2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны қаржыландырудың көздерi мен кепiлдiктерiн белгiлейтiн құжаттардың заңды тұлғаның басшысы қолымен және мөрімен расталған көшiрмелерi. Инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны өз қаражатынан қаржыландырған жағдайда олардың бар екендiгi туралы жазбаша растама қағазы қоса берiледi;
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
7) өтiнiм берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы сұрау салған мемлекеттік заттай гранттын мөлшерін (құнын) және оны беру алдын ала келісілгенін растайтын құжаттар болған жағдайда қабылдайды және тіркейді.
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 8) және 9) тармақшаларымен толықтырылды
8) 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы тiркеу орны бойынша салық органының анықтамалары болған жағдайда қабылдайды және тiркейдi.
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20-бап өзгертілді
20-бап. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қарау мерзімдері
1. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім уәкілетті органның қарауына беріледі, ол осы Заңның 15-бабында белгіленген талаптарға сәйкес өтінім тіркелген кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде инвестициялық преференциялар беру туралы шешім қабылдап, өтінім берушіге жазбаша түрде жауап жібереді.
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды
2. Инвестициялық преференцияларды беруге жасалған өтiнiмдердi қабылдау, тiркеу және қарау тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-бап. Инвестициялық келiсiмшарт жасасу
1. Уәкiлеттi орган инвестициялық преференциялар беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде модельдiк келiсiмшарттың ережелерiн ескере отырып, инвестициялық келiсiмшартты қол қоюға дайындайды.
2. Инвестициялық келiсiмшартты қол қойылған күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi орган тiркейдi және ол тiркелген күнінен бастап күшiне енедi.
3. Инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi инвестициялық преференциялардың қолданылу мерзiмiмен айқындалады. Жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстарды аяқтау мерзiмi инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн кемiнде тоғыз ай бұрын бітуге тиiс.
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 21-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 21-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен 21-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
21-1-бап. Инвестициялық келiсiмшарт талаптарының сақталуын бақылау
1. Инвестициялық келiсiмшарттар талаптарының сақталуын бақылауды уәкiлеттi орган мынадай нысандарда:
1) камералдық бақылау - уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағына сәйкес ұсынылған есептердi зерделеу және талдау негiзiнде жүзеге асыратын бақылау;
2) инвестициялық қызмет объектiсiне бара отырып, оның iшiнде жұмыс бағдарламасын және инвестициялық келiсiмшарт талаптарын орындау жөнiндегi құжаттарды қарап жүзеге асырады.
2. Инвестициялық келiсiмшарт жасасқаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы уәкiлеттi орган белгілейтін нысан бойынша тіркелген активтердің пайдалануға берілуін, технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерінің, шикізаттың және (немесе) материалдардың жеткізілуі мен пайдаланылуын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жұмыс бағдарламасында көзделген шығындар баптары бойынша таратып жазып, инвестициялық келісімшарттың орындалуы туралы жартыжылдық есептерді жиырма бесінші шілдеден және жиырма бесінші қаңтардан кешіктірмей береді.
3. Жұмыс бағдарламасына өзгерiстер тараптардың келiсiмi бойынша жылына бiр рет енгiзiле алады.
4. Инвестициялық қызмет объектісіне бара отырып, тексеру:
1) жұмыс бағдарламасы аяқталған жағдайда, инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімі біткенге дейін үш ай қалғанда аяқталатын алты ай кезеңінде;
2) кедендік баждар салудан босатылатын технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектері, шикізат және (немесе) материалдар импорты жүзеге асырылған жылдан кейінгі жылдан бастап, жыл сайын жүргізіледі.
5. Тексеру нәтижелерi бойынша уәкiлеттi органның өкiлi мен инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғаның басшысы инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасының орындалуының ағымдағы жай-күйі туралы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша актіге қол қояды.
6. Инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасына бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлама жiбередi және бұзушылықтарды жою үшiн екі ай мерзiм белгiлейдi.
7. Егер уәкілетті орган жүргізген тексеру нәтижелері бойынша инвестициялық жобаны іске асыру үшін әкелінген және кедендік баждар төлеуден босатылған технологиялық жабдық, оның жинақтауыштары, қосалқы бөлшектері, шикізат және (немесе) материалдар пайдалануға берілмегені не пайдаланылмағаны анықталған жағдайда, инвестициялық келісімшарт бойынша ұсынылған инвестициялық преференциялар салдарынан кедендік баждардың сомасын төлемеген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімпұлды есептей отырып, пайдаланылмаған жабдық, оның жинақтауыштары, қосалқы бөлшектері, шикізаттар және (немесе) материалдар бөлігінде оларды төлейді.
8. Инвестициялық келiсiмшарттың бұзылуы туралы ақпарат мемлекеттiң экономикалық мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мыналарға:
1) тиiстi шаралар қабылдау үшiн салық қызметі органдарына, кеден органдарына және қажет болған жағдайда өзге де мемлекеттiк органдарға;
2) мемлекеттiк заттай грант оларға сәйкес берiлген инвестициялық келiсiмшарттар бойынша салық қызметі органдарына, кеден органдарына, мемлекеттiк мүлiктi және (немесе) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдарға жiберiледi.
9. Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасының инвестициялық келiсiмшарттың қолданылуы барысында:
1) берiлген мемлекеттiк заттай гранттың, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған мүлiктiң нысаналы мақсатын өзгертуге;
2) берiлген мемлекеттiк заттай грантты, сондай-ақ жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған мүлiктi иеліктен шығаруға құқығы жоқ.
10. Кедендік баждар салудан босату объектілерінің мақсатты пайдаланылуын бақылау Кеден одағы комиссиясы айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен 22-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-бап. Инвестициялық келiсiмшартты бұзу жағдайлары
1. Инвестициялық преференциялардың қолданылуы инвестициялық келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi бiткен соң тоқтатылады не осы бапта белгiленген тәртiппен осындай мерзiм бiткенге дейiн тоқтатылуы мүмкiн.
2. Инвестициялық келiсiмшарттың қолданылуы:
1) тараптардың келiсiмi бойынша;
2) бiр жақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
3. Уәкiлеттi орган мынадай:
1) өтiнiш берушi табыс еткен және инвестициялық преференциялар беру жөнiндегi шешiмге ықпал еткен мәлiметтердiң бұрмаланғаны және (немесе) жасырылғаны анықталған;
2) Қазақстан Республикасының инвестициялық келісімшартты жасасқан заңды тұлғасының инвестициялық келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған;
3) осы Заңның 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасы табыс еткен есептiлiктегi мәлiметтердiң бұрмаланғаны немесе жасырылғаны анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасына жазбаша түрде хабарланған кезден бастап екі ай өткен соң инвестициялық келiсiмшартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқылы.
Бұл жағдайларда аталған заңды тұлға инвестициялық келiсiмшарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомасын төлейдi.
4. Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасының бастамасы бойынша инвестициялық келiсiмшарт бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде, аталған заңды тұлға инвестициялық келiсiмшарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өсiмпұлды есептей отырып төлейдi.
5. Инвестициялық келiсiмшарт тараптардың келiсiмi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасы инвестициялық келiсiмшарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомаларын төлейдi.
6. Инвестициялық келiсiмшарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасы өзiне мемлекеттiк заттай грант ретiнде берiлген мүлiктi заттай не инвестициялық келiсiмшарттың талаптарына сәйкес оның берiлген күнгi бастапқы құнын қайтарады.
7. Мемлекеттiк заттай грантты қайтаруды Қазақстан Республикасының инвестициялық келiсiмшарт жасасқан заңды тұлғасы уәкiлеттi орган инвестициялық келiсiмшартты мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм қабылдағаннан кейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жүзеге асырады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 23-бап редакцияда жазылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.20.02. № 567-ІV ҚР Заңымен 23-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
23-бап. Инвестициялық келiсiмшарттардың тұрақтылығы
1. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн уәкілетті органмен жасалған инвестициялық келiсiмшарттар негiзiнде берiлген жеңiлдiктер осы инвестициялық келiсiмшарттарда белгiленген мерзiм аяқталғанға дейiн өзiнiң қолданылуын сақтайды.
2. Осы Заңның 21-1-бабы 2-тармағының, 22-бабының 3, 4 және 5-тармақтарының салықтар сомаларын төлеу бөлiгiндегi нормалары уәкiлеттi органмен 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған инвестициялық келiсiмшарттар бойынша қолданылуын сақтайды.
24-бап. Қазақстан Республиканын кейбір заң актілерінің күші жойылды деп танылсын
1) «Шетелдік инвестициялар туралы» 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазакстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінін Жаршысы, 1994 ж., № 23-24, 280-құжат; 1995 ж., № 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 11, 143-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 17-18, 218-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; 1999 ж., № 21, 786-құжат; 2000 ж» № 10, 244-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Шетелдік инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу тәртібі жөніндегі» 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24, 281-кұжат; 1995 ж., № 1-2, 15-құжат);
3) «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» 1997 жылғы 28 ақпандағы Кэзақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 4, 50-құжат; 1999 ж., № 21, 786-құжат).
Қазақстан Республикасының