Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1327 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 501 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 355-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді жүзеге асыру ережесінде:
1-тармақтың төртінші абзацы «және ерекше ауыр жұмыстарда» деген сөздерден кейін «немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
1) тармақшадағы ««Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен куәландырылған» деген сөздер алынып тасталсын;
5) тармақша «шотының» деген сөзден кейін «не түзеу мекемесінің арнаулы шотының» деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтың 2) тармақшасында:
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«әскери билетінің көшірмесі немесе қалалар мен аудандардың қорғаныс істері жөніндегі басқармалары мен бөлімдерінің анықтамасы;»;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«балалардың тууы туралы куәліктерінің көшірмелері (немесе азаматтардың хал-актілерін жазу органдары берген тууы туралы актілік жазбасы) мен балалардың мынадай құжаттарының біреуі:
жеке куәлігінің көшірмесі;
неке туралы куәліктің көшірмесі;
орта оқу орнын бітіргені туралы аттестаттың көшірмесі;
орта арнаулы немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы дипломның көшірмесі;
балалардың тұрақты тұратын жері бойынша тіркелген орнын растайтын құжат;
балалардың қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі (немесе азаматтардың хал-актілерін жазу органдары берген қайтыс болғаны туралы актілік жазбасы);»;
алтыншы абзац алынып тасталсын;
сегізінші және тоғызыншы абзацтағы «анықтамасы» деген сөз «анықтамасының көшірмесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«бірінші топтағы мүгедекке, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекке, бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерге, сексен жасқа толған қарттарға және атом сынақтарының, экологиялық апаттар салдарынан зардап шеккен немесе иммундық тапшылық вирусын жұқтырған не ЖҚТБ ауыратын он алты жасқа дейінгі мүгедекке күтімді жүзеге асыру фактісін және кезеңін растайтын соттың шешімі;»;
он бірінші абзацтағы «растайтын құжаты» деген сөздер «растайтын құжатының көшірмесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
он бесінші абзацтағы «куәліктің көшірмесі» деген сөздерден кейін «не азаматтардың хал-актілерін жазу органдары берген некеге тұру және (немесе) некені бұзу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Мүгедектігі бойынша берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін осы Ереженің 3-тармағында санамаланған құжаттармен қатар, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аумақтық органдарының медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдері мүгедектігі туралы белгіленген нысандағы анықтамадан үзінді көшірмені ұсынады.»;
1) тармақшадағы «кеңестің шешімі» деген сөздер «кеңес шешімінің көшірмесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «комиссияның шешімі» деген сөздер «комиссия шешімінің көшірмесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы «куәлігі» деген сөз «куәлігінің көшірмесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақта:
екінші абзацта:
4) тармақшадағы «оқушысы немесе студенті» деген сөздер «оқушылары» деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы 2) тармақша алынып тасталсын;
10-тармақтағы 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мұрағат құжаттары болмаған кезде, жұмыстың сипаты немесе еңбек жағдайлары мен олардың Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен Жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 Тізіміне немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 Тізіміне сәйкестігі сот органдары арқылы белгіленеді.»;
24-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Тексерілетін деректердің растамасы келіп түскенге дейін зейнетақы немесе жәрдемақы бұл деректер есепке алынбай тағайындалады. Ұсынылған құжаттардың дұрыстығына растама келіп түскеннен кейін, зейнетақы немесе жәрдемақы мөлшері оларды тағайындауға өтініш берілген күннен бастап қайта қаралады.»;
26-тармақтың екінші абзацы «стажы» деген сөзден кейін «толық» деген сөзбен толықтырылсын;
28-тармақтағы мынадай редакцияда жазылсын:
«қосымша құжаттардың берілген күнінен бастап» деген сөздер «стажы туралы немесе зейнетақыны бастапқы тағайындаған кезде тапсырылған кезеңдегі табысы туралы қосымша құжаттарды қоса отырып, осы Ережеге 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берген күнінен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
30-тармақтағы «6)» деген сан «4)» деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын:
«33-1. Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған қамқоршылықтағы (қорғаншылықтағы) адам үшін төлем алушы қамқоршы (қорғаншы) ауыстырылған жағдайда Орталықтың бөлімшесі тиісті шешімді дайындайды және оны зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады.»;
36-тармақтағы бірінші абзацтағы «және ерекше ауыр жұмыстарда» деген сөздерден кейін «немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда» деген сөздермен толықтырылсын;
39-тармақта:
«Қазақстан Республикасының азаматтарына» деген сөздер «адамдарға» деген сөзбен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы шегінен тыс кету сәтінде белгіленген» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Бұл ретте зейнетақы Қазақстан Республикасы шегінен тысқары жерге кету сәтінде белгіленген мөлшерде қайта жаңартылады. Егер кету кезеңінде зейнетақыларды арттырулар жүргізілген болса, оның мөлшері осы арттыруларды ескере отырып белгіленеді.»;
46-тармақ «төлемдерді тоқтата тұруға байланысты» деген сөздерден кейін «, оның ішінде осы Ереженің 45 және 57-тармақтарына сәйкес салыстырып тексеру деректері бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;
58-тармақтағы «бөлімшелері» деген сөз «облыстық филиалдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
62-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жерлеуді жүзеге асырған адамның жеке куәлігінің көшірмесі, не заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін) немесе жерлеуді жүзеге асырған жеке кәсіпкердің патентінің (жеке адамдар үшін) көшірмесі;»;
63-тармақтың екінші абзацтағы «электронды түрде» деген сөздерден кейін «не қағаз түрінде» деген сөздермен толықтырылсын;
70-тармақтағы «және ерекше ауыр жұмыстарда» деген сөздерден кейін «немесе еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстарда» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 70-1-тармақпен толықтырылсын:
«70-1. Түзеу мекемесі орналасқан жердегі Орталықтың бөлімшесі зейнетақы/жеке іс қағазын алғаннан кейін оны есепке қояды және түзеу мекемесінің арнаулы шотына зейнетақылар мен жәрдемақыларды толық көлемінде аудару үшін деректемелерін көрсете отырып, сотталушының деректерін ОДҚ енгізеді.»;
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«74. Сот шешімі бойынша іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған және қамқоршылыққа (қорғаншылыққа) мұқтаж, мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдарға (бұдан әрі - іс-әрекетке қабілетсіз қамқорлықтағылар) зейнетақылар мен жәрдемақылар қамқоршылары (қорғаншылары) зейнетақы мен жәрдемақыларды беру жөніндегі ұйымда ашатын олардың банктік шоттарына есептеледі және қамқоршы (қорғаншы) оны қамқорлығындағылардың (қорғаншылығындағы) жеке мұқтаждарына қосымша тамақ, дәрілік заттар, киім, аяқ киім, іш киім, бірінші кезектегі қажет заттарды, жұмсақ және қатты мүкәммал, санитарлық гигиена мен медициналық көмек заттарын сатып алуға пайдаланады.»;
2) көрсетілген Ереже осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;
3) көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:
кестедегі «Барлығы» деген жол алынып тасталсын;
кестеден кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Барлығы_______________ айда__________________________теңге»;
(сомасы жазумен)
4) көрсетілген Ережеге 3-қосымшада бүкіл мәтіндегі «оқушының/студенттің», «оқушысы/студенті», «оқушы/студент» деген сөздер тиісінше «білім алушының», «білім алушысы», «білім алушы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) көрсетілген Ережеге 4-қосымшада:
тақырыбындағы «ерекше» деген сөз алынып тасталсын;
«ерекше зиянды және ерекше ауыр» деген сөздер «зиянды (ерекше зиянды) және ауыр (ерекше ауыр)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«№ 1 Тізімнің» деген сөздер «№___ Тізімнің» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) көрсетілген Ережеге 13-қосымшада:
кестедегі «М.О. ЕХӘҚД директоры_____________/_____________/
Зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау бөлімінің бастығы________
20___ж. «___»_______кіріс №___
(облыстық филиалға келіп түскен күні)
20___ж. «___»_______шығыс №___
(Еңбекмині департаментінен жіберілген күні)» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«М.О. ЗТМО облыстық филиалының директоры____________________
Маман__________________________________
20___ж. «___»_______кіріс №___
20___ж. «___»_______шығыс №___
(ЗТМО бөлімшесіне жіберілген күні)»;
7) көрсетілген Ережеге 21-қосымшадағы «қайтыс болған күні 2007 жылғы «___»_____» деген жолдан кейін «Ұлы Отан соғысына қатысушы болған/болған емес (қажеттісінің асты сызылсын)» деген жолмен толықтырылсын.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
1 қосымша
Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан
айырылу жағдайы бойынша және жасына
байланысты берілетін мемлекеттік базалық
әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы
төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан
төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік
базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік
арнайы жәрдемақыларды тағайындау және
төлеуді жүзеге асыру ережесіне
1-1 қосымша
Ауданның коды_______________________
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
_____________________________________ облысы бойынша департаменті
_________________________________________ мекен-жай бойынша тұратын
туған күні 19__жылғы «___»__________
Азамат(-ша)_______________________________________________________
(өтініш иесінің Т.А.Ә.)
Өтініш
Зейнетақы мөлшерін есептеу үшін қосымша құжаттарды қабылдауыңызды сұраймын
Берілген күні_______________ Өтініш иесінің қолы ____________
Азам.___________________________________________ өтініші
200__жылғы «_____»______________№________қабылданды
Құжаттарды қабылдаушының Т.А.Ә., лауазымы және қолы:_________
___________________________________________________________________
Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:
Р/с № | Құжаттың атауы | Құжаттағы парақтардың саны | Ескер- пе |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
| | | | | | | | | |
(қию сызығы)
Аз._________________________________________________________өтініші
№____ тіркелген Құжаттар қабылданған күн________________________
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:__________
__________________________________________________________________