Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Қаулысы
(2007.15.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 жылғы 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінiң «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже;
2) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi;
6) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесi;
7) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары комитетi аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тізбесi;
9) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
10) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Балық шаруашылығы комитетi туралы ереже және оның құрылымы;
11) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi;
12) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
13) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Ауылдық аумақтар iстерi комитетi туралы ереже және оның құрылымы бекітілсін.
2. Мыналарға:
ҚР Yкіметiнiң 2005.06.09. № 899 (бұр. ред. қара); 2006.27.02. № 134 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1) тармақша өзгертілді
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің екі, орынбасары болуына;
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi төрағасының екі орынбасары болуына;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары комитетi төрағасының екi орынбасары болуына;
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Балық шаруашылығы комитеті төрағасының екi орынбасары болуына;
ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Ауылдық аумақтар iстерi комитетi төрағасының екі орынбасары болуына рұқсат берілсiн.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 6 сәуірдегі
№ 310 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) қойылған мiндеттердi тиiмдi шешу үшiн басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде өзiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет саласында салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын және өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен жүктелген функцияларды орындайтын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
2. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi:
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 164 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1) тармақша өзгертілді
1) мемлекеттiң аграрлық және өңiрлiк саясатын, стратегиялық жоспарларын, реттелетiн саладағы, атап айтқанда агроөнеркәсіптік кешен, ауыл, балық және су шаруашылығы, өсiмдiктер мен жануарлар әлемiнiң өсiмiн молайтуды және пайдалануды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау саласындағы мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды, ауылдық аумақтарды дамыту, егіншілік, тұқым шаруашылығы мен астық рыногын реттеу, өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау, өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi, ветеринария, сусындарды (алкогольді өнiмдер мен этил спиртiнен басқа) қоса алғанда, тамақ өнiмдерiн, былғары (терi илеу және өңдеу), талшықты мақта өндiру мен жүндi қайта өңдеу бөлiгiнде өңдеу өнеркәсiбiн, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау (iрiсiнен басқа), агроөнеркәсіп кешенiн техникалық жарақтандыру, мал шаруашылығы, мелиорация, жердi суландыру және дренаж, ауыл шаруашылығы ғылымы мәселелерiн қалыптастыру;
2) бәсекеге қабілеттi ауыл шаруашылығы тауары өндiрiсiн құрудың негізiн жасау, Қазақстан Республикасының азық-түлiктік қауiпсiздiгі мен жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;
3) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4) агроөнеркәсіп кешенiн ақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету болып табылады.
3. Министрлiк өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Президенттiң және ?кіметтің кесiмдеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінiң органдары және банктерде шоттары болады.
Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Су ресурстары комитеті, Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi, Балық шаруашылығы комитеті, Ауылдық аумақтар iстерi комитетi, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Министрлiктің, егер оған заңнамаға сәйкес өкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
5. Министрлiк қабылдайтын шешімдер Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделедi.
6. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Министрлiктiң толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» мемлекеттік мекемесi.
Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36.
8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсіпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберіледi.
2. Министрліктiң функциялары мен құқықтары
10. Министрлiк мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн мынадай стратегиялық функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттің аграрлық және өңiрлiк саясатын, реттелетiн саладағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзiрлейдi, қалыптастырады және үйлестіредi;
2) мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын әзiрлейдi, халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасын бiлдiредi, инвестициялар тартуға және оларды пайдалануға ықпал етедi, халықаралық және сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырады, мемлекеттік органдармен және өзге де мүдделi ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты және реттелетін сала мәселелерi бойынша халықаралық бағдарламаларды iске асыруға қатысуды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен, реттелетiн сала мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi, нормативтік және әдiстемелiк құжаттарды, құжаттама нысандарын әзiрлейдi, бекiтедi және келiседi;
4) табиғи ресурстарды қорғау, өсiмiн молайту және тұрақты түрде пайдалану жөніндегі iс-шараларды әзiрлейді;
5) ауылдық аудандарға және елдi мекендерге инвестициялар жiберу үшiн елдi мекендердiң, жекелеген өңiрлердiң экономикалық перспективалылығын анықтауға негiзгi өлшемдердi айқындайды;
6) ауыл халқын оңтайлы қоныстандырудың схемасын әзiрлейдi;
7) селекция, сорттық сынақ және тұқым шаруашылығы, сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiнде ғылыми-техникалық бағдарламалар әзiрлейді;
8) реттелетін салада ғылыми кадрлар мен мамандар даярлауды, қайта даярлауды және біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
9) көрсетілген мақсаттарға республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде тұқым шаруашылығы саласындағы аттестаттаудан өткен субъектiлер үшiн субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбiр түрi бойынша жыл сайынғы квотаны белгiлейдi;
10) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi жөніндегі iс-шараларды бекiтедi;
11) ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
12) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берiлген Селекциялық жетiстіктердiң мемлекеттік тiзілімiн және ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi перспективалы сорттарының тiзбесiн бекiтедi;
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен 13) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
13) астық қолхаттары жазылатын бланкілерге қойылатын талаптарды, оларды шығару, сатып алу, сақтау, айналымы, өтеу және жою тәртібін, сондай-ақ астық қолхаттарының үлгілеріне қойылатын талаптарды бекітеді;
14) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат берiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi сорттарының тұқымдарын өндiру және сату көлемдерiн болжайды;
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен 15) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
15) тиісті құжаттар мен мемлекеттік тiркеу нөмiрi белгiлерiн бере отырып, тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерге, арнайы жабдық орнатылған тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiне, өтімділігі жоғары арнайы машиналарға мемлекеттік тiркеу, көрсетiлген көлiк құралдарын және тiркемелердi, оның iшiнде сенiмхат бойынша пайдаланатын тұлғаларды тіркеу және есепке алу ережесін бекітеді;
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен 16) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
16) тиiсті құжаттар бере отырып, тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, арнайы жабдық орнатылған тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, өтімділігі жоғары арнайы машиналарға жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқау ережесін бекітеді;
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен 17) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
17) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердi, өтімділігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдаудың және куәлiктер қабылдау тәртібін бекітеді;
18) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік ветеринариялық қадағалау қызметінiң бақылауындағы жүктерді тасымалдауды (өткiзудi) жүзеге асырудың тәртібін белгiлейдi;
19) халықаралық нормалар мен ұсынымдардың талаптарын ескере отырып фитосанитариялық тәуекелдi бағалаудың ғылыми қағидаттары негiзiнде ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бiрлесiп карантиндік шаралар әзiрлейдi;
20) аңшылық шаруашылығы мен балық шаруашылығы ұйымдарының қорықшылық қызметi туралы үлгілік ереженi, жолдаманың үлгілiк нысанын бекiтедi;
21) мүдделi мемлекеттік органдармен келісім бойынша су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережесін бекiтедi;
22) балықтың бекiре түрінің уылдырығы саудасына арналған марканың нысанын бекiтедi;
23) ауыз сумен қамтамасыз етудің баламасыз көздерi болып табылатын сумен қамтамасыз етудiң аса маңызды топтық жүйелерінен ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су және ауыз су беру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтердің құнына субсидия берудiң тәртібін әзiрлейді;
24) Қазақстан Республикасында қабылданатын жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес мемлекеттік стандарттар әзiрлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен 25)-32) тармақшалармен толықтырылды
25) асыл тұқымды өнімді (материалды) есепке алу нысандарын әзірлейді және бекітеді;
26) пестицидтердің (улы химикаттардың) түрлері бойынша запас нормативін белгілейді;
27) мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібін айқындайды;
28) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды бекітеді;
29) асыл тұқымды малдың мемлекеттік кітабын және асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережесін әзірлейді және бекітеді;
30) астық сақтау жөніндегі лицензияланатын қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;
31) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша астық сапасын сараптау тәртібіне және астық сапасы сертификатын беруге қойылатын талаптарды әзірлейді;
32) астық қабылдау кәсіпорындарында астық сақтау жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін әзірлейді және бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
11. Министрлік мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функцияларды жүзеге асыру үшін:
1) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2) ауыл шаруашылығы өнiмдерiн, сусындарды (алкоголь өнiмi мен этил спиртiнен басқа) қоса алғанда, тамақ өнiмдерiн өндiру бөлігіндегi өңдеу өнеркәсiбi саласындағы өнiмдердi, былғары (илеу және өңдеу), талшықты мақта өндiру мен жүндi қайта өңдеудiң бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ауыл шаруашылығы машиналарын (iрiсiнен басқа) жасауды дамыту, астық рыногын реттеу жөніндегі шаралар кешенiн жүзеге асырады;
3) агроөнеркәсiп кешенi саласындағы ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша мемлекеттік тiркеу, қолдау және есеп беру жөніндегі iс-шараларды үйлестірудi жүзеге асырады; ведомстволық бағыныстағы ғылыми ұйымдардың қызметiн және аграрлық ғылымды басқарудың ұйымдық құрылымын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар, реттелетiн саладағы ғылыми зерттеулердiң iргелi және қолданбалы бағдарламаларын әзiрлейдi және қалыптастырады;
4) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6) ауыл шаруашылығы бейінiндегі ғылыми зерттеу ұйымдарының және тәжiрибелiк кәсiпорындардың ғылыми зерттеулер бағдарламаларын орындау қызметiне әдiстемелiк басшылықты және үйлестірудi жүзеге асырады;
7) реттелетiн салада білім тарату және ғылыми әзiрлемелердi енгізу тетіктерiн жасайды;
8) агроөнеркәсiп салаларының дамуына мониторинг және талдау жасайды және мүдделi мемлекеттік органдарға ақпарат бередi;
9) ведомстволық бағыныстағы тәжiрибелiк-эксперименталдық кәсiпорындардың өндiрiстiк қызметiн талдауды, оларды дамыту және реформалау перспективаларын әзiрлеудi жүзеге асырады;
10) Қазақстан Республикасының шетелдермен және халықаралық ұйымдармен жасасқан Министрлiктiң құзыретіне кiретін мәселелер бойынша жоғарғы және үкiметаралық деңгейдегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткiзiлген халықаралық шарттар мен уағдаластықтар бойынша қабылдаған мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етедi;
11) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
12) ауыл шаруашылығы өнiмдерiн және оны қайта өңдеу өнiмдерiн өндiру көлемiмен теңгерімділіктi қамтамасыз ету мақсатында iшкi және сыртқы азық-түлiк рыноктарындағы ахуалды зерттейдi;
13) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
14) жануарлардың аурулары бойынша эпизоотиялық мониторинг ұйымдастырады және эпизоотиялық жағдайды зерделейдi;
15) республикалық меншiктегi тұрған ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерiне және мемлекеттік үлестерiне иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асырады;
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен 16) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
16) асыл тұқымды жануарлардың мемлекеттік кiтабын, өндiрiсте пайдалануға рұқсат берілген селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзілiмiн жүргізедi және басып шығарады;
17) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
18) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
19) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
20) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
21) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
22) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
23) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
24) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
25) селекциялық жетістiктердiң патенттік қабілеттiлiгiне және шаруашылық пайдалылығына сараптама мен сынақ ұйымдастырады және жүргізеді;
26) субсидия беруге жататын тұқымдарды сатудың шектi бағасын аттестатталған тұқым өндiрушілер үшiн белгiленген квоталардың шегiнде белгiлейдi;
27) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
28) республиканың тұқым ресурстары мониторингін жүзеге асырады;
ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен 29) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
29) астық рыногының мониторингін жүзеге асырады;
30) астық пен тұқымның мемлекеттік ресурстарын қалыптастыруды және басқаруды жүзеге асырады;
31) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
32) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
33) ДСҰ-ға кіру жөнiнде келiссөздер жүргізу үшiн агроөнеркәсiп кешенiнiң мәселелерi бойынша материалдар дайындауды жүзеге асырады;
34) ауыл шаруашылығы кредит серiктестіктерiнiң жүйесiн дамыту, агроөнеркәсiп кешенi субъектілерiнiң кредит ресурстарына қол жеткiзуiн жақсарту үшiн жағдай жасайды;
35) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
36) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
37) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
38) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
39) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
12. ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
13. Негізгі мiндеттердi iске асыру және өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін Министрлiктiң заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Министрлiкке жүктелген міндеттердi жүзеге асыру үшiн мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан қажеттi ақпарат сұратуға және алуға;
2) аграрлық азық-түлiк секторы үшiн салық, кеден-тариф және қаржы-кредит саясатын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
3) мүдделі тұлғаларға реттелетiн саладағы нормативтік құқықтық кесімдер туралы ақпарат беруге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен өзiнiң иелiгіндегі мемлекеттік мүлiкке иелік етудi және пайдалануды жүзеге асыруға;
5) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
9) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
10) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
11) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
12) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
13) консультациялық-кеңесу органдарын, соның iшiнде комиссиялар мен жұмыс топтарын құруға;
14) мемлекеттік органдарға реттелетін сала мәселелерi бойынша ұсыныстар енгізуге;
15) сотқа талап-арыздармен жүгінуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен оларды қарауға қатысуға;
16) ведомстволық бағынысты мекемелер мен ұйымдарға iшкi бақылауды жүзеге асыруға құқығы бар.
17) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Министрліктің мүлкі
14. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
Министрлiктiң мүлкi оған мемлекет берген мүліктің есебiнен қалыптасады және айналым қаражатының негiзгі қорларынан, сондай-ақ құны Министрлiктiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұрады.
15. Министрлiкке бекітілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
16. Министрлiктiң бекітілiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
4. Министрліктiң қызметiн ұйымдастыру
17. Министрлiкті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын министр басқарады.
Министрдiң Қазақстан Республикасының Үкіметі министрдің ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
18. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрі Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
19. Министр осы мақсатта:
1) өзiнiң орынбасарларының және Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн және өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Министрлiктiң қызметкерлерi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгiленген тәртiппен Министрлiктiң қызметкерлерi мен ведомстволардың басшыларына тәртiптiк жаза қолданады және оларды көтермелеу шараларын қабылдайды;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен штат санының лимитi шегiнде Министрлiктiң құрылымын, Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
5) Министрлiктiң бұйрықтарына қол қояды;
6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Министрлiктi бiлдiредi;
7) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады.
20. Министр болмаған кезде оның мiндеттерiн өзiне министрдiң бұйрығымен мiндеттер орындау жүктелген министрдiң орынбасары орындайды.
21. Министрлiктің министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқасы болады.
Алқаның сандық және жеке құрамын Министрлiктің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан министр бекiтедi.
5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату
22. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесi ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 6 сәуірдегі
№ 310 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінiң қарамағындағы
ұйымдардың тiзбесi
ҚР Үкіметінің 2006.02.05. № 352 (бұр. ред. қара); 2006.10.05. № 378 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1 бөлім өзгертілді
1. Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
2. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5. ҚР Үкіметінің 2007.22.05. № 409 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)