Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң
кейбір мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 4
қыркүйектегі № 970 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. № 314; 20.08.03 ж. № 837; 11.02.04 ж.
№ 167; 03.08.04 ж. № 825 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1116 қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы ред. қара
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 20.08.03 ж. № 837 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара)
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрiне - төрт, оның iшiнде - бiр бiрiншi вице-министрi болуына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру қайта ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттiгiн, Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігін және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігін ұстауға республикалық бюджеттен көзделген, берілетiн штат саны шегіндегі қаржының есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 01.04.03 ж. № 314 қаулысымен 4-тармақтың күші жойылды
4. "Штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 39 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзілсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерi:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 11-1-жолмен толықтырылсын:
"11-1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 351";
реттiк нөмiрi 12-жолдағы "324" деген сан "229" деген санмен ауыстырылсын.
5. "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 165 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 54-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2002 жылғы 4 қыркүйектегi
№ 970 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 20.08.03 ж. № 837; (бұрынғы ред. қара); 11.02.04 ж. № 167 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) басшылықты және заңнамада көзделген шекте. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын әзiрлеудi салааралық және өңiраралық үйлестiрудi, Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарларын және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын (бұдан әрi стратегиялық және индикативтiк жоспарларын), мемлекеттік қаржыны, лицензиялау жүйесiн басқаруды, орта мерзiмдi кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттiң болжамды көрсеткiштерiн және тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын қалыптастыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Министрлiктiң, егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берілсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
5. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 33-үй.
6. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі" мемлекеттік мекемесi.
7. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кірiсiне жiберiледi.
2. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және
құқықтары
ҚР Үкіметінің 20.08.03 ж. № 837 (бұрынғы ред. қара); 11.02.04 ж. № 167 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен 9-тармақ толықтырылды
9. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негiзгi бағыттарын қалыптастыру;
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуын экономикалық талдау, макроэкономикалық болжамдау және реттеу мен реформалардың барысын бағалау;
3) стратегиялық, индикативтiк және бюджеттік жоспарлау жүйесiн қалыптастыру және жетілдiру;
4) мемлекеттiң ақша-кредит саясатымен өзара қарым-қатынаста мемлекеттік салық-бюджет және инвестициялық саясатты, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар саласындағы саясатты қалыптастыру және iске асыру;
5) мемлекеттік активтердi тиiмдi басқару саясатын әзiрлеуге және оны iске асыруға қатысу;
6) мемлекеттік басқару жүйесiн жетілдiру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу;
6-1) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне ол Мемлекет басшысының қарауына ұсынуы үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi есебiнен ұсталатын органдар қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi бойынша ұсыныстар енгiзсiн;
6-2) мемлекеттік инновациялық саясатты iске асыруға қатысу;
6-3) лицензиялау жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
6-4) жұмылдыру даярлығы мен жұмылдыру саласындағы негiзгі бағыттарды әзiрлеу және бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргiзу;
6-5) бағдарламалар бойынша уәкiлеттi органның функцияларын жүзеге асыру;
7) оған заңнамамен жүктелген өзге де мiндеттер.
