Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 983 қаулысы
(2011.30.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасында адам құқығын бұзуға әкеп соғатын адамдарды заңсыз әкетудiң, әкелудiң және сатудың алдын алу және жолын кесу жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
1) Комиссия құрамы;
2) Комиссия туралы ереже бекітілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. К. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2005.23.05. № 493 (бұр. ред. қара); 2007.05.10. № 905 (бұр.ред.қара); 2008.06.06. № 547 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2010.31.08. № 847 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.30.05. № 600 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 983 қаулысымен
бекітілген
Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төраға |
Құсдәулетов Дулат Рашитұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице- министрі, төрағаның орынбасары |
Берекетов Мақсат Берекетұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Хапықаралық шарттарды сараптау департаменті директорының орынбасары, хатшы |
Жошыбаев Рәпіл Сейітханұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы |
Калюжный Вячеслав Афанасьевич | - Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының басшысы (келісім бойынша) |
Байжанов Ғабит Жақыпбайұлы | - Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
Құрманғалиева Аида Дәденқызы | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі |
Омаров Мұрат Ескелдіұлы | - Қазақстан Республикасынын Туризм және спорт вице-министрі |
Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет виде-министрі |
Шоқпытов Андар Мәулешұлы | - Қазақстан Республикасынын Қаржы вице- министрі |
Қожан Төлебай Әжібекұлы | - Қазақстан Республикасы Жоғаргы Сотының судьясы (келісім бойынша) |
Әбішев Тастемір Дәуітұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы (келісім бойынша) |
Сүлейменов Жанат Қуанышұлы | - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция комитетінің төрағасы |
Аюбаев Мейрам Ақатұлы | - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті төрағасының орынбасары |
Шаймерденов Ербол Шаймерденұлы | - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары |
Исаев Нұрғазы Шайхашұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының орынбасары (келісім бойыпша) |
Досполов Сергей Долдаұлы | - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы (келісім бойынша) |
Оспанов Жарқынбек Қожанұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары |
Нұрахметова Гауһар Сердалықызы | - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының бас сарапшысы (кслісім бойынша) |
Аликова Әлия Ерсайынқызы | - Халықаралық көші-қон ұйымының адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша Қазақстандағы үйлестірушісі (келісім бойынша) |
Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы | - «Дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы (келісім бойынша) |
Морозова Галина Васильевна | - «Феминистік лига» қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
Рыль Анна Игоревна | - «Қорғау-Астана» Жеке қоры директорының орынбасары (келісім бойынша) |
Штеффен Букмайер | - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Астана қаласындағы орталығының адам құқықтары жөніндегі кеңесшісі (келісім бойынша) |
Шорманбаева Айна | - «Халықаралық құқықтық бастама» қоғамдық қорының президенті (келісім бойынша) |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2003 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 983 қаулысымен
бекітілген
Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi
жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Комиссия адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды әзiрлеу үшiн құрылады.
2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi
3. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
1) адамдарды заңсыз әкету, әкелу және сату саласында қалыптасқан жағдайды талдау;
2) адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi бойынша халықты хабардар ету;
адамдарды заңсыз әкету, әкелу және сату саласында әрi қалыптасқан практикада қабылданған халықаралық-құқықтық құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру;
адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес саласында Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттік органдары өзара iс-қимылының тиiмдiлiгiн арттыру;
адамдарды заңсыз әкетудiң, әкелудiң және сатудың құрбандарын қорғау және оларға көмек көрсету жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады.
3. Комиссияның құқықтары
4. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру мақсатында заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi материалдар мен ақпаратты сұратуға;
2) тиiстi ұсыныстарды даярлай отырып, адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес саласында құқық қорғау органдарының қызметiн реттейтiн заңнама мен нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларының тиiмдiлiгiн талдауды жүзеге асыруға;
3) Комиссияның отырыстарына адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес жөніндегі ic-шараларды iске асыру мәселелерi жөнiнде мемлекеттік басқару органдарының лауазымды адамдарын шақыруға және тыңдауға;
4) тәуелсiз сарапшыларды, мамандарды және ғалымдарды тартуға құқылы.
4. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
5. Комиссияға басшылық етудi оның төрағасы болып табылатын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.
6. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. Комиссияның мүшелерi отырыстарға алмасу құқығынсыз қатысады. Комиссия отырыстарына шақырылған адамдар қатыса алады.
7. Комиссия жұмысы ағымдағы және перспективалық жоспарлар негiзiнде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2008.06.06. № 547 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.31.08. № 847 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.
9. Отырыстың күн тәртiбіндегі әр мәселе бойынша шешiм ашық дауыс берумен қабылданады және егер оларға қатысып отырған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады.
10. Комиссия шешiмi белгiленген тәртiппен оның жұмыс органы дайындайтын хаттамалармен ресiмделедi, төраға қол қояды және барлық мүдделi мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға жiберiледi.
Комиссия мүшелерiнiң айрықша пiкiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде баяндалуы және Комиссияның хаттамасына немесе есеп-хатына қоса берiлуi тиiс.
11. Комиссияның шешiмi ұсынымдық сипатта болады.
12. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі болып табылады.
13. Комиссияның жұмыс органы мүдделi мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар ұсынған құжаттардың негiзiнде Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша қажеттi материалдарды дайындайды және белгiленген тәртiппен Комиссия қабылдаған шешiмдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етедi.