3-ескерту: 3-санатқа тақырыптағы 1 және 2 ескерту 3А001. b.2 тармақ, егер МИСМ басқа қосымшалар үшін, мысалы, телекоммуникациялық жүйелер, радарлар және автомобильдер үшін арнайы жобаланған болса, оны бақыламайды.
3. Мынадай сипаттамаларға ие:
а. 3,2 ГГц-ден 6 ГГЦ-ге дейінгіден жоғары, орташа шығу қуаты 60 Вт (47,8 dBm) асатын жиіліктерде жұмыс істейтін;
b. 6 ГГц-ден 31,8 ГГЦ-ге дейінгіден жоғары, орташа шығу қуаты 20 Вт (43 dBm) асатын жиіліктерде жұмыс істейтін;
с. 31,8 ГГц-ден 37,5 ГГЦ-ге дейінгіден жоғары, орташа шығу қуаты 0,5 Вт (27 dBm) асатын жиіліктерде жұмыс істейтін;
d. 37.5 ГГц-ден 43 ГГЦ-ге дейінгіден жоғары, орташа шығу қуаты 1 Вт (30 dBm) асатын жиіліктерде жұмыс істейтін; немесе
е. 43,5 ГГц-ден жоғары жиіліктерде жұмыс істейтін микротолқынды транзисторлар.
4. Мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие, микротолқынды күшейткіштері бар микротолқынды қатты денелі күшейткіштер мен микротолқынды жиналымдар/модулдер:
а. 3,2 ГГц-ден жоғары және 6 ГГЦ-ге дейінгіден жоғары, орташа шығу қуаты 60 Вт (42 dBm)-ден асатын жиіліктерде 15%-тен жоғары «жиілік белдеуінің салыстырмалы енінде» жұмыс істейтін;
b. 6 ГГц-ден 31,8 ГГЦ-ге дейінгіден жоғары, орташа шығу қуаты 15 Вт (47,8 dBm)-ден асатын жиіліктерде 10%-тен жоғары «жиілік белдеуінің салыстырмалы енінде» жұмыс істейтін;
с. 31,8 ГГц-ден 37,5 ГГЦ-ге дейінгіден жоғары жиіліктерде жұмыс істейтін;
d. 37,5 ГГц-ден 43,5 ГГЦ-ге дейінгіден жоғары, орташа шығу қуаты 1 Вт (30 dBm) асатын жиіліктерде 10%-тен жоғары «жиілік белдеуінің салыстырмалы енінде» жұмыс істейтін;
е. 43,5 ГГЦ-ге дейінгіден жоғары жиіліктерде жұмыс істейтін; немесе
f. 3 ГГц-ден жоғары жиіліктерде жұмыс істейтін және келесі сипаттарға ие:
1. Р-дің орташа шығу қуаты (Вт-де) ең жоғары жұмыс жиілігіне (ГГц-де) бөлінген 150-ден жоғары [Р>150 WxGHz2/fGHz2] квадратына шығарылған;
2. жиілік белдеуінің салыстырмалы ені 5% немесе одан жоғары; және
3. d ұзындығындағы (см-де) бір біріне қатысты қабырғалары қарама-қарсы перпендикуляр орналасқан, 15-ке тең немесе кем, ең төменгі жұмыс жиілігіне [d = 15 cмxGHz/fGHz] бөлінген;
Ерекше ескерту: МИСМ-ға арналған қуат күшейткіштер 3А001. b.2. тармағында белгіленген өлшемдерге сәйкес бағаланады.
1-ескерту: 3А001. b.4 тармақ 40,5-ден 42,5 ГГЦ-ге дейінгі жиілік диапазонындағы жұмыс үшін жасалған және есептелген хабар таратушы спутник жабдығын бақыламайды.
2-ескерту: Жұмыс жиілігі бір жиіліктен жоғары диапазонда ауытқып отыратын аппаратураның бақыланатын жағдайы 3А001. b.4. тармағына сәйкес бақылау табалдырығымен - ең төменгі орташа шығу қуатымен айқындалады.
5. 10 мкс-ден кем ең жоғары және ең төмен 1,5: 1(f max/f min) жиіліктердің қатынасымен жиіліктердің белдеуінде дәлдеуді қамтамасыз ететін бестен астам дәлдеу резонаторлары бар, мынадай құрауыштардың кез келгеніне ие электронды немесе магнитті дәлдегішті сүзгілер:
а. Резонанстық жиіліктің 0,5%-тен астам жиіліктің өткізу белдеуіне ие белдеулік сүзгілер; немесе
b. Резонанстық жиіліктің 0,5%-тен кем жиіліктің басып тастау белдеуіне ие кеделілік сүзгілер;
6. Қолданылмайды;
7. 3А002.c, 3А002.c. немесе 3А002.f. тармақтарда көрсетілген аппаратураның жиілік диапазонын осы тармақтарда көрсетілгендерден тысқары жерге кеңейту үшін әзірленген араластырғыштар мен түрлендіргіштер;
8. Мынадай сипаттамалардың бәріне ие және 3А001.b. тармақ бойынша бақыланатын лампалары бар СВЧ қуатындағы микротолқынды күшейткіштер:
а. Жұмыс жиілігі 3 ГГц-ден жоғары;
b. Шығу қуатының орташа тығыздығы 80 Вт/кг-ден асатын; және
с. Көлемі 400 текше. см-ден аз;
Ескерту: 3А001.b.8 тармақ «Халықаралық Телекоммуникация Одағы» радиокоммуникациялық қызмет саласына тарататын, бірақ радиолық табу үшін таратылмайтын, толқындарда жұмыс істеу үшін әзірленген немесе соған жарамды аппаратураны бақыламайды.
с. Мыналар секілді акустикалық толқындарға арналған аспаптар және олар үшін арнайы жобаланған компоненттер:
1. Акустикалық толқындардың үстіңгі беттеріндегі (ұсақ көлемді) және жұқа төсемдегі акустикалық толқындардағы (яғни, материалдарда серпінді толқындарды пайдаланатын «сигналдарды өңдеуге» арналған аспаптар), мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие аспаптар:
а. Алып келетін жиілігі 2,5 ГГц-ден астам; немесе
b. Алып келетін жиілігі 1 ГГц-ден астам, бірақ 2 ГГц-ден аспайтын және мынадай сипаттамалардың кез келгеніне қосымша ие:
1. Бағыттылық диаграммасының бүйір жапырақшаларын басып тастау жиілігі 55 дБ-ден астам;
2. 100-ден астам (МГц-ге) жиілік белдеуінің енінде кідіртудің (мкс-те) ең жоғары уақытын өндіру;
3. Жиілік белдеуінің ені 250 МГц-ден астам; немесе
4. Ыдырауды кідірту 10 мкс-тен асады; немесе
с. Алып келетін жиілігі 1 ГГц және одан кем және мынадай сипаттамалардың кез келгеніне қосымша ие:
1. 100-ден астам (МГц-ге) жиілік белдеуінің енінде кідіртудің (мкс) ең жоғары уақытты өндіру;
2. Жиілік белдеуінің ені 10 мкс-тен астам; немесе
3. 100-ден астам (МГц-ге) жиілік белдеуінің енінде кідіртудің (мкс-те) ең жоғары уақытты өндіру және жиіліктер белдеуінің ені 50 МГц-ден асады;
2. 1 ГГц-ден жоғары жиіліктерде сигналдарды тікелей өңдеуді қамтамасыз ететін көлемдік акустикалық толқындардағы аспаптар (материалдарда серпінді толқындарды пайдаланатын «сигналдарды өңдеуге» арналған аспаптар);
3. Акустикалық толқындар (көлемдік немесе беттік) мен жарықтық толқындардың арасындағы өзара іс-әрекетті пайдаланатын сигналдарды өңдейтін акустикалық-оптикалық аспаптар, бұл спектрдің талдауын, корреляциясы немесе аяқтауды қоса алғанда, сигналдарды немесе бейнелерді тікелей өңдеуге мүмкіндік береді;
d. «Өткізгіштігі аса жоғары материалдардан» дайындалған компоненттері бар, «өткізгіштігі аса жоғары» құрамалардың тым болмағанда біреуінің «аумалы температурасынан» төмен температура кезіндегі жұмыс үшін арнайы жобаланған, мынадай белгілердің кез келгеніне ие электронды аспаптар мен схемалар:
1. винтельге қуаттың ыдырауы винтельдегі (секундта) кідіру уақытын өндіруі 10-14 Дж-дан төмен (ваттарда) болатын «аса өткізгіш» винтельдерді пайдаланатын цифрлық схемаларға арналған тоқтық қосқыштар: немесе
2. 100000 асатын беріктілік резонанстық контурларды пайдаланатын барлық жиіліктердегі жиілік селекциясы;
е. Төменде санамаланған энергияны жинақтаушылар:
1. Мыналар секілді батареялар мен фотоэлектрлі батареялар (элементтер):
Ескерту: 3А001.е.1 тармақ 27 текше см және одан аз көлемдегі батареяларды бақыламайды (мысалы, R-14 үлгісіндегі стандартты көмірлі элементтер немесе батареялар);
а. 480 Вт-с/кг-тен жоғары «энергия тығыздылығындағы» және техниканың шарттары бойынша 243 К (-30oС)-тен бастап және одан төмен, (343 К 70oС)-ге дейін және одан жоғары диапазондағы жұмыс үшін жарамды бастапқы элементтер мен батареялар;
b. 105 Вт-с/кг-тен жоғары «энергия тығыздылығындағы» заряд-разрядтың 75 циклынан кейін С/5с-ға тең (С - ампер-сағаттағы номиналдық сыйымдылық) токтың разряды кезінде, 253 К (120oС)-дан бастап және төмен, 333 К (60oС)-ға дейін және жоғары диапазондағы жұмыс кезінде зарядталатын элементтер мен батареялар;
Техникалық ескерту:
Энергия тығыздылығы ваттағы орташа қуатты (вольттағы орташа кернеудің ампердегі орташа токқа көбейтіндісін) сағаттағы разряд циклінің ұзақтығына көбейту, сол арқылы тұйықталған клемдардағы кернеу номиналдан 75%-ке дейін төмендегендегі алынған көбейтіндіні элементтің (немесе батареяның) жалпы массасына бөлу (кг-дағы) жолымен айқындалады;
с. Техникалық шарттары бойынша «ғарышта қолдану үшін жарамды» батареялар және 301 (28oС) жұмыс температурасы кезіндегі үлестік қуаты 160 Вт/шаршы м.-ден астам және 2800 К (2527oС) қызған вольфрамды көздегі фотоэлектрлік элементтердегі және 1 кВт/шаршы м. энергетикалық жарық беретін радиациялық-берік батареялар.
2. Үлкен энергияны жинақтауға арналған, мына тәрізді конденсаторлар:
Ерекше ескерту: сондай-ақ 3А201.А. қараңыз
а. Мынадай барлық сипаттамаларға ие, қайталану жиілігі 10 Гц-ден аз конденсаторлар (бір разрядты конденсаторлар):
1. Номиналдық кернеуі 5 Кв немесе одан астам;
2. Энергияның тығыздығы 250 Дж/кг немесе одан астам; және
3. Жалпы энергиясы 250 кДж немесе одан астам;
b. Мынадай барлық сипаттамаларға ие, қайталану жиілігі 10 Гц және одан астам (көп разрядты конденсаторлар):
1. Номиналдық кернеуі 5 Кв-ден кем емес;
2. Энергияның тығыздығы 50 Дж/кг-ден кем емес;
3. Жалпы энергиясы 100 Дж-дан кем емес;
4. Заряд-разряд циклдарының саны 10000-нан кем емес;
3. Толық зарядқа немесе бір секунд ішіндегіден кем емес разрядқа арнайы жобаланған, барлық төменде санамаланған сипаттамаларға ие «өткізгіштігі аса жоғары» электромагниттер мен солиноидтар:
Ерекше ескерту: сондай-ақ 3А201.b. қараңыз
Ескерту: 3А001.е.3 тармақ медициналық аппаратура - магнитті резонанстық томография үшін арнайы жобаланған «өткізгіштігі аса жоғары» электр магниттерін немесе солиноидтарды бақыламайды:
а. Алғашқы секунд ішінде 10 КДж-ден асатын разряд кезінде бөлінетін энергия;
b. Ток өткізетін орамалардың ішкі диаметрі 250 мм-ден астам;
с. Номиналдық магниттік индукция 8 Т-дан астам немесе орамдағы «токтың жиынтық тығыздығы» 300 А/шаршы мм-ден артық;
f. Кодтағы валдың күйінің абсолютті бұрыштық айналатын түрлендіргіштері, мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие:
1. Шешімі толық диапазонынан (18 бит) 1/265 000 жақсырақ; немесе
2. Дәлдігі +/- 2,5 бұрыштық секундтан жақсырақ.
3A001 а. 1. 3A001 а. 2. 3A001 а. 3. 3A001 а. 4. 3A001 а. 5. 3A001 а. 6. 3A001 а. 7. 3A001 а. 8. 3A001 а. 9. 3A001 а. 10. 3A001 а. 11. 3A001 а. 12. 3A001 b. 1. 3A001 b. 2 3A001 b. 3. 3A001 b. 4. 3A001 b. 5. 3A001 b. 6. 3A001 b. 7. 3A001 b. 8. 3A001 с. 1. 3A001 с. 2. 3A001 с. 3. 3A001 d. 3A001 е. 1. 3A001 е. 2. 3A001 е. 3. 3A001 f. | 8542 8542 8542 8542 21 500 0 8542 21 83 8542 21 850 0 8542 60 000 8542 8542 21 45 8542 21 500 0 8542 21 83 8542 21 850 0 8542 60 000 8542 8542 29 600 0; 8542 29 900 9; 8542 60 000 9 8542 8542 8542 21 690 0; 8542 21 990 0 8542 8542 8542 8542 21 690 0; 8542 21 990 0; 8542 29; 8542 60 000 8542 8542 8542 21 45 8542 21 500 0 8542 21 83 8542 21 850 0 8542 60 000 8540 8540 99 000 0 8540 71 000 0 8540 79 000 0 8540 8542 29 8542 60 000 8542 70 000 0 8540 8541 21 000 0; 8541 29 000 0 8540 8543 89 950 0 8540 8543 89 950 0 8540 8540 8543 89 950 0 8540 8543 89 950 0 8541 8541 60 000 0 8541 8541 60 000 0 5418 8541 60 000 0 8542 8540 8541 8543 8506 8507 8541 40 900 0 8506 8507 8532 8505 19 900 0 8504 50 8505 90 100 0 9031 80 9031 80 320 0 9031 80 340 0 |
3А002 Төменде санамаланған, жалпы мақсаттағы электронды аппаратура;
а. Мыналар секілді, жазатын аппаратура және ол үшін арнайы әзірленген өлшейтін магнитті таспа;
1. Цифрлық сигналдарды жазу мүмкіндігі бар аппаратураны қоса алғанда, аналогті аппаратура үшін (мысалы, жоғары тығыздықты цифрлық жазу модулін пайдаланатын), келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие магнит таспасындағы жинақтаушылар:
а. Электронды арнаға немесе жолға жиілік белдеуі 4 МГц-ден асады;
b. Жолдар саны 42 астам болған жағдайда, электронды арнаға немесе жолға жиілік белдеуі 2 МГц-ден асады немесе;
с. Радиоөнеркәсібі жөніндегі ведомствоаралық кеңестің (1К.10) немесе Электронды өнеркәсіп ассоциациясының (ЕІА) тиісті басшылыққа алынатын материалдарына сәйкес әдістемеліктер бойынша өлшенген уақытша шкаланың қайта келісу (негізгі) қателігі +/- 0,1 мкс-ден аз;
Ескерту: Азаматтық қолдануға арнайы әзірленген аналогтік бейнемагнитофондар жазатын аппаратура ретінде қаралмайды;
2. Цифрлық интерфейстің 360 Мбит/с-тен астам ең жоғары өткізу қабілетіне ие цифрлық бейнемагнитофондар;
Ескерту: 3А002.а. тармақ теледидарлық жазу үшін арнайы жобаланған, мүмкін, ықшам сигналды қоса алғанда сигналдың стандартты ауқымын пайдаланатын, Халықаралық Телекоммуникация Одағы, Халықаралық электротехникалық комиссия (МЭІС), АҚШ кино- және телеинженерлер қоғамы, Еуропа телехабарлар одағы, Еуропа электрбайланысты стандарттау институты немесе Электротехника мен радиоэлектроника жөніндегі инженерлер институты стандарттаған немесе ұсынған цифрлық бейнемагнитофондарды бақыламайды.
3. Спиральды көшіру принципін немесе белгіленген бастиектер принциптерін пайдаланатын және келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие цифрлық аппаратура үшін магнитті таспадағы жинақтаушылар:
а. Цифрлық интерфейстің ең жоғары өткізу қабілеті 175 М битт/с-тен астам; немесе
b. «Ғарышта қолдану үшін жарамды»;
Ескерту: 3А002.а. тармақ жоғары тығыздықты цифрлық жазбаға түрлендіру үшін электронды блоктармен жарақталған және тек цифрлық деректерді жазуға арналған магниттік таспадағы аналогтік жинақтаушыларды бақыламайды.
4. Цифрлық бейнемагнитофондарды цифрлық аппаратураның деректерін жазу құрылғылары ретінде пайдалану үшін оларды қайта өңдеу мақсатында жобаланған цифрлық интерфейстің ең жоғары өткізу қабілеті 175 М битт/с-тен асатын аппаратура;
5. Сигналды цифрлық нысанға түрлендіруге және өтпелі процестерді жазуға арналған, барлық келесі сипаттамаларға ие аспаптар:
а. Цифрлық нысанға түрлендіру жылдамдығы секундына 200 млн. сынамадан кем емес және шешімі секундына 10 немесе одан көп; және
b. Өткізу қабілеті 2Г битт/с немесе одан жоғары;
Техникалық ескерту:
Құрылысы параллель шинадағы мұндай аспаптар үшін өткізу қабілеті дегеніміз сөздегі биттің барынша көп көлемінің сөздегі бит санына көбейтіндісі.
Өткізу қабілеті - таңдама жылдамдығы және аналогтік-цифрлық түрлендіру сақталған кезде ақпарат еске сақтау құрылғысына шығынсыз келіп түсетін аппаратураның ең жоғары деректер беру жылдамдығы.
6. Мәліметтерді магниттік дискіге жазу техникасын қолдана отырып, цифрлық сигналдарды жазуға арналған және келесі сипаттамаларға ие цифрлық өлшеуіш аспаптар:
а. Секундына 100 миллион таңдамаға тең немесе 8 бит немесе одан жоғары резолюциядан астам дискреттеу жылдамдығы, немесе
b. Тұрақты өткізу қабілеті 1 Гбит/сек немесе одан жоғары;
b. Бір берілген жиіліктен екіншісіне 1 мс-тен кем «жиілікті ауыстырып қосу уақытына» ие «жиілік сентизаторлары», «электрондық блоктар»;
c. Радио жиіліктерді талдауға қабілетті, мыналар секілді «сигналдар анализаторлары»:
1. 31,8 ГГц асатын, бірақ 37,5 ГГц-тен аз немесе 43,5 ГГц-тен жоғары радио жиіліктерді талдауға қабілетті «сигналдар анализаторлары»:
2. 500 кГц асатын «нақты уақытта өткізу белдеуі» бар «сигналдарды серпінді анализаторлар»
Ескерту: 3А002.c.2. тармақ тек белгіленген үлестерді өткізу белдеуі бар сүзгілерді ғана пайдаланатын сигналдарды серпінді анализаторларды бақыламайды (белгіленген үлестерді өткізу белдеуі бар сүзгілер, сондай-ақ октавалы немесе бөлшекті-октавалы сүзгілер ретінде де белгілі);
d. Ішкі эталондық жиіліктің негізінде немесе көмегімен қысқа уақыттық және ұзақ уақыттық тұрақтылық дәлдігінің өлшемдері бойынша басқарылатын шығу жиіліктерін қалыптастыратын, мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие синтезделген жиіліктер сигналдарының генераторлары:
1. 31 ГГц астам, бірақ 37,5 ГГц-тен аз немесе 43,5 ГГц-тен жоғары емес, ұзақтығы 100 нс-тен аз импульс құру үшін жобаланған ең жоғары синтезделетін жиілік;
2. 43,5 ГГц астам ең жоғары синтезделетін жиілік;
3. Бір берілген жиіліктен екіншісіне 1 мс-тен аз «ауыстырып қосу уақыты»; немесе
4. дБ х с/Гц бірліктерінде - (126 + 20log10F - 20log10f) бір бүйірлік белдеудің фазалық шуылы жақсырақ, мұндағы f-Гц-дегі жұмыс жиілігінің жылжуы, ал F - МГц-дегі жұмыс жиілігі
Техникалық ескерту:
3А002.d.1 тармағының мақсаты үшін «импульс ұзақтығы» 90% шыңына жететін импульстің алдыңғы шебі мен 10% шыңына жететін импульстің кейінгі шебі арасындағы интервал ретінде айқындалады.
Ескерту: 3А002.d. тармақ шығу жиілігі екі немесе одан көп кварцті генераторлармен жиіліктерді қосу не есептеу арқылы не нәтижелейтін жиіліктерді кейін көбейте отырып қосу немесе есептеу жолымен құрылатын аппаратураны бақыламайды.
е. 43,5 ГГц асатын ең жоғары жұмыс жиілігімен желілік талдағыштар;
f. Мынадай барлық сипаттамаларға ие микротолқынды қабылдағыш-тестерлер:
1. 43,5 ГГц-тен асатын ең жоғары жұмыс жиілігі; және
2. Бір мезгілде амплитуданы және фазаны өлшеу қабілеті;
g. Мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие жиіліктердің атомдық эталондары:
Айына 1х10-11/-тен кем (жақсы) ұзақ мерзімді тұрақтылық көнеру);
2. «Ғарышта қолдануға жарамды».
Ескерту: 3Ф002.g. тармақ «ғарышта қолдануға арналмаған» рубидийлі эталондарды бақыламайды.
3A002 а. 1. 3A002 а. 2. 3A002 а. 3. 3A002 а. 4. 3A002 а. 5. 3A002 а. 6. 3A002 b. 3A002 с. 1. 3A002 с. 2. 3A002 d. 3A002 е. 3A002 f. 3A002 g. | 8519 81 560 8520 32 500 0 8520 32 990 0 8520 39 900 0 8520 90 900 0 8521 10 300 0 8521 10 800 0 8521 8521 10; 8521 90 000 0 8521 10 8471 70 600 0 8521 90 000 9 8521 90 000 0 8543 8471 90 000 0 8543 89 950 0 8486 10 8486 20 8486 30 8486 40 8523 59 8523 52 8471 50; 8471 60 100 0; 8471 60 900 0; 8471 70 100 0; 8471 70 510 0; 8471 70 530 0; 8520 90 100 0; 8520 90 900 0; 8521 90 000 0; 8522 90 590 0; 8522 90 930 0; 8522 90 980 0 8543 8486 10 8486 20 8486 30 8486 40 8523 59 8523 52 8543 20 000 0 8543 8486 10 8486 20 8486 30 8486 40 8523 59 8523 52 9030 83 900 0 9030 89 920 0 8543 8586 10 8486 20 8486 30 8486 40 8523 59 8523 52 9030 83 900 0; 9030 89 920 0 8543 20 000 0 8543 8486 10 8486 20 8486 30 8486 40 8523 59 8523 52 9030 40 900 0 8527 99 000 0 8527 90 980 0 8543 20 000 0 |
3А003 Флюидті тасымалдау және герметикалық кеңістіктегі қасиетін қалпына келтіру үшін автоматты түрде реттелетін жабдықтың жабық циклі пайдаланылатын жылумен салқындатуды және бүркуді бақылау жүйелері. Мұнда диэлектриктік флюид электрондық компоненттерге арнайы әзірленген, электрондық компоненттерді жұмыс температурасы шегінде ұстап тұруы тиіс бүріккіштер көмегімен шашылады. Және арнайы жобаланған компоненттер.
3A003 | 8419 89 989 0 8424 89 950 9 8479 89 980 0 |
3А101 3А001 тармақта сипатталғандардан ерекшеленетін мыналар секілді электронды жабдық, құрылғылар мен компоненттер:
а. Жоғары қорғалымдағы жабдық үшін әскери ерекшеліктерге сәйкес әзірленген, «ракеталарда» пайдалануға жарамды аналогті-цифрлық түрлендіргіштер;
b. 2 МэВ немесе одан артық жеделдетілген электрондардың тежегіштік сәулеленуінің есебінен электр магнитті сәулелену жасайтын жеделдеткіштер және осындай құрылғылары бар жүйелер;
Ескерту: 3А101.b. тармақ бойынша егер ол медициналық мақсатқа арналған болса, жоғарыда сипатталған жабдық бақыланбайды.
3A101 а. 3A101 b. | 8471 30 8471 41 8471 49 8471 50 8542 8543 10 000 0 8543 19 000 0 |
3А001 3А201 тармақта сипатталғандардан ерекшелігі бар, мыналар секілді электронды компоненттер:
а. Келесі сипаттамалар жиынтығының кез келгеніне ие конденсаторлар:
1. а. Кернеуі 1,4 кВ-ден астам,
b. Энергияның запасы 10 Дж-ден астам,
с. Сыйымдылығы 0,5 мкФ-ден астам, және
d. Дәйекті индуктивтілігі 50 нГ-ден кем; немесе
2. а. Кернеуі 750 В-дан астам,
b. Сыйымдылығы 0,25 мкф-тен астам,
с. Дәйекті индуктивтілігі 10 нГ-тен кем;
b. Бір мезгілде барлық келесі сипаттамаларға ие аса өткізгіш соленотдальды электро-магниттер:
1. Магниттік өріс жасау қабілеті 2 Т-дан жоғары;
2. Ұзындығының ішкі диаметрге арақатынасы (L/D) 2-ден артық;
3. Ішкі диаметрі 300 мм-ден артық; және
4. Орталығы бойынша ішкі көлемнің 50%-і шегінде 1%-тен жақсы магниттік өрістің біртектілігі;
Ескерту: 3А201.b. тармақ бойынша бейнелеудің медициналық ядролық магниттік-резонанстық (ЯМР) жүйелер үшін арнайы әзірленген магниттер және олардың құрамдас бөліктері экспорттық бақылауға жатпайды. «Құрамдас бөлік» сөзі сол жабдықтың өзінің табиғи бөлігін білдіруі міндетті емес. Тиісті экспорттық құжаттарда құрамдас бөліктердің байланысы анық көрсетілген жағдайда түрлі көздерден жекелеген жөнелтулер жасауға жол беріледі.
с. Келесі сипаттамалар жиынтығының кез келгеніне ие, импульстік рентгендік генераторлар немесе импульстік электронды жеделдеткіштер:
1. а. Жеделдеткіш электрондарының ең жоғары энергиясы 500 кэВ немесе одан астам, бірақ 25 МэВ кем; және
b. Сапасы (К) 0,25 немесе одан астам, немесе
2. а. Электрондардың ең жоғары энергиясы 25 МэВ немесе одан астам, және
b. «Қуат шыңы» 50 МВт астам
Ескерту: 3А201.c. тармақ бойынша электр шоқтарын немесе рентген сәулелерін (мысалы, электрондық микроскопия) алудан гөрі өзге мақсаттарға арналған құрылғылардың және медициналық мақсатқа арналған құрылғылардың құрамдас бөліктері болып табылатын жеделдеткіштер бақыланбайды:
Техникалық ескерту:
1. К «коэффициент сапасы» мына формула бойынша айқындалады:
K=1,7x10^(3)V^(2,65)Q
мұндағы V - электрондардың мегаэлектровольттардағы ең жоғары энергия.
Егер жеделдеткіш шоғы импульсінің ұзындығы 1 мкс-тен кем немесе оған тең болса, онда Q - кулондағы жиынтық жеделдетілген заряд. Егер жеделдеткіш шоғының ұзындығы 1 мкс болса, онда бұл - 1 мкс-тегі ең жоғары жеделдетілген заряд.
t интервалы бойынша Q і интервалына тең, і интервалы 1 мкс-тен немесе шоқ импульсінің (Q =Sidt) ұзақтығынан аз шаманы білдіреді, мұнда і - ампермен алғандағы шоқ тогі, і - секундпен алғандағы уақыт;
2. «Қуат шыңы» = (вольттағы ең жоғары әлеует) ампердегі шоқтың тогына көбейтілген х.
3. Микротолқынды жеделдеткіш белдеулерде орын тепкен құрылғылардағы шоқ импульсінің ұзақтығы - бұл екі шаманың неғұрлым азы: 1 мкс немесе микротолқынды модулятор импульсінің ұзақтығымен айқындалатын шоқ импульсі пакетінің топтанған ұзақтығы.
4. Микротолқынды жеделдеткіш белдеулерінде орын тепкен құрылғылардағы ең жоғары ток - бұл токтың шоқ импульстерінің топтастырылған пакеті ұзақтығының бойындағы орташа шама.
3A201 а. 3A201 b. 3A201 с. | 8532 10 000 0 8532 29 000 0 8532 23 000 0 8532 24 000 0 8532 25 000 0 8505 90 100 0 8543 8486 10 8486 20 8486 30 8486 40 8523 59 8523 52 8543 19 000 0 9022 19 000 0 |
3А225 0В001.b.13 тармақтарда сипатталғандардан ерекшелігі бар, келесі барлық сипаттамаларға ие жиіліктердің түрлендіргіштері немесе генераторлар:
а. Қуаты 40 Вт немесе одан астам көп фазалы шығу;
b. 600-ден 2000 Гц-ге дейінгі жиіліктер интервалында жұмыс істейді;
с. Жиынтық сызықтық емес бұрмалану 10% -тен жақсы (төмен); және
d. Жиіліктерді 0,1% кем (жақсы) дәлдікпен реттеу.
Техникалық ескерту:
3А225 тармақтағы жиіліктердің түрлендіргіштері сондай-ақ инверторлар немесе конверторлар ретінде белгілі.
3A225 | 8502 39 800 0 8504 40 000 0 8502 39 990 0 8502 40 900 0 |
3А226 0B001.j.6. тармақтарда сипатталғандардан ерекшелігі бар, келесі сипаттамалардың екеуіне де ие тұрақты токтың қуатты көздері:
а. 100 В астам кернеу кезінде және 500 А немесе одан астам шығу тоғында 8 сағаттан астам үздіксіз жұмыс істеуге қабілетті;
b. Токтың немесе кернеудің тұрақтылығы 8 сағаттық уақыт кезеңінде 0,1%-тен жақсы.
3A226 | 8504 40 900 9 8504 40 940 9 8504 40 990 0 |
3А227 0B001.j.5. тармақта сипатталғандардан ерекшелігі бар, келесі сипаттамалардың екеуіне де ие тұрақты токтың жоғары вольтты көздері:
а. 8 сағат бойы 1 А немесе одан жоғары шығу тоғы кезінде 20 кВ немесе одан астам кернеу туғызуға қабілеті; және
е. Токтың немесе кернеудің тұрақтылығы 8 сағаттық уақыт кезеңінде 0,1%-тен жақсы.
3A227 | 8501 61 8501 62 8501 63 000 0 8501 64 000 0 8501 32 990 9 8501 33 900 9 8501 34 910 0 8501 34 990 0 8504 40 940 9 |
3А228 Мыналар секілді қосушы құрылғылар:
а. Газбен толтырылуы немесе толтырылмауына қарамастан, ұшқындық күшейткіш ретінде жұмыс істейтін және барлық мынадай сипаттамаларға ие, салқын катодты түтіктер:
1. Үш немесе одан көп электродтары бар;
2. Ең жоғары анодтық кернеуі 2,5 кВ немесе одан астам;
3. Ең жоғары анодтық ток 100 А немесе одан астам;
4. Анодтық кідірісі 10 мкс немесе одан кем;
Ескерту: 3А228 тармағы газ толтырылған криптонды лампаларды және вакуумды спрайтрондарды қамтиды.
b. Келесі сипаттамалардың екеуіне де ие басқарылатын ұшқынды разрядниктер:
1. Анодтың кідірісі 15 мкс-тен жоғары емес; және
2. 500 А немесе одан астам ең жоғары тогқа есептелінген;
с. Барлық келесі сипаттамаларға ие тез қосуға арналған модульдер немесе жинамалар:
1. Ең жоғары анодтық кернеу 2 кВ немесе одан астам;
2. Ең жоғары анодтық ток 500 А немесе одан астам; және
3. Қосу уақыты 1 мкс немесе одан астам;
3A228 а. 3A228 b. 3A228 с. | 8540 89 000 0 8535 90 000 0 8536 90 850 0 8536 30 900 0 8535 90 000 0 8540 89 000 0 8535 8535 90 000 0 |
3А229 Мыналар секілді іске қосу құрылғылары және ток күші жоғары барабар импульстік генераторлар:
Ерекше ескерту: сондай-ақ әскери тізімді қараңыз
а. 2А232 тармақта көрсетілген басқарылатын детонаторларды қатарлас іске қосу үшін әзірленген жару құрылғылары детонаторларының іске қосу құрылғылары;
b. Келесі барлық сипаттамаларға ие модульді-электрлі импульстік генераторлар:
1. Портативтік, ұтқыр немесе қатаңдатылған режимде пайдалануға арналған;
2. Шаң өтпейтін корпуста орындалған;
3. 15 мкс-тен кем уақыт барысында қосалқы энергия бөлуге қабілетті;
4. Шығуында 100 А жоғары ток беретін;
5. 40 Ом-нан кем жүктеме қарсылығы кезінде импульстің «есу уақыты» 10 мкс-тен кем;
6. Мөлшерлердің бірде бірі 254 мм аспайды;
7. Салмағы 25 кг-нан аз; және
8. 223 К (-50oС) бастап 373 К (100oС)-ге дейінгі температура диапазонында пайдалануға бейімделген немесе ғарышта пайдалануға жарамды ретінде көрсетілген.
Ескерту: 3А229.b. ксенонды жарық шоғырлы драйверлерді қамтиды.
Техникалық ескерту:
3А229.b.5 тармақта «өсу уақыты» тиісті жүктеме арқылы өтетін токтың 10% және 90% ампуласының арасындағы уақытша интервал ретінде айқындалады
3A229 а. 3A229 b. | 8543 70 900 9 8486 10 8486 20 8486 30 8486 40 8523 52 8543 70 3603 00 900 0 8543 89 950 0 8543 20 000 0 8543 89 950 0 8548 90 900 0 |
3А230 Мынадай сипаттамалардың екеуіне де ие аса жылдам импульстік генераторлар:
а. 55 Ом-нан кем резистивті жүктеме кезінде шығуында 6 В-дан астам кернеу, және
b. Импульстің өсу уақыты (шептің ұзақтығы) 500 пс-тен кем
Техникалық ескерту:
3А230 тармақта «өсу уақыты» кернеу амплитудасының 10% және 90% аралығында уақытша интервал ретінде айқындалады.
3А231 Түтіктерді қамтитын, мынадай сипаттамалардың екеуіне де ие нейтронды генераторлар жүйелері:
а. Сыртқы вакуумдық жүйесіз жұмыс үшін құрастырылған; және
b. Тритийлі-дейтерилі ядролық реакцияны индицирлеу үшін электростатикалық жеделдетуді пайдаланушы
3A231 | 8543 10 000 0 8479 89 980 0 8543 19 000 0 9015 80 110 0 |
3А232 Мыналар секілді детонаторлар және көп нүктелі бастамашы жүйелер:
Ерекше ескерту: сондай-ақ әскери тізімді қараңыз
а. Мыналар секілді электродетонаторлар:
1. Жарылатын мойнапты;
2. Жарылатын мойнапты-сымды;
3. Соққылық әсерлі;
4. Жарылатын фольгалы инициаторлар;
b. Бір немесе бірнеше детонаторларды пайдаланатын, бірыңғай сигнал бойынша 5000 шаршы мм астам бетте жарылғыш заттардың бүкіл алаң бойынша 2,5 мкс-тен кем түрлі уақыттылықпен бір мезгілде іске қосуға арналған құрылғылар.
Ескерту: 3А232 тармақ бойынша қорғасынның азиді секілді тек бастапқы ВВ пайдаланатын детонаторлар экспорттық бақылауға жатпайды.