Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Қаулысы
(2011.27.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінiң «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереже;
2) ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
4) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi;
6) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесi;
7) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Су ресурстары комитетi аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тізбесi;
9) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
10) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi;
12) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
13) ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2007.28.10. № 995 қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 6 сәуірдегі
№ 310 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы
ереже
ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен барлық мәтін бойынша «су қорын пайдалану және қорғау» деген сөздерден кейін «, сумен жабдықтау және су бұру» деген сөздермен толықтырылды (бұр.ред.қара)
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2009.15.07. № 1071 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) - реттелетін салалардағы басшылықты, атап айтқанда агроөнеркәсіптік кешен, ауыл және балық шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру (елді мекендерде орналасқан су шаруашылығы және су бұру жүйелерінен басқа), өсімдіктер мен жануарлар әлемінің өсімін молайтуды қорғау және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау саласындағы және ауылдық аумақтарды дамыту, егіншілік, тұқым шаруашылығы мен астық нарығын реттеу, мақта саласы, өсімдік шаруашылығында міндетті сақтандыруды мемлекеттік қолдау, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині, ветеринария, сусындарды (алкогольді өнімдер мен этил спиртінен басқа) қоса алғанда, тамақ өнімдерін өндіру бөлігінде өңдеу өнеркәсібін, агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жарақтандыру, мал шаруашылығы, мелиорация, жерді суландыру және дренаж, ауыл шаруашылығы ғылымы мәселелерін, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласындағы (бұдан әрі - реттелетін сала) мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
Министрліктің мынадай ведомстволары бар: Су ресурстары комитеті, Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті, Балық шаруашылығы комитеті, Ауылдық аумақтар істері комитеті, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті.
2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Министрліктің, егер оған заңнамаға сәйкес өкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітеді.
7. Министрліктің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36.
8. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» мемлекеттік мекемесі.
9. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
10. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
11. Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
12. Министрліктің реттелетін саладағы негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) мемлекеттің аграрлық және өңірлік саясатын, реттелетін салалардағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру;
2) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауары өндірісін құрудың негіздерін жасау, Қазақстан Республикасының азық-түліктік қауіпсіздігі мен жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;
3) агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету;
4) реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру;
2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді
5) өз құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
6) өз құзыреті шегінде Министрлікке жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 2009.15.07. № 1071 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.18.05. № 428 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.17.06. № 600 Қаулысымен (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 13-тармақ өзгертілді
13. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттің реттелетін салалардағы аграрлық және өңірлік саясатын қалыптастырады және үйлестіреді, стратегиялық жоспарлар, мемлекеттік, салалық және ғылыми-техникалық бағдарламалар әзірлейді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер ұйымдастырады;
2) мемлекетаралық экономикалық байланыстардың басым бағыттарын әзірлейді, халықаралық қатынастарда Қазақстан Республикасын білдіреді, инвестициялар тартуға және оларды пайдалануға ықпал етеді, халықаралық және сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырады, халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және реттелетін салалар мәселелері бойынша халықаралық бағдарламаларды іске асыруға қатысады;
3) өз құзыреті шегінде реттелетін салаларда нормативтік құқықтық актілер әзірлейді және бекітеді;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) мынадай мәселелер бойынша техникалық регламенттер әзірлейді:
тұқым шаруашылығы;
пестицидтер (улы химикаттар) айналымы саласында;
астық және оның тіршілік циклының үдерістері;
ветеринариялық-санитариялық бақылауға жатқызылған тамақ өнімінің қауіпсіздігі;
ветеринария;
5) мынадай саладағы мемлекеттік инспекторлар туралы ережелерді әзірлейді және бекітеді:
мақта саласын дамыту;
өсімдіктер карантині;
6) реттелетін салаларда лицензиялау ережесі мен біліктілік талаптарын әзірлейді;
7) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында нормативтер әзірлейді;
8) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор актілерінің нысандарын, оларды жасау және беру тәртібін бекітеді;
9) аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерінің нысанын және оны беру тәртібін айқындайды;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесінің, олардың бөліктерінің және туындыларының объектілерін және оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған жануарлар түрлерін әкелуге және әкетуге рұқсат беру тәртібін айқындайды;
11) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздемені дайындау тәртібін айқындайды;
12) аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгі ережені бекітеді;
13) жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың арнайы құралдар қолдануының ережесін бекітеді;
14) аң аулау және балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды, сондай-ақ олардың пайдалы ерекшеліктері мен тіршілік қызметінің өнімдерін шаруашылық мақсаттарына пайдаланудың тәртібін белгілейді;
15) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендерінен басқа, жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбие және эстетикалық мақсаттарға, оның ішінде зоологиялық коллекциялар жасау үшін пайдаланудың тәртібін белгілейді;
16) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша жануарлар санын реттеу тәртібін айқындайды;
17) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мен аумақтық бөлімшелердің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін тікелей қорғауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің айырым белгілері бар нысанды киім үлгілерін (погонсыз), киім кию тәртібін және оларды киіммен қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;
18) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуымен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
19) жолдамалардың үлгі нысанын бекітеді;
20) жануарлар түрлерінің санаттарын айқындайды және сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызуды қоспағанда, оларды бір санаттан екінші санатқа ауыстырады;
21) өңірлерде арнайы қоймаларды (көмінділерді) орналастырудың орындылығын және олардың санын келіседі;
22) пестицидтер (улы химикаттар) түрлері бойынша запас нормативтерін және оларды пайдалану тәртібін белгілейді;
23) мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келісім бойынша:
пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу және өндірістік сынақтарын жүргізу тәртібін;
пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру, сондай-ақ арнайы қоймаларды (көмінділерді) тиісті жай-күйде ұстау тәртібін;
пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу ережесін бекітеді;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 24) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
24) пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу, өндіру сынақтарын жүргізу және мемлекеттік тіркеу ережесін әзірлейді және бекітеді;
25) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау, астық, ветеринария, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес хаттамалардың және жазбаша өкімдердің нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру және шығару тәртібін бекітеді;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 26) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
26) фитосанитариялық іс-шараларды және өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды келіседі;
27) өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, үйлестіреді;
28) өсімдіктерді қорғау бойынша мамандар даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі үйрету бағдарламаларын (оқыту бағдарламаларын) келіседі;
29) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алудың және есептілігінің нысандарын, сондай-ақ оларды беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
30) аса қауіпті зиянды организмдердің тізбесін әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне береді;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 31) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
31) өсімдіктер карантині бойынша іс-шаралар белгілеуге және жүзеге асыруға қатысты карантиндік объектілердің тізбесін айқындайды;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 32) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
32) Өсімдіктер карантині жөніндегі Бас мемлекеттік инспектордың және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың лауазымына тұруға қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді;
33) астық нарығына қатысушылардың қызметін үйлестіреді және реттейді;
34) астық нарығының мониторингін жүзеге асырады;
35) астық өндірушілерді қорғау үшін демпингке қарсы шаралар қолдану жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
36) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша астық сапасының сараптамасына және астық сапасы паспортын берудің тәртібіне қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
37) астықтың сандық-сапалық есебі, астық сақтау, астық қолхаттарын беру, айналымы, өтеу және жою, астық нарығының мониторингін жүргізу, астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу, астық қабылдау кәсіпорындарының үлгілік есеп беру нысандарын әзірлейді және бекітеді, астық қолхаттары жазылатын бланкілерге қойылатын талаптарды, оларды шығару, сатып алу, тәртібін, сондай-ақ астық қолхаттарының үлгілеріне қойылатын талаптарды белгілейді, мемлекеттік астық инспекторы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
38) астық қабылдау кәсіпорындарының астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту жөніндегі қызметтеріне, астық рыногына қатысушылардың (оның ішінде астық экспортшыларының) оған мониторинг жүргізуіне қойылатын біліктілік талаптарын орындауы мәселелері бойынша есепке алудың және есептілігінің тізбесін, нысандары мен мерзімдерін белгілейді;
38-1) астық қабылдау кәсіпорнын тексеру актісінің нысанын әзірлейді және бекітеді;
38-2) уәкілетті органның облыстық аумақтық бөлімшелерінің бастықтары бекіткен кестелер негізінде тоқсан сайын жоспарлы тексеру, сондай-ақ астық нарығына қатысушылар мен мемлекеттік органдардың өтініштері негізінде жоспардан тыс тексеру түрінде - астық нарығына қатысушылардағы астықтың нақты болуы мен сапасын және оның есептік деректерге сәйкестігін тексереді;
38-3) облыстар бөлінісінде мемлекеттік астық ресурстарына астық сатып алу квотасын әзірлейді және бекітеді;
38-4) сатып алу бағасын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
38-5) ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік астық ресурстарын пайдалану туралы шешім қабылдайды;
38-6) мыналардың:
агент пен отандық астық өндіруші;
агент пен астық экспорттаушы арасындағы мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу шартының үлгі нысанын әзірлейді және бекітеді;
38-7) агент пен астықты қайта өңдеу ұйымы арасындағы ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарынан астық жеткізу шартының үлгі нысанын әзірлейді және бекітеді;
38-8) астықты қайта өңдеу және нан пісіру ұйымдары арасындағы мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарының астығынан жасалған ұнды өткізу шартының үлгі нысанын әзірлейді және бекітеді;
38-9) астық экспорттаушының мемлекеттік астық ресурстарына астық жеткізу жөніндегі міндеттемелерін сақтауы туралы растаулардың нысанын әзірлейді және бекітеді және оларды астық экспорттаушыға береді;
38-10) мемлекеттік астық ресурстарының көлемі, құрылымы, қалыптастыру, сақтау, жаңарту, ауыстыру және пайдалану ережелері жөнінде ұсыныстар енгізеді;
38-11) астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасындағы жария шарттардың үлгі нысанын әзірлейді;
38-12) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құрудың, жұмыс істеуінің және таратудың талаптарын, астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) кепілдемесін алудың тәртібін, астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді өтеуі тәртібін әзірлейді;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 39) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
39) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық іс-шараларды, ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормаларды, бірдейлендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын, ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу, оларды табыс ету тәртібін, сондай-ақ