Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 Қаулысы
(2013.30.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 18 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеуді жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 25 тамыздағы
№ 819 қаулысымен
бекітілген
Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін,
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді жүзеге асыру
ережесi
Осы Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеу тәртібін айқындайды.
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1327 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар - бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, азаматтарға мүгедектік туындаған, асыраушысынан айрылған кезде және жасына байланысты берілетін ай сайынғы ақшалай төлем;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі - Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген зейнетақы жасына жеткенде берілетін ай сайынғы ақшалай төлем;
мемлекеттік арнайы жәрдемақы - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, жұмыс жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жұмыс стажы бар адамдарға берілетін ақшалай төлем;
Орталықтың бөлімшелері - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қалалық, аудандық бөлімшелері;
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемі - 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай жұмыс стажы бар жеке тұлғаларға, еңбек стажына барабар жүзеге асырылатын ақша төлемі;
зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары;
зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым - тиісті банктік операциялардың түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпочта» АҚ-тың аумақтық бөлімшелері;
Орталықтың филиалы - Орталықтың облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы филиалдары;
электрондық цифрлық қолтаңба электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымның электронды өзара іс-қимылы «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңына сәйкес жүргізіледі.
2. Зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындауға өтініш беру тәртібi
2. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды (бұдан әрі - зейнетақылар мен жәрдемақылар) тағайындау үшін зейнетақы мен жәрдемақыларды алуға құқығы бар адамдар тұрғылықты жері бойынша Орталықтың бөлімшесіне қажетті құжаттарды және олардың көшірмелерін қоса бере отырып, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысандағы өтінішті береді. Құжаттардың көшірмелері «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған жағдайларды қоспағанда, Орталық бөлімшесінің бастығы құжаттардың көшірмесін ұсынылған түпнұсқалармен салыстырғаннан кейін куәландыруға тиіс.
Зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжаттарды басқа адамдардың ұсынуы зейнетақыны немесе жәрдемақыны алуға құқығы бар адамның нотариалды расталған сенімхаты бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі және қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж деп танылған адамдарға зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтінішті және қажетті құжаттарды олардың қамқоршылары немесе қорғаншылары ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1327 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.01.12. № 1427 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Өтінішке зейнетақы немесе жәрдемақы алуға құқығы бар адамның мынадай құжаттары қоса беріледі:
1) жеке басын куәландыратын құжаттардың (жеке куәлігінің, Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатының, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің, шетелдіктің тұруға рұқсатының, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігінің) көшірмелері;
2) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
3) ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен алып тасталды (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 Қаулысымен алып тасталды (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік шотының не түзеу мекемесінің арнаулы шотының нөмірі туралы мәліметтер.
ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1327 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.14.09. № 1196 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.30.05. № 551 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін осы Ереженің 3-тармағында санамаланған құжаттарға қоса мыналар ұсынылады:
1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстағы үзілістерге қарамастан, 1995 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі қатарынан кез келген 3 жылғы орташа айлық табысы туралы ұйымның (кәсіпорынның) анықтамасы ұсынылады.
Ұйым (кәсіпорын) таратылған жағдайда жалақы туралы мәліметтер көрсетілген мұрағат анықтамасы ұсынылады.
Ұйымның (кәсіпорынның) орташа айлық табыс туралы анықтамасын беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, «Байқоңыр» кешенінің ресейлік ұйымдарында жұмыс істеген кезеңде алған табысты қоспағанда, 1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңге зейнетақы есептеу үшін алынатын орташа айлық табыстың мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгіленеді.
2) зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамның еңбек стажын растау үшін, олардың бар-жоғына қарай мынадай құжаттар ұсынылады:
еңбек кітапшасының көшірмесі;
білімі туралы құжаттың көшірмесі;
әскери билетінің көшірмесі немесе қалалар мен аудандардың қорғаныс істері жөніндегі басқармалары мен бөлімдерінің анықтамасы;
балалардың тууы туралы куәліктерінің көшірмелері (немесе азаматтардың хал-актілерін жазу органдары берген тууы туралы актілік жазбасы) мен балалардың мынадай құжаттарының біреуі:
жеке куәлігінің көшірмесі;
неке туралы куәліктің көшірмесі;
орта оқу орнын бітіргені туралы аттестаттың көшірмесі;
орта арнаулы немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломның көшірмесі;
балалардың тұрақты тұратын жері бойынша тіркелген орнын растайтын құжат;
балалардың қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі (немесе азаматтардың хал-актілерін жазу органдары берген қайтыс болғаны туралы актілік жазбасы);
Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жұмыс кезеңінде сақтандыру жарналарының төленгені туралы салық органының анықтамасы («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 5) және 16) тармақшаларына сәйкес стажды есепке алу кезінде);
ақталу туралы анықтамасының көшірмесі;
әскери іс-қимылдарға қатысқаны туралы әскери комиссариаттың анықтамасының көшірмесі;
бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекке, бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға және атом сынақтарының, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккен немесе иммундық тапшылық вирусын жұқтырған не ЖҚТБ ауыратын он алты жасқа дейінгі мүгедекке күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі;
1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілде аралығында төтенше және аса жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұру фактісін растайтын құжатының көшірмесі;
егер еңбек қызметі туралы жазбалар еңбек кітапшасына енгізілмеген немесе түзетулер бар болса, мұрағат мекемелерінен немесе жұмыс орнынан анықтамасы;
бұрынғы кеңестік мекемелердің, Қазақстан Республикасы мекемелерінің және халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің әйелдерінің (ерлерінің) шетелде тұрғанын растайтын анықтамасы;
әскери қызметшілердің әйелдерінің жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоқ жерлерде тұрғанын растайтын анықтамасы;
неке және (немесе) некені бұзу туралы (тегін өзгерткен кезде) куәліктің көшірмесі не азаматтардың хал-актілерін жазу органдары берген некеге тұру және (немесе) некені бұзу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;
арнаулы мемлекеттік органы қызметкері әйелiнiң (күйеуінің) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi жоқ жерлерде бірақ он жылдан аспайтын онымен бірге тұрғанын растайтын арнаулы мемлекеттік органның басшысымен уәкілеттік берілген лауазымды адамның анықтамасы.
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін құжаттарды қабылдау кезінде Орталықтың бөлімшелері міндетті зейнетақы жарналарының аударылғанын растау туралы Орталықтың Орталық деректер базасынан (бұдан әрі - ОДБ) салымшының транзиттік шоты бойынша салыстырып тексеруді жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1327 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін осы Ереженің 3-тармағында санамаланған құжаттармен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аумақтық органдарының медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері мүгедектігі туралы белгіленген нысандағы анықтамадан үзінді көшірмені ұсынады..
Бұдан басқа, олардың бар-жоғына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:
1) радиациялық әсерге ұшыраған адамдардың ауруының, мүгедектігінің себептік байланысын белгілеу жөніндегі Ведомствоаралық сараптамалық кеңес шешімінің көшірмесі;
2) Орталық әскери-дәрігерлік комиссия шешімінің көшірмесі;
3) ауруы туралы госпиталь берген куәлігінің көшірмесі не әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы;
4) 16 жасқа дейінгі мүгедек баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі.
ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1327 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.14.09. № 1196 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін осы Ереженің 3-тармағында санамаланған құжаттармен қоса, асыраушысының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі не адамды хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп тану туралы соттың шешімі ұсынылады.
Бұдан басқа, олардың бар-жоғына қарай, мынадай құжаттар ұсынылады:
1) қайтыс болған адаммен туыстық қатынастарын растайтын құжаттың (тууы туралы, неке туралы, некені бұзу туралы, әкесі екенін (анасы екенін) анықтау туралы куәліктің, жеке куәлігінің көшірмесі және тағы басқалар) көшірмесі;
2) егер тууы туралы куәлікке әкесі туралы мәліметтер анасының мәлімдеуі бойынша енгізілсе, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі органдарының белгіленген нысандағы анықтамасы;
3) қамқоршылықты (қорғаншылықты) растайтын құжаттың көшірмесі;
4) 18 бен 23 жас аралығындағы адамдардың күндізгі оқу бөлімінің оқушылары болып табылатыны туралы оқу орнының осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысандағы анықтамасы;
5) қаза тапқан (қайтыс болған) адамның әскери билетінің көшірмесі не әскери қызмет өткергені туралы анықтамасы;
6) әскери қызметшiнiң, арнаулы мемлекеттік органдар, ішкi iстер органдары мен бұрынғы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетi қызметкерiнiң қаза болуы немесе қайтыс болуы қызметтік міндеттерін атқару кезінде немесе әскери қызметтен не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезеңінде алған жаралануы, контузия алуы, мертiгуi, ауруы салдарынан туындағанын растайтын анықтама.
Қайтыс болған адамның сегіз жасқа толмаған балаларын, інілерін, қарындастарын немесе немерелерін күтумен айналысатын адамдар бұған қоса мынадай құжаттарды ұсынады:
1) еңбек қызметін тоқтатқанын растайтын еңбек кітапшасының көшірмесін (көшірме жыл сайын еңбек кітапшасының түпнұсқасымен салыстырылады);
2) ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1327 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) тұлғаның жеке кәсіпкер ретінде тіркелмегені туралы салық органының анықтамасын (жыл сайын жаңартылады).
8. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау үшін құжаттарды қабылдау кезінде Орталықтың бөлімшесі хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған адамның шешім күшіне енгеннен кейінгі кезеңде ОДБ-да 10 % міндетті зейнетақы жарналары аударымдарының болуын тексеруді жүзеге асырады.
9. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі мен жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде тағайындалады.
ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1327 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау үшін осы Ереженің 3-тармағында санамаланған құжаттармен қоса мыналар ұсынылады:
1) еңбек кітапшасының көшірмесі;
2) ұйымның жұмыс сипатын немесе еңбек жағдайларын растайтын, осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысандағы анықтамасы.
Ұйым таратылған жағдайда жұмыс орны, жұмыс істеген лауазымы, кәсібі, жұмыс кезеңдері, мұрағат ісінің нөмірі, оның беттері көрсетілген, мөртаңбамен және мұрағат директоры мен мұрағатшының қолы қойылып расталған мұрағат анықтамасы ұсынылады;
Мұрағат құжаттары болмаған кезде, жұмыстың сипаты немесе еңбек жағдайлары мен олардың Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 Тізіміне немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 Тізіміне сәйкестігі сот органдары арқылы белгіленеді.
3. Зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау тәртібi
11. Зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы өтініш пен оған қоса берілген құжаттар осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысандағы журналға тіркеледі. Өтініш иесіне құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің жыртпалы талоны беріледі.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12. Орталықтың бөлімшесі зейнетақы немесе жәрдемақы алушы ісінің макетін осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысанда қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13. Орталықтың бөлімшесі зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау үшін өтініш иесінен қабылданатын құжаттар жиынтығының толықтығын тексереді, сондай-ақ құжаттар көшірмелерінің сапасын және түпнұсқаларға сәйкес болуын қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14. Орталықтың бөлімшесі өтініш пен құжаттар қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде іс макетін және электрондық іс макетін қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 14-1-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
14-1. Орталық бөлімшесінің маманы электрондық іс макетін қалыптастыру үшін іс макетін сканермен көшіреді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын және олардың қағаз жеткізушідегі макетке сәйкестігін тексереді, осы Ережеге 7-12-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы электронды шешім жобасын қалыптастырады, электрондық іс макетінің құжаттарын және электронды шешім жобасын электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 14-2-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
14-2. Орталық бөлімшесінің бастығы электрондық іс макетінің қағаз жеткізушідегі макетке сәйкестігін салыстырып тексереді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын, зейнетақы немесе жәрдемақы мөлшерін есептеудің, электронды шешім жобасының ресімделуі дұрыстығын тексереді және оны электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 14-3-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
14-3. Орталық бөлімшесі электрондық іс макетін электронды шешімнің жобасымен бірге, осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған электрондық хабарламамен қоса, электронды байланыс құралдары арқылы Орталықтың филиалына жібереді.
Орталықтың филиалы келіп түскен электрондық іс макеті мен электронды шешім жобасын екі жұмыс күнінің ішінде қарайды, есептің және электронды шешім жобасының дұрыс ресімделуін тексереді, осыдан кейін оны электронды хабарламамен бірге зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жібереді. Бұл ретте электронды шешім жобасы Орталық филиалының маманы мен басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редацияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15. Сканермен көшірілген құжаттардың дұрыстығына күмән туындаған жағдайда, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, электрондық іс макетімен салыстырып тексеру үшін Орталық бөлімшесінен қағаз жеткізушідегі іс макетін сұратады.
16. Зейнетақыларды немесе жәрдемақыларды тағайындау және олардың мөлшерлерінің өзгерту кезінде тиындармен есептелген барлық сомалар, тиындардың сомасына қарамастан бір теңгеге дейін дөңгелектеуге жатады.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 17-тармақ жаңа редацияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17. Электронды істің макеттері келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды, не тексеру жүргізу туралы Орталықтың бөлімшесін хабардар етеді.
Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылданған жағдайда электронды шешім жобасын басқарманың (бөлімнің) маманы мен бастығы және зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның басшысы электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.
Уәкілетті мемлекеттік органның маманы шешімді осы Ережеге 14-қосымшаға сәйкес нысандағы электрондық журналда нөмір бере отырып, автоматты режимде тіркейді, электронды шешімді Орталықтың бөлімшесіне жібереді. Бұл ретте электрондық хабарламаның қағаз жеткізгіштегі бір данасы электрондық іс макеттерін есепке алу үшін уәкілетті мемлекеттік органның маманында қалады.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редацияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18. Орталық бөлімшесінің қызметкері жіберген қателер анықталған жағдайда, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган электрондық іс макеті бөлімшеге келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде қателерді жою үшін электрондық іс макетін Орталық бөлімшесіне пысықтауға қайтарады.
Электрондық хабарламаның тиісті бағанында қайтарудың нақты себебі көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 19-тармақ жаңа редацияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19. Зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдауға қажетті құжаттар түгел ұсынылмаған жағдайда, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган электрондық іс макетін электрондық іс макеті бөлімшеге келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күнінің ішінде іс макетін жетіспейтін құжаттармен толықтыру үшін орталықтың бөлімшесіне пысықтауға қайтарады.
Электрондық хабарламаның тиісті бағанында қайтарудың нақты себебі көрсетіледі.
Орталықтың бөлімшесі бес жұмыс күнінің ішінде өтініш берушіні осы Ережеде көрсетілген қосымша құжаттарды жиырма бес жұмыс күнінің ішінде ұсыну қажеттігі туралы хабардар етеді.
Егер электрондық іс макеті бөлімшеге келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күнінің ішінде құжаттар пысықталмаса, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган зейнетақы немесе жәрдемақыны қолда бар құжаттар бойынша тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы электрондық шешім шығарады.