (номиналдары) конкурс өткізбей бөлінеді.
Радиожиілік спектрінің белдеулерін (номиналдарын) конкурс өткізу арқылы бөлу кезінде алынатын бір жолғы сомалар осы тарауға сәйкес төленуге жататын алымның есебіне жатқызылмайды.
4. Байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарының орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпаратты тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.
474-бап. Алым төлеушілер
1. Осы Кодекстің 473-бабының 1-тармағында аталған телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдары алым төлеушілер болып табылады.
2. Өздеріне жүктелген функционалдық міндеттерін орындау үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат алатын мемлекеттік мекемелер алым төлеушілер болып табылмайды.
475-бап. Алым ставкалары
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 475-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
Алым ставкалары тиісті республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерін негізге ала отырып, аумағында телевизия және радио хабарларын тарату қызметтері көрсетілетін елді мекенде тұратын халық санына, хабар таратқыш құралдың қуаты мен телевизия және (немесе) радио хабарларын тарату арналарының санына байланысты белгіленеді және мынаны құрайды:
| Рет № | Қолдану/радиожиілік өрісі | Халық саны (мың адам) | Хабар таратқыш құралдың қуаты (Вт) | Бір арна үшін алым ставкасы (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. | Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін: | | | |
| 1.1. | Телевизия/метрлiк | | | |
| 1.1.2. | | 10-ға дейiн қоса алғанда | 100-гe дейiн қоса алғанда | 20 |
| 1.1.3. | | 10-нан 50-ге дейiн қоса алғанда | 500-ге дейiн қоса алғанда | 41 |
| 1.1.4. | | 10-нан 50-ге дейiн қоса алғанда | 500-ден астам | 83 |
| 1.1.5. | | 50-ден 100-ге дейiн қоса алғанда | 1000-ғa дейiн қоса алғанда | 124 |
| 1.1.6. | | 50-ден 100-ге дейiн қоса алғанда | 1000-нан астам | 249 |
| 1.1.7. | | 100-ден 200-гe дейiн қоса алғанда | 1000-ғa дейiн қоса алғанда | 290 |
| 1.1.8. | | 100-ден 200-гe дейiн қоса алғанда | 1000-нан астам | 435 |
| 1.1.9. | | 200-ден 500-гe дейiн қоса алғанда | 2000-ғa дейiн қоса алғанда | 828 |
| 1.1.10. | | 200-ден 500-гe дейiн қоса алғанда | 2000-нан астам | 1243 |
| 1.1.11. | | 500-ден астам | 5000-ға дейін қоса алғанда | 2367 |
| 1.1.12. | | 500-ден астам | 5000-нан астам | 3550 |
| 1.2. | Телевизия/дециметрлiк | | | |
| 1.2.1. | | 10-ға дейiн қоса алғанда | 100-гe дейiн қоса алғанда | 13 |
| 1.2.2. | | 10-нан 50-ге дейiн қоса алғанда | 500-ге дейiн қоса алғанда | 26 |
| 1.2.3. | | 10-нан 50-ге дейiн қоса алғанда | 500-ден астам | 52 |
| 1.2.4. | | 50-ден 100-ге дейiн қоса алғанда | 1000-ғa дейiн қоса алғанда | 78 |
| 1.2.5. | | 50-ден 100-ге дейiн қоса алғанда | 1000-нан астам | 155 |
| 1.2.6. | | 100-ден 200-гe дейiн қоса алғанда | 1000-ғa дейiн қоса алғанда | 181 |
| 1.2.7. | | 100-ден 200-гe дейiн қоса алғанда | 1000-нан астам | 272 |
| 1.2.8. | | 200-ден 500-гe дейiн қоса алғанда | 2000-ғa дейiн қоса алғанда | 518 |
| 1.2.9. | | 200-ден 500-гe дейiн қоса алғанда | 2000-нан астам | 777 |
| 1.2.10. | | 500-ден астам | 5000-ға дейін қоса алғанда | 1479 |
| 1.2.11. | | 500-ден астам | 5000-нан астам | 2219 |
| 1.3. | Радио хабарларын тарату/УҚT ЧМ(FМ) | | | |
| 1.3.1. | | 10-ға дейiн қоса алғанда | 100-гe дейiн | 5 |
| 1.3.2. | | 10-нан 50-ге дейiн қоса алғанда | 500-ге дейiн қоса алғанда | 9 |
| 1.3.3. | | 10-нан 50-ге дейiн қоса алғанда | 500-ден астам | 18 |
| 1.3.4. | | 50-ден 100-ге дейiн қоса алғанда | 1000-ғa дейiн қоса алғанда | 27 |
| 1.3.5. | | 50-ден 100-ге дейiн қоса алғанда | 1000-нан астам | 53 |
| 1.3.6. | | 100-ден 200-гe дейiн қоса алғанда | 1000-ғa дейiн қоса алғанда | 62 |
| 1.3.7. | | 100-ден 200-гe дейiн қоса алғанда | 1000-нан астам | 93 |
| 1.3.8. | | 200-ден 500-гe дейiн қоса алғанда | 2000-ғa дейiн қоса алғанда | 178 |
| 1.3.9. | | 200-ден 500-гe дейiн қоса алғанда | 2000-нан астам | 266 |
| 1.3.10. | | 500-ден астам | 5000-ға дейін қоса алғанда | 488 |
| 1.3.11. | | 500-ден астам | 5000-нан астам | 732 |
| 1.4. | Радио хабарларын тарату/ҚТ, ОТ, ҰТ | | | |
| 1.4.1. | | 500-ден астам | 100-гe дейiн қоса алғанда | 5 |
| 1.4.2. | | 500-ден астам | 100-ден 1000-ға дейін қоса алғанда | 15 |
| 1.4.3. | | 500-ден астам | 1000-нан 10000-ға дейін қоса алғанда | 30 |
| 1.4.4. | | 500-ден астам | 10000-нан 100000-ға дейін қоса алғанда | 45 |
| 1.4.5. | | 500-ден астам | 100000-нан бастап | 89 |
| 2. | Рұқсаттың телнұсқасын бергені үшін алым ставкасы | | | 2 |
476-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Алым сомасы белгіленген ставкалар бойынша есептеледі және байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан рұқсат алғанға дейін телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарының орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Алым төлеген тұлғалар байланыс саласындағы мемлекеттік уәкілетті органға тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін рұқсатты (рұқсаттың телнұсқасын) алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
Бұл ретте бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша рұқсат алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның тапсырмағанын растайтын, байланыс саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган берген құжатты ол тапсырғаннан кейін осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен олардың төленген жері бойынша салық органы жүргізеді.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 68-1-тараумен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
68-1-тарау. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым
476-1-бап. Жалпы ережелер
1. Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым (бұдан әрі - алым) Қазақстан Республикасында әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растауға азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушысын, авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны, азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын, азаматтық әуе кемесінің типін, азаматтық әуе кемесінің данасын, азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымды, әуеайлақты, тікұшақ айлағын, авиациялық оқу орталығын, әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметін тексеріп қарауды ұйымдастыру бойынша, аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету ұйымдарын, аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтерін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның сертификаттауы үшін алынады.
2. Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей тоқсан сайын салық органдарына өзінің орналасқан жері бойынша алым төлеушілер туралы және салық салынатын объектілер туралы ақпаратты уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша береді.
476-2-бап. Алым төлеушілер
Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өздерінің мүдделеріне орай азаматтық авиация саласында сертификаттауды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
Құрылымдық бөлімшелер осындай құрылымдық бөлімшенің мүдделерінде азаматтық авиация саласында сертификаттауды жасаған кезде дербес алым төлеушілер ретінде қаралуы мүмкін.
476-3-бап. Алым мөлшерлемелері
1. Алым мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алым төлеу күні қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі осы баптың мәтіні бойынша - АЕК) мөлшері негізге алына отырып, штат санына, сертификаттау түріне және (немесе) қызмет саласына, әуе кемесінің салмағына және (немесе) оның қозғалтқыштарының санына, азаматтық авиация саласындағы сертификатталатын объектілердің класына (санаттарына) байланысты белгіленеді.
2. Азаматтық әуе кемесінің пайдаланушысын, авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын пайдаланушыны сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с№ | Сертификат-тау түрі | Пайдаланушының штат (адам) саны | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыны сертификаттау үшін: |
| 1.1. | | қоса алғанда 50 адамға дейін | 1144 |
| 1.2. | | 51 адамнан қоса алғанда 200 адамға дейін | 1232 |
| 1.3. | | 201 адамнан қоса алғанда 400 адамға дейін | 1272 |
| 1.4. | | 401 адамнан қоса алғанда 600 адамға дейін | 1319 |
| 1.5. | | 601 адамнан қоса алғанда 1 200 адамға дейін | 1363 |
| 1.6. | | 1201 адамнан қоса алғанда 2000 адамға дейін | 1407 |
| 1.7. | | 2001 адамнан астам | 1458 |
| 2. | Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттау үшін: |
| 2.1. | | қоса алғанда 50 адамға дейін | 743 |
| 2.2. | | 51 адамнан қоса алғанда 200 адамға дейін | 831 |
| 2.3. | | 201 адамнан қоса алғанда 400 адамға дейін | 871 |
| 2.4. | | 401 адамнан қоса алғанда 600 адамға дейін | 918 |
| 2.5. | | 601 адамнан қоса алғанда 1 200 адамға дейін | 962 |
| 2.6. | | 1201 адамнан қоса алғанда 2000 адамға дейін | 1006 |
| 2.7. | | 2001 адамнан астам | 1057 |
3. Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын, азаматтық әуе кемесінің типін, азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Әуе кемелерін сертификаттау түрі (санаты, салмағы) | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттау үшін: |
| 1.1. | ұшақтың ұшуға жарамдылығы |
| 1.1.1. | 136000 килограмнан астам | 450 |
| 1.1.2. | 75000 килограмнан астам, қоса алғанда 136000 килограмға дейін | 437 |
| 1.1.3. | 2 қозғалтқышымен 30000 килограмнан астам, қоса алғанда 75000 килограмға дейін | 328 |
| 1.1.4. | 3 қозғалтқышымен 30000 килограмнан астам, қоса алғанда 75000 килограмға дейін | 364 |
| 1.1.5. | 4 қозғалтқышымен 30000 килограмнан астам, қоса алғанда 75000 килограмға дейін | 401 |
| 1.1.6. | 2 қозғалтқышымен 10000 килограмнан астам, қоса алғанда 30000 килограмға дейін | 291 |
| 1.1.7. | 3 қозғалтқышымен 10000 килограмнан астам, қоса алғанда 30000 килограмға дейін | 328 |
| 1.1.8. | 4 қозғалтқышымен 10000 килограмнан астам, қоса алғанда 30000 килограмға дейін | 364 |
| 1.1.9. | 5700 килограмнан астам, қоса алғанда 10000 килограмға дейін | 54 |
| 1.1.10. | 2250 килограмнан астам, қоса алғанда 5700 килограмға дейін | 54 |
| 1.1.11. | 750 килограмнан астам, қоса алғанда 2250 килограмға дейін | 36 |
| 1.1.12. | 750 килограмнан төмен | 10 |
| 1.2. | тікұшақтың ұшуға жарамдылығы |
| 1. 2.1. | 10000 килограмнан астам | 145 |
| 1.2.2. | 1 қозғалтқышымен 5000 килограмнан астам, қоса алғанда 10000 килограмға дейін | 91 |
| 1.2.3. | 2 қозғалтқышымен 5000 килограмнан астам, қоса алғанда 10000 килограмға дейін | 127 |
| 1.2.4. | 1 қозғалтқышымен 3180 килограмнан астам, қоса алғанда 5000 килограмға дейін | 54 |
| 1.2.5. | 2 қозғалтқышымен 3180 килограмнан астам, қоса алғанда 5000 килограмға дейін | 72 |
| 1.2.6. | 1 қозғалтқышымен 2250 килограмнан астам, қоса алғанда 3180 килограмға дейін | 54 |
| 1.2.7. | 2 қозғалтқышымен 2250 килограмнан астам, қоса алғанда 3180 килограмға дейін | 72 |
| 1.2.8. | 1 қозғалтқышымен 2000 килограмнан астам, қоса алғанда 2250 килограмға дейін | 54 |
| 1.2.9. | 2 қозғалтқышымен 2000 килограмнан астам, қоса алғанда 2250 килограмға дейін | 72 |
| 1.2.10. | 750 килограмнан астам, қоса алғанда 2000 килограмға дейін | 54 |
| 1.2.11. | 750 килограмнан төмен | 10 |
| 2. | Азаматтық әуе кемесінің типін сертификаттау үшін: |
| 2.1. | ұшақ | 10 000 |
| 2.2. | тікұшақ | 5 000 |
| 2.3. | басқа да ұшу аппараттары | 1 000 |
| 3. | Азаматтық әуе кемесінің данасын сертификаттау: |
| 3.1. | ұшақ | 1000 |
| 3.2. | тікұшақ | 2000 |
| 3.3. | басқа да ұшу аппараттары | 500 |
4. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Қолданылу саласы | Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның штат саны | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Жекелеген типтегі әуе кемелеріне шұғыл техникалық қызмет көрсету, оның ішінде ағымдағы жөндеу, ақауларды жою, агрегаттар мен жабдықтаушы бұйымдарды ауыстыру: |
| 1.1. | | 10 адамға дейін | 346 |
| 1.2. | 11 адамнан 40 адамға дейін | 364 |
| 1.3. | 41 адамнан 70 адамға дейін | 382 |
| 1.4. | 71 адамнан 100 адамға дейін | 400 |
| 1.5. | 101 адамнан 150 адамға дейін | 419 |
| 1.6. | 151 адамнан 200 адамға дейін | 437 |
| 1.7. | 201 адамнан астам | 455 |
| 2. | Жекелеген типтегі әуе кемелеріне мерзімдік техникалық қызмет көрсету, оның ішінде авиациялық техниканың авиақозғалтқыштарын ауыстыру, оларды ағымдағы жөндеу, авиациялық техникаға маусымдық және арнайы қызмет көрсету, авиациялық техникаға сақтау кезінде техникалық қызмет көрсету: |
| 2.1. | | 10 адамға дейін | 418 |
| 2.2. | 11 адамнан 40 адамға дейін | 436 |
| 2.3. | 41 адамнан 70 адамға дейін | 454 |
| 2.4. | 71 адамнан 100 адамға дейін | 472 |
| 2.5. | 101 адамнан 150 адамға дейін | 491 |
| 2.6. | 151 адамнан 200 адамға дейін | 509 |
| 2.7. | 201 адамнан астам | 527 |
| 3. | Зертханалар жағдайында әуе кемелерінің агрегаттары мен жабдықтаушы бұйымдарына техникалық қызмет көрсету | | 218 |
| 4. | Әуе кемелері мен олардың агрегаттарының және жабдықтаушы бұйымдарының жағдайын бұлжытпай бақылау әдісін қолдану | | 145 |
| 5. | Күрделі жөндеусіз пайдаланылатын әуе кемесінің планеріне, авиақозғалтқыштары мен авиациялық техниканың жинақтаушы бұйымдарына бақылау-қалпына келтіру жұмыстары (жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары): |
| 5.1. | | 10 адамға дейін | 236 |
| 5.2. | 11 адамнан 40 адамға дейін | 254 |
| 5.3. | 41 адамнан 70 адамға дейін | 272 |
| 5.4. | 71 адамнан 100 адамға дейін | 290 |
| 5.5. | 101 адамнан 150 адамға дейін | 309 |
| 5.6. | 151 адамнан 200 адамға дейін | 327 |
| 5.7. | 201 адамнан астам | 345 |
| 6. | Әуе кемесінің интерьерін жаңарту (қайта жабдықтау) | | 145 |
| 7. | Әуе кемесін жаңғырту жөніндегі жұмыстарды және авиациялық техника әзірлеушісінің бюллетеньдері мен құжаттары бойынша пысықтауды орындау | | 218 |
| 8. | Әуе кемелерін, авиақозғалтқыштарды және жинақтаушы бұйымдарды (агрегаттарды), оларға жаңа ресурстар (қызмет мерзімдері) орнатып күрделі жөндеу: |
| 8.1. | | 10 адамға дейін | 528 |
| 8.2. | 11 адамнан 40 адамға дейін | 546 |
| 8.3. | 41 адамнан 70 адамға дейін | 564 |
| 8.4. | 71 адамнан 100 адамға дейін | 582 |
| 8.5. | 101 адамнан 150 адамға дейін | 601 |
| 8.6. | 151 адамнан 200 адамға дейін | 619 |
| 8.7. | 201 адамнан астам | 637 |
| | | | | |
5. Әуеайлақты сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Әуеайлақ класы (санаты) | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | А немесе Б немесе В класы/санатталмаған | 1349 |
| 2. | А немесе Б немесе В класы/І санат | 1604 |
| 3. | А немесе Б немесе В класы/ІІ немесе ІІІ санат | 2078 |
| 4. | Г класы/санатталмаған | 1203 |
| 5. | Д класы/санатталмаған | 948 |
| 6. | Е класы/санатталмаған | 692 |
6. Тікұшақ айлағын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Тікұшақ айлағының типі | Тікұшақ айлағының класы | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| 1. | Жер беті деңгейінде орналасқан | Жабдықталмаған I, II, III класс | 364 |
| 2. | Ішінара жабдықталған I, II, III класс | 419 |
| 3. | Жабдықталған I, II, III класс | 510 |
| 4. | Жерден сәл биікте | Жабдықталмаған I, II, III класс | 328 |
| 5. | Ішінара жабдықталған I, II, III класс | 382 |
| 6. | Жабдықталған I, II, III класс | 437 |
| 7. | Палубалық тікұшақ айлағы немесе тікұшақ палубасы | Жабдықталмаған I, II, III класс | 255 |
| 8. | Ішінара жабдықталған I, II, III класс | 309 |
| 9. | Жабдықталған I, II, III класс | 328 |
7. Авиациялық оқу орталықтарын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Қолданылу саласы | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Авиация персоналын даярлау | 547 |
| 2. | Авиация персоналын қайта даярлау | 510 |
| 3. | Авиация персоналының кәсіби деңгейін ұстау | 474 |
| 4. | Авиация персоналын даярлау, авиация персоналын қайта даярлау | 583 |
| 5. | Авиация персоналын даярлау, авиация персоналының кәсіби деңгейін ұстау | 583 |
| 6. | Авиация персоналын қайта даярлау, авиация персоналының кәсіби деңгейін ұстау | 547 |
| 7. | Авиация персоналын даярлау, авиация персоналын қайта даярлау, авиация персоналының кәсіби деңгейін ұстау | 619 |
8. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметін тексеріп қарауды ұйымдастыру бойынша сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Әуежайдың авиациялық қауіпсіздігі қызметінің тексеріп қарау бөлімшесінің штат саны | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | 251 және одан көп адам | 235 |
| 2. | 201 адамнан 250 адамға дейін | 224 |
| 3. | 151 адамнан 200 адамға дейін | 213 |
| 4. | 101 адамнан 150 адамға дейін | 202 |
| 5. | 51 адамнан 100 адамға дейін | 191 |
| 6. | 50 адамға дейін | 180 |
9. Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарын сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының (өкілдігінің, филиалының) штат саны | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | 201 және одан көп адам | 435 |
| 2. | 101 адамнан 200 адамға дейін | 324 |
| 3. | 51 адамнан 100 адамға дейін | 313 |
| 4. | 21 адамнан 50 адамға дейін | 302 |
| 5. | 11 адамнан 20 адамға дейін | 190 |
| 6. | 10 адамға дейін | 180 |
10. Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты пайдалану және байланыс қызметтерін сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Аэронавигациялық ұйымның (өкілдіктің, филиалдың) радиотехникалық жабдықтарды пайдалану және байланыс қызметтерінің штат саны | Сертификаттау үшін алым мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | 201 және одан көп адам | 435 |
| 2. | 101 адамнан 200 адамға дейін | 324 |
| 3. | 51 адамнан 100 адамға дейін | 313 |
| 4. | 21 адамнан 50 адамға дейін | 302 |
| 5. | 11 адамнан 20 адамға дейін | 190 |
| 6. | 10 адамға дейін | 180 |
476-4-бап. Есептеу және төлеу тәртібі
1. Алым сомасы белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган сертификаттаудан өткізгенге дейін жеке және заңды тұлғалардың орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
2. Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік уәкілетті органға тиісті өтінім бергенге дейін сертификаттаудан өтуден алымдарды төлеген адамдар бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
Бұл ретте бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды салық органы сертификаттауды жүргізуге аталған тұлғаның өтінім бермегенін растайтын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген құжатты оларға ұсынғаннан кейін алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша, осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен оларды төлеу орны бойынша жүргізеді.
69-тарау. ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ
477-бап. Жалпы ережелер
1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі - төлемақы) мемлекеттің жер учаскелерін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) бергені үшін алынады.
2. Жер учаскелерін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) беру тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленеді.
3. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтерді табыс етеді.
478-бап. Төлемақы төлеушілер
1. Жер учаскесін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша орналасқан салық салу объектілері жөніндегі төлемақыны дербес төлеуші ретінде тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі мұндай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше төлемақыны дербес төлеуші ретінде танылған жағдайда, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Мыналар:
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;
концессия шартында көрсетілген, бірақ өтемін төлеп уақытша жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған концессия шартын іске асыру мақсатында берілген жер учаскелері бойынша концессионер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.
479-бап. Салық салу объектісі
Мемлекет өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға беретін жер учаскесі салық салу объектісі болып табылады.
480-бап. Төлемақы ставкалары
Төлемақы ставкалары Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес айқындалады. Бұл ретте осы Кодекстің 387-бабының 2, 5-тармақтарында көзделген ережелерді есептемегенде, төлемақы ставкалары жер салығы ставкаларының мөлшерінен кем белгіленбейді.
481-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Төлемақы сомасы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, ал арнайы экономикалық аймақтар аумағында жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен жасалған өтемін төлеп уақытша жер пайдалану шарттарының негізінде есептеледі.
Төлемақының жыл сайынғы сомасы - жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері жасаған есеп-қисаптарда белгіленеді.
Шарттардың талаптары, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген жер салығын есептеудің тәртібі өзгерген жағдайларда - жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері төлемақы сомасының есеп-қисаптарын қайта қарайды.
2. Салық кезеңінде төленуге жататын төлемақы мөлшері есеп-қисаптарда көрсетілген төлемақы ставкаларына және салық кезеңінде жер учаскесін пайдалану кезеңін негізге ала отырып айқындалады.
3. Төлемақы мөлшері осы Кодекске сәйкес осы жер учаскесі бойынша есептелген жер салығы сомаларының мөлшерінен кем белгіленбейді.
2010.21.01. № 242-IV Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақыны есептеуді осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүргізеді.
5. Осы баптың 6-тармағында аталған төлеушілерді қоспағанда, төлемақы төлеушілер ағымдағы төлемақы сомаларын бюджетке ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей тең үлестермен төлейді.
Мемлекет жер учаскелерін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға төлемақы төлеудің жоғарыда санамаланған мерзімдерінен кейін берген жағдайларда, төлемақы төлеудің келесі (кезекті) мерзімі төлемақыны бюджетке енгізудің алғашқы мерзімі болып табылады.
Мемлекет жер учаскелерін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға төлемақы төлеудің соңғы мерзімінен кейін берген жағдайларда, жер учаскесі берілген айдан кейінгі айдың 25-і бюджетке төлеу мерзімі болып есептеледі.
6. Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар төлемақы сомаларын есепті салық кезеңінің 25 ақпанынан кешіктірмей төлейді.
Жер учаскесі белгіленген мерзімнен кейін алынған жағдайда, төлемақыны төлеу жер учаскесін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.
7. Өтемін төлеп уақытша жер пайдалану шартының мерзімі біткен соң немесе салық кезеңі басталғаннан кейін ол бұзылған жағдайда, қалған мерзім үшін бюджетке енгізілуге жататын төлемақы сомасы, шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей төленеді.