ҚР Үкіметінің 20.08.03 ж. № 837 (бұрынғы ред. қара); 11.02.04 ж. № 167 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен 10-тармақ толықтырылды
10. Министрлiк заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
2) стратегиялық жоспарларды iске асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметтерiн талдау және үйлестiру;
3) Қазақстан Республикасында стратегиялық, индикативтiк және бюджеттік жоспарлау жүйесiн жетілдiру жөніндегі жұмыстарды жүpгiзy;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Бағдарламасын және оны iске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен стратегиялық жоспарлардың негiзiнде қалыптастыру, олардың атқарылу мониторингiн жүзеге асыру және оларды түзету бойынша ұсыныстар енгізу;
5) әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын қамтитын орта мерзiмдi индикативтiк жоспарларды орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен әзiрлеу;
6) мемлекеттік инвестициялардың басым бағыттарын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен қалыптастыру;
7) мемлекеттік, салалық (секторлық) бағдарламаларды әзiрлеу бойынша мемлекеттік органдардың қызметтерiн үйлестiру;
7-1) мемлекеттік органдардың лицензиялау мәселелері жөніндегі қызметiн үйлестiру;
7-2) мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу бойынша мемлекеттік органдардың қызметiне әдiснамалық басшылық жасау;
7-3) Қазақстан Республикасында қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбесiн қалыптастыру және одан әрi жүргізу;
7-4) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың орындалуын жалпы бақылауды жүзеге асыру;
7-5) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асырудың тиiмдiлiгiн (нәтижелiлiгiн) бағалауды жүргізу;
8) Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының қатысуымен тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетiнiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткiштерiн әзiрлеу;
9) елiмiздiң, Қазақстан Республикасының аймақтары мен салаларының әлеуметтiк-экономикалық даму мониторингiн, әлемді экономиканың жағдайы мен дамуына талдау жүргiзу;
10) экономикалық қауiпсiздiк мәселелерінің мониторингі;
11) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын талдау;
12) стратегиялық жоспарларды iске асырудың барысы туралы ақпараттық-талдау материалдарын дайындау және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму нәтижелерi және Үкiмет Бағдарламасы мен оны iске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының iске асырылу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабарлау;
13) әлеуметтiк-экономикалық даму индикативтiк жоспарларының, мемлекеттік, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламалардың әзiрленуiн және iске асырылуын әдiснамалық қамтамасыз ету;
14) инвестициялық ахуалды жақсарту жөнiнде шаралар әзiрлеу, мемлекеттік бағдарламаларды және басым инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн шетелдiк инвестицияларды тартуға ықпал ету;
15) мемлекеттік инвестициялардың жүзеге асырылуын әдiстемелiк қамтамасыз ету, әзiрленуiн ұйымдастыру мен оның мониторингi;
16) өз құзыреті шегiнде инвестициялық бағдарламалардың сараптамасын қоса алғанда, инвесторлармен жасалатын келісім-шарттардың экономикалық сараптамасын жүргiзуге қатысу;
17) республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүргiзу;
18) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң регламентiне сәйкес нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларына сараптама жүргiзудi жүзеге асыру;
19) мемлекеттік қаржыны және мемлекеттік меншікті басқару саласында мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысу;
20) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсімдердi болжамдау;
21) жергiлiктi атқарушы органдарға ерекше маңызды бюджеттік бағдарламалар бойынша шығыстардың ең аз мөлшерлерiн жеткiзу;
22) республикалық және жергiлiктi бюджеттер үшiн бiрыңғай бюджеттік сыныптамалар мен қаржылық есептiлiктiң бiрыңғай нысанын әзiрлеу және бекіту;
23) бюджеттік процеске әдіснамалық басшылықты жүзеге асыру, мемлекеттік шығыстардың бюджеттік бағдарлама жасау әдiстерi мен функционалдық талдау әдiстемесiн енгізу;
24) мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу саясаты мен кредит саясатын әзiрлеу;
25) мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген борыш пен қарыз алуды жоспарлау және оның мониторингiн жүзеге асыру;
26) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген борыш пен қарыз алуды алдағы 10 жылдық кезеңге арналған жыл сайынғы болжамдау мен бағалауды жүзеге асыру;
27) халықаралық экономикалық ынтымақтастық жөнiндегі мемлекеттік органдардың жұмыстарын үйлестiру, халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдармен, донор елдермен, рейтингтік агенттiктермен өзара әрекет ету;
28) халықаралық қаржы және экономикалық ұйымдардан және донор елдерден қаржылық және техникалық көмектердi тартудың және пайдаланудың басым бағыттарын айқындау және оның үйлестiрілуiн жүзеге асыру;
29) атқарушы билiк органдарының құрылымдары мен өзара әрекет етуiн жетілдiру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу, мемлекеттік органдармен бiрлесе отырып атқарушы билiк органдарының қаржы-экономикалық функциялары мен өкiлеттiктерiн анықтайтын нормативтiк кесiмдердi әзiрлеуге қатысу;
30) Министрлiктiң құзыретiне енетiн бағыттар бойынша мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзiрлеу;
31) конкурстық негiзде қолданбалы ғылыми-техникалық зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру;
31-1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының Жұмылдыру жоспарын әзiрлеу және оны iске асыруды үйлестiру;
31-2) жұмылдыру даярлығы мен жұмылдыруды ғылыми және әдiстемелiк қамтамасыз ету;
32) өз қызметi саласында заңнаманың қолданылу тәжiрибесiн талдау және қорытындылау, оны жетілдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, заңнамалық және өзге нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын дайындауға қатысу, оларды Үкiметтiң қарауына енгізу;
33) Қазақстан Республикасының және басқа да елдердiң ұйымдарымен келiссөздер жүргiзу және шарттар жасасу;
33-1) республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың штат кестелерiне талдау жүргiзу;
33-2) еңбекақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды iске асыруға арналған шығыстарға есептемелер жүргiзу және оларды жоспарлау;
33-3) заңнамада белгiленген тәртiппен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары ұсынған болжамды көрсеткiштердi:
жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдердi;
тиiстi қаржы жылының соңына облыс, Астана және Алматы қалалары жергілiктi атқарушы органының борышы көлемiн;
облыс, Астана және Алматы қалалары жергiлiктi атқарушы органының борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығындар көлемiн келiседi;
34) оған заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 11.02.04 ж. № 167 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
11. Министрлiктiң өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар енгізуге;
2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың индикативтi жоспарлардың, Үкiмет Бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарларының iске асырылуын бақылауды жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ?кімет Бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын түзету жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
3-1) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды одан әpi iске асырудың орындылығы туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Yкіметіне енгізуге;
4) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажеттi ақпаратты сұрауға және алуға;
5) өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық кесiмдер шығаруға;
6) өз құзыретi шегiнде келiссөздер жүргiзуге және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға, сондай-ақ шетелдiк заңды тұлғалармен келісімдер жасасуға;
7) сараптамалар мен консультациялар жүргiзу үшiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсiз сарапшыларды тартуға;
8) Министрліктің қарауындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындармен мемлекеттік басқару органы болып әрекет етуге;
9) Министрлiкке ғылыми зерттеулерге бөлiнген қаражаттың шегiнде маңызды ғылыми қаржы-экономикалық жұмыстардың тiзбесiн анықтауға, белгiленген тәртiппен Министрлiктiң құзыретiне енетiн мәселелердi әзiрлеу үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдарын, сондай-ақ жекелеген мамандарды тартуға;
10) оған заңнамамен жүктелген өзге де құқықтарға құқығы бар.
3. Министрлiктiң мүлкі
12. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
13. Министрлiкке бекітілген мүлiк республикалық меншікке жатады.
14. Министрлiктiң өзiне бекітiлген мүлiктi және егер заңнамалық кесiмде өзгеше белгiленбесе, оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өздiгiнен иелiктен айыруға немесе өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
15. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын Министр басқарады.
Министрдің өзiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметi лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын орынбасарлары (вице-министрлерi) оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болады.
16. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыру үшiн дербес жауаптылықта болады.
17. Министр осы мақсатта:
1) өзiнiң орынбасарлары мен Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктерiн айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен Министрлiктiң қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады;
4) Министрдiң бұйрықтарына қол қояды;
5) өз құзыретi шегiнде Министрлiктiң құрылымын және құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi;
6) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрлiктi білдiредi;
7) Министрлiк жұмысының регламентiн бекiтедi;
8) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
18. Министрлiк қабылдайтын шешiмдер Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделедi.
19. Министрлiктiң Министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан Министр бекiтедi.
5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату
20. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату заңнамада белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
ҚР Үкіметінің 20.08.03 ж. № 837 қаулысымен осы қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2002 жылғы 4 қыркүйектегi
№ 970 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлiгінiң қарамағындағы
ұйымдардың тізбесі
1. ҚР Үкіметінің 03.08.04 ж. № 825 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
2. "Экономикалық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргізу құқығында).
3. "Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдiстемелiк орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны.