20. Кейіннен қажетті барлық құжаттарымен қайталап өтініш берген күн өтініштің берілген күні болып есептеледі.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 21-тармақ жаңа редацияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21. Өтініш берушінің зейнетақы немесе жәрдемақыға құқығының болмауына байланысты зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған жағдайда, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган электронды шешімде тағайындаудан бас тарту негіздемесін көрсетеді.
Электрондық іс макеті электрондық хабарламамен және зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бас тарту себептері туралы хатымен қоса, электрондық байланыс арқылы Орталықтың бөлімшесіне қайтарылады.
22. Орталықтың бөлімшесі өтініш берушіні зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы хабардар етеді және ұсынған құжаттарды зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бас тарту себебі туралы хатымен бірге өтініш берушіге қайтарады.
23. ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1327 Қаулысымен 24-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 24-тармақ жаңа редацияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
24. Ұсынылған құжаттардың дұрыстығына күмән туындаған жағдайда, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бұл туралы өтініш берушіге Орталықтың бөлімшесі арқылы хабарлай отырып, бес жұмыс күнінің ішінде тиісті ұйымдарға сұрау салады және электрондық хабарламаның тиісті бағанына белгі қояды.
Тексерілетін деректердің растамасы келіп түскенге дейін зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган зейнетақыны немесе жәрдемақыны оларды есепке алмай тағайындайды, электрондық іс макеті электрондық хабарламаға тиісті белгі қойылып, Орталықтың бөлімшесіне қайтарылады. Орталықтың бөлімшесі зейнетақының немесе жәрдемақының мөлшерін қайта есептейді, қағаз жеткізушідегі іс макетіне және электрондық іс макетіне тиісті өзгерістерді енгізеді, электрондық шешім жобасын жаңадан қалыптастырады және электрондық іс макетімен және электрондық хабарламамен бірге зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жібереді.
Ұсынылған құжаттардың дұрыстығына растама алынғаннан кейін зейнетақының немесе жәрдемақының мөлшері оларды тағайындауға өтініш берілген күннен бастап осы Ереженің 12-17-тармақтарына сәйкес қайта қаралады.
Орталық бөлімшесінің зейнетақы мөлшері туралы электронды шешімнің жобасын дайындауы және оны зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның электрондық цифрлық қолтаңбасын қою арқылы бекітуі осы Ереженің 12-17-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 25-тармақ жаңа редацияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
25. Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган зейнетақы тағайындау туралы шешімді бекіткеннен кейін, Орталық бөлімшесінің маманы «зейнетақы тағайындалды» деген белгі қойып, еңбек кітапшасын өтініш берушіге қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1327 Қаулысымен 26-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
26. Жасына байланысты берілетін зейнетақы төлемін толық емес көлемде тағайындау кезінде зейнетақы мөлшері толық зейнетақыдан 1998 жылғы 1 қаңтардағы қолда бар еңбек стажына барабар үлес ретінде есептеледі.
Стаждағы айлардың саны талап етілетін жұмыс стажы толық айларының санына бөлінеді және табыстың 60%-ына тең толық зейнетақы мөлшеріне көбейтіледі.
Заңнамада талап етілетін табыс болмаған жағдайда, толық емес көлемдегі зейнетақы төлемін есептеу тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін ең төмен зейнетақыны негізге ала отырып жүзеге асырылады.
27. Зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтың тілегі бойынша мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін жәрдемақылар Орталықтан төленетін зейнетақы төлемімен ауыстырылуы мүмкін.
Бұл ретте, егер зейнетақының мөлшері жәрдемақының мөлшерінен кем болса, зейнетақының мөлшері мүгедектігі бойынша берілетін жәрдемақының осы санаттағы мүгедектерге белгіленген мөлшеріне дейін және отбасының еңбек етуге қабілетсіз мүшелеріне асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша белгіленген жәрдемақы мөлшеріне дейін жеткізілуге тиіс.
ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1327 Қаулысымен 28-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 28-тармақ жаңа редацияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28. Зейнетақы алушы зейнетақы тағайындау үшін бұрын ұсынылған құжаттарды толықтыратын 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек стажы, 1995 жылғы 1 қаңтардан бергі табысы туралы құжаттарды ұсынған кезде, зейнетақының мөлшерін өзгерту, жүргізілген арттыруларды ескере отырып, стажы туралы немесе зейнетақыны бастапқы тағайындаған кезде тапсырылған кезеңдегі табысы туралы қосымша құжаттарды қоса отырып, өтініш берген күнінен бастап жүзеге асырылады.
Өтініш осы Ережеге 1-1-қосымшаға сәйкес жазылады және осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысандағы журналға тіркеледі. Орталық бөлімшесінің төлемнің мөлшерін өзгерту туралы шешімінің жобасын дайындауы және зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның оны бекітуі осы Ереженің 12-17-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 29-тармақ жаңа редацияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
29. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы үлесін алуға құқығы бар адамдар өтінішпен және осы Ереженің 3, 7-тармақтарында көрсетілген құжаттарымен тұрғылықты жеріндегі Орталықтың бөлімшесіне жүгінеді.
Үлес алушының тұрғылықты жеріндегі Орталықтың бөлімшесі жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды бір жұмыс күнінің ішінде сканермен көшіреді, сканермен көшірілген құжаттардың сапасын тексереді, Орталық бөлімшесінің маманы мен бастығының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растайды және оларды Орталықтың филиалы арқылы негізгі алушының тұрғылықты жеріндегі Орталықтың бөлімшесіне жібереді.
Негізгі алушының тұрғылықты жеріндегі Орталықтың бөлімшесі асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша негізгі алушыға жәрдемақы тағайындауға шешімнің жобасын, үлес алушының жәрдемақы мөлшерін көрсете отырып, алушылардың санына сәйкес данада үш жұмыс күнінің ішінде толтырады және оны Орталықтың филиалы арқылы электрондық байланыс бойынша зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жібереді.
Электронды шешім жобасы Орталық филиалының маманы мен басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады.
Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бес жұмыс күннің ішінде қабылдаған шешім басқарманың (бөлімнің) маманы мен бастығы және зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның басшысы электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады. Шешім негізгі алушының тұрғылықты жеріндегі Орталықтың бөлімшесіне қайтарылады.
Негізгі алушының тұрғылықты жеріндегі Орталықтың бөлімшесі бір жұмыс күнінің ішінде шешімнің бір данасын үлес алушының тұрғылықты жеріндегі Орталықтың бөлімшесіне жібереді, осының негізінде үлес алушыға төлем жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1327 Қаулысымен 30-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
30. Осы Ереженің 7-тармағының 4) тармақшасында көзделген анықтама уақытында ұсынылмаған жағдайда, үлес алушының асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін жәрдемақы мөлшерін қайта қарау анықтама ұсынылған күннен бастап жүзеге асырылады.
31. Мүгедек балаға берілетін жәрдемақыны ресімдеу кезінде, іс балаға ресімделеді, бірақ шешімнің жобасында әкесінің немесе қамқоршысының (қорғаншысының) тегі қосымша көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 32-тармақ жаңа редацияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
32. Шешімнің қолданылу мерзімі ұзартылған, мүгедектік тобы немесе асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін жәрдемақымен қамтамасыз етілетін отбасы мүшелерінің саны өзгерген жағдайда, Орталық бөлімшесінің жәрдемақының мөлшері туралы электронды шешім жобасын дайындауы және зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның оны бекітуі осы Ереженің 12-17-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Орталық бөлімшесі электрондық іс макетін жаңадан ұсынылған құжаттармен толықтырады.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 33-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
33. Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жыл сайынғы арттыруға, айлық есептік көрсеткіштің, ең төмен күнкөріс деңгейінің, зейнетақының ең төмен мөлшерінің, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі мөлшерінің өзгеруіне байланысты зейнетақы мен жәрдемақы мөлшерін өзгертуді зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган осы Ережеге 12-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Орталықтың бөлімшесі дайындаған электронды шешім жобасының негізінде жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1327 Қаулысымен 33-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 33-1-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
33-1. Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі ден танылған қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) адам, асыраушысынан айрылған бала үшін төлем алушы қамқоршы (қорғаншы) ауыстырылған жағдайда, Орталық бөлімшесінің жәрдемақы мөлшері туралы электронды шешім жобасын дайындауы және зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның оны бекітуі осы Ереженің 12-17-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
34. Зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылданғаннан кейін Орталықтың бөлімшесі осы Ережеге 15-қосымшаға сәйкес нысандағы журналға тіркелгеннен кейін, осы Ережеге 16-қосымшаға сәйкес нысандағы куәлікті жазады және қолын қойғызып береді, ол зейнетақы немесе жәрдемақы алушының мәртебесін растайтын ресми құжат болып табылады.
35. Алатын төлемдердің түрі немесе мөлшері өзгерген жағдайда, Орталықтың бөлімшесі куәлікке қосымша бетте болған өзгерістер туралы қажетті жазба жасайды, олар Орталық бөлімшесінің мөртабанымен расталады.
4. Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың тұрғылықты жері
өзгерген кезде зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау тәртібi
ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1327 Қаулысымен 36-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
36. Басқа елдерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген адамдарға зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Орталықтың бөлімшесі өтініш берушінің бұрынғы тұрған жеріндегі зейнетақы ісін (жәрдемақы алушының ісін) сұратуды жүзеге асырады.
37. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген, бұрын Қазақстан Республикасында зейнетақы тағайындалған адамдардың: Қазақстан Республикасында бұрын тағайындалған зейнетақы төлемін Қазақстан Республикасы шегінен тыс кету сәтінде белгіленген мөлшерде қалпына келтіруді не «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жаңа тағайындау рәсімінен өтуді таңдауға құқығы бар.
38. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген адамдар зейнетақы мен жәрдемақы тағайындату үшін бұрынғы тұрған жеріндегі зейнетақы немесе жәрдемақы төлемінің тоқтатылғаны туралы құжатты қоса бере отырып, өтінішті және осы Ереженің 3-10-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1327 Қаулысымен 39-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
39. Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен және қайта оралған адамдарға кеткен елінде төлем алмаған жағдайда зейнетақы мен жәрдемақы төлеу кеткен елінің зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті органдары берген, төлем алмағаны туралы анықтаманы ұсынған кезде, төлем тоқтатылған күннен бастап, бірақ оларды алу үшін өтінім жасардың алдындағы үш жыл ішіндегі мөлшерден асырылмай төленеді.
Бұл ретте зейнетақы Қазақстан Республикасы шегінен тысқары жерге кету сәтінде белгіленген мөлшерде қайта жаңартылады. Егер кету кезеңінде зейнетақыларды арттырулар жүргізілген болса, оның мөлшері осы арттыруларды ескере отырып белгіленеді.
40. Алушылар республиканың басқа өңірлеріне кеткен жағдайда, зейнетақы мен жәрдемақы төлемін жаңадан тұратын жеріндегі Орталықтың бөлімшесі зейнетақы немесе жәрдемақы алушының өзі немесе оның сенім білдірілген адамы осы Ереженің 3-тармағына сәйкес ұсынған өтініші мен құжаттарының, сондай-ақ зейнетақы ісінің немесе жәрдемақы алушы ісінің негізінде жүзеге асырылады.
41. Республиканың басқа өңірлеріне кеткен адамдардың зейнетақы ісі немесе жәрдемақы алушының ісі Орталықтың басқа бөлімшелерінің сұратуы бойынша осы Ережеге 17-қосымшаға сәйкес нысандағы анықтама-аттестатпен қоса жіберіледі.
42. Орталықтың бөлімшесі Қазақстан Республикасынан тыс жерге кетушінің өтініші негізінде іс қолына беріледі немесе басқа елдердің уәкілетті органдарының сұратуы бойынша жіберіледі.
Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетушілерге зейнетақы мен жәрдемақы төлеу әділет органдарында тіркеуден шығарылған айын қоса жүргізіледі.
5. Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тәртібi
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 43-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
43. Орталықтың бөлімшесі зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы шешімі мен электрондық іс макетін алып, зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы журналға тиісті жазба жасайды, іске нөмір беріледі.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 43-1-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
43-1. Орталықтың бөлімшесі зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау (өзгерту, тағайындаудан бас тарту) туралы қағаз жеткізгіштегі шешімін зейнетақы немесе жәрдемақы алушының ісіне қосып тігеді.
44. Тегі, аты немесе әкесінің аты, жеке шотының нөмірі, туған күні, тұратын жері өзгерген жағдайда алушы Орталықтың бөлімшесіне осы өзгерістер туралы, тиісті өзгерістерді растайтын құжаттарды қоса, өтініш береді. Деректемелердің өзгеруі туралы белгі зейнетақы немесе жәрдемақы алушының ісінің мұқабасына жасалады, сондай-ақ ОДБ-ға тиісті өзгерістер жасалады.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 45-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
45. Орталықтың бөлімшелері:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі органдары, селолық (ауылдық) әкімдер, жергілікті атқарушы органдардың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар аумақтық органдары ұсынатын қайтыс болғандар мен қайтыс болғандар деп жарияланған адамдардың тізімдерін және әділет органдары ұсынатын Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткендердің тізімдерін ағымдағы айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, ай сайын салыстырып тексеруді, «Жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқорында қайтыс болғандар деп тіркелгендерді электрондық салыстырып тексеруді
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті ұсынатын консулдық есепке тұрған және шет мемлекеттің аумағында тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының тізімдерін, шет мемлекеттің аумағында тұрған, қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының тізімдерін (ақпараттың түсуіне қарай) тоқсан сайын салыстырып тексеруді;
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ұсынатын хабарсыз кеткен, іздеуде жүрген адамдардың тізімдерін ай сайын салыстырып тексеруді;
оқып жүрген адамды оқу орнынан шығарған немесе сырттай оқыту нысанына ауыстырған жағдайда оқу орындарының хабарламасын салыстырып тексеруді.
анықталған күнінен бастап зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мен құқық қорғау органдарына кейіннен хабарлай отырып, отбасыларға асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеу кезеңінде, хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған адамдардың 10 % міндетті зейнетақы жарналарын аударғанын ОДБ-да ай сайын тексеруді жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 45-1-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
45-1. Орталықтың бөлімшесі:
1) хабарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған адамдардың табысынан 10 % міндетті зейнетақы жарналарын аудару фактісі анықталған;
2) алушының банктік шоты бойынша үш ай мерзімнен астам уақыт қозғалыс болмаған;
3) зейнетақы және жәрдемақы алушылардың Қазақстан Республикасы шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кету фактісі анықталған;
4) алушы қайтыс болған жағдайларда, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның осы Ережеге 17-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шешімінің негізінде төлемдерді тоқтатады.
ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1327 Қаулысымен 46-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
46. Орталық бөлімшесінің қызметкерлері адамның өлімі, кету фактілері, төлемді тоқтата тұру немесе алып тастау, төлемді қайта жаңарту, сондай-ақ алушылардың қайтыс болуына, кетуіне, төлемдерді тоқтата тұруға байланысты, оның ішінде осы Ереженің 45 және 57-тармақтарына сәйкес салыстырып тексеру деректері бойынша қажеттілік сомаларын азаю жағына қарай түзету жөніндегі негіздемелер, іс-әрекеттер белгіленген ұстап қалу сомалары туралы ОДБ-ға күн сайын жазба жасайды.
47. Орталық алушылар бойынша енгізілген және қолда бар деректердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) бекіткен күнделікті төлем кестесінің негізінде зейнетақы мен жәрдемақы төлеміне бюджеттік қаражат қажеттілігін қалыптастырады және Министрлікке төлем айының алдындағы айдың 25-күніне ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2013.30.05. № 551 Қаулысымен 47-1-тармақпен толықтырылды
47-1. Төлейтін айға қажеттілікті қалыптастырғаннан кейін пайда болған сомалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес одан кейінгі айға қосылуға тиіс.
48. Ұсынылған зейнетақы және жәрдемақы төлеу кестесіне сәйкес қаржыландыру үшін Министрлік зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге бюджеттік қаражат қажеттілігіне орай өтінімді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсынады.
49. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Министрліктен зейнетақы және жәрдемақы төлеміне қажеттілік туралы өтінімді алып, тиісті кезеңге арналған міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары мен зейнетақы және жәрдемақы төлеміне өтінімде көрсетілген қажеттілік шегінде рұқсат береді.
50. Орталық бюджеттік қаражатты алып, зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге төлем тапсырыстарын, сондай-ақ зейнетақылар мен жәрдемақылардан ұстап қалуларды қалыптастырады.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 51-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
51. Орталық зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеуді Орталықтың бөлімшелері басып шығаратын және зейнетақы мен жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымға ұсынатын, осы Ережеге 18, 19-қосымшаларға сәйкес № 7, 7Д нысанындағы тізім-ведомостардың негізінде банктік шоттарға есептеу, алушылардың үйіне апарып беру жолымен жүргізеді.
52. № 7, 7Д нысанындағы тізім-ведомостар екі данада басылады және зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым мен Орталық бөлімшесінің қолымен және мөртабанымен расталады әрі олардың әрқайсысында бір-бір данадан сақталады.
53. Зейнетақыларды немесе жәрдемақыларды үйге апарып беруді зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйым Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, сексен жасқа толған зейнетақы алушыларға, бірінші топтағы мүгедектерге, сондай-ақ бөгде адамның күтіміне мұқтаж және денсаулық жағдайы бойынша зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымға бара алмайтыны туралы медициналық қорытындысы бар адамдарға жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 54-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
54. Зейнетақы мен жәрдемақыны беру жеке басын куәландыратын құжатын ұсынғанда, зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың банктік шоттарына есептелген сомалар шегінде, сондай-ақ № 7, 7Д нысанындағы тізім-ведомостар бойынша жүргізіледі.
55. Осы мақсатқа арналған шығыстар, алып жүрген төлемнің түріне қарай тиісті бюджеттік бағдарлама есебінен жүзеге асырылады.
56. Шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасында зейнетақы немесе жәрдемақы төлеуді Орталықтың бөлімшесі Қазақстан Республикасы аумағында оның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі ішінде жүргізеді.
Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін зейнетақы немесе жәрдемақы төлемі тоқтатыла тұрады, ал құжаттың қолданылу мерзімі ұзартылған кезде тоқтатылған зейнетақы мен жәрдемақы төлемдері Орталықтың бөлімшесі тоқтатқан күннен бастап қайта жаңартылады.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 57-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
57. Зейнетақы мен жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банктік шоттарында 3 және одан да көп айлар бойы қозғалыс жоқ зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың тізімдерін, соңғы операцияның күнін, сондай-ақ сенімхат бойынша алушылардың банктік шоттарынан зейнетақы мен жәрдемақы алынғаны туралы мәліметтерді көрсете отырып, тоқсан сайын Орталық бөлімшелеріне ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1327 Қаулысымен 58-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
58. Алушыларға артық есептелген (төленген) зейнетақы мен жәрдемақы сомаларын қайтару үшін Орталықтың облыстық филиалдары зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның сенімхаты бойынша сот органдарына жүгінеді.
Артық есептелген (төленген) зейнетақы мен жәрдемақы сомаларын қайтару алушының өтініші бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1114 Қаулысымен 58-1-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
58-1. Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган азаматтарды хабарсыз кеткен не қайтыс болған деп тану туралы сот шешімдерінің күшін жою мәселесі бойынша Орталық бөлімшесінен хабарсыз кеткен не қайтыс болған деп танылған адамның жинақтаушы зейнетақы қорына 10 % міндетті зейнетақы жарналарын аудару фактісі туралы хабарлама келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сотқа жүгінеді.
Сонымен бірге, зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган алушының тарапынан төлемдерді заңсыз алу ниетінің болуы немесе болмауы фактісін анықтау үшін құқық қорғау органдарына жүгінеді.