Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегi № 970
қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 11 ақпандағы № 167 қаулысы
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1116 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi № 970 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 29, 323-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі туралы ережеде:
1-тармақ "салааралық" деген сөзден кейiн және өңiраралық" деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақ мынадай мазмұндағы 6-5) тармақшамен толықтырылсын:
"6-5) бағдарламалар бойынша уәкiлеттi органның функцияларын жүзеге асыру;";
10-тармақ:
мынадай мазмұндағы 7-2), 7-3), 7-4), 7-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"7-2) мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеу бойынша мемлекеттік органдардың қызметiне әдiснамалық басшылық жасау;
7-3) Қазақстан Республикасында қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбесiн қалыптастыру және одан әрi жүргізу;
7-4) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың орындалуын жалпы бақылауды жүзеге асыру;
7-5) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды iске асырудың тиiмдiлiгiн (нәтижелiлiгiн) бағалауды жүргізу;";
10-тармақтың 21) тармақшасындағы "қарыз алу лимиттерiн, сондай-ақ" деген сөздер алынып тасталсын;
11-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды одан әpi iске асырудың орындылығы туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуге;";
4) тармақшадағы "орталық және жергілікті атқарушы органдардан" деген сөздер "мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |