ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.28.05. № 596 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.06.09. № 1160 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызмет стандарты
(2013.15.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 13-кіреберіс, 955-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі мен құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет) және мекенжайлары осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті органдар) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (бұдан әрі - орталық), сондай-ақ өтініш берушіде электрондық цифрлық қолтаңбасы болса (бұдан әрі - ЭЦҚ) баламалы негізде www.е.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді (қайта тіркеу) тиісті облыста (Комитетте тіркелуге және қайта тіркелуге жататындардан басқалары) уәкілетті орган орталық арқылы жүзеге асырады.
Банктерді, республикалық және аймақтық мәртебесі бар қоғамдық бірлестіктерді (оның ішінде барлық саяси партияларды), сондай-ақ шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдардың филиалдары және өкілдіктерін, республикалық және аймақтық мәртебесі бар діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) Комитет жүзеге асырады.
Өтініш берушіде ЭЦҚ болған жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу портал арқылы жүргізіледі.
Шалғай елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті Мобилдік орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызметтер 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабының, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 3-бабының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-баптарының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің www.minjust.kz интернет-ресурсының «Ақпараттық құжаттар» бөлімінде;
2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының (бұдан әрі - «Орталық» РМК) www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
3) порталда;
4) ресми ақпарат көздерінде және осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес орталықтардың үй-жайларындағы стенділерде орналастырылады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты call-орталығының (1414) телефон нөмірі бойынша алуға болады.
ҚР Үкіметінің 2013.15.05. № 487 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
1) Комитетте және орталықта осы стандартқа 4, 5, 6 және 7-қосымшаларға сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірі бар заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы беру немесе қағаз жеткізгіштердегі бас тарту жүзеге асырылады.
2) порталдың «жеке кабинетіне» шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама немесе уәкілетті органның мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді электронды нысандағы уәкілетті органның ЭЦҚ расталған жауабы жолданады.
6. Мемлекеттік қызмет олардың құрылу мақсатына, түріне және қызметінің сипатына, қатысушыларының (мүшелерінің) құрамына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкілдіктерге (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.15.05. № 487 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды, олардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу), сондай-ақ Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарды қоса беріп (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс;
саяси партияларды қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын заңды тұлғаларды, сондай-ақ қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын акционерлік қоғамдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдарын (өкілдіктерін) есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуі тиіс (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсынады).
Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеудің (қайта тіркеудің) көрсетілген мерзімдеріне салық органдарында тіркеу мерзімдері кірмейді.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу хабарлама тәртібімен жүзеге асырылады және портал арқылы бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылтайшы (құрылтайшылар) тіркеуші органға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы тіркеу алымын төлей отырып, порталда электрондық құжат нысанында толтыру арқылы хабарлама береді.
2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты (мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін өтініш беру) 20 минуттан аспайды;
3) өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
4) дайын құжаттарды алу кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде қолма-қол ақшалай және (немесе) қолма-қол ақшасыз көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін тіркеу алымы белгіленген. Тіркеу алымының сомасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінде белгіленген ставкалармен есептеледі және салық салу объектісінің тіркеу орны бойынша тиісті құжаттар берілгенге дейін төленеді.
Портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электронды сұраныс ұсынылған жағдайда, алым «электронды үкімет» төлем шлюзы (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
9. Жұмыс кестесі.
1) Комитетте:
Комитетте Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұма, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін құжаттарды күн сайын қабылдауды қамтамасыз ететін кесте белгіленеді.
Қабылдау кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
2) орталықта:
орталықтарда құжаттарды қабылдау күн сайын жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, еңбек заңнамасына сай белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес үзіліссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Мобильді орталықтар құжаттарды қабылдауды орталық бекіткен кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кем дегенде алты жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырады.
3) порталда - тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаның тұрған жері бойынша орталықтың үй-жайында көрсетіледі, онда анықтамалық бюро, күтуге арналған кресло, өтініштердің толтрылған бланкі үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасады, мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдайлар көзделген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Үкіметінің 2013.15.05. № 487 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар Комитетке және орталыққа мынадай құжаттарды:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі белгілеген нысандағы өтінішті;
2) заңды тұлғаның жарғысын немесе ережесін (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) не филиалдың немесе өкілдіктің ережесін;
3) жиналыс (конференция, съезд) төрағасы мен хатшысы қол қойған, жарғыны қабылдаған құрылтай жиналысының (қоғамдық және діни бірлестіктер үшін - конференция, съезд) хаттамасын;
4) бастамашыл-азаматтардың тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, туған жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты мекенжайы, үй және қызмет телефондары, жеке қолтаңбасы көрсетілген тізімін (қоғамдық және діни бірлестіктер үшін);
5) басқару органы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, сайланбалы лауазымы, туған жылы, тұрғылықты мекенжайы, үй және қызмет телефондары көрсетілген тізімін (діни бірлестіктер үшін);
6) заңды тұлғаның уәкілетті органының не құрылтайшының заңды тұлғаны құру туралы шешімін;
7) діни ілімнің пайда болу тарихы мен негіздерін ашып көрсететін және оған сәйкес келетін діни қызмет туралы мәліметтер қамтылатын діни баспа материалдары (діни бірлестіктер үшін);
8) бюджетке тіркеу алымы сомасының төленгенін растайтын түбіртекті немесе құжатын;
9) заңды тұлға басшысының және құрылтайшыларының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке сәйкестендіру нөмірі) (шаруашылық серіктестігі қатысушыларының тізілімін жүргізуді бағалы қағаздар иелерінің тізілімі жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестері құрылтайшыларының құжаттарын қоспағанда) ұсынады.
Ұйымдық-құқықтық нысаны мен заңды тұлғаны, филиалдарды, өкілдіктерді тіркеу түріне байланысты құжаттар тізбесі осы тармаққа сәйкес ұсынылады.
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін тіркеуші органға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) белгілеген нысан бойынша өтініш беріледі. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына қатысушы заңды тұлғалар туралы мәліметтерді әділет органдары Ұлттық Банк жолдаған хабарламалар негізінде Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қызмет нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу үшін Ұлттық Банктің рұқсаты қосымша талап етіледі.
Тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын және олармен аффилиирленген тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен жүзеге асырады. Монополияға қарсы орган тіркеуші органдарға тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің тізілімін және мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және монополияға қарсы органның келісімімен құрылған және олармен аффилиирленген тұлғалардың тізбесін ұсынады.
Орта және ірі кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде өтінішке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртіппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, құрылтайшы немесе құрылтайшылардың біреуі не шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе мемлекеттік органдар не Ұлттық Банк жалғыз құрылтайшы болып табылатын жағдайларда, құрылтайшының уәкілеттік берген адамы қол қояды және оны орталықтарға береді.
Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде өтінішке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда нотариаттық тәртіппен куәландырылған құрылтай құжаттарын қоса отырып, құрылтайшы (құрылтайшылар) не осыған уәкілеттік берілген адам қол қояды және оны орталықтарға береді.
Мемлекеттік кәсіпорын филиал құрған жағдайда меншік иесінің немесе олар уәкілеттік берген органның филиалды құруға келісімі туралы құжаты тапсырылуы қажет.
Филиал немесе өкілдік ашу туралы шешім мен оның басшысына сенімхат бір құжат ретінде ресімделуі мүмкін. Филиалдың басшысына берілген сенімхат қоғамдық бірлестіктің және діни бірлестіктің филиалын (өкілдігін) тіркеген кезде оны сайлауға немесе тағайындау тәртібіне сәйкес табыс етілмеуі мүмкін.
Саяси партиялар қосымша:
1) партия бағдарламасын;
2) тегі, аты, әкесінің аты, туған айы мен жылы, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайлары көрсетіле отырып, партияның барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы әрқайсысында кемінде алты жүз партия мүшесі бар құрылымдық бөлімшелерін (филиалдар мен өкілдіктерді) білдіретін, құрамында кемінде қырық мың партия мүшесі болуға тиіс партия мүшелерінің тізімдерін ұсынады.
Тұтыну кооперативтері азаматтар үшін - осы кооперативтер мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, тұрғылықты жері, заңды тұлғалар үшін - тұрған жері, банк реквизиттері туралы және мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер көрсетілген тізімді ұсынады.
Су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативтері тегін, атын, әкесінің атын, тұрғылықты жерін және жеке басын куәландыратын құжат деректерін (жеке сәйкестендіру нөмірін), кооператив мүшелерінің тізімін, сондай-ақ бизнес-сәйкестендіру нөмірлерін көрсете отырып, заңды тұлғалардың атауы мен тұрған жері көрсетілген тізімін, сондай-ақ су пайдаланушылардың кооперативі мүшелерінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы суармалы жерлердің болуы туралы мәліметтерді қосымша ұсынады.
Тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативтері осы кооперативтер мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, жеке сәйкестендіру нөмірі және тұрғылықты жері көрсетілген тізімді де ұсынады.
Қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсаты қосымша талап етіледі.
Тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерін мемлекеттік тіркеуді монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен уәкілетті орган жүзеге асырады; табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркеуді табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның алдын ала келісімімен уәкілетті орган жүзеге асырады.
Шетелдік қатысатын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар осы тәртіппен көзделген құжаттардан басқа, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, қосымша:
1) құрылтайшы - шетелдік заңды тұлғаның шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатынын куәландыратын, нотариат куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесі немесе басқа да заңдастырылған құжат;
2) қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге шетелдік құрылтайшының паспортының нотариат куәландырған көшірмесі немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжат ұсынылуға тиіс.
Шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, көзделген құжаттардан басқа, филиал (өкілдік) құратын шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатынын растайтын шетелдік заңды тұлғаның сауда тізілімінің заңдастырылған үзінді көшірмесін немесе басқа да заңдастырылған құжатты, сондай-ақ салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсетіп шетелдік заңды тұлғаның инкорпорация елінде салық тіркеуін растайтын құжатын қосымша ұсынуға тиіс.
Филиал (өкілдік) құратын шетелдік заңды тұлғаның құжаттары нотариалды түрде куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармамен ұсынылады.
Мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған құрылтай құжаттары байланған және нөмірленген түрінде, үш данада тапсырылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылады.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта тіркеуге жатады.
Бұл ретте, уәкілетті органға орталық арқылы мынадай құжаттар:
1) белгіленген нысандағы өтініш;
2) заңды тұлғаның мөрі басылған құрылтай құжаттарына, филиал (өкілдік) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы заңды тұлғаның уәкілетті органының шешімі не шешімінен үзінді;
3) жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары (өкілдіктері) үшін енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен құрылтай құжаттарының (ережесінің) үш данасы;
4) жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акционерлік қоғамның бұрынғы құрылтай құжаттарының, олардың филиалдары (өкілдіктері) туралы ережелерінің төлнұсқалары;
5) заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркегені немесе филиалды (өкілдікті) есептік қайта тіркегені үшін тіркеу алымы сомасын бюджетке төлегенін растайтын түбіртегі немесе өзге құжаты тапсырылады.
Заңды тұлғаға қатысушылар (акционерлік қоғамның акционерлері) құрамына жаңа қатысушы-заңды тұлға кірген жағдайда, тіркеуші органға құрылтай құжаттармен бірге жаңа қатысушының - заңды тұлғаның салық берешегінің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы салық органының анықтамасы табыс етіледі.
Шаруашылық серіктестігі қатысушыларының тізілімін жүргізуді бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктерін қоспағанда, қатысушылар құрамының өзгеру негіздемесі бойынша шаруашылық серіктестіктерін қайта тіркеу үшін Қазақстан Республикасының заңдарына және құрылтай құжаттарына сәйкес шығып кететін қатысушының, мүліктегі (жарғылық капиталдағы) үлеске құқығы оның иелігінен шығарылғанын (басқа біреуге берілгенін) немесе басқаға ауысқанын растайтын құжат ұсынылады.
Егер шаруашылық серіктестігінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иеліктен шығару (біреуге беру) шартының тарапы жеке тұлға болып табылатын жағдайда, жеке тұлға қолының төлнұсқалылығы нотариаттық куәландырылуы тиіс.
Табиғи монополия субъектілерін қайта тіркеу үшін табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның келісімі талап етіледі; тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын олармен аффилиирленген тұлғаларды, мұндай құру Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта тіркеу үшін монополияға қарсы органның келісімі талап етіледі.
Филиалдар мен өкілдіктер атауы өзгерген жағдайда қайта тіркеуге жатады.
Осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген құжат туралы мәліметтерді уәкілетті орган немесе орталық уәкілетті органның ЭЦҚ куәландырылған электронды құжат нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйе порталы немесе орталықтың ақпараттық жүйесі арқылы алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде уәкілетті органның немесе орталықтың қызметкері осы тармақтың 9) тармақшасында көрсетілген құжатты уәкілетті органның мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылған мәліметтермен салыстырып, содан кейін осы құжаттарды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.
Порталда шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін заңды тұлғаны электрондық тіркеуді алған кезде өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу беріледі.
Жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электронды көшірмелері түрінде электронды сұрау салуға қоса тіркеледі.
Мемлекеттік қызмет алушының қалауы бойынша бюджетке тіркеу алымын төлегенін растайтын түбіртек немесе құжат ЭҮТШ арқылы төленеді, бұл ретте осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген құжат электронды сұрау салуға қоса тіркелмейді.
12. Орталықтарда бланкілер күту залындағы арнайы тағанда не орталықтың консультанттарында, сондай-ақ «Орталық» РМК-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында болады.
13. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Орталықтардың мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.
Порталға жүгінген кезде электрондық сұрау салуды жіберу өтініш берушінің «жеке кабинеті» арқылы жүзеге асырылады. Сұрау салу автоматты түрде таңдап алынған қызметке сәйкес уәкілетті орган мекенжайына жіберіледі.
14. Орталықтарда құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға мына:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттар берілетін күн, уақыты және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
6) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметтің нәтижесін алған күні мен уақыты көрсетілген сұрау салудың қабылдағаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
15. Орталықта мемлекеттік қызметті алушыға дауын құжаттарды беруді орталықтың қызметкері «терезе» арқылы мерзімі көрсетілген қолхат негізінде күн сайын жүзеге асырады.
Егер алушы құжаттарды алуға мерзімінде хабарласпаған жағдайда, орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органдарға береді.
ҚР Үкіметінің 2013.15.05. № 487 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16. Мемлекеттік қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде орталықтың қызметкері мемлекеттік қызмет алушыға жетіспейтін құжаттар көрсетілген қолхат береді.