Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 Қаулысы
(2013.15.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 12 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.30.03. № 254 қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 2010.30.03. № 254 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 19.01.2007 ж. № 39 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. ҚР Үкіметінің 2007.11.10. № 926 (бұр.ред.қара) қаулысымен алынып тасталды
3. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi № 970 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 29, 323-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 тамыздағы № 837 қаулысының 1-тармағы 5) тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 34, 342-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi № 970 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 11 ақпандағы № 167 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 7, 96-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2007.11.10. № 926 Қаулысымен (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2010.30.03. № 254 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.12.11. № 1192 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.23.09. № 1090 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.25.10. № 1204 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.29.12. № 1808 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ереже жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1116 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) - стратегиялық жоспарлау, салық және бюджет саясаты салаларында, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясат, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекеттік инвестициялық саясат, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, өңірлік даму, бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу, табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар, халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу, сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту, ішкі сауданы реттеу және дамыту, жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру, мемлекеттік басқару жүйесін дамыту, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органы болып табылады.
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Сауда комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік даму комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті.
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Егер Министрлікке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Министрліктің заңды мекенжайы: 010000 Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, № 8 үй, 7 кіреберіс, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты.
10. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Министрліктің кәсіпкерлік субъектілерімен Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Министрліктің миссиясы:
стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін іске асыруға бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың біртұтас және тиімді жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ сауда қызметін дамыту.
15. Міндеттері:
1. Мынадай:
1) стратегиялық жоспарлау;
2) салық және бюджет саясаты, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясат;
3) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш;
4) мемлекеттік инвестициялық саясат;
5) мемлекеттік-жеке меншік әріптестік;
6) өңірлік даму;
7) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу;
8) табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар;
9) халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары, оның ішінде халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу;
10) сыртқы сауда қызметін реттеу және дамыту;
11) ішкі сауданы реттеу және дамыту;
12) жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;
13) мемлекеттік активтерді басқару, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын арттыру;
14) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту;
15) жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
2. Мынадай:
1) сауданы дамыту;
2) кәсіпкерлікті дамыту;
3) өңірлік даму саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
16. Функциялары:
1. Орталық аппараттың функциялары:
1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу, түзету, мониторингілеу мен іске асырылуын бағалау;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын әзірлеу, реттеу, мониторингілеу және іске асырылуын бағалау;
3) мемлекеттік бағдарламалар тізбесін қалыптастыру, түзету;
4) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының жобаларын келісу;
5) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуын мониторингілеу және бағалау;
6) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын (стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын) келісу;
7) өз құзыреті шегінде облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын (стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын) келісу;
8) мемлекеттік органдардың Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін арттыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
9) мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
10) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі әдіснамалық басшылық, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
11) Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауларының ережелерін іске асыру мақсатында әзірленетін жалпыұлттық іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және мониторингілеу;
12) мемлекеттік органдардың, өңірлердің елдің экономикалық саясатын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
13) республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;
14) макроэкономикалық болжамның әдіснамасы мен құралдарын жетілдіру;
15) экономикалық саясат шараларының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге әсерін бағалау;
16) әлемдік экономикадағы ахуалды талдау, әлеуетті сыртқы тәуекелдерді және олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін бағалау;
17) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуді әдіснамалық қамтамасыз ету;
18) республиканың макроэкономикалық көрсеткіштерін мониторингілеу және талдау;
19) салық және бюджет саясатын, сондай-ақ кеден ісі саласындағы саясатты қалыптастыру;
20) салық және бюджет заңнамасын, сондай-ақ кеден ісі саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
21) шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттердің түсімдері мен шығыстарының болжамын, бюджеттің тапшылығын қамтитын үш жылдық кезеңге арналған бюджет параметрлерінің болжамы;
22) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын айқындау;
23) мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
24) үкіметтік борыш пен жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін ұсыну лимиттерін айқындау;
25) рентабельдігі төмен келісімшарттар бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге салықтың жеке ставкасының нақты мөлшерлері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
26) пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлесіп барлау мен өндіруді жүргізуге не барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың, сондай-ақ оларға толықтырулардың жобаларына экономикалық сараптама жүргізу;
27) пайдалы қазбаларды өндіру бойынша жұмыстар жүргізуге арналған жобалау құжаттарына техникалық-экономикалық негіздемеге экономикалық сараптама жүргізу;
28) мемлекеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
29) республикалық бюджеттік инвестициялар саясатын қалыптастыру;
30) басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесін қалыптастыру;
31) экономикаға мемлекеттік және жеке инвестицияларды тарту саясатын қалыптастыру;
32) бюджеттік инвестициялар мен концессияларды жоспарлауды әдіснамалық қамтамасыз ету;
33) білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау объектілеріне қажеттілікті айқындау және инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру әдістемесін әзірлеу және бекіту;
34) бюджеттік инвестициялардың, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге немесе түзетуге арналған инвестициялық ұсыныстарының экономикалық негіздемесі бойынша қорытындылар дайындауды ұйымдастыру;
35) Республикалық бюджет комиссиясының қарауына техникалық экономикалық негіздемелерді әзірлеуге немесе түзетуге және техникалық экономикалық негіздемелердің қажетті сараптамаларын жүргізуге инвестициялық және/немесе концессиялық ұсыныстарды енгізу;
36) мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеуді жүзеге асыру;
37) мемлекет кепілгерлігін беру үшін концессиялық жобаларды іріктеуді жүзеге асыру;
38) бюджеттен концессиялық жобаны бірлесіп қаржыландыру бойынша Республикалық бюджет комиссиясының қарауына ұсыныстар енгізу;
39) бірлесіп қаржыландыру шартында концессиялық жобаларды қарау және бюджет жобасына іріктеу;
40) концессия саласындағы құжаттарға экономикалық сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері бойынша мамандандырылған ұйымды тарту;
41) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы республикалық бюджет есебінен іске асырылуы жоспарланатын республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың, бюджеттік инвестициялардың, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаға мемлекеттік кепілдік беру үшін инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүргізу үшін құжаттар жіберу;
42) концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бойынша қызметтердің тізбесін қалыптастыру;
43) республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін қалыптастыру, техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламаның қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қажетті сараптамаларды жүргізу;
44) орта мерзімді кезеңде концессияға беруге ұсынылатын объектілер тізбесін қалыптастыру;
45) бюджеттен бірлесіп қаржыландыру шартында бюджеттік инвестициялық жобалардың, концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау және оларға бағалау жүргізу әдістемесін айқындау;
46) бюджеттік инвестициялар және концессиялар мәселелері бойынша сараптама өткізу құнын айқындау және құжаттаманы бағалау әдістемесін бекіту;
47) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру, пайдалану және басқару тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
48) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу;
49) байланысты гранттарды тартуға өтінімдер тізбесін қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Үкіметіне оларды бағалауға негізделген байланысты гранттарды пайдалану туралы жиынтық есепті ұсыну;
50) экономика салаларында мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің тетіктерін қолданудың институционалдық және заңнамалық негізін құру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
51) өңірлік даму саласындағы саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстардың экономикалық талдауын жүзеге асыру және әзірлеу, өңірлерді дамытуға бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру;
52) елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, түзету және іске асырылуын бағалау;
53) елді аумақтық-кеңістіктік дамытудың болжамды схемасының, өңірлік даму саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының ережелерін өзара байланыстыру бойынша жұмысты үйлестіру;
54) өңірлік дамудың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеу, түзету және бағалау;
55) жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқарудың жұмыс істеу тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
56) уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, елді мекендерді әлеуметтік және инженерлік жайластыру нормативтерін әзірлеу;
57) жекелеген проблемалы аумақтарды, елді мекендерді дамытудың кешенді жоспарларын әзірлеу және бағалау;
58) елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін айқындау;
59) аумақтарды дамыту мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
60) демографиялық және көші-қон үдерістерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру және оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
61) бюджетаралық қатынастар бойынша саясатты айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
62) аумақтық-кеңістіктік дамытуды ескере отырып, республикалық бюджеттен өңірлерді дамытуға арналған нысаналы трансферттерді бөлу бойынша ұсыныстар әзірлеу;
63) жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесін әзірлеу;
64) республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық кезеңге арналған көлемі туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу;
65) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
66) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган әзірлеген тауарлардың өзара алмасу өлшемдерін, оларды сатып алуға қол жетімділікті, сондай-ақ қаржылық ұйымдарға қатысты тауар нарығының шекараларын айқындай отырып, тауар нарығындағы бәсекелі ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесін келісу;
67) бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган әзірлеген монополиялық жоғары (төмен) және монопсониялық төмен бағаларды анықтау жөніндегі әдістемені келісу;
68) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын жетілдіру жөнінде шаралар әзірлеу;
69) Қазақстан Республикасының Үкіметіне реттеуші және монополияға қарсы органдармен бірлесіп, тауар нарығын реттелетін нарықтарға жатқызу жөнінде, оның ішінде мемлекет реттейтін бағалар енгізу орынды болатын өнімдер, тауарлар және қызметтер номенклатурасы бойынша ұсыныстар енгізу;
70) табиғи монополияны реттеу саласында және реттелетін нарықтарда саясатты қалыптастыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
71) табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган әзірлеген табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін (баға, алымдар ставкасын) немесе олардың шекті деңгейін келісу;
72) табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану тәжірибесін қорыту және осының негізінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;
73) табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган әзірлеген табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтің шекті деңгейін бекіту кезіндегі шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін келісу;
74) телекоммуникация және пошта байланысы саласындағы нарықтарды қоспағанда, тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) және тауар нарықтарының субъектілері инфрақұрылымына кемсітпейтін қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарын талдау бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту;
75) тариф саясатын, тауарлар және қызметтер нарығында, табиғи монополиялар саласында баға белгілеу саласындағы саясатты айқындау;
76) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну үшін табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін қалыптастыру;
77) Министрліктің құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастық;
78) мемлекеттік органдардың халықаралық экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жұмысын үйлестіру, халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдармен, донор елдермен сыртқы көмекті үйлестіру және олардың қызметі мәселелері бойынша, рейтингтік агенттіктермен өзара іс-қимыл жасау;
79) халықаралық сауда және экономикалық ұйымдармен келіссөздерде, сондай-ақ екіжақты бастамалар шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан өкілдік ету;
80) халықаралық және өңірлік ұйымдар, оның ішінде ЕурАзЭҚ шеңберіндегі Кеден одағы, Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі, сондай-ақ Бірыңғай экономикалық кеңістіктің халықаралық шарттарын әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу және мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
81) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын сауда-экономикалық салада халықаралық шарттарды орындаудың мониторингін, Қазақстан Республикасы экономикалық ынтымақтастығының басым бағыттарын айқындау бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;
82) сыртқы сауда қызметін кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу және қорытындылар дайындау;
83) тарифтік квоталарды қолданудың орындылығы туралы қорытындылар дайындау;
84) қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын, оның ішінде уақытша шараларды қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
85) қолданыстағы және жоспарланатын субсидиялар туралы хабарламалар дайындау және Бірыңғай экономикалық кеңістік елдеріне жіберу;
86) Қазақстан Республикасына, сондай-ақ Бірыңғай экономикалық кеңістік елдеріне берілетін және беруге жоспарланатын субсидиялардың өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидалары туралы келісімге сәйкестігі туралы тексеру жүргізу;
87) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізу;
88) жеке кәсіпкерлікті дамыту бағдарламаларын әзірлеу;
89) кәсіпкерлікті дамытудың жылдық есебін дайындау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберу;
90) мемлекеттік рұқсат беру жүйесін жетілдіру және оңтайландыру және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың ведомствоаралық үйлестірілуін, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту шараларын жүзеге асыру;
91) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сарапшылар кеңестерінің қызметін үйлестіру;
92) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін, міндетті ведомстволық есептіліктің және тексеру парақтарының нысандарын әзірлеу және бекіту;
93) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) халықаралық нарықтарға шығуы үшін жағдай жасау;
94) Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметін мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жол берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылықтары туралы хабардар ету;
95) мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін енгізу үдерісін үйлестіруді жүзеге асыру;
96) лицензиялау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және жүргізу мен басқа мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіру;
97) рұқсат беру жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
98) мемлекеттік активтерді басқару саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру, оның ішінде корпоративтік басқару сапасын көтеру;
99) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарда ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ корпоративтік басқаруды бағалау;
100) мемлекеттік мүлікті басқаруды талдау және бағалау;
101) мемлекет жалғыз акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың стратегиялары мен даму жоспарларын келісу;
102) мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыруды бағалау;
103) мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын және даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды мониторингілеу және іске асырылуын бағалау тәртібін әзірлеу;
104) мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды мониторингілеу және іске асырылуын бағалау тәртібін әзірлеу;
105) мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекет акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының және даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу мен ұсыну тәртібін әзірлеу;
106) мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерді әзірлеу мен ұсыну тәртібін әзірлеу;
107) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
108) мемлекеттік басқару органдарының қызметін функционалдық талдау;
109) мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
110) мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту жөніндегі Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын әзірлеу;
111) мемлекеттік қызметтер тізілімін әзірлеу, жүргізу және мониторингілеу тәртібін айқындау;
112) мемлекеттік қызметтер тізілімін әзірлеу, жүргізу және мониторингілеу мен мемлекеттік қызметтер стандарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
113) мемлекеттік қызметтер регламентін әзірлеу бойынша әдіснамалық көмек;
114) мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу мониторингі және оның тәртібін айқындау;