Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Қаулысы
(2011.13.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 26 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінiң «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже;
2) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
4) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi;
6) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесi;
7) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары комитетi аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тізбесi;
9) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
10) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi;
12) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
13) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 6 сәуірдегі
№ 310 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы
ереже
ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен барлық мәтін бойынша «су қорын пайдалану және қорғау» деген сөздерден кейін «, сумен жабдықтау және су бұру» деген сөздермен толықтырылды (бұр.ред.қара)
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2009.15.07. № 1071 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.23.09. № 1090 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.25.10. № 1204 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.13.12. № 1517 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) - реттелетін салаларда, атап айтқанда агроөнеркәсіптік кешен, ауыл және балық шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру (елді мекендерде орналасқан су шаруашылығы және су бұру жүйелерінен басқа), өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, егіншілік, тұқым шаруашылығы мен астық нарығын реттеу саласында, мақта саласында, өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, ветеринария, сусындарды (алкогольді өнімдер мен этил спиртінен басқа) қоса алғанда, тамақ өнімдерін өндіру бөлігінде өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жарақтандыру, мал шаруашылығы, мелиорация, жерді суландыру және дренаж, ауыл шаруашылығы ғылымы мәселелері, биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте өз құзыретіне жататын қызмет саласында (бұдан әрі - реттелетін сала) мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
Су ресурстары комитеті, Орман және аң шаруашылығы комитеті, Балық шаруашылығы комитеті, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес өкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітеді.
7. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36.
8. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
9. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
10. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
11. Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
ҚР Үкіметінің 2011.25.10. № 1204 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
12. Министрліктің реттелетін саладағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) мемлекеттің аграрлық саясатын, реттелетін салалардағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру;
2) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауары өндірісін құрудың негіздерін жасау, Қазақстан Республикасының азық-түліктік қауіпсіздігі мен жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;
3) агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету;
4) реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді
5) өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
6) өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 2009.15.07. № 1071 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.30.03. № 426 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.18.05. № 428 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.17.06. № 600 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.25.10. № 1204 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 13-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.13.12. № 1517 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 13-тармақ жаңа редакцияда
13. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттің реттелетін салалардағы аграрлық саясатын іске асырады, стратегиялық жоспарлар, мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалар әзірлейді және іске асырады, сондай-ақ ғылыми зерттеулер ұйымдастырады;
2) агроөнеркәсіптік кешен саласында мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын әзірлейді, реттелетін салалар мәселелері бойынша халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасын білдіреді, инвестициялар тартуға және оларды пайдалануға ықпал етеді, халықаралық және сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырады, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және халықаралық бағдарламаларды іске асыруға қатысады;
3) мынадай:
тұқым шаруашылығы;
пестицидтер (улы химикаттар) айналымы;
астық және оның тіршілік циклының процестері;
ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын тамақ өнімінің қауіпсіздігі;
ветеринария;
биоотын өндірісі және айналымы саласындағы мәселелер бойынша техникалық регламенттер әзірлейді;
4) мынадай:
мақта саласын дамыту;
өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік инспекторлар туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;
5) мынадай:
астық қолхаттарын берумен қойма қызметі бойынша қызметтерді көрсету жөніндегі;
мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі;
5) тармақшаның төртінші абзацы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозолдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі;
мақта қолхаттарын берумен қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі;
сарапшы ұйымға;
5) тармақшаның жетінші абзацы 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
ветеринария саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
6) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында нормативтер әзірлейді;
7) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
8) аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру тәртібін айқындайды;
9) жануарлар дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жататын жануарлар түрлерін әкелуге және әкетуге рұқсат беру қағидаларын әзірлейді;
10) жануарлар дүниесін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды енгізу бойынша ұсыныс енгізеді;
11) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздемені дайындау тәртібін айқындайды;
12) аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгі ереже әзірлейді;
13) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың арнайы құралдар қолдануының қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
14) аң аулау және балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттері мен тіршілік қызметінің өнімдерін шаруашылық мақсаттарына пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;
15) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендерінен басқа, жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбие және эстетикалық мақсаттарға, оның ішінде зоологиялық коллекциялар жасау үшін пайдалану тәртібін белгілейді;
16) жануарлардың санын реттеу тәртібін әзірлейді;
17) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің айырым белгілері бар нысанды киім үлгілерін (погонсыз), киім кию тәртібін және оларды киіммен қамтамасыз ету нормаларын әзірлейді және бекітеді;
18) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуымен келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
19) жолдаманың үлгі нысанын, сондай-ақ оны беру тәртібін әзірлейді;
20) жануарлар түрлерінің санаттарын айқындайды және сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызуды қоспағанда, оларды бір санаттан екінші санатқа ауыстырады;
21) өңірлерде арнайы қоймаларды (көмінділерді) орналастырудың орындылығын және олардың санын келіседі;
22) пестицидтер (улы химикаттар) түрлері бойынша запас нормативтерін және оларды пайдалану тәртібін белгілейді;
23) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібін, сондай-ақ арнайы қоймаларды (көмінділерді) тиісті жай-күйде ұстау шарттарын әзірлейді;
24) пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу, өндірістік сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді;
25) хаттамалар мен нұсқамалар нысандарын, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды жасау мен шығару тәртібін әзірлейді және бекітеді;
26) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөніндегі қаулының нысандарын әзірлейді және бекітеді;
27) ветеринария саласындағы нұсқамалардың нысандарын, оларды жасау мен беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
28) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы, тексеру актісін және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы, кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулыны шығарады;
29) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды әзірлейді және бекітеді;
30) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды келіседі;
31) өсімдіктерді қорғау, ветеринария жөніндегі мамандарды даярлау және біліктілігін көтеру жөніндегі оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келіседі;
32) фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитарлық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібін әзірлейді;
33) аса қауіпті зиянды организмдер тізбесін әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;
34) өсімдіктер карантині бойынша іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндік объектілер тізбесін айқындайды;
35) Өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспектордың және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың лауазымын иеленуге қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
36) астық нарығына қатысушылардың қызметін үйлестіреді және реттейді;
37) астық нарығының мониторингін жүзеге асырады;
38) астық өндірушілерді қорғау үшін демпингке қарсы шаралар қолдану жөніндегі ұсыныстар әзірлейді;
39) астық сапасын сараптау тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарды әзірлейді;
40) мынадай:
астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу;
астық сақтау;
астық қолхаттарын беру, айналымы және өтеу;
астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу;
электрондық астық қолхаттары жүйесін пайдалану;
астық қолхаттарының үлгілерін және астық қолхаты жазылатын бланкілерді шығару, алу, сақтау және жою қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды әзірлейді;
41) мыналарды:
астық нарығының мониторингін жүргізу қағидаларын;
астық қабылдау кәсіпорындары есептілігінің үлгі нысандарын;
мемлекеттік астық инспекторлары туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді;
42) астық қабылдау кәсіпорнын тексеру актісінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;
43) уәкілетті органның облыстық аумақтық бөлімшелерінің бастықтары бекіткен кестелер негізінде жоспарлы тексеру, сондай-ақ астық нарығына қатысушылар мен мемлекеттік органдардың өтініштері негізінде жоспардан тыс тексеру түрінде астық нарығына қатысушылардағы астықтың нақты болуы мен сапасын және оның есептік деректерге сәйкестігін тексереді;
44) облыстар бөлінісінде мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу квотасын әзірлейді және бекітеді;
45) сатып алу бағасын белгілеу жөніндегі ұсыныстар енгізеді;
46) ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік астық ресурстарын пайдалану туралы шешім қабылдайды;
47) мыналардың:
агент пен отандық астық өндіруші;
агент пен астық экспорттаушы арасындағы мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу шартының үлгі нысандарын әзірлейді және бекітеді;
48) ішкі нарықты реттеу мақсатында агент пен астықты қайта өңдеу ұйымы арасындағы мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан астық жеткізу шартының үлгі нысандарын әзірлейді және бекітеді;
49) астықты қайта өңдеу және нан пісіру ұйымдары арасындағы мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан жасалған ұнды өткізу шартының үлгі нысандарын әзірлейді және бекітеді;
50) астық экспорттаушының мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерін сақтауы туралы растаулардың нысандарын әзірлеп, бекітеді және оны астық экспорттаушыға береді;
51) мемлекеттік астық ресурстарының көлемі, құрылымы, қалыптастыру, сақтау, жаңарту, ауыстыру және пайдалану қағидалары жөніндегі ұсыныстар енгізеді;
52) астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы жария шарттардың үлгі нысандарын әзірлейді;
53) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құрудың, жұмыс істеуінің және таратудың талаптарын, астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) кепілдіктерін алудың тәртібін, астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді өтеуі тәртібін әзірлейді;
54) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды және ветеринария саласындағы басқа нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
55) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) нормаларды, бірдейлендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есеп және есептілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;
56) бірдейлендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есепті және есептілікті жүргізу, ұсыну тәртібін әзірлейді;
57) ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринариялық мамандарды тіркеуді жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
58) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларын әзірлейді;
59) жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;
60) Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау қағидаларын әзірлейді;
61) алдын алу, диагностика және жою бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін әзірлейді;
62) жеткілікті ғылыми негіздемеге негізделген және жануарлар мен адам өмірі мен денсаулығы үшін салдарлары ескерілген, сондай-ақ халықаралық талаптарға сәйкес келетін ветеринариялық нормативтерді әзірлейді және бекітеді;
63) сорт сынау, тұқым шаруашылығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді және тұқымға арналған құжаттама нысандарын әзірлейді және бекітеді;
64) сорттардың оригинаторларын тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
65) тұқым сапасын сараптауды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;
66) сорттық және тұқымдық бақылауды, жерге егіп бағалауды, зертханалық сорттық сынауларды жүзеге асыру тәртібін әзірлейді;
67) технологиялық талаптарды, тұқымдарды өндіру схемаларын, сақтау және өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
68) сорт жаңарту және сорт ауыстыру тәртібі мен мерзімдерін белгілейді;
69) ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру тәртібін айқындайды;
70) бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді, байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау тәртібін әзірлейді;
71) патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынау немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктер тектері мен түрлерінің тізбесін әзірлейді;
72) мыналарды:
Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынау мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынауды өткізу әдістемелерін;
аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқым өндірудің және элиталық тұқым өткізудің жыл сайынғы квоталарын белгілеу тәртібін;
сортты егістерді байқаудан өткізу тәртібін бекітеді;
73) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеріс парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерістер жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
74) патент беруге арналған қорытындымен қоса, сорт сипаттамасының, сорттың патент қабілеттілігі туралы қорытындының нысандарын белгілейді;
75) тұқым сапасын сараптау жөніндегі зертханаларды аттестаттау қағидаларын әзірлейді;
76) бастапқы, элиталық және өнеркәсіптік (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргізудің схемалары мен әдістерін әзірлейді және бекітеді;
77) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын өндіру және өткізу көлемдерін болжайды;
78) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері сәйкес болуы тиіс біліктілік талаптарын белгілейді;
79) субсидиялауға жататын тұқымның әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:
бірегей тұқымдар бойынша тұқым шаруашылығы саласындағы әрбір аттестатталған субъект үшін;
элиталық тұқым бойынша әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде айқындайды;
80) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқым топтарын, республиканың осы тұқымдарға деген қажеті толық қамтамасыз етілген жағдайда, сондай-ақ ғылыми зерттеулерге, патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынауға, элиталық тұқым өндіруге арналған тұқым топтарын әкетуді келіседі;
81) асыл тұқымды малдардың мемлекеттік кітабын, өндірісте пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және басып шығарады;
82) мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктерді сынауды және байқаудан өткізуді жүргізеді;
83) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін бекітеді;
84) асыл тұқымды малдардың мемлекеттік кітабын және асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
85) мемлекеттік тұқым ресурстарын қалыптастыруды және басқаруды және олардың сандық-сапалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;
86) жергілікті атқарушы органдардан ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты сұратады;
87) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға тұқым шаруашылығы саласында қолданыстағы мемлекеттік стандарттарды және стандарттау бойынша басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар енгізеді;
88) «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілейді;
89) бал шырынды өсімдіктерді өңдеу үшін қолданылатын өсімдіктерді қорғау құралдары, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттар тізбесін бекітеді;
90) Қазақстан Республикасында араларды тұқымдық аудандастыру жоспарын бекітеді;
91) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін әзірлеуді жүзеге асырады;
92) асыл тұқымды тұқымдық жануарларды тексеру және бағалау тәртібін айқындайды;
93) ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында статистикалық ақпарат қалыптастыруды қамтамасыз етеді;