Осы редакция 2013 жылғы 15 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызмет стандарты
(2012.06.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 13-кіреберіс, 955-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі мен құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет) және мекенжайлары осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (бұдан әрі - орталық), сондай-ақ өтініш берушіде электрондық цифрлық қолтаңбасы болса (бұдан әрі - ЭЦҚ) баламалы негізде www.е.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді (қайта тіркеу) тиісті облыста (Комитетте тіркелуге және қайта тіркелуге жататындардан басқалары) уәкілетті орган орталық арқылы жүзеге асырады.
Банктерді, республикалық және аймақтық мәртебесі бар қоғамдық бірлестіктерді (оның ішінде барлық саяси партияларды), сондай-ақ шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары және өкілдіктерін, республикалық және аймақтық мәртебесі бар діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) Комитет жүзеге асырады.
Өтініш берушіде ЭЦҚ болған жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу портал арқылы жүргізіледі.
Шалғай елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті Мобилдік орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызметтер 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабының, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 3-бабының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-баптарының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің www.minjust.kz интернет-ресурсының «Ақпараттық құжаттар» бөлімінде;
2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының (бұдан әрі - «Орталық» РМК) www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
3) порталда;
4) ресми ақпарат көздерінде және осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде орналастырылады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты call-орталығының (1414) телефон нөмірі бойынша алуға болады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
1) Комитетте және орталықта бизнес-сәйкестендіру нөмірімен бірге заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті және салық төлеушінің куәлігін (салық төлеушінің тіркеу нөмірі) немесе қағаз жеткізгіште бас тартуды беру жүзеге асырылады.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден), филиалды (өкілдікті) есептік тіркеуден (қайта тіркеуден) бас тартылған жағдайда ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінің талаптарына сәйкес келмеуіне сілтемесі бар дәлелді бас тарту туралы жауап қағаз жеткізгіште беріледі;
2) порталдың «жеке кабинетіне» шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама немесе уәкілетті органның мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді электронды нысандағы уәкілетті органның ЭЦҚ расталған жауабы жолданады.
6. Мемлекеттік қызмет олардың құрылу мақсатына, түріне және қызметінің сипатына, қатысушыларының (мүшелерінің) құрамына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз қызметін үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, ал мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу - үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуі (құжаттарды қабылдау және тапсыру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) тиіс;
өз қызметін үлгілік емес жарғының негізінде жүзеге асыратын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп, өтініш берілген күннен кейінгі жеті жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге (құжаттарды қабылдау және тапсыру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, сонымен бірге, уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына бір күн бұрын ұсынады) тиіс;
жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдарды, сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізілуге (құжаттарды қабылдау және тапсыру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, сонымен бірге, уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына бір күн бұрын ұсынады) тиіс;
саяси партияларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілуге (құжаттарды қабылдау және тапсыру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, сонымен бірге, уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің аяқталуына бір күн бұрын ұсынады) тиіс.
Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеудің (қайта тіркеудің) көрсетілген мерзімдеріне салық органдарындағы тіркеу мерзімдері кірмейді.
Алушы электронды сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда, шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаны электрондық тіркеу бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі;
2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты (мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін өтініш беру) 20 минуттан аспайды;
3) өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
4) дайын құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде қолма-қол ақшалай және (немесе) қолма-қол ақшасыз көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін тіркеу алымы белгіленген. Тіркеу алымының сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінде белгіленген ставкалармен есептеледі және салық салу объектісінің тіркеу орны бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.
Портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электронды сұраныс ұсынылған жағдайда, алым «электронды үкімет» төлем шлюзы (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
9. Жұмыс кестесі.
1) Комитетте:
Комитетте Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұма, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін құжаттарды күн сайын қабылдауды қамтамасыз ететін кесте белгіленеді.
Қабылдау кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
2) орталықта:
орталықтарда құжаттарды қабылдау күн сайын жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, еңбек заңнамасына сай белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Мобильді орталықтар құжаттарды қабылдауды орталық бекіткен кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кем дегенде алты жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырады.
3) порталда - тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаның тұрған жері бойынша орталықтың үй-жайында көрсетіледі, онда анықтамалық бюро, күтуге арналған кресло, өтініштердің толтрылған бланкі үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасады, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдайлар көзделген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар Комитетке және орталыққа мынадай құжаттарды:
1) белгіленген нысандағы өтінішті;
2) заңды тұлғаның жарғысы немесе ережесін, (өз қызметін Үлгі жарғысы негізінде жүзеге асыратын шағын, орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) не филиалдың немесе өкілдіктің ережесін;
3) жарғыны қабылдаған құрылтай жиналысының (конференция, съезд) жиналыстың (қоғамдық және діни бірлестіктер үшін - конференция, съезд) төрағасы мен хатшысы қол қойған хаттамасын;
4) бастамашыл-азаматтардың тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, туған жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты мекенжайы, үй және қызмет телефондары, жеке қолтаңбасы көрсетілген тізімін (қоғамдық және діни бірлестіктер үшін);
5) басқару органы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, сайлаулы лауазымы, туған жылы, тұрғылықты мекенжайы, үй және қызмет телефондары көрсетілген тізімін (тек діни бірлестіктер);
6) заңды тұлғаның уәкілетті органының не құрылтайшының заңды тұлғаны құру туралы шешімін;
7) діни ілімнің пайда болу тарихы мен негіздерін ашып көрсететін және осы ілімге сәйкес келетін діни қызмет туралы мәліметтер қамтылған діни баспа материалдары (діни бірлестіктер үшін);
8) тұратын жерін растайтын құжатын;
9) бюджетке тіркеу алымы сомасының төленгенін растайтын түбіртегін және құжатын;
10) заңды тұлға басшысының және құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжаттарының, олардың салық төлеуші куәліктерінің (шаруашылық серіктестіктері қатысушыларының тізілімін жүргізу бағалы қағаздар иелерінің тізілімі жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестері құрылтайшыларының құжаттарын қоспағанда) көшірмелерін ұсынады.
Ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны мен заңды тұлғаны, филиалдарды, өкілдіктерді тіркеу түріне байланысты құжаттар тізбесі осы стандарттың тармағына сәйкес ұсынылады.
Өтінішке құрылтайшы немесе құрылтайшы уәкілдік берген адам қол қояды.
Мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттің үлестік қатысуымен шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар (бұдан әрі - мемлекет қатысатын заңды тұлғалар) Мемлекет қатысатын мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер тізілімі иесінің белгісі бар өтінішті тапсырады.
Мемлекеттік кәсіпорындар филиал құрған жағдайда меншіктенушінің немесе олар уәкілеттік берген органның филиалды құруға келісімі туралы құжаты тапсырылуы қажет.
Филиал немесе өкілдік ашу туралы шешім мен оның басшысына сенімхат бір құжат ретінде ресімделуі мүмкін. Филиалдың басшысына берілген сенімхат қоғамдық бірлестіктің және діни бірлестіктің филиалын (өкілдігін) тіркеген кезде оны сайлауға немесе тағайындау тәртібіне сәйкес табыс етілмеуі мүмкін.
Саяси партиялар қосымша:
1) партия бағдарламасын;
2) тегі, аты, әкесінің аты, туған айы мен жылы, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайлары көрсетіле отырып, партияның барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы әрқайсысында кемінде алты жүз партия мүшесі бар құрылымдық бөлімшелерін (филиалдар мен өкілдіктерді) білдіретін, құрамында кемінде қырық мың партия мүшесі болуға тиіс партия мүшелерінің тізімдерін ұсынады.
Тұтыну кооперативтері азаматтар үшін - осы кооперативтер мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, тұрғылықты жері, заңды тұлғалар үшін - тұрған жері, банк реквизиттері туралы және мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер көрсетілген тізімді ұсынады.
Су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтері қосымша кооператив мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжат деректері (жеке сәйкестендіру нөмірлерін), сондай-ақ бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін көрсетілген заңды тұлғалардың атауы мен тұрған жері көрсетілген тізімін, сондай-ақ су пайдаланушылардың кооперативі мүшелерінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жерлердің болуы туралы мәліметтерді ұсынады.
Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтері осы кооперативтер мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі және тұрғылықты жері көрсетілген тізімді де ұсынады.
Қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсаты қосымша талап етіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қызметінің нысанасы қаржылық қызмет көрсету болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты қосымша талап етіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қызметінің нысанасы банктік және сақтандыру қызметі болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты қосымша талап етіледі.
Тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерін мемлекеттік тіркеуді монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен уәкілетті орган жүзеге асырады; табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркеуді табиғи монополиялар саласындағы қызметтерге бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның алдын ала келісімімен уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қызметінің нысанасы зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның оны ашуға рұқсаты қосымша талап етіледі.
Заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болып табылған жағдайда уәкілетті органға құрылтай құжаттарымен және басқа құжаттармен бірге құрылтайшыда - заңды тұлғада салық берешегінің жоқ (бар) болуы туралы салық органының анықтамасы ұсынылады.
Заңды тұлғаның орналасқан жерін куәландыратын құжаттар түрінде жалдау, сатып алу-сату шарттарының нотариалдық куәландырылған көшірмелері, жылжымайтын мүлікке құқықтардың тіркелуі жүргізілгендігі туралы мөртабан қойылған, жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын құжат және азаматтық заңнамада көзделген өзге де құжат болуы мүмкін.
Егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болған жағдайда, жеке тұлғаның үй-жайды заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде беруі туралы нотариалдық куәландырған келісімі ұсынылады.
Шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалар, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, осы тәртіпте көзделген құжаттардан басқа, қосымша:
1) құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын, нотариалдық куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге, сауда тізілімінен заңды үзінді көшірмесі немесе басқа заңды құжатын;
2) құрылтайшының - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын төлқұжаттың немесе басқа да құжаттың көшірмесін, нотариалдық куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге ұсынады.
Шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, осы тәртіппен көзделген құжаттардан басқа, филиал (өкілдік) құратын шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын шетелдік заңды тұлғаның сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесін немесе басқа да заңдастырылған құжатты қосымша ұсынуға тиіс.
Филиал (өкілдік) құратын шетелдік заңды тұлғаның құжаттары нотариалды түрде куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармамен ұсынылады.
Мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған құрылтай құжаттары байланған және нөмірленген түрінде, үш данада тапсырылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылады.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта тіркеуге жатады.
Бұл ретте, уәкілетті органға орталық арқылы мынадай құжаттар:
1) заңды тұлғаның мөрі басылған құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі не шешімінен үзінді,
2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда нотариат тәртібімен куәландырылған өзгерістер енгізілген құрылтай құжаттары,
3) тіркеу алымы сомасын бюджетке төлегенін растайтын түбіртегі немесе құжаты тапсырылады.
Заңды тұлғаға қатысушылар (акционерлік қоғамның акционерлері) құрамына жаңа қатысушы-заңды тұлға кірген жағдайда, тіркеуші органға құрылтай құжаттармен бірге жаңа қатысушының - заңды тұлғаның салық берешегінің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы салық органының анықтамасы табыс етіледі.
Шаруашылық серіктестігі қатысушыларының тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктерін қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеру негіздемесі бойынша шаруашылық серіктестіктерін қайта тіркеу үшін Қазақстан Республикасының заңдарына және құрылтай құжаттарына сәйкес шығып кететін қатысушының, мүліктегі (жарғылық капиталдағы) үлеске құқығы оның иелігінен шығарылғанын (басқа біреуге берілгенін) немесе басқаға ауысқанын растайтын құжат ұсынылады.
Табиғи монополия субъектілерін қайта тіркеу үшін табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның келісімі талап етіледі; тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен аффилиирленген тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта тіркеу үшін монополияға қарсы органның келісімі талап етіледі.
Филиалдар мен өкілдіктер атауы өзгерген жағдайда қайта тіркеуге жатады.
Құжаттың осы тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді уәкілетті орган немесе орталық тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйе порталы немесе орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы электронды құжат нысанында уәкілетті органның ЭЦҚ расталған.
Құжаттарды қабылдау барысында уәкілетті органның немесе орталықтың қызметкері осы тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген мәліметтерді уәкілетті органның мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылған құжаттармен салыстырып, содан кейін құжаттар мемлекеттік қызметті алушыға қайтарылады.
Портал арқылы шағын кәсіпкерлік субъектісі үшін заңды тұлғаны электрондық тіркеуді алған кезде өтініш берушінің ЭЦҚ расталған электрондық құжат нысанында сұрау салу беріледі.
Осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электронды көшірмелері электронды сұрау салуға қоса тіркеледі.
Мемлекеттік қызмет алушының қалауы бойынша тіркеуге төлем төлегенін растайтын түбіртек немесе құжат ЭҮТШ арқылы төленеді, бұл ретте, осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген құжат электронды сұрау салуға қоса тіркелмейді.
12. Орталықтарда бланкілер күту залындағы арнайы тағанда не орталықтың консультанттарында, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында болады.
13. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Орталықтардың мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.
Порталға жүгінген кезде электрондық сұрау салуды жіберу өтініш берушінің «жеке кабинеті» арқылы жүзеге асырылады. Сұрау салу автоматты түрде таңдап алынған қызметке сәйкес уәкілетті орган мекенжайына жіберіледі.
14. Орталықтарда құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға мына:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттар берілетін күн, уақыты және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметтің нәтижесін алған күні мен уақыты көрсетілген сұрау салудың қабылдағаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
15. Орталықта мемлекеттік қызметті алушыға дауын құжаттарды беруді орталықтың қызметкері «терезе» арқылы мерзімі көрсетілген қолхат негізінде күн сайын жүзеге асырады.
Егер алушы құжаттарды алуға мерзімінде хабарласпаған жағдайда, орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органдарға береді.
16. Мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде орталықтың қызметкері мемлекеттік қызмет алушыға жетіспейтін құжаттар көрсетілген қолхат береді.
Комитет және уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген заңды тұлғаны құру және қайта ұйымдастыру тәртібі бұзылған кезде, табыстау актісі немесе бөлу балансы ұсынылмаған не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқорлығы туралы ережелер болмаған не бір айлық есептік көрсеткіштен артық салық берешегі болған кезде, сондай-ақ егер құрылтайшы әрекет етпейтін заңды тұлға болса және (немесе) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы әрекет етпейтін заңды тұлғалардың құрылтайшылары және (немесе) басшылары болса және (немесе) әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен деп танылса және (немесе) қайтыс болған деп жарияланса және (немесе) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 216, 217-баптары бойынша қылмыстары үшін сотталған болса және (немесе) жоғалтқан жеке басын куәландыратын құжаттарын ұсынса заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) бас тартады.