Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 983 қаулысы
(2012.31.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 4 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасында адам құқығын бұзуға әкеп соғатын адамдарды заңсыз әкетудiң, әкелудiң және сатудың алдын алу және жолын кесу жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Комиссия құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. К. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2005.23.05. № 493 (бұр. ред. қара); 2007.05.10. № 905 (бұр.ред.қара); 2008.06.06. № 547 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.31.08. № 847 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.05. № 600 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2012.31.08. № 1121 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 983 қаулысымен
бекітілген
Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Имашев Берік Мәжитұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төраға; |
Баймолдина Зәуреш Хамитқызы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары; |
Бөлеулиев Бахтияр Төлегенұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық шарттарды сараптау департаменті директорының орынбасары, хатшы; |
Жошыбаев Рәпіл Сейітханұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы |
Калюжный Вячеслав Афанасьевич | - Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының басшысы (келісім бойынша) |
Байжанов Ғабит Жақыпбайұлы | - Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
Құрманғалиева Аида Дәденқызы | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |
Дәленов Руслан Ерболатұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі; |
Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Демеуов Марат Ғанұлы | - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары; |
Қырықбаев Арман Оразбайұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі; |
Қожан Төлебай Әжібекұлы | - Қазақстан Республикасы Жоғаргы Сотының судьясы (келісім бойынша) |
Әбішев Тастемір Дәуітұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы (келісім бойынша) |
Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі; |
Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық шарттарды сараптау департаментінің директоры; |
Борчашвили Исидор Шамилович | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Стратегиялық жоспарлау және ұйымдастыру-талдау жұмысы департаментінің директоры; |
Исаев Нұрғазы Шайхашұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының орынбасары (келісім бойыпша) |
Досполов Сергей Долдаұлы | - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы (келісім бойынша) |
Дубовицкая Мария | - Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Астана қаласындағы орталығының жобалар бойынша аға қызметкері (келісім бойынша); |
Нұрахметова Гауһар Сердалықызы | - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының бас сарапшысы (кслісім бойынша) |
Аликова Әлия Ерсайынқызы | - Халықаралық көші-қон ұйымының адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша Қазақстандағы үйлестірушісі (келісім бойынша) |
Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы | - «Дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы (келісім бойынша) |
Морозова Галина Васильевна | - «Феминистік лига» қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
Рыль Анна Игоревна | - «Қорғау-Астана» Жеке қоры директорының орынбасары (келісім бойынша) |
Шорманбаева Айна | - «Халықаралық құқықтық бастама» қоғамдық қорының президенті (келісім бойынша) |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 983 қаулысымен
бекітілген
Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi
жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Комиссия адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды әзiрлеу үшiн құрылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi
ҚР Үкіметінің 2012.31.08. № 1121 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) адамдарды заңсыз әкету, әкелу және сату саласында қалыптасқан жағдайды талдау;
2) адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi бойынша халықты хабардар ету;
адамдарды заңсыз әкету, әкелу және сату саласында әрi қалыптасқан практикада қабылданған халықаралық-құқықтық құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру;
адам мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау мен жою жөнінде шаралар қабылдау;
адамдарды заңсыз әкетудiң, әкелудiң және сатудың құрбандарын қорғау және оларға көмек көрсету жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
ҚР Үкіметінің 2012.31.08. № 1121 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру мақсатында заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi материалдар мен ақпаратты сұратуға;
2) тиiстi ұсыныстарды даярлай отырып, адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес саласында құқық қорғау органдарының қызметiн реттейтiн заңнама мен нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларының тиiмдiлiгiн талдауды жүзеге асыруға;
3) адамдарды сатуға қарсы күреспен айналысатын мемлекеттік органдардың басшылары мен лауазымды адамдарының олар жүргізіп жатқан жұмыстар туралы есептерін тыңдау және олардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
4) тәуелсiз сарапшыларды, мамандарды және ғалымдарды тартуға;
5) адамдарды сатуға қарсы күрес жөніндегі проблемаларды шешуде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауға;
6) жергілікті жерлерге барып адамдарды сатуға қарсы күрес саласындағы уәкілетті ұйымдардың қызметін уәкілетті органдардың тексеруі бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.
4. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
5. Комиссияға басшылық етудi оның төрағасы болып табылатын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.
6. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. Комиссияның мүшелерi отырыстарға алмасу құқығынсыз қатысады. Комиссия отырыстарына шақырылған адамдар қатыса алады.
7. Комиссия жұмысы ағымдағы және перспективалық жоспарлар негiзiнде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.06.06. № 547 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.31.08. № 847 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.31.08. № 1121 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.
9. Отырыстың күн тәртiбіндегі әр мәселе бойынша шешiм ашық дауыс берумен қабылданады және егер оларға қатысып отырған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
10. Комиссия шешiмi белгiленген тәртiппен оның жұмыс органы дайындайтын хаттамалармен ресiмделедi, төраға қол қояды және барлық мүдделi мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға жiберiледi.
Комиссия мүшелерiнiң айрықша пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және Комиссияның хаттамасына немесе есеп-хатына қоса берiлуi тиiс.
11. Комиссияның шешiмi ұсынымдық сипатта болады.
12. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі болып табылады.
13. Комиссияның жұмыс органы мүдделi мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар ұсынған құжаттардың негiзiнде Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша қажеттi материалдарды дайындайды және белгiленген тәртiппен Комиссия қабылдаған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.