Техникалық ескерту:
3А232.а. тармақта көрсетілген барлық детонатор өзі арқылы қуатты электрлік импульс өткен кезде жарылыспен бірге буланып кететін кіші электр өткізгішін (көпір, жарылатын сым немесе фольга) пайдаланады. Соққысыз үлгідегі жарғыштардағы жарғыш сым өзімен байланысатын РЕТМ (пентаэритритолтетранитрат) секілді жарғыш затта (ЖЗ) химиялық детонация тудырады. Соққылық детонаторларда сымның жарылыстық булануы саңылаудағы соққылаушыны немесе пластинканы қозғалысқа келтіреді, ал пластинканың ЖЗ-ға әсер етуі химиялық детонацияға бастау береді. Кейбір конструкциядағы соққылаушы магниттік өріспен жеделдетіледі. Жарылатын фольгалы детонатор термині жарылатын сымы бар детонаторларға да, соққылы үлгідегі детонаторларға да қатысты. Бұдан басқа детонатор терминінің орнына инициатор термині қолданылады.
3A232 а. 3A232 b. | 3603 00 900 0 8543 70 900 9 8486 10 8486 20 8486 30 8486 40 8523 52 8543 70 8543 89 950 0 |
3А233 0В002.g. тармақта сипатталғандардан ерекшеленетін 230 және одан астам атомның массалық сандарының мәнін өлшеуді қамтамасыз ететін, 2 бөлікті 230-ден жақсы шешім қабілеті немесе олар үшін ионның көздері, оның ішінде мыналар бар масс-спектрометрлер:
а. Индуктивті байланысқан плазмалы (ПМС/ИС) масс-спектрометрлер;
b. Тұнбалы разрядты масс-спектрометрлер (ТРМС);
с. Термоионизациялы масс-спектрометрлер (ТИМС);
d. Уран гексафторидіне төзімді материалдардан құрастырылған немесе сондай материалдармен қорғалған ионизацияланған камералары бар электронды соққылы масс-спектрометрлер;
е. Молекулярлық шоғыры бар, мыналар секілді масс-спектрометрлер:
1. Тоттанбайтын болаттан немесе молибденнен құрастырылған немесе олармен қорғалған ионизациялық камерасы және 193 К (-80oС) немесе одан төмен салқындатуды қамтамасыз ететін салқындату камерасы бар; немесе
2. Уран гиксафторидіне қатысты төзімді материалдардан құрастырылған немесе сондай материалдармен қорғалынған ионизациялық камерасы бар;
f. Микрофтористік ион көзімен жабдықталған, актиниттермен немесе актиниттердің фторидтермен пайдалану үшін әзірленген масс-спектрометрлер;
3A233 а. 3A233 b. 3A233 с 3A233 d. 3A233 е. 3A233 f. | 9027 80 970 0 9027 80 970 0 9027 80 970 0 9027 80 970 0 9027 80 970 0 9027 80 970 0 |
3В Сынақ, бақылау және өндірістік жабдығы
3В001 Жартылай өткізгіш жабдықтар немесе материалдар өндіруге арналған төменде санамаланған жабдық және олар үшін арнайы әзірленген компоненттер мен керек-жарақтар:
а. Эпитаксиальдік өсіруге арналған, мыналар секілді қондырғылар:
1. Мыналарды шығаруға қабілетті жабдық:
а. 200 мм немесе одан астам уақыт бойында +/- 2,5%-тен кем біркелкі қалыңдықты кремний қабаты; немесе
b. 75 мм немесе одан астам уақыт бойында +/- 2,5% -тен кем біркелкі қалыңдықты кремнийден басқа кез келген материал;
2. 3С003 немесе 3С004 тармақ бойынша бақыланатын материалдардың арасындағы химиялық реакциялардың көмегімен күрделі жартылай өткізгіштердің кристалдарын алу үшін арнайы әзірленген металл-органикалық қосылыстардың буын химиялық шектіру қондырғылары;
3. Газды көздерді пайдаланатын эпитаксиалды өсірудің молекулярлық-сәулелік қондырғылары;
b. Келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие, иондық имплантация үшін әзірленген қондырғылар:
1. 1 МэВ-дан жоғары шоғыр энергетикасы (жеделдететін кернеу);
2. 2 кэВ-ден төмен шоғыр энергетикасымен (жеделдететін кернеумен) жұмыс үшін арнайы жобаланған және оңтайландырылған;
3. Тікелей жазу қабілеті бар; немесе
4. Жартылай өткізгіш материалдардың қыздырылған «табанына» оттегіні жоғары энергетикалық имплантациялауға жарамды 65 кэВ немесе одан жоғары шоғыр энергетикасы және 45 миллиампер немесе одан жоғары шоғыр тоғы;
с. Анизотропты плазмамен құрғақ өңдеуге арналған мыналар секілді жабдық:
1. Келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие, пластиндерді касеттеп өңдеу және толтыру шлюздері арқылы толтыру:
а. 0,3 um немесе + 5% 3 сигма-дәлдіктен аз шекті шаманы алу үшін жобаланған немесе оңтайландырылған; немесе
b. Диаметрі бойынша 0,1 um-нан жоғары жиіліктің өлшеуіш мөлшерінде 0,04 см2-ден кем бөлшектер тудыру үшін жобаланған;
2. 3Е001.е. тармақ бойынша бақыланатын ие жабдық үшін арнайы жобаланған және келесі сипаттамалардың кез келгеніне;
а. 0,3 um немесе +5 % 3 сигма-дәлдіктен аз шекті шаманы алу үшін жобаланған немесе оңтайландырылған; немесе
b. Диаметрі бойынша 0,12 um-нан жоғары жиіліктің өлшеуіш мөлшерінде 0,04 см2-ден кем бөлшектер тудыру үшін жобаланған;
d. Мыналар секілді химиялық бу-газды шөктіру және плазмалық ынталандыру қондырғылары:
1. Өндірушінің техникалық ерекшелемелеріне сәйкес жобаланған немесе шекті шамасы 180 нм немесе одан аз жартылай өткізгішті құрылғылар өндірісінде пайдалану үшін оңтайландырылған пластиндерді касеттеп өңдеу және тиеу шлюздері арқылы жүктеме;
2. Өндірушінің техникалық ерекшелемелеріне сәйкес 3Е001.е. тармақ бойынша бақыланатын жабдық үшін арнайы жобаланған немесе шекті шамасы 180 нм немесе одан аз жартылай өткізгішті құрылғылар өндірісінде пайдалану үшін оңтайландырылған;
е. Келесі барлық құраушыларға ие, енгізілген бағдарламалармен басқарылатын, пластиндерді орталық толтыруы бар автоматты түрде жүктемеленетін көп камералы жүйелер:
1. Жартылай өткізгіштерді өңдеуге арналған жабдықтардың екеуден көп бірлігі жалғанатын пластиндерді толтыруға және босатуға арналған интерфейстар; және
2. Вакуумдық ортада пластиндерді жүйелі көп позициялы өңдеудің интеграциялы жүйесіне арналған;
Ескерту: 3В001.е. тармақ вакуумдық жұмыс істеуге арналмаған жүктеудің автоматты роботты техникалық жүйелерін бақыламайды;
f. Мыналар секілді литографиялық қондырғылар:
1. Келесі құраушылардың кез келгенінде ие, пластиндерді фотооптикалық немесе рентгендік литография әдісімен өңдеуге арналған көп мәрте жалғау (пластинге тікелей қадам) және экспонирлау және қадамдық экспонирлау және сканирлеу (сканер) қондырғылары:
а. 350 мм-нен қысқа толқын ұзындығы бар жарық көзі; немесе
b. Суретті 0,35 мкм-нан бастап және одан кем ең төмен мөлшерлі шешіммен беру қабілетті;
Техникалық ескерту: Шешімнің ең төменгі мөлшері (ШТМ) келесі формула бойынша есептеледі:
(жарықтың сәулелену толқынының мкм-дағы ұзындығы) х (КФактор)
ШТМ =
цифрлық апертура
мұндағы К фактор = 0,7;
ШТМ - шешімнің ең төмен өлшемі.
2. Келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие, ауытқитын фоксталатын электронды сәулелерді иондардың шоқтарын немесе лазердің сәулесін пайдалана отырып шаблондарды өндіру немесе жартылай өткізгіш приборларды өңдеу үшін арнайы жобаланған қондырғылар;
а. Дақтың мөлшері 0,2 мкм-нен кем;
b. 1 мкм-нен кем ең төмен рұқсат етілген жобалық нормалармен сурет шығару қабілеті; немесе
с. Орнын басу дәлдігі +/- 20 мкм (3 сигма)-дан жақсырақ;
g. 3А001 тармақ бойынша бақыланатын интегралдық схемалар үшін әзірленген шаблондар немесе аралық орта фотошаблондар;
h. Фазаны жылжытатын қабаты бар көп қабатты шаблондар;
Ескерту: 3В001.h. тармағы 3В001 тармағымен бақыланбайтын есте сақтаушы құрылғылар өндіруге арналған фазаны жылжытатын қабаты бар көп қабатты шаблондарды бақыламайды.
3B001 а. 1. 3B001 а. 2. 3B001 а. 3. 3B001 b. 3B001 с. 1. 3B001 с. 2. 3B001 d. 3B001 е. 3B001 f. 1. 3B001 f. 2. 3B001 g. 3B001 h. | 8419 89 8486 10 000 8486 20 8479 89 650 0 8419 89 8486 10 000 8486 20 8419 89 200 0 8417 80 8479 89 700 0 8543 89 650 0 8456 10 8486 10 000 0 8486 20 8486 30 8543 11 000 0 8456 90 000 0 8456 91 000 0 8456 99 800 0 8456 90 000 0 8456 91 000 0 8456 99 800 0 8456 90 000 0 8419 89 200 0 8419 89 300 0 8456 10 8456 90 000 0 8486 10 000 0 8486 30 8486 40 8456 91 000 0 8456 99 800 0 8456 99 300 0 8479 50 000 0 8443 39 290 0 9009 22 000 0 8456 10 8486 10 000 0 8486 20 8486 30 8456 99 8471 8443 31 8443 32 8528 41 8528 51 8528 61 8517 62 9010 90 9010 90 000 0 9010 90 |
3В002 «Қондырылған бағдарламамен басқарылатын», дайын немесе түрлі дайындық дәрежесіндегі жартылай өткізгіш приборларды сынау үшін арнайы жобаланған сынақтар аппаратурасы және оған арнап арнайы әзірленген компоненттер мен бейімдемелер:
а. 31 ГГц-ден жоғары жиіліктердегі транзисторлық аспаптардың S-өлшемдерін өлшеуге арналған;
b. 333 МГц-ден астам жолдардың тест жүргізу жиілігімен функционалдық тесттерді орындауға қабілетті (ақиқаттық кестелер бойынша) интегралды схемаларды сынау үшін;
Ескерту: 3В002.b. тармақ төмендегілерді сынау үшін арнайы жобаланған сынақтар аппаратурасын бақыламайды;
1. Тұрмыстық немесе ойын электрондық аппаратурасына арналған «электронды жинамалар» немесе «электронды жинамалар» сыныбы аппаратураларын;
2. Бақыланбайтын электронды компоненттерді, «электронды жинамаларды» немесе интегралды схемаларды;
3. Есте сақтайтын құрылғыларды.
Техникалық ескерту:
Мұнда «тест жүргізу жиілігі» деп тестер цифрлық операцияларының жиілігі түсініледі. Сөйтіп, ол тестердің мультипликациялық режимде мәліметтер беруінің ең жоғары жылдамдығымен барабар. Ол сонымен қатар тестің жылдамдығы, ең жоғары цифрлық жиілік немесе ең жоғары цифрлық жылдамдық ретінде де белгілі.
с. 3А001.b.2. тармақта көрсетілген микротолқынды интегралды схемаларды сынау үшін;
3B002 а. 3B002 b. 3B002 с. | 9031 80 380 0 9031 80 390 0 9031 80 380 0 9030; 9031 20 000 0 9031 80 390 0 9031 80 380 9030 9031 20 000 0 9031 80 390 0 |
3С Материалдар
3С001 Келесі құрауыштардың кез келгеніне ие, бірнеше мәрте өсірілген эпитоксиалды қабаттары бар «төсемдерден» тұратын, гетероэпитоксиалды материалдар:
а. Кремний;
b. Германий;
с. Кремний карбиді; немесе
d. Галий немесе индий негізіндегі ІІІ/V қосылыстары;
Техникалық ескерту:
III/V қосылыс - Менделеев периодикалық жүйесінің IIIА және VА топтары элементтерінен тұратын (мысалы, галий арсениді, галий алюминоарсениді, индий фосфиті және т.б) поликристаллды немесе екі элементті немесе күрделі монокристаллды өнімдер;
3C001 а. 3C001 b. 3C001 с. 3C001 d. | 3818 00 3818 00 100 0 3818 00 900 0 3818 00 3818 00 900 0 3818 00 3818 00 900 0 3818 00 3818 00 900 0 |
3С002 Резистік элементтер және бақыланатын резистермен қапталған «төсемдер», мыналар секілді:
а. 350 мм-не кем спектральды сезімталдыққа пайдалану үшін арнайы бейімделген (оңтайландырылған), жартылай өтгізгіш витографияға арналған оң резистер;
b. 0,1 мкКлм/шаршы мм немесе жақсы сезімталдықтағы электрондық немесе иондық сәулелермен экспонирлеу кезінде пайдалануға арналған барлық резистер;
с. 2,5 мДж/шаршы мм. немесе одан жақсырақ сезімталдықтағы, рентген сәулелерімен экспонирлеу кезінде пайдалануға арналған барлық резистер;
d. «Силицирленген» резистерлерді қоса алғанда, суретті қалыптастыру технологиясына оңтайландырылған барлық резистер.
Техникалық ескерту:
«Силицирлеу» әдісі - бұл дымқыл және құрғақ көріністердің сапасын арттыру үшін резистің бетін тотықтандыруды қамтитын процестер;
3C002 а 3C002 d. | 8541 40 100 0 8443 31 8443 32 8443 39 8443 99 8541 40 900 0 |
3С003 Органикалық-органикалық емес қосылыстар, мыналар секілді:
а. 99,999%-тан жоғары тазалықтағы (металл негіздегі) алюминийдің, галлийдің немесе индийдің негізіндегі органикалық металдық қосылыстар;
b. 99,999%-тан жоғары тазалықтағы (органикалық емес элементтік негіздегі) органикалық-мүсәтірлік, органикалық-сүрмелі және органикалық-фосфорлы қосылыстар;
Ескерту: 3С003 тармақ тек металдық ішінара металдық немесе металл емес элементі молекуланың органикалық бөлігіндегі көміртегімен тікелей байланысты қосылыстарды ғана бақылайды;
3C003 а 3C003 b. | 2931 00 950 0 2931 00 950 0 |
3С004 Инертті газдарда немесе сутегіде ерігеннен кейін де 99,999%-тен жоғары тазалыққа ие фосфордың, мүсәтірдің немесе сүрменің гидриді;
Ескерту: 3С004 тармақ инертті газдардың немесе сутегінің 20% немесе одан көп мольден тұратын гидридтерін бақыламайды;
3C004 | 2848 00 000 0; 2850 00 200 0 |
3D Бағдарламалық қамтамасыз ету
3D001 3А001.b. бастап 3А001.g.-ні қоса алғандағы немесе 3В тармақтар бойынша бақыланатын жабдықты «әзірлеуге» немесе «өндіруге» арнайы жасалған «бағдарламалық қамтамасыз ету»
3D001
3D002 «Жабдықта» қолдану үшін арнайы жасалған «бағдарламалық қамтамасыз ету»
а. 3В001.а.-дан f-ке дейін тармақ бақылайтын жабдықта; немесе
b. 3В002 тармақ бақылайтын жабдықта;
3D002
3D003 Бүркеме шаблондарды өткізгіштердің, диэлектриктердің немесе жартылай өткізгіш материалдардың нақты топологиялық суреттеріне айналдыру мақсатында литографиялау, қорыту және шөктіру операцияларының дәйектілігін «әзірлеуге» әдейі арналған, негізі ретінде табиғи қасиеттерді білдіру алынатын «бағдарламалық қамтамасыз ету».
Техникалық ескерту: табиғи себептер мен әсерлері секілді табиғи қасиеттер дәйектілігінің негізінде айқындау үшін 3.D.3. тармағындағы «Табиғи қасиеттерді есепке алуға» негізделген есептерді пайдалану.
Ескерту: Жартылай өткізгіш приборларды немесе интегралдық схемаларды жобалауға арналған кітапханалар, жобалық атрибуттар немесе тиісті деректер, «технология» ретінде қаралады;
3D003
3D004 3А103 тармақ бойынша бақыланатын жабдықты «әзірлеуге» арнайы әзірленген «бағдарламалық қамтамасыз ету»:
3D004
3D101 3А101.b. тармақ бойынша бақыланатын жабдықты «әзірлеуге» арнайы әзірленген «бағдарламалық қамтамасыз ету».
3D101
3Е Технология
3Е001 Жалпы технологиялық ескертуге сәйкес 3А, 3В немесе 3С тармақтары бойынша бақыланатын жабдықтарды немесе материалдарды «әзірлеуге» немесе «өндіруге» арналған технология;
1-ескерту: 3Е001 тармақ 3А003 тармағы бақылайтын жабдықтар мен компоненттерді «әзірлеуге» немесе «өндіруге» арналған «технологияларды» бақыламайды.
2-ескерту: 3Е001 тармақ b. 3А001.а.3-тен 3А001. а. 12-ге дейінгі тармақтар бойынша бақыланатын, төменде санамаланған екі белгіге ие интегралдық микросхемаларды (ИС) «әзірлеуге» немесе «өндіруге» арналған «технологияларды» бақыламайды:
1. 0,5 мкм немесе одан жоғары «технологияны» пайдаланатын; және
2. «Көп қабатты» құрылымдары болмайтын;
Техникалық ескерту:
«Көп қабатты құрылымдар» термині көп дегенде үш металл қабаты немесе үш поликремний қабаты бар аспаптарды қамтымайды;
3Е001
3Е002 Жалпы технологиялық ескертуге сәйкес, 3Е001 тармағынан басқа, микробақылаулар микросхемаларын, микро ЭЕМ микросхемаларын, секундына 530 млн. немесе одан жоғары теориялық операциялық (Мтопс) «жиынтық теориялық» өнімділігіне («ЖТӨ») және таңдама ұзындығы 32 бит немесе одан жоғары арифметикалық-логикалық құрылғыға ие микробақылаулар микросхемаларын «әзірлеуге» немесе «өндіруге» арналған «технологиялар».
Ескерту: 3Е001 тармағы үшін бақылаудан босату туралы 2 ескертудің 3А002 тармағына да қатысы бар.
3Е002
3Е003 «Әзірлеуге» немесе «өндіруге» арналған басқа да «технологиялар»:
а. Вакуумды микроэлектрондық аспаптар;
b. Жоғары жылжымалы электронды транзисторлар секілді гетероқұрылымды жартылай өткізгішті аспаптар, гетероқұрылымды биполярлы транзисторлар, квантты ойықтары бар аспаптар немесе жоғары торлы аспаптар
Ескерту: 3Е003.b. тармағы 31,8 ГГц-дан төмен жиіліктерде жұмыс істейтін жоғары жылжымалы электронды транзисторлар және 31,8 ГГц-дан төмен жиіліктерде жұмыс істейтін гетероқұрылымды биполярлы транзисторлар шығару жөніндегі технологияларды бақыламайды.
с. «Аса өткізгіш электронды аспаптар»;
d. Электронды компоненттерге арналған алмаз пленкалы төсемдер;
е. Изолятор ретінде кремнийдің қос тотығы пайдаланатын интегралды схемаларға арналған «изолятордағы кремний» «төсемдер»;
f. Электрондық компоненттерге арналған кремнийдің карбидінен жасалған төсемдер;
g. 31,8 ГГц немесе одан жоғары жиілікте жұмыс істейтін электровакуумдық шамдар.
3Е003
3Е101 Жалпы технологиялық ескертуге сәйкес 3А001.а.1 немесе 2., 3А101 немесе 3D101 тармақтарда айқындалған жабдықтарды немесе «ету» «технологиялар»
3Е101
3Е102 Жалпы технологиялық ескертуге сәйкес 3D001 тармақта бақыланатын «бағдарламалық қамтамасыз етуді» «әзірлеуге» арналған «технологиялар».
3Е102
3Е201 Жалпы технологиялық ескертуге сәйкес 3D001.е.2., 3А001.е.3., 3А201, 3А225-тен 3А233-ті қоса алған тармақтарда айқындалған жабдықты «пайдалануға» арналған «технологиялар».
3Е201
4-Санат
Есептеу техникасы
1-ескерту: Телекоммуникацияда немесе «жергілікті есептеу жүйелерінде» қолданылатын компьютерлер, тиісті жабдықтар мен «бағдарламалық қамтамасыз ету» де 5-санаттың 1-бөлімінде (Телекоммуникация) көрсетілген сипаттамаға сәйкестігіне орай талдануы тиіс.
2-ескерту: орталық процессорлардың шиналарды немесе арналарын, «жедел есте ұстау» немесе магнитті дискілердегі жинақтауларды бақылаушыларды тікелей байланыстыратын басқару құрылғылары 5-санаттың 1-бөлімінде қарастырылатын телекоммуникациялық аппаратура ұғымына кірмейді (Телекоммуникациялар).
Ерекше ескерту: Пакеттер коммутациясы үшін арнайы жасалған «бағдарламалық қамтамасыз етудің» бақылау мәртебесін анықтау үшін 5D001 тармақты пайдалану қажет (Телекоммуникациялар).
3-ескерту: Криптография, криптоталдау, ақпаратты көп салалы қорғауды сертификаттау функциясын немесе пайдаланушыларды оқшаулау не электромагниттік сәйкестікті шектеу (ЭМШ) функциясын атқаратын компьютерлер, тиісті жабдықтар мен «бағдарламалық қамтамасыз ету» де 5-санаттың 2-бөлімінде («Ақпаратты қорғау») көрсетілген сипаттамаға сәйкестігіне орай талдануы тиіс.
4А Жүйелер, жабдық және компоненттер
4А001 Төменде аталған ЭЕМ және тиісті жабдықтар, сондай-ақ «электронды жиынтықтар» және олар үшін арнайы жасалған компоненттер;
Ерекше ескерту: сондай-ақ 4А101 қараңыз
а. Арнайы жасалған, мынадай сипаттамаларға ие:
1. Техникалық шарттар бойынша сыртқы ортаның 228 К (-45oС)-тен
төмен немесе 358 К (85oС)-тен жоғары температурада жұмыс істеу үшін жарамды;
Ескерту: 4А001.а.1. тармағы азаматтық автомобильдер мен темір жол локомотивтері үшін арналған компьютерлерге қолданылмайды.
2. Радиациялық-шыдамды, төмендегі талаптардың кез-келгенінен асып түсетін:
а. Сіңірушілік дозасы = 5 х 103 рад (кремний);
b. Доза күшінің төмендеуі = 5 х 106 рад (кремний)/с; немесе
с. Жоғары энергетикалық бөлшектерден төмендеу = 1 х 10-7 қате /бит/ күн;
b. 5-санаттың (Ақпаратты қолдау) 2-бөлігінде көрсетілген шектен тыс сипаттамаларға немесе функциональдық ерекшеліктерге ие.
Ескерту: 4А001.b тармағы пайдаланушы жеке өзі пайдалану мақсатымен алып жүретін компьютерлер мен тиісті жабдықтарға қолданылмайды.
4А001 а. 4А001 b. 4А002 | 8471 30 000 0 8471 41 000 0 8471 49 000 0 8471 50 000 0 8471 30 000 0 8471 41 000 0 8471 49 000 0 8471 50 000 0 8471 30 |
4А003 «Құрастырылмалы компьютер», «электронды құрастырмалар», тиісті жабдық және олар үшін арнайы әзірленген компоненттер
1-ескерту: 4А003 тармаққа мыналар жатады;
а. векторлық процессорлар;
b. матрицалы процессорлар;
с. сигналды өңдейтін цифрлы процессорлар;
d. қисынды процессорлар;
е. «бейне сапасын жақсаруға» арналған жабдықтар;
f. «сигналдарды өңдеуге» арналған жабдықтар.
2-ескерту: 4А003 тармақта баяндалған «цифрлық компьютерлердің» және тиісті жабдықтардың бақылау мәртебесі, егер төмендегідей болған жағдайда, басқа да жабдықтың немесе басқа жүйелердің бақылау мәртебесімен айқындалады:
а. «цифрлық компьютерлер» немесе тиісті жабдықтар басқа жабдықтардың немесе басқа жүйелердің жұмыс істеуі үшін қажет болса;
b. «цифрлық компьютерлер» немесе тиісті жабдықтар басқа жабдықтардың немесе басқа жүйелердің негізгі элементі бола алмаса; және
1-ерекше ескерту:
Функциялары басқа жабдықтың функциональдық қызметімен шектелген басқа жабдықтар үшін арнайы жобаланған «сигналдарды өңдеу» немесе «бейне сапасын жақсару» жабдықтарының бақылау мәртебесі, алғашқысы «негізгі элементінің» белгісімен сәйкес келгеннің өзінде, басқа жабдықтың бақылау мәртебесімен айқындалады,
2-ерекше ескерту:
«Цифрлық компьютерлердің» немесе телекоммуникациялық аппаратураларға арналған тиісті жабдықтың бақылау мәртебесін анықтау үшін 5-санаттың (Телекоммуникациялар) 1-бөлігін қараңыз.
с. «Цифрлық компьютерлерге» және тиісті жабдықтарға арналған «технология» 4Е тармағының әрекетіне түседі.
а. «тоқтамауға төзімділікті» қамтамасыз ету үшін әзірленген немесе модификацияланған;
Ескерту: «Цифрлық компьютерлер» мен тиісті жабдықтар, егер оларда төмендегілердің кез келгені пайдаланылатын болса, 4А003.а тармағының мақсаты үшін «тоқтамауға төзімділікті» қамтамасыз ету үшін әзірленген немесе модификацияланған болып есептелмейді:
1. Жедел жадта сақталатын қатені табу мен түзету алгоритмі;
2. Екі «цифрлық компьютердің» өзара байланысы, егер белсенді орталық процессор істен шықса, күтуші, алайда қадағалаушы орталық процессор жүйенің функциясын жалғастыра алады;
3. Бірінші орталық процессор істен шығып, жүйенің жұмыс істеуін жалғастыру үшін бірінші орталық процессор оның жұмысын өзіне алатындай екінші орталық процессордың басқа жұмысты орындау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін екі орталық процессордың ақпарларды беру арналары арқылы немесе жалпы жадыны қолдану арқылы өзара байланысы; немесе
4. Бірінші орталық процессор істен шыққанда екінші орталық процессор оның жұмысын танып, істен шыққан құрылғының міндеттерін қалпына келтіретіндей «бағдарламалық қамтамасыз ету» арқылы біріктірілген екі орталық процессордың үйлесімділігі.
b. «Жиынтық теориялық өнімділікке» ие («ЖТӨ») 190 000 жоғары Смтоп (секундына миллион теориялық операциялар) «цифрлық компьютерлер»;
с. «Есептеу элементтерін» біріктіру жолымен өнімділікті көтеру үшін біріктірілген құрастырмалардың теориялық өнімділігінің жиынтығы 4А003.b. тармағында көрсетілген шектеуден асатындай етіп арнайы әзірленген немесе модификацияланған «электронды құрастырмалар»;
1-ескерту: 4А003.c. тармағы «электронды құрастырмалармен» байланысты емес түрде қойылған жағдайда, тек қана 4А003.b. тармағында көрсетілгеніндей шектен аспайтын «электрондық құрастырмалар» мен бағдарланатын өзара байланыстарға ғана таралады. Ол 4А003.d. немесе 4А003.е. тармақтары бойынша бақыланатын, құрылымы тек тиісті жабдық ретінде пайдалану үшін жарамды «электрондық құрастыруларға» жарамды емес.
2-ескерту: 4А003.c тармағы ең жоғарғы конфигурациясы 4А003.b. тармағында көрсетілгендей шектен аспайтын өнім немесе өнімдердің тұтас бір тобы үшін арнайы әзірленген «электрондық құрастырмаларды» бақыламайды.
d. Пайдаланылмайды;
е. 3А001.а.5. тармағында көрсетілгеніндей шектен аспайтын аналогті-цифрлық өзгерістерді орындайтын жабдық;
f. Пайдаланылмайды;
g. «Цифрлық компьютерлердің» немесе тиісті жабдықтың сыртқы жалғануын қамтамасыз ету үшін арнайы әзірленген және 1.25 Гбайт/с-тен астам жылдамдықпен мәлімет беруге қол жеткізетін жабдық.
Ескерту: 4А003. тармақ бойынша ішкі қосындыларға арналған жабдық (мысалы, артқы панелдер, шиналар), қосындыларды қамтамасыз етуге арналған пассивті жабдық, «желілік бақылаушылар» немесе «коммуникациялық арналар бақылаушылар» бақыланбайды.
4А003а А003b. 4А003 с. 4А003 d. 4А003 е. 4А003 f. 4А003 g. | 8471(аналогтық немесе гибридтық есептегіш машиналарынан басқа) 8443 31 8443 32 8528 41 000 0 8528 51 000 0 8528 61 000 0 8517 62 000 8471(аналогтық немесе гибридтық есептегіш машиналарынан басқа) 8443 31 8443 32 8528 41 000 0 8528 51 000 0 8528 61 000 0 8517 62 000 8471 (аналогтық немесе гибридтық есептегіш машиналарынан басқа) 8471 90 000 0 8525 60 000 0 8517 12 000 0 8517 61 000 8543 90 000 1 8471 90 000 0 8517 61 000 |
4А004 Төменде аталған ЭЕМ, арнайы әзірленген тиісті жабдық, «электрондық құрастырма» және оларға арналған компоненттер:
а. «Систоликалық матрицалы ЭЕМ»;
b. «Нейрондық ЭЕМ»;
с. «Оптикалық ЭЕМ»;
4А004 а. 4А004 b. 4А004 с. | 8471 8471 8471 |
4А101.а.1. тармақта айтылғандардан басқа, 9А004 тармақ бойынша бақыланатын ғарыштық аппараттарда немесе тармақ бойынша бақыланатын ракета-зондтарда пайдалану үшін конструкциясы күшейтілген немесе модификацияланған аналогті компьютерлер, «цифрлық компьютерлер» немесе цифрлық дифференциальды талдағыштар.
4А102 9А004 тармақ бойынша бақыланатын ғарыштық аппараттардың немесе 9А104 тармақ бойынша бақыланатын ракета-зондтар жобасын модельдеу, кейіптеу немесе интеграциялау үшін арнайы әзірленген «гибридті компьютерлер».
Ескерту: Бұл бақылау жабдық 7D103 немесе 9D103 тармақтары бойынша бақыланатын бағдарламалық қамтамасыз етумен қамтылған жағдайда ғана қолданылады.
4В Сынақ, бақылау және өндірістік жабдық
Жоқ.
4С Материалдар
Жоқ.
4В Бағдарламалық қамтамасыз ету
Ескерту: Басқа санаттарда көрсетілген жабдықты «әзірлеу», «өндіру» немесе «пайдалану» үшін «бағдарламалық қамтамасыз етудің» бақылау мәртебесін тиісті санат айқындайды. Берілген санатта осы санаттың жабдығы үшін «бағдарламалық қамтамасыз етудің» бақылау мәртебесі айқындалған.
4D001 а. 4А001-ден 4А004-ке дейінгі немесе 4D тармақтар бойынша бақыланатын жабдықты «әзірлеу», «өндіру» немесе «пайдалану» немесе «бағдарламалық қамтамасыз ету» үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету».
b. 4D001.а. тармағы бақылайтын «бағдарламалық қамтамасыз етуден» өзгеше, төменде санамаланғандарды «әзірлеу» немесе «өндіру» үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету»:
1. Секундына 28 000 миллион теориялық операциядан асатын (Мtops) «құрамдас теориялық өнімділікке» (ҚТӨ) ие цифрлық ЭЕМ; немесе
2. 4D001.b.1, тармағында белгіленген «ҚТӨ» шоғырлануының шегін арттыру үшін «есептеу элементтерінің» шоғырлану (конфигурациялау) функциясын жақсарту үшін арнайы әзірленген және модификацияланған «электрондық жинама».
4D001
4D002 4Е тармақ бойынша бақыланатын «технологияларды» қолдау үшін арнайы жобаланған немесе модификацияланған «бағдарламалық қамтамасыз ету».
4D002
4D003 Арнайы «бағдарламалық қамтамасыз ету», мыналар сияқты:
а. «Бастапқы мәтінде» «мәліметтерді көп ағынды өңдеу» жабдығы үшін арнайы әзірленген операциялық жүйелерді «бағдарламалық қамтамасыз ету», «бағдарламалық қамтамасыз етуді» «әзірлеу» үшін инструментарий және компиляторлар;
b. Пайдаланылмайды;
с. 5-санаттың («Ақпаратты қорғау») 2-бөлігінде көрсетілген шектен асатын сипаттамаға ие немесе функцияны атқаратын «бағдарламалық қамтамасыз ету»;
Ескерту: 4А001.c тармақ пайдаланушы жеке өзінің пайдалану мақсатына алып жүретін «бағдарламалық қамтамасыз етуге» қолданылмайды.
4D003
4Е Технологиялар
4Е001 4А немесе 4D тармақ бойынша бақыланатын, Жалпы технологиялық ескертуге сәйкес «әзірлеу», «өндіру» немесе «пайдалану» жабдығы немесе «бағдарламалық қамтамасыз ету» үшін арналған «технологиялар».
b. 4Е001.а. тармағымен бақыланатындардан басқа, төменде көрсетілгендерді «әзірлеу», «өндіру» үшін арнайы әзірленген немесе модификацияланған «технологиялар»: