Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
Осы редакция 2011 жылғы 28 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың
филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)»
мемлекеттік қызмет стандарты
(2010.07.05. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - құрылтай және басқа құжаттардың Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкестігін тексеру және оларға бизнес сәйкестендіру нөмірін, тіркеу нөмірін бере отырып, мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы куәлікті беру, заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне және Филиалдар мен өкілдіктердің бірыңғай тізіліміне енгізу рәсімі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мыналарды:
1) банктерді, республикалық және өңірлік мәртебелері бар қоғамдық бірлестіктерді (оның ішінде барлық саяси партияларды), шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес бірлестіктердің филиалдары мен өкілдіктерін тіркеу және қайта тіркеу жөніндегі мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі - Комитет) мына мекен-жайда көрсетеді: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, 13-кіреберіс, 955-бөлме, телефоны 74-02-76.
2) тиісті облыста құрылған және қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді (Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті мен Діни істер комитетінде тіркелуге тиістілерден басқасы) тіркеуді және қайта тіркеуді аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді.
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны БСН берілген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікті, салық төлеушінің куәлігін (салық төлеушінің тіркеу нөмірі) беру болып табылады.
6. Мемлекеттік тіркеуге олардың құрылу мақсаттарына, олардың қызметінің түріне және сипатына, қатысушылардың (мүшелердің) құрамына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер жатады.
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
Комитетке немесе Орталыққа өтініш жасаған кезде:
тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырып, мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берген сәттен бастап:
1) осы стандарттың 4-тармағында көрсетілген субъектілерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген мерзімдерде жүргізіледі.
Бұл ретте, мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу мерзімдері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес есептеледі;
2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды, сондай-ақ өз қызметін үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей, ал мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
Өз қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғының негізінде жүзеге асыратын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен кейінгі жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдарды, сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен кейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік (есептік) тіркеудің (қайта тіркеудің) көрсетілген мерзімдеріне салық органдарында тіркеу мерзімдері кірмейді.
Өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаның мемлекеттік (есептік) тіркеу туралы куәлігін, салық төлеуші куәлігін беру, сондай-ақ жарғысын (ережесін) не мемлекеттік тіркеу туралы өтінішін қайтарып беру:
шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей бір мезгілде жүргізіледі;
өз қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен бастап он бір жұмыс күннен кешіктірілмей жүргізіледі;
жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдарға, сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірілмей бір мезгілде жүргізіледі.
Өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлғаның мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы куәлігін, салық төлеуші куәлігін беру, сондай-ақ жарғысын (ережесін) не мемлекеттік (есептік) қайта тіркеу туралы өтінішін қайтарып беру:
шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, сондай-ақ өз қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей бір мезгілде жүргізіледі;
өз қызметін үлгілік болып табылмайтын жарғы негізінде жүзеге асыратын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен бастап он бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі;
жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын ұйымдарға, сондай-ақ саяси партияларды қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдарға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне - қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен бастап он терт жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Саяси партияларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу), қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізілуі тиіс.
8. Мемлекеттік қызмет тіркеу түріне қатысты осы стандартқа 3-қосымшада көрсетілген алым ставкалары бойынша ақылы негізде ұсынылады.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында (www.minjust.kz) және тізбесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Орталықтардың үй-жайларындағы стендтерде, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
10. Комитетте жұма, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, құжаттарды күнделікті қабылдауы қамтамасыз ететін сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейінгі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейінгі кесте белгіленеді.
Қабылдау кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Орталықтарда мемлекеттік қызмет мейрам және демалыс күндерін қоспағанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін ұсынылады, филиалдар мен өкілдіктер үшін түскі асқа бір сағаттық үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді.
Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
11. Осы стандарттың 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген мемлекеттік қызметтер мүмкіндігі шектеулі адамдарға үшін жағдайлар жасалған Комитетте көрсетіледі. Кабинетте ақпараттық анықтама, күту үшін креслолар, өтініштердің толтырылған бланк үлгілері бар.
Осы стандарттың 4-тармағының 2) тармақшасында көзделген мемлекеттік қызметтер, заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша, мүмкіндігі шектеулі адамдарға үшін жағдайлар жасалған Орталық ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, өтініштердің толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Тұтынушылар мемлекеттік қызметті алу үшін Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өтініш;
2) жарғы;
3) құрылтай шарты, құрылтайшысы бір адамнан көп болғанда (қорлар, заңды тұлғалар бірлестіктері, мекемелер);
4) заңды тұлғаның уәкілетті органының не құрылтайшының заңды тұлға құру туралы шешімі;
5) тұрған жерін растайтын құжат;
6) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат.
Тұтынушылар мемлекеттік қызметті алу үшін Орталыққа мынадай құжаттарды ұсынады:
1) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша өтініш;
2) жарғы, егер заңды тұлға өзінің қызметін Үлгілік жарғының негізінде жүзеге асырмайтын болса;
3) құрылтай шарты, құрылтайшысы бір адамнан көп болғанда (қорлар, заңды тұлғалар бірлестіктері, мекемелер);
4) заңды тұлғаның уәкілетті органының не құрылтайшының заңды тұлға құру туралы шешімі;
5) тұрған жерін растайтын құжат;
6) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат.
Өтінішке құрылтайшы немесе құрылтайшы уәкілдік берген адам қол қояды. Мемлекет үлестік қатысатын мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар (бұдан әрі - мемлекеттік қатысатын заңды тұлғалар) Мемлекет қатысатын мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер тілімін ұстаушының белгісі бар өтініш тапсырады.
Мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған құрылтай құжаттары байланған және нөмірленген түрде, үш данада тапсырылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылады.
Қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге рұқсаты қосымша талап етіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, қызметінің мәні қаржылық қызмет көрсету болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты қосымша талап етіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, қызметінің мәні банктік және сақтандыру қызметі болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты қосымша талап етіледі.
Тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерін мемлекеттік тіркеуді монополияға қарсы органның алдын ала келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады; табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік тіркеуді табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның алдын ала келісімімен тіркеуші орган жүзеге асырады.
Қызметінің мәні зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру болып табылатын заңды тұлғаны тіркеу үшін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның оны ашуға рұқсаты қосымша талап етіледі.
Заңды тұлғаның құрылтайшысы басқа заңды тұлға болып табылған жағдайда уәкілетті органға құрылтай құжаттарымен және басқа құжаттармен бірге құрылтайшыда - заңды тұлғада салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы салық органының анықтамасы табыс етіледі.
Шетел қатысатын заңды тұлғаларды тіркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларын тіркеу үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, осы тәртіппен көзделген құжаттардан басқа, қосымша:
құрылтайшы - шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын сауда тізілімінен заңды үзінді көшірмесі немесе басқа заңды құжаты, нотариалдық куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасымен бірге;
құрылтайшының - шетелдік жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын паспорттың көшірмесі немесе басқа да құжат мемлекеттік және орыс тілдеріне нотариалдық жолмен куәландырылған аудармасымен қоса табыс етілуге тиіс.
Сонымен бір мезгілде Комитеке және уәкілетті органға заңды тұлғаның орналасқан жерін куәландыратын құжат, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін бюджетке алым төлегенін растайтын түбіртек немесе құжат табыс етіледі.
Заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжаттар: жалдау, сатып алу-сату шарттарының нотариалдық куәландырылған көшірмелері, жылжымайтын мүлікке құқықтардың жүргізілген тіркелуі туралы мөртабан қойылған жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын құжат және азаматтық заңнамада көзделген өзге де құжаты болуы мүмкін. Егер үй-жайдың иесі жеке тұлға болған жағдайда, онда жеке тұлғаның үй-жайды заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде бергені туралы нотариалдық куәландырған келісімі табыс етіледі.
Ұйымдық-құқықтық нысаны мен заңды тұлғаны, филиалдарды, өкілдіктерді тіркеу түріне байланысты құжаттар тізбесі осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес ұсынылады.
13. Комитетте бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орнатылады немесе құжаттарды қабылдаушы қызметкерде болады.
Орталықта бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орнатылады.
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
14. Комитетте құжаттарды қабылдауды маман жүзеге асырады.
Комитет маманы мемлекеттік қызметті көрсету барысында құжаттардың осы стандарттың 3-қосымшасының талаптарына сәйкестігін тексеруді, журналға тіркеуді жүзеге асырады, құжаттарды орындауға жауапты маманды анықтау үшін Комитет басшылығына жолдайды.
Комитет құжаттар пакетін қабылдағаннан кейін олардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және осы стандарттың 7-тармағында көзделген мерзімде тіркеуді жүргізеді.
Орындалған (дайын) құжаттар тұтынушыға қолма-қол беріледі.
Орталықтарда құжаттарды қабылдау «терезенің» арналғаны және атқаратын функциясы туралы ақпарат ілінген «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.
Орталық инспекторы мемлекеттік қызметті көрсету барысында құжаттардың осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестігін тексеруді, журналға тіркеуді және құжаттарды жинақтау бөлімінің инспекторына өткізуді жүзеге асырады.
Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды жинауды, тізілімді жүргізуді және уәкілетті органға жіберуді жүзеге асырады.
Орталық өтініштерді қоса берілген құжаттармен тиісті уәкілетті органға жеткізуді және кері қайтаруды осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде 2 рет курьерлік байланыс арқылы жүзеге асырады.
Уәкілетті орган Орталықтан құжаттар пакетін алғаннан кейін олардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және осы стандарттың 7-тармағында көзделген мерзімде тіркеу рәсімін жүргізеді.
Тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығын және олардың дұрыс дайындалғанын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексереді;
2) құрылтай құжаттары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес болған жағдайда заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы бұйрық шығарады;
3) Тіркелімге, сондай-ақ заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкілдіктердің электрондық тіркеліміне заңды тұлға туралы мәліметтерді енгізеді;
4) тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде салық органдарына тағайындалған БСН көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені туралы хабарлама жібереді;
5) ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) салық органдары тізбе бойынша ұсынатын салық төлеушінің куәлігін алады;
7) салық төлеушінің куәлігін алғаннан кейін құрылтай құжаттарының үшінші данасын, егер өз қызметін заңды тұлғаның Үлгі жарғысы негізінде жүзеге асырған жағдайда өтінішті және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені туралы бұйрықты салық органына береді, ол туралы есепке алу журналына тиісті жазба енгізіледі;
8) БСН бере отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, сондай-ақ салық төлеушінің куәлігін береді;
Орындалған (дайын) құжаттар тіркеуші органнан Орталыққа қолхатта көрсетілген беру мерзімі біткенге дейін бір күн бұрын түсуі тиіс.
15. Комитет құжаттарды қабылдау барысында тұтынушыға:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылдаған күні;
2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттар берілген күн, уақыты және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Комитет маманының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Орталық құжаттарды қабылдау барысында тұтынушыға:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылдаған күні;
2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттар берілген күн, уақыты және орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
16. Комитетте тұтынушыға дайын құжаттарды беруді маман осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген кестеге сәйкес мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде хабарласпаған жағдайда, Комитет оларды тұтынушы талап өткенге дейін сақталуын қамтамасыз етеді.
Тұтынушыға дайын құжаттарды беруді Орталық инспекторы «терезе» арқылы мерзімі көрсетілген қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде хабарласпаған жағдайда, Орталық олардың бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органдарға береді.
ҚР Үкіметінің 2010.07.05. № 393 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
17. Комитет және уәкілетті орган құжаттарды рәсімдеудегі қателерді анықтаған, осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбаған және құжаттар тиісті ресімделмеген жағдайда, сондай-ақ заңды тұлғаны құрудың және қайта ұйымдастырудың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртібін бұзу, табыстау актісін немесе бөлу балансын, ұсынбау не оларда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқорлығы туралы ережелердің болмауы, не бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салық берешегінің болуы, сондай-ақ құрылтайшысы жұмыс істемейтін заңды тұлға болған жағдайда және (немесе) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы жұмыс істемейтін заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы және (немесе) іс-қимылға жарамсыз немесе іс-қимылға жарамдылығы шектеулі және (немесе) із-түзсіз жоқ болып кеткен болса, және (немесе) қайтыс болды деп жарияланған болса және (немесе) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 216, 217-баптары бойынша қылмыс жасағаны үшін сотталған болса және (немесе) жеке басын куәландыратын жоғалтқан құжаттары тапсырылғанда заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден және қайта тіркеуден бас тартуға әкеп соғады.
Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркеу немесе қайта тіркеу үшін төленген алымдар Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген жағдайларда қайтарылады.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Комитеттің және Орталықтардың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасына наразылықтар болған жағдайда шағым Орталық, Комитет Басшысының және (немесе) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі басшылығының атына беріледі.
Орталық инспекторының және Комитет маманының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық: 580058 телефоны бойынша алуға болады.
22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не Орталықтың және Комитеттің кеңсесі арқылы жұмыс күндерінде қолма-қол қабылданады.
Шағым Комитет басшысының атына беріледі. Комитет басшылығының мекен-жайы мен телефоны осы стандарттың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген.
Шағым Орталық басшысының атына беріледі. Орталықтардың мекен-жайы мен басшыларының телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
23. Қабылданған шағым Орталықтың ақпараттарды есепке алу журналында тіркеледі және күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады, қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Арыз иесіне шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарланады.
6. Байланыс ақпараты
24. Комитет басшысының жұмыс және қабылдау кестесі осы стандарттың 10-тармағында көзделген Комитеттің жұмыс регламентіне сәйкес жүзеге айқындалады.
Орталық басшысының жұмыс және қабылдау кестесі осы стандарттың 10-тармағында көзделген Орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге айқындалады.
Орталықтың байланыс телефондары, мекен-жайы осы стандартқа 1-қосымшада, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және Орталықтың үй-жайларындағы стендтерде орналастырылады.
Орталықтар басшыларының байланыс телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурс: www.minjust.kz.
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу), олардың филиалдары мен
өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Р/с № | Орталықтың атауы | Орталықтың орналасу мекен-жайы | Операциялық залдың телефон нөмірі | Басшының телефон нөмірі |
1 | Ақмола облысының ХҚО | Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а» үй | 40-10-76 | 40-10-63 қабылдау бөлмесі |
2 | Ақтөбе облысының ХҚО | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй | 56-40-34 | 56-57-87 қабылдау бөлмесі |