1. Секундына 28 000 миллион теориялық операциядан асатын (Мtops) «құрамдас теориялық өнімділікке» (ҚТӨ) ие «цифрлық ЭЕМ-дар»; немесе
2. 4Е001.b.1 тармағында белгіленген, «ҚТӨ» концентрациясының шегін арттыру үшін есептеу элементтері шоғырлануын (конфигурациясын) жақсарту үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «электрондық жинақтамалар».
4Е001
«Теориялық жиынтық өнімділікті» («ТЖӨ») есептеу жөніндегі техникалық ескерту
Осы техникалық ескертуде пайдаланылатын қысқартулар:
«ЕЭ» Есептеу элементі (қарапайым арифметикалық қисынды құрылғы)
ЖҮ Жүзбелі үтір
ТҮ Тіркелген үтір
Т Орындау уақыты
ХОR Жоюшы немесе
ОП Орталық процессор
ТӨ Теориялық өнімділік (бір «ЕЭ»)
«ТЖӨ» Теориялық жиынтық өнімділік (барлық «ЕЭ»-лердің)
R Есептеудің тиімді жылдамдығы
СҰ Сөздің ұзындығы
L Сөз ұзындығын түзету
х Көбейту белгісі
«t» орындау уақыты микросекундпен белгіленеді, ТӨ және ТЖӨ секундына миллион теориялық операциялармен (Смтоп) көрсетіледі, СҰ битпен белгіленеді.
ТЖӨ есептеудің негізгі тәсілі
«ТЖӨ» - бұл секундына миллион теориялық операциялар есептеу өнімділігінің шамасы, есептеу элементтерінің ЕЭ конфигурациясының «ТЖӨ» есептеп шығару кезінде мына үш кезеңді орындау қажет:
1. Әрбір «ЕЭ» үшін тиімді есептеу жылдамдығын анықтау;
2. Бұл жылдамдық (К) үшін сөз ұзындығын (L) түзету керек, нәтижесінде әр «ЕЭ» үшін теориялық өнімділікті (ТӨ) бермек;
3. Егер «ЕЭ» біреуден артық болса, онда ТӨ-ні біріктіру және осы конфигурация үшін ТЖӨ жалпы санын алу керек болады.
Толық баяндалуы төменде көрсетілген.
1-ескерту: Ортақ жадыға, сондай-ақ әрбір ішкі жүйе жадысына ие ішкі жүйелерге біріктірілген көптеген «ЭЕ» үшін «ТЖӨ»-ні есептеу екі кезеңде жүргізіледі: алдымен «ЕЭ» бірлесіп пайдаланылатын есте сақтау құрылғысымен топтарға біріктіріледі, содан кейін ұсынылған әдісті пайдалану арқылы жалпы жадыға ие емес барлық «ЕЭ» топтары үшін «ТЖӨ» есептеліп шығарылады.
2-ескерту: Іс-әрекет жылдамдығы мәліметтерді енгізу-шығару құрылғысының және шеткері функциональдық блоктар жұмысының жылдамдығымен шектеулі (мысалы, дисковод, беру және дисплей жүйелерін бақылаушылар) «ЕЭ» «ТЖӨ»-ні есептеу кезінде біріктірілмейді.
«ТЖӨ» Бойынша техникалық ескерту
Төменде келтірілген кестеде әрбір «ЕЭ» үшін R-дің тиімді жылдамдығын есептеп шығарудың есептеу әдісі көрсетіледі:
1-кезең: R-ді есептеп шығарудың тиімді жылдамдығы
Әрекеттерді орындаушы «ЕЭ» үшін: Ескерту: әрбір «ЕЭ» жеке-дара бағалануы тиіс | R-ді есептеп шығарудың тиімді жылдамдығы |
Тек ТҮ-ден | 1 (Rxp)=---------- 3x(txpadd) егер қосу операциялары болмаса: 1 (Rxp)=--------- (txpmult) Егер де қосу операциясы, не көбейту операциясы болмаса, онда Rтү бар арифметикалық операциялардың ең шапшаңы арқылы есептеледі 1 (Rxp)=-------- 3x(txp) X және Z ескертулерін қараңыз |
Тек ЖҮ-ден | 1 1 (Rfp)=max-------,------- (tfpadd) (tfpmult) X және Z ескертулерін қараңыз |
Екі түрі - ТҮ-ден және ЖҮ-ден. (R) | Rпү, Rжү екі маңызын есептеп табу |
Көрсетілген арифметикалық операцияларды орындамайтын қарапайым логикалық процессорлар үшін | 3 R=-------- 3xtlog Мұндағы tlog - «жоққа шығарушы ИЛИ»-ді орындаудың немесе «жоққа шығарушы ИЛИ»-ді орындамайтын аппараттық логика үшін уақыт, ең шапшаң және қарапайым логикалық операция. X және Z ескертулерін қараңыз |
Көрсетілген арифметикалық және қисынды операцияларды орындамайтын арнайы қисынды процессорлар үшін. | R=R'x WL/64, Мұндағы R' - секундтағы нәтижелер саны, WL - логикалық операциялар орындалатын биттер саны, ал 64-64 биттік операцияның қалыптасу факторы. |
W ескерту: Деректерді ағындық өңдеу режимінде жұмыс істейтін және әрбір машиналық тактіде бір арифметикалық немесе логикалық операциялар орындауға арналған «ЕЭ» үшін есептеу жылдамдығы цикл аяқталған соң айқындалуы мүмкін. Мұндай «ЕЭ» үшін есептеудің тиімді жылдамдығы (R) мәліметтерді ағындық өңдеу режимінде онсыз режимдегіге қарағанда жоғары.
X ескерту: Бір цикл ішінде көп мәрте арифметикалық операциялар орындайтын «ЕЭ» үшін (мысалы, цикл ішінде екі қосу немесе цикл ішінде екі тәуелсіз логикалық операциялар) t орындау уақыты былайша есептеледі:
циклдың уақыты t =
бір машиналық циклдегі тәуелсіз операциялардың саны
Бір машиналық циклде түрлі үлгідегі арифметикалық немесе логикалық операцияларды орындайтын «ЕЭ» бір мезгілде жұмыс істейтін көптеген жекелеген «ЕЭ» (мысалы, бір циклде қосу және көбейту операцияларын орындайтын «ЕЭ» екі «ЕЭ» ретінде қаралуы тиіс, олардың біреуі бір циклде қосуды, ал екіншісі - көбейтуді орындайды) ретінде қаралуы тиіс. Егер жекелеген «ЕЭ» скалярлы да, сондай-ақ векторлы де функцияларды орындайтын болса, онда орындаудың ең қысқа уақытының мәні пайдаланылады.
Ү ескерту: Егер «ЕЭ» ЖҮ-мен не қосу операцияларын, не ЖҮ-мен көбейту операцияларын орындамай, бірақ ЖҮ-мен бөлу операцияларын орындайтын болса, онда:
1
Rжү =
t бөлу ЖҮ
Егер «ЕЭ» кері шаманы алу операцияларын орындап, бірақ ЖҮ-мен не қосу операцияларын, ЖҮ-мен не көбейту немесе бөлу операцияларын орындамайтын болса, онда:
1
Rпз = t ЖҮ кері шамасын алу
Егер көрсетілген командалардың бірде-біреуі орындалмайтын болса, онда орындаудың тиімді жылдамдығы R жү=0
Z ескерту: Қарапайым қисындық операция - бұл бір командада берілген ұзындықтың екі операндасынан артық емес бір логикалы іс-қимыл орындалатын операция. Күрделі логикалық операция - бұл бір командада екі немесе одан көп операндалармен көп мәрте қисындық іс-қимылдар орындалатын және бір немесе бірнеше нәтижелер берілетін операция.
Есептеулердің жылдамдығы операндалардың барлық қолдау көрсетілетін ұзындықтары үшін есептеледі, бұл ретте деректерді өңдеудің екі режимі де ағындағы да (егер қолдау көрсетілсе) және ағындық емесі де қаралады және мыналарға негізделген операндоның әрбір ұзындығы үшін ең тез командалар пайдаланылады:
1. Реттіліктегі операциялар немесе регистр-регистр операциялары. Алдын ала айқындалған операндоға немесе операндоларға арналған операциялар үшін генерацияланатын орындаудың аса қысқа уақытын болдырмайды. (мысалы, 0 немесе 1-ге көбейту). Егер регистр-регистр үлгісіндегі операцияларға қолдау көрсетілмесе, (2) тармақты басшылыққа алу керек.
2. Регистр-регистр немесе жады-регистр үлгісіндегі ең тез операциялар. Егер мұндай үлгідегі операцияларға қолдау көрсетілмесе, (3) тармақты басшылыққа алу керек.
3. Жады-жады үлгісіндегі операциялар.
Кез келген жағдайда жоғарыда санамаланғандардың ішінен дайындаушының паспорттық деректерінде көрсетілген операцияларды орындаудың ең қысқа уақытын пайдаланыңыз.
2-кезең: СҰ әрбір қолдау көрсетілетін операндоның ұзындығы үшін ТӨ
R (немесе R') есептеулерінің тиімді жылдамдығын L сөз ұзындығын түзете отырып мынадай түрде қайта есептеңіздер:
ТП= R х L
мұндағы L = (1/3 + ДС/96)
Ескерту: Осы есептеуде пайдаланылатын СҰ сөз ұзындығы - бұл биттегі операнданың ұзындығы. (Егер операцияда түрлі ұзындықтағы операндалар іске қосылған болса, ең жоғары СҰ-ны пайдаланыңыз.)
Жүзбелі үтірмен есептеу жүргізуге қабілетті процессордағы немесе функционалдық құрылғыдағы арифметикалық және логикалық құрылғының (АЛҚ) комбинациясы және АЛҚ экспоненттері ТЖӨ-ні есептеу кезінде сөз ұзындығы (СҰ) деректерді ұсынудағы биттердің (32 немесе 64 разрядтағы) санымен барабар бір «ЕЭ» ретінде қаралады.
Бұл есептеу ХОК операциясы пайдаланылмайтын мамандандырылған логикалық процессорларға қолданылмайды. Бұл жағдайда:
ТП=R.
Төмендегілер үшін ТҮ-нің ең жоғары нәтижелі мәнін таңдаңыз:
Тек Т (Rтү)-мен іс-қимыл атқарушы әрбір «ЕЭ» үшін;
Тек ЖҮ (Rжү)-мен іс-қимыл атқарушы әрбір «ЕЭ» үшін;
ЖҮ-мен де, ТҮ (R)-мен де іс-қимыл атқарушы әрбір «ЕЭ» үшін;
Көрсетілген арифметикалық операциялардың бірде-біреуін орындамайтын әрбір қарапайым логикалық процессор үшін; және
Көрсетілген арифметикалық немесе логикалық операциялардың бірде-біреуін орындамайтын әрбір мамандандырылған логикалық процессор.
3-кезең: ОП-ны қоса алғанда, «ЕЭ» конфигурациясы үшін «ТЖӨ» есебі.
Бір «ЕЭ»-лі ОП үшін
«ТЖӨ» = ТӨ
(ТҮ-мен де, сондай-ақ ЖҮ-мен де операциялар орындайтын «ЕЭ» үшін
ТӨ = max (ТӨжү, ТӨтү)
Бір мезгілде жұмыс істейтін көп «ВЭ» конфигурациялары үшін «ТЖӨ» есебі:
1-ескерту: «ЕЭ»-нің мүмкін конфигурацияларының арасынан барлық «ВЭ»-нің бір мезгілде жұмыс істеуіне жол бермейтін конфигурациялар үшін ең көп «ТЖӨ» конфигурацияны таңдап алынады. «ЕЭ»-нің әрбір мүмкін конфигурациялары үшін «ТЖӨ»-ні есептегенде ТӨ-нің мәні үшін оның ең мүмкін теориялық мәні таңдап алынады.
Ерекше ескерту: «ЕЭ» бір мезгілде жұмыс істейтін мүмкін конфигурациялар ең баяу «ЕЭ»-ден бастап (операцияларды орындау кезінде циклдардың ең көп саны орындалатын) және ең тез «ВЭ»-мен аяқтағанда командаларды барлық «ВЭ»-нің орындауымен айқындалады. Машиналық цикл командаларының белгілі бір ретінің ішінде орнатылатын есептеу элементтерінің конфигурациясы мүмкін конфигурация болып та табылады. Командалардың ретін айқындау кезінде жауып тастайтын операцияларға арналған аппараттық және/немесе архитектуралық жіктеулерді назарға алу керек.
2-ескерту: Бір интегралды микросхемада немесе бір баспа палатасында көптеген «ЕЭ» бола алады.
3-ескерту: Егер дайындаушы осы жүйелерді басқару жөніндегі нұсқаулықта немесе кітапшада біріктірілген, орны ауыстырылған, қатарлас немесе бір мезгілдік операциялардың немесе іс-қимылының болуы туралы мәлімдесе, «ЕЭ»-нің бір мезгілдегі жұмыс істеуі орын алады деп есептеледі.
4-ескерту: «ТЖӨ»-нің мәні «жергілікті есептеу желілеріне», кең ауқымды есептеу желілеріне, ортақ кірме-шығару құрылғыларына, кірме-шығару бақылаушылары мен «бағдарламалық құралдармен» іске асырылған кез келген басқа да коммуникациялық қосылыстарға байланыстырылған «ВЭ» комбинациялары үшін қосындыланбайды.
5-ескерту: «ЕЭ» арнайы әзірленген аппараттық құралдарды пайдалану жолымен біртұтас конфигурацияға біріктірілген жағдайда, «ТЖӨ»-нің мәні «ЕЭ»-ні біріктіру, олардың бір мезгілдегі жұмысы мен жад бөлу (немесе көбейту) есебінен олардың сипаттамаларын арттыру үшін арнайы әзірленген көптеген «ЕЭ» үшін қосындылануы тиіс.
Мұндай біріктірілу 4А003.С тармағында сипатталған «электрондық жинақтауларға» жатпайды.
«ТЖӨ» = ТӨ1 + С2 х ТӨ2 +... + Сn х ТӨn,
мұнда ТӨ мәні оның шамасы бойынша ретке келтірілген, яғни ТӨ1 мейлінше үлкен шамаға ие, ТӨ2 шамасы бойынша екінші маңызға ие, солай кете береді, сөйтіп ақырында, ТӨn ең аз шамаға ие болады. Сі коэффициенттері мынадай түрде «ЕЭ» арасындағы өзара байланыс күшімен айқындалады:
Жалпы жадтағы бір мезгілде жұмыс істейтін ЕЭ көп болған жағдайда:
С2 = С3 = С4=...= Сn = 0,75
1-ескерту: Егер жоғарыда аталған әдіс бойынша есептелген «ТЖӨ» шамасы 194 Мтопс-тен аспаса, онда Сі былай айқындалына алады:
0,75
Ci=------------ (і=2,...,n)
Vm
мұндағы m = әрбір «ЕЭ» немесе жалпы қол жетімді «ЕЭ» топтары, мынадай шартта:
1. Әрбір «ЕЭ»-тің немесе «ЕЭ» топтарының ТРі -і 30 Мтопс-тен аспайды.
2. «ЕЭ» немесе жалпы қол жетімді «ЕЭ» топтары негізгі жадқа бір арна бойынша жүзеге асырылады (кэш-жадты қоспағанда); және
3. Тек бір «ЕЭ» немесе «ЕЭ» тобы осы арнаны кез келген уақытта пайдалана алады.
Ерекше ескерту: мұның 3-санат бойынша бақыланатын бұйымдарға қатысы жоқ.
2-ескерту: Егер олар қатты денелі жадтың жалпы блогына бағытталатын болса «ЕЭ» жалпы жадқа ие деп есептелінеді. Бұл жад кэш-жадты, жедел жадты немесе ішкі жадты қамти алады. Диск енгізгіш, магнит таспасындағы жинақтаушылар немесе еркін қол жеткізілетін дискілер түріндегі сыртқы жад мұнда кірмейді.
Жалпы жадқа ие емес, деректер берудің бір немесе одан көп арналарымен өзара байланысты көптеген «ЕЭ» немесе «ЕЭ» топтары жағдайы үшін:
Сі = 0,75х kі (і = 2,...,32) (Төмендегі ескертуді қараңыз)
= 0,60 x ki (і = 33,...,64)
= 0,45 x ki (і = 65,...,256)
= 0,30 х ki (і > 256),
Сі мәні «ЕЭ» санына байланысты және байланыстардың санына қатысты емес.
мұндағы
ki = min (Si/Kr, 1), және
Кr = 20 МБайт/с-ға тең нормалаушы көбейткіш
Si = жалпы жадқа ие, «ЕЭ»-нің немесе «ЕЭ» топтарының і-не жататын деректер берудің барлық арналары үшін деректер берудің ең жоғары жылдамдығының жиынтығы.
«ЕЭ» тобы үшін есептеу кезінде топтағы бірінші «ЕЭ»-нің нөмірін Сі үшін өзінің шегі айқындайды. Мысалы, әрқайсысы үш «ВЭ»-ден тұратын топтар конфигурациясында 22-топ «ЕЭ»64, «ЕЭ»65 және «ЕЭ»66-ны қамтитын болады. Осы топтағы Сі -дің өзінің шегі 0,60-қа тең.
Конфигурацияларды («ЕЭ» немесе «ЕЭ» топтары) ең тезінен ең баяуына қарай анықтау керек, яғни:
ТӨ1>= ТӨ2>=...>= ТӨn, және
ТӨі = ТӨі+1, жағдайында ең үлкен мәнінен ең төмен мәніне қарай анықтау керек, яғни:
Ci < Ci+1
Ескерту: егер ТПі »ЕЭ» немесе «ЕЭ» топтары 50Мтопс-тен үлкен болса, кі көбейткіші 2-ден 12-ге дейінгі «ЕЭ»-ге қолданылуы тиіс емес; яғни «ЕЭ» үшін Сi: 2-ден 12-ге дейін 0,75-ке тең.
5-Санат
Телекоммуникациялар және «ақпарат қорғау»
1-Бөлім
Телекоммуникациялар
1-ескерту: Телекоммуникациялық жабдық немесе жүйелер үшін арнайы әзірленген компоненттердің «лазерлік», сынақ және «өндірістік» жабдықтың, материалдар мен «бағдарламалық қамтамасыз ету» жабдығының бақылаулық мәртебесі 5-санаттың 1-бөлімінде айқындалады.
2-ескерту: Телекоммуникациялық жабдықтың жұмыс істеуі немесе қолдау үшін қажетті «цифрлық ЭЕМ», онымен байланысты жабдық немесе «бағдарламалық қамтамасыз ету» бұл санатта олар өндіруші беретін стандартты моделдер болып табылатын жағдайда арнайы жобаланған компоненттер ретінде қаралады. Бұл жерде әңгіме компьютерлік жүйелердің жұмыс істеуі, әкімшіліктендірілуі, пайдаланылуы, жобалану немесе құқықтық мәселелері жөнінде болып отыр.
5А1 Жүйелер, жабдық және компоненттер
5А001 а. Мынадай сипаттамалардың, қасиеттердің немесе функциялардың кез келгеніне ие телекоммуникациялық жабдық:
1. Ядролық жарылыс кезінде туындайтын қысқа уақыттық немесе электр-магниттік импульстерден қорғау үшін арнайы әзірленген;
2. Гаммалық, нейтрондық немесе иондық сәулеленуге жоғары төзімділігі бар; немесе
218 К (-55oС)-тен 397 К (124oС)-ке дейінгі температуралы аралық шектерінде жұмыс істеу үшін арнайы әзірленген.
Ескерту: 5А001.а.3 тармақ тек электронды аппаратураға қолданылады.
Ескерту: 5А001.а.2 және 5А001.а.3 тармақтар спутниктердің борттық аппаратурасына қолданылмайды.
b. Мынадай сипаттамалардың, қасиеттердің немесе функциялардың кез келгеніне ие, телекоммуникациялық қабылдау-беру жүйелері мен аппаратура және арнайы әзірленген компоненттер мен тиісті жабдық:
1. Мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие су асты байланысының жүйелері:
а. 20 Гц-ден 60 кГц-ке дейінгі интервал шектеріндегі жиіліктегі акустикалық;
b. 30 кГц-ден төмен жиіліктегі электр-магнитті пайдаланатындар; немесе
с. Сәулені электронды-сканирлеу әдістерін пайдаланушылар;
2. 1,5 МГц-ден 87,5 МГц-ге дейінгі жиіліктер диапазонында жұмыс істейтін, мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие радиоаппаратура:
а. 15 децибел кедергі сигналын басуды қамтамасыз ететін адаптивті әдістерді қамтиды; немесе
b. Мынадай құрауыштары бар:
1. жиіліктердің мәнін және беруді оңтайландыруға арналған арнаға «цифрлық берудің жалпы жылдамдығын» автоматты болжайтын және таңдайтын; және
2. 1,5 МГц немесе одан жоғары диапазонда 1 кВт немесе одан артық шығу қуатымен бірақ 30 МГц-дан аз 250 Вт немесе одан жоғары шығу қуатымен 30 МГц немесе одан жоғары, бірақ 87,5 МГц-дан артық емес, бір октавада «өткізудің шекті бөлеуінен» жоғары немесе одан артық және шығуында 80 дБ-дан жақсы үйлестірмемен және бұрмалаулармен арақатынастағы көптеген сигналдарды бір мезгілде қолдауға қабілетті қондырылған қуатты сызықты күшейткіш;
3. Келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие, «жиіліктердің секірмелі қайта реттелін» қоса алғанда, «спектрдің кеңею» әдісін пайдаланатын радиоаппаратура:
а. Пайдаланушы бағдарламалайтын кеңею коды; немесе
b. Жиіліктерді беру белдеуінің жиынтық ені кез келген бір ақпараттық арнаның белдеуінен 100 немесе одан әлденеше асатын және 50 кГц-ден астам құрауыштары бар:
Ескерту: 5А001.3.b тармақ бойынша азаматтық жиіліктерге арналған ұялы байланыстың жүйелерінде пайдаланылатын жабдық бақыланбайды.
Ескерту: 5А001.b.3. тармақ бойынша 1,0 Вт немесе одан кем шығу қуатымен жұмыс істейтін жабдық бақыланбайды.
4. «Кең алаңды жиілік модуляция» (КЖМ) әдісін пайдаланатын, пайдаланушы бағдарламалайтын арна жасауы немесе код беруі (скремблирлеуші) бар радиожабдық;
5. Мынадай барлық сипаттамаларға ие цифрлық басқарылатын радиоқабылдағыштар:
а. 1000-нан астам арнасы бар;
b. «Жиілікті қосу уақыты» 1 мс-ден кем;
с. Электрмагниті жиіліктер саласында автоматты іздеу немесе сканирлеу; және
d. Қабылданған сигналды бірдейлендіру немесе беруші түрінің мүмкіндігі; немесе
Ескерту: 5А001.b.4 тармақ бойынша азаматтық жиіліктерде жұмыс істейтін ұялы байланыс жабдығы бақыланбайды;
6. 2400 бит/с-тен кем жылдамдықтағы сөзді кодтауды қамтамасыз етуге арналған «сигналды цифрлық өңдеу» функциясын пайдаланады;
Техникалық ескерту: Айнымалы жылдамдықтағы сөзді кодтауды қамтамасыз ету үшін 5А001.b.6. тармағы сөзді кодтау үшін үздіксіз сөздік шықпаны пайдаланады.
с. Мыналар секілді оптоталшықты байланыс кабелдері, оптикалық талшықтар мен керек-жарақтар:
1. Ұзындығы 500 м-ден астам және дайындаушының ерекшелеуіне сәйкес бақылаулық тестте 2 x 109 №/m2 және одан жоғары созылу кернеуіне төзетін оптикалық талшықтар;
Техникалық ескерту:
Бақылау тесті - бұл диаметрі шамамен 150 мм жетекші біліктердің арасынан өту кезінде 0,5-тен 3 м-ге дейінгі ұзындықтағы талшыққа 2-ден 5 м/с-ге дейінгі жүріс жылдамдығында берілген кернеу түсіру болып табылатын дайындау сатыларында немесе дайындаудан кейінгі тексеру. Бұл ретте қоршаған ортаның температурасы 293 К (20oС) тең және салыстырмалы ылғалдылық 40%-ке тең. Бақылау тестті жүргізу кезінде тиісті ұлттық стандарттар пайдаланылуы мүмкін.
2. Су астында пайдалану үшін әзірленген оптоталшықты кабелдер мен керек-жарақтар.
Ескерту: 5А001.c.2 тармақ бойынша азаматтық пайдалануға арналған стандартты телекоммуникациялық кабелдер мен керек-жарақтар бақыланбайды.
1-ерекше ескерту: Су астындағы құбырлық кабельдер мен олардың ажыратпаларына қатысты 8А002.а.3 тармақты қараңыз.
2-ерекше ескерту: Оптоталшықты корпустық ажыратпалар мен қосылыстарына қатысты 8А002.c тармақты қараңыз.
d. 31 ГГц-ден жоғары жиіліктерде жұмыс істейтін «сәулені электронды сканирлейтін антенналы фазаланған торлар».
Ескерту: 5А001d тармақ бойынша СВЧ-диапазондағы қону жүйелерін жабатын, Азаматтық авиацияның халықаралық стандартын (ИКАО) қанағаттандыратын аппаратурасы бар қону жүйелеріне арналған «антенналы фазаланған торлар» бақыланбайды.
5А001 а. 1. 5А001 а. 2. 5А001 а. 3. 5А001 b. 1 5А001 b. 2. 5А001 b. 3. А001 b. 4. 5А001 b. 5 5А001 b. 6. 5А001 c. 1. 5А001 с. 2. 5А001 d. | 8517 8525 60 000 0; 8527 99 000 0; 8543 70 900 9 8517; 8525 60 000 0 8527 99 000 0; 8543 70 900 9 8517; 8525 60 000 0 8527 99 000 0; 8543 70 900 9 9014 80 000 0; 9015 80 910 0 8525 60 000 0 8525 60 000 0 8525 60 000 0 8527 8525 60 000 0 8544 70 000 0; 9001 10 900 8544 70 000 0; 9001 10 900 8529 10 900 0 (азаматтық авиациядан басқа) |
5А101 «Ракеталарда» пайдалану үшін әзірленген немесе модификацияланған, жердегі жабдықты қоса алғанда, телеметрикалық және телебақылау жабдығы.
Техникалық ескерту:
5А001 тармағы бойынша «ракета» - 300 км. диапазонда орын ауыстыруға қабілетті интеграцияланған ракета жүйелері мен ұшқышсыз әуе көлік құралдары.
Ескерту: 5А101 тармақ бойынша:
а. ұшқыш басқаратын ұшақтарға байланыс спутниктері үшін әзірленген және модификацияланған жабдық;
b. құрлықта және теңізде пайдалану үшін әзірленген және модификацияланған жердегі жабдық;
с. ғаламдық навигациялық спутниктік жүйелерді пайдалана отырып, коммерциялық, азаматтық мақсаттарға немесе «адам өмірін қорғауға» қызмет көрсету үшін әзірленген жабдық (мысалы, деректер сақтығы, ұшулар қауіпсіздігі);
5А101 | 8525 50 000 0; 8543 70 900 9; 9030 40 000 0 (азаматтық авиациядан басқа) |
5В1 Сынақ, бақылау және өндірістік жабдық
5В001 а. 5А001, 5В001, 5С001, 5D001 және 5Е001 тармақтар бойынша бақыланатын жабдықтарды, материалдарды, функцияларды немесе қасиеттерді «әзірлеуге», «өндіруге» немесе «пайдалануға» арналған жабдық және арнайы әзірленген компоненттер мен керек-жарақтар.
Ескерту: 5В001.а. тармақ бойынша оптикалық талшықтарға тест жүргізуге арналған жабдық бақыланбайды.
b. Қабылдау-беру телекоммуникациялық аппаратурасының немесе коммутациялық жабдықтың кез келген келесі түрлерін «әзірлеуге» арналған жабдық және арнайы әзірленген компоненттер немесе керек-жарақтар:
1. «Цифрлық деректерді берудің жиынтық жылдамдығы» 15 Гбит/с-ден асатын жұмысқа есептелген цифрлық техниканы пайдаланатын жабдық;
Техникалық ескерту: Коммутациялық жабдық үшін «цифрлық деректерді берудің жиынтық жылдамдығы» порттың жоғары жылдамдығымен немесе деректер беру желісімен есептеледі.
2. «Лазерді» пайдаланатын және келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие жабдық:
а. Толқындардың жұмыс ұзындығы 1750 мм-нен астам;
b. «Оптикалық күшейтуді» жүзеге асыратын;
с. Когорентті оптикалық беру немесе когорентті оптикалық детектрлеу техникасын (сондай-ақ оптикалық гетеродин немесе гомодин техникасы ретінде де белгілі) пайдаланатын; немесе
d. Аналогті және өткізу белдеуінің ені 2,5 ГГц-ден астам техниканы пайдалану;
Ескерту: 5В001.b.2.d тармақ бойынша коммерциялық теледидарлық жүйелерді «әзірлеу» үшін арнайы жобаланған жабдық бақыланбайды.
3. «Оптикалық коммутацияны» пайдаланатын жабдық;
4. 256 деңгейден жоғары квадратуралық амплитудалық модуляциясын (КАМ) пайдаланатын радиоаппаратура, немесе
5. Келісілмеген режимде жүзеге асырылатын «ортақ арна бойынша сигналды беруді» пайдаланатын аппаратура.
5В001
5С1 Материалдар
Жоқ
5D1 Бағдарламалық қамтамасыз ету
5D001 а. 5А001 немесе 5В001 тармақтар бойынша бақыланатын жабдықтарды, операцияларды немесе құрылғыларды немесе қасиеттерді «әзірлеу», «өндіру» немесе «пайдалану» үшін арнайы жасалған немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету».
b. 5А001 тармақ бойынша бақыланатын «технологияларды» қолдау үшін арнайы жасалған немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету».
с. Мына секілді арнайы «бағдарламалық қамтамасыз ету»:
1. 5А001 немесе 5В001 тармақтар бойынша бақыланатын сипаттамаларды, функцияларды немесе қасиеттерді қамтамасыз ету үшін арнайы жасалған немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету»;
2. Пайдаланылмайды;
3. «Динамикалық адаптивті маршруттау» үшін арнайы әзірленген машина коды нысанындағы емес «бағдарламалық қамтамасыз ету».
d. Қабылдау-беру телекоммуникациялық аппаратурасының немесе коммутациялық жабдықтың келесі түрлерінің кез келгенін «әзірлеу» үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету»:
1. «Цифрлық деректерді берудің жиынтық жылдамдығы» 15 Гбит/с-ден асатын жұмысқа есептелген цифрлық техниканы пайдаланатын жабдық;
Техникалық ескерту: Коммутациялық жабдық үшін «цифрлық деректерді берудің жиынтық жылдамдығы» порттың ең жоғары жылдамдығымен немесе деректер беру сызығымен өлшенеді.
2. «Лазерді» пайдаланатын және келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие жабдық:
а. Толқындардың жұмыс ұзындығы 1750 нм-нан астам;
b. Аналогті және өткізу белдеуінің ені 2,5 ГГц-ден астам техниканы пайдалану;
Ескерту: 5В001.b.2d тармақ бойынша коммерциялық теледидарлық жүйелерді «әзірлеу» үшін арнайы жобаланған жабдық бақыланбайды.
3. «Оптикалық коммутацияны» пайдаланатын жабдық; немесе
4. 256 деңгейден жоғары квадратуралық амплитудалық модуляцияны (КАМ) пайдаланатын радиоаппаратура.
5В001
5А001 тармағында көрсетілген аппаратураны «пайдалану» үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету».
5D101
5Е1 Технологиялар
5Е001 а. Жалпы технологиялық ескертуге сәйкес, 5А001, 5А001 немесе 5D001 тармақтар бойынша бақыланатын жабдықтарды, функцияларды, қасиеттер немесе «бағдарламалық қамтамасыз етуді» «әзірлеуге», «өндіруге» немесе «пайдалануға» (орындалатын операциялар) арналған «технологиялар».
b. Мыналар секілді «технологиялардың» арнайы түрлері:
1. Телекоммуникациялық жабдықты «әзірлеу» немесе «өндіру» үшін «қажетті» спутниктердің бортында пайдалануға арнайы әзірленген «технология»;
2. Сыртқы атмосфера арқылы немесе сұйықтың (судың) қабаты арқылы сигналды автоматты ұстау және қадағалау және байланысты қолдау қабілетімен «лазерлік» байланыстың әдістерін «әзірлеуге» немесе «пайдалануға» арналған «технология»;
3. БС қабылдау мүмкіндіктері көпалаңды, көпарналы,
көпрежимді, көп кодты алгоритмді немесе көп хаттамалық маршруттауды
қамтамасыз ете алатын, «бағдарламалық қамтамасыз етуге» өзгерістер енгізу арқылы модификациялана алатын БС цифрлық ұялы радиожүйелерді «әзірлеуге» арналған «технология»; немесе
4. «жиіліктерді секірмелі түрде қайта реттеу» әдістерін қоса алғанда, «спектрді кеңейту» әдісін пайдаланатын аппаратураны «әзірлеуге» арналған «технология».
с. Жалпы технологиялық ескертуге сәйкес, қабылдау-беру телекоммуникациялық аппаратурасының немесе коммутациялық жабдықтың, функциялардың немесе қасиеттердің келесі түрлерінің кез келгенін «әзірлеуге» арналған «технология»:
1. «Цифрлық деректерді берудің жиынтық жылдамдығы» 1,5 Гбит/с-ден асатын жұмысқа есептелген цифрлық әдістерді пайдаланатын жабдық;
Техникалық ескерту:
Коммутациялық жабдық үшін «цифрлық деректерді берудің жиынтық жылдамдығы» порттың ең жоғары жылдамдығымен немесе деректер беру сызығымен өлшенеді.
2. «Лазерді» пайдаланатын және келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие жабдық:
а. Толқындардың жұмыс ұзындығы 1750 мм-нен астам;
b. Легирленген прзеолимді фторидті талшықты күшейткіштерді пайдалана отырып «оптикалық күшейтуді» жүзеге асыру;
с. Когорентті оптикалық беру немесе когорентті оптикалық детекторлау техникасын (сондай-ақ оптикалық гетеродин немесе гомодин техникасы ретінде де белгілі) пайдалану;