Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 547 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 341 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 39, 400-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Құрманғалиева Жанна Дулатқызы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы |
Рақымбергенов Еркін Мағауұлы | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры |
Моисеева Нелля Яковлевна | - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия Хатшылығының бас сарапшысы (келісім бойынша) |
Аликова Әлия Ерсайынқызы | - Халықаралық Көші-қон ұйымының Қазақстандағы адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша үйлестірушісі (келісім бойынша) |
Есіргепова Гүлнәр Мұратқызы | - Астанадағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық үйымы (ЕҚЫҰ) орталығының адам құқығы бойынша қызметкері (келісім бойынша) |
Нәбиева Гүлзи Әскенқызы | - «Іске асыру және бейімдеу әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің директоры (келісім бойынша) |
Байсақова Зүлфия Мұхамедбекқызы | - «Дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрайымы (келісім бойынша) |
Морозова Галина Васильевна | - «Феминистік лига» қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша) |
мына:
«Жошыбаев Рәпіл Сейітханұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары» |
деген жолдағы «министрінің орынбасары» деген сөздер «министрлігінің жауапты хатшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Мусин Қобыланды Нұрғалиұлы | - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі» |
деген жолдағы «вице-министрі» деген сөз «министрлігінің жауапты хатшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық құқық және мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің директоры» |
деген жолдағы «директоры» деген сөзден кейін «, хатшы» деген сезбен толықтырылсын;
көрсетілген құрамнан Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы, Нұриманов Мақсұт Әнуарбекұлы, Құрманов Алмас Мүхаметкәрімұлы, Табжанов Дәурен Жұмаханұлы, Бадикова Екатерина Викторовна шығарылсын.
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
8-тармақтағы «қажеттілігіне қарай» деген сөздер «күнтізбелік жылдың әрбір айының әрбір екінші жұмасында, қажеттілігіне қарай Комиссия төрағасы белгілейтін өзге де күндері» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |