Инвестициялар туралы
Қазақстан Республикасының 2003 ж. 8 қаңтардағы № 373-II Заңы
(2009.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2010 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы инвестицияларға байланысты қатынастарды реттейді, инвестацияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін айқындайды, Қазакстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырған кезде инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік береді, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртібін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) инвестициялар - лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингі заттарын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту, сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған тіркелген активтері;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) инвестициялық қызмет - жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуы жөніндегі не кәсіпкерлік кызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді құрау немесе ұлғайту жөніндегі, сондай-ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған тіркелген активтері жөніндегі қызметі;
3) инвестициялық преференциялар - Қазақстан Республикасының инвестициялық жобаның немесе инвестициялық стратегиялық жобаның іске асырылуын жүзеге асырушы заңды тұлғаларына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілетін атаулы сипаттағы артықшылықтар;
2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) инвестициялық жоба - концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған және алған өндірісін қоса алғанда, жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға инвестициялар көздейтін іс-шаралар кешені;
5) инвестициялық дау - инвестордың инвестициялық қызметіне байланысты инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы шарттық міндеттемелерден туындайтын дау;
6) инвестор - Қазақстан Республикасында инвестицияларды жузеге асырушы жеке және заңды тұлғалар;
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
7) мемлекеттік заттай гранттар - Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны iске асыру үшiн уақытша өтеусiз пайдалануға берiле отырып не уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен ұсыныла отырып, кейiннен меншiкке не жер пайдалануға өтеусiз берiлетiн мулік;
8) келісім-шарт - инвестицияларды жүзеге асыруға арналған инвестициялық преференцияларды көздейтін шарт;
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды
8-1) миноритарлық инвестор - дауыс беретін акциялардың он процентінен аз (қатысушылар дауысының жалпы санының он процентінен аз) мөлшерінде инвестицияны жүзеге асырған инвестор;
9) модельдік келісім-шарт - Қазақстан Республикасының үкіметі бекітетін және келісім-шарттар жасасқан кезде пайдаланылатың үлгі келісім-шарт;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
10) инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, инвестициялық преференциялар беруге арналған келісім-шарттар жасасу және олардың орындалуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;
11) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы - Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген тәртіппен құрылған заңды тұлға, соның ішінде шет ел қатысатын заңды тұлға.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 12) тармақшамен толықтырылды
12) жұмыс бағдарламасы - инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі жұмыстардың күнтізбелік кестесін белгілейтін келісім-шартқа қосымша;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды
13) жабдықтар - инвестициялық жобаның технологиялық процесінде пайдалануға арналған және өз құнын өндірілген өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнына ауыстыратын, механизмдерді, машиналарды, құрылғыларды, аспаптарды қоса алғанда, әкелінетін негізгі құралдар;
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды
14) жинақтауыштар - жабдықтың конструкциялық тұтастығын жинақтап құрайтын құрамдас бөліктер.
2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды
15) инвестициялық стратегиялық жоба - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбеге енетін және Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына стратегиялық ықпал етуге қабілетті инвестициялық жоба.
2-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік кұқықтық актілерінен тұрады.
2. Осы Заң: мемлекеттік бюджет қаражатынан инвестицияларды жүзеге асыруға;
коммерциялық емес ұйымдарға, оның ішінде білім беру, қайырымдылық, ғылыми немесе діни мақсаттар үшін капитал салуға байланысты қатынастарды реттемейді.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Инвестицияларды жүзеге асыру кезінде туындайтын және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының қолданылатын аясына қатысты қатынастарға осы Заңның ережелері Қазақстан Республикасының осындай заңдарына қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
4. Егер Казақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Зандағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Инвестициялық қызмет объектілері
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды коспағанда, инвесторлардың кәсіпкерлік қызметтің кез келген объектілері мен турлеріне инвестициялар салуды жүзеге асыруға құқығы бар.
Инвесторлардың кәсіпкерлік қызметтің инвестициялар жүзеге асырылатын объектілері мен түрлеріне қатысты құқықтары мен міндеттері осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде және тиісті шарттарда белгіленеді.
2. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігі негізге алына отырып, Қазақстан Республикасының заң актілерімен инвестициялық қызмет шектелетін немесе оған тыйым салынатын қызмет түрлері және (немесе) аумақтар белгіленуі мүмкін.
2-тарау.
Инвестициялардың құқықтық режимі
4-бап. Қазақстан Республикасының аумағына инвесторлар қызметін құқықтық қорғау кепілдіктері
1. Инвестордың құқықтары мен мүдделері толық және сөзсіз қорғалады, ол Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен және Республиканың өзге де нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттармен камтамасыз етіледі.
2. Инвестордың мемлекеттік органдардыц Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес келмейтін актілер шығаруы салдарынан, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) салдарынан өзіне келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес өткізуге құқығы бар.
3. Шарттарға өзгерістер тараптардың келісімі бойынша енгізілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы инвесторлар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арасында жасалған шарттар талаптарының тұрақтылығына кепілдік береді.
Бұл кепілдіктер:
1) импорттың, өндірістің, акцизделетін тауарлар өткізудің тәртібі мен талаптарын өзгертетін Қазақстан Республикасының заңдарындағы өзгерістерге және (немесе) Казақстан Республикасының халықаралық шарттарын күшіне енгізуге және (немесе) олардың өзгерістеріне;
2) ұлттық және экологиялық қауіпсіздікті, денсаулық сақтау мен имандылықты камтамасыз ету мақсатында Казақстан Республикасының заң актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қолданылмайды.
5-бап. Кірістерді пайдалану кепілдіктері
Инвесторлар:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салыктарды және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдерді телегеннен кейін өзінің қызметінен алынған кірістерді өз қалауы бойынша пайдалануға;
2) Қазақстан Республикасының аумағындағы банктерде Кдзақстан Республикасының банктік және валюталық зандарына сәйкес ұлттық валютамен және (немесе) шетелдік валютамен банктік шоттар ашуға құқылы.
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6-бап. Мемлекеттік органдардың инвесторларға қатысты қызметінің жариялылығы және инвесторлардың инвестициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының инвесторлардың мүдделерін қозғайтын ресми хабарлары және нормативтік құқықтық актілері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жарияланады.
2. Миноритарлық инвесторларды қоса алғанда, инвесторлардың заңды тұлғаларды тіркеу туралы, олардың жарғылары туралы, жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді тіркеу туралы, берілген лицензиялар туралы ақпаратқа, сондай-ақ олардың инвестициялық қызметті жүзеге асыруымен байланысты коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтымайтын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген өзге де ақпаратқа еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 7-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
7-бап. Мемлекеттік органдардың инвесторлар қызметін
бақылауды жүзеге асыруы
1. Инвесторлардың қызметін бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарымен осындай құқық берілген мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
2. Инвесторлардың қызметін бақылауды жүзеге асырудың тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
8-бап. Мемлекет меншігіне алу және реквизициялау кезіндегі инвесторлар құқықтарының кепілдіктері
1. Мемлекеттік мұқтаждар үшін инвестордың мүлкін мәжбүрлеп алып қоюға (мемлекет меншігіне алуға, реквизициялауға) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген ерекше жағдайларда жол беріледі.
2. Мемлекет меншігіне алынған кезде инвесторға Қазақстан Республикасы мемлекет меншігіне алу туралы Казақстан Республикасының заң актілерін шығару салдарынан оған келтірілген залалды толық көлемінде өтейді.
3. Инвестордың мүлкін реквизициялау оған мүліктің нарықтық құнын төлей отырып жүзеге асырылады.
Мүліктің нарықтық құны Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен айқындалады.
4. Меншік иесіне реквизицияланған мүліктің құны өтелген бағаға ол сот тәртібімен дауласуы мүмкін.
5. Реквизициялаудың жүргізілуіне байланысты мән-жайлардың қолданылуы тоқтатылған кезде инвестор сақталған мүліктің қайтарылуын талап етуге құқылы, бірақ бұл ретте мүлік құнының төмендеуінен болған ысырапты ескере отырып, өзі алған өтем сомасын қайтаруға міндетті.
9-бап. Дауларды шешу
1. Инвестициялық даулар келіссөздер жолымен, оның ішінде сарапшыларды тарта отырып не дауларды шешудің тараптармен бұрын келісілген рәсіміне сәйкес шешілуі мүмкін.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелеріне сәйкес инвестициялық дауларды шешу мүмкін болмаған жағдайда дауларды шешу Қазақстан Республикасынын халықаралық шарттары мен заң акгілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының соттарында, сондай-ақ тараптардың келісім-шарттарымен айқындалатын халықаралық төрелік соттарда жүргізіледі.
3. Инвестициялық дауларға жатпайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.
10-бап. Инвестор құқықтарының басқа тұлғаға ауысуы
Егер шет мемлекет немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты берілген кепілдік (сақтандыру шарты) бойынша инвестордың пайдасына төлем жүргізетін болса және аталған инвестицияларға инвестордың құқықтары осы шет мемлекетке не ол уәкілдік берген мемлекеттік органға ауысатын болса (талаптар берілетін болса), Қазақстан Республикасында құқықтардың осылай ауысуы (талаптардың берілуі) инвестор Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асырған және (немесе) ол белгілі бір шарттық міндеттемелерін орындаған жағдайда ғана заңды деп танылады.
3-тарау.
Инвестицияларды мемлекеттік қолдау
11-бап. Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
1. Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты экономиканың дамуы үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау және осы заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға, қазақстандық кадрлардың біліктiлiгiн арттыруға, соңдай-ақ қоршаған ортаны қорғауға инвестицияларды ынталандыру болып табылады.
2. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау инвестициялық преференциялар беру болып табылады.
12-бап. Уәкілетті орган
1. Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды Кдзақстан Республикасының үкіметі белгілейтін уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Уәкілетті органның өз құзыреті шегінде және өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасының үкіметі белгілеген тәртіппен тиісті мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары арасынан консультанттар мен сарапшылар тартуға құқығы бар.
3. Уәкілетті органның қызметі Кдзақстан Республикасының үкіметі бекітетін Ережемен реттеледі.
13-бап. Инвестициялық преференциялардың түрлері
Осы Заңға сәйкес уәкілетті органмен келісім-шарт жасасу арқылы мынадай инвестициялық преференциялар:
1) 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) кеден баждарын салудан босату;
3) мемлекеттік заттай гранттар беріледі.
14-бап. Инвестициялық преференциялар беру тәртібі
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
1. Инвестициялық преференциялар қызметтің басым түрлеріне беріледі, олардын тізбесін экономикалық қызмет түрлерiн жалпы сыныптаушының сыныптары деңгейінде Қазақстан Республикасының үкіметі бекітеді.
2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасының үкіметі кызметтің әрбір басым түрі бойынша инвестициялардың ең жоғары көлемін бекітеді.
3. 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
4. Инвестициялық преференциялар инвестициялық жобаның атқарылуын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасымен келісім-шарт жасасу арқылы беріледі.
15-бап. Инвестициялық преференциялар беру талаптары
Инвестициялық преференциялар:
1) көзделетін инвестициялық қызмет қызметтің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес болған;
2) 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
3) осы Заңның 19-бабында тізіп келтірілген, инвестициялық жобаны іске асыру үшін тапсырыс берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының қаржылық, техникалық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктерінің болуын растайтын қажетті құжаттар табыс етілген жағдайда беріледі.
16-бап. 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
17-бап. Кеден баждарын салудан босату
1. Кеден баждарын салудан босату инвестициялық жобаны iске асыру үшiн әкелiнетiн жабдықтар мен олардың жиынтықтаушы бұйымдарының импорты кезiнде ұсынылады.
2. Кеден баждарын салудан босату келісім-шарттың қолданыс мерзiмiне, бiрақ келісім-шарт тiркелген кезден бастап 5 жылдан аспайтын мерзiмге ұсынылады.
3. Осы баптың 2-тармағына сәйкес қабылданған шешiм туралы хабарламаны уәкiлеттi орган бес жұмыс күнi iшiнде кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органға жiбередi.
18-бап. Мемлекеттік заттай гранттар
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Мемлекеттік заттай гранттарды осы Заңда белгіленген тәртіппен уәкілетті орган мемлекеттік мүлікті және (немесе) жер ресурстарын басқару саласындағы тиісті мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша инвестициялық міндеттемелер келісім-шартқа сәйкес орындалған жағдайда, кейіннен меншікке не жер пайдалануға өтеусіз бере отырып, уақытша өтеусіз пайдалануға не уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен береді.
Ұсынылған мемлекеттік заттай грантты меншiкке немесе жер пайдалануға өтеусiз беру үшiн уәкiлеттi органның шешiмi негiз болып табылады. Уәкiлеттi органның шешiмi осы Заңның 21-1-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес өзi жүргiзген тексеру нәтижелерiнiң негiзiнде қабылданады.
2. Мемлекеттік заттай гранттар ретінде: жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, есептеу техникасы, өлшейтін және реттейтін аспаптар мен құрылғылар, көлік құралдары (жеңіл автокөлікті қоспағанда), өндірістік және шаруашылық саймандар берілуі мүмкін.
3. Мемлекеттік заттай гранттарды бағалау Қазакстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен олардың нарықтық құны бойынша жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік заттай гранттын ен жоғарғы мөлшері Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының тіркелген активтеріне салынатын инвестициялар келемінің отыз процентінен аспайды.
Егер сұрау салынған мемлекеттік заттай гранттың бағаланған құны аталган ен жоғарғы мелшерден асьш түссе, Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының сұрау салынған мұлікті онын бағаланған кұны мен мемлекеттік заттай гранттың ен жоғарғы мөлшері арасындағы айырманы телеп алуға құқығы бар.
19-бап. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімге қойылатын талаптар
Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді уәкілетті орган:
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариаттық куәландырылған көшірмесі;
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
2) заңды тұлғаның статистикалық карточкасының нотариаттық куәландырылған көшірмесі;
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
3) заңды тұлға жарғысынын нотариаттық куәландырылған көшірмесі;
4) инвестициялық жобаның уәкілетті орган белтілейтін талаптарға сәйкес жасалған бизнес-жоспары;
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
5) жобаны іске асыру кезінде пайдаланылатын құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құнын және тіркелген активтерді сатып алуға арналған шығындарды негіздейтін құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшiрмелерi;
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6) инвестициялық жобаны қаржыландырудың көздерi мен кепiлдiктерiн белгiлейтiн, құжаттардың нотариаттық куәландырылған көшiрмелерi. Инвестициялық жобаны өз қаражаты есебiнен қаржыландырған жағдайда олардың бар екендiгi туралы жазбаша растама қағазы қоса берiледi;
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
7) өтiнiм берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы сұрау салған мемлекеттік заттай гранттын мөлшерін (құнын) және оны беру алдын ала келісілгенін растайтын құжаттар болған жағдайда қабылдайды және тіркейді.
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 8) және 9) тармақшаларымен толықтырылды
8) өтiнiм берiлген тоқсанның алғашқы күнiне арналған бухгалтерлiк баланс;
9) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы тiркеу орны бойынша салық органының анықтамалары болған жағдайда қабылдайды және тiркейдi.
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 20-бап өзгертілді
20-бап. Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінімді қарау мерзімдері
1.Инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім уәкілетті органның қарауына беріледі, ол осы Заңның 15-бабында белгіленген талаптарға сәйкес өтінім тіркелген кезден бастап жиырма жұмыс күні ішінде инвестициялық преференциялар беру туралы шешім қабылдап, өтінім берушіге жазбаша түрде жауап жібереді.
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 2- тармақпен толықтырылды
2. Инвестициялық преференцияларды беруге жасалған өтiнiмдердi қабылдау, тiркеу және қарау тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды.
21-бап. Келісім-шарт жасасу
1 Уәкілетті орган инвестициялық преференциялар беру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс куні ішінде модельдік келісім-шарттың ережелерін ескере отырып, келісім-шартты қол қоюға дайындайды.
2. Келісім-шартты қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган тіркейді және ол тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Келісім-шарттың қолданыс мерзімі инвестициялық преференциялардың қолданыс мерзімімен айқындалады. Жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі келісім-шарттың қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш ай бұрын бітуге тиіс.
2005.04.05. № 48-III ҚР Заңымен 21-1 баппен толықтырылды ; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 21-1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
21-1-бап. Келісім-шарт талаптарының сақталуын бақылау
1. Келісім-шарт талаптарының сақталуын бақылауды уәкілетті орган мынадай нысандарда:
1) камералдық бақылау - уәкілетті орган осы баптың 2-тармағына сәйкес ұсынылған есептерді зерделеу және талдау негізінде жүзеге асыратын бақылау;
2) инвестициялық қызмет объектісіне бара отырып, оның ішінде, жұмыс бағдарламасын және келісім-шарт талаптарын орындау жөніндегі құжаттарды қарау арқылы жүзеге асырады.
2. Келісім-шарт жасасқаннан кейін Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасасқан заңды тұлғасы уәкілетті органға:
1) жұмыс бағдарламасы қолданыста болған кезде статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша:
жиырма бесінші маусымнан кешіктірмей жұмыс бағдарламасын орындау туралы аралық есепті;
жиырма бесінші қаңтардан кешіктірмей жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтердің таратып көрсетілген түсіндірілімімен бірге жұмыс бағдарламасын орындау туралы жылдық есепті;
2) тіркелген активтер пайдаланылуға берілгеннен кейін бір айдың ішінде тіркелген активтердің пайдаланылуға берілгенін растайтын құжатты;
3) жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі өткеннен кейін бір ай ішінде аудиторлық есеппен расталған:
жұмыс бағдарламасын орындау туралы есепті;
инвестициялық қызметтің нәтижелері бойынша кірістер мен шығыстар туралы есепті;
жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтердің таратып көрсетілген түсіндірілімін табыс етеді.
Аудиторлық есеп жұмыс бағдарламасының бүкіл қолданыс кезеңіндегі қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелерін талдауды қамтуға тиіс.
3. Жұмыс бағдарламасына өзгерістер тараптардың келісімі бойынша жылына бір рет енгізіле алады.
4. Инвестициялық қызмет объектілеріне бара отырып тексеру уәкілетті органның шешімі негізінде жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстар аяқталған мерзім өткеннен кейін үш ай ішінде жүргізіледі.
Инвестициялық қызмет объектісіне бара отырып кезектен тыс тексеру уәкілетті органның шешімі бойынша:
1) камералдық бақылау нәтижелері бойынша келісім-шарт талаптарының бұзылуы айқындалған жағдайларда;
2) құқық қорғау органдарының өтініші бойынша жүргізіледі.
5. Тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті органның өкілі мен келісім-шарт жасасқан заңды тұлғаның басшысы келісім-шарттың жұмыс бағдарламасының орындалуының ағымдағы ахуалы актісіне қол қояды.
6. Келісім-шарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе дұрыс орындалмаған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының келісім-шарт жасасқан заңды тұлғасына бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша түрде хабарлама жібереді және бұзушылықтарды жою үшін үш айдан артық емес мерзімді белгілейді.
7. Келісім-шарттың бұзылуы туралы ақпарат мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мыналарға:
1) тиісті шаралар қабылдау үшін мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салық бақылауды қамтамасыз ететін уәкілетті мемлекеттік органға және қажет болған жағдайда өзге де мемлекеттік органдарға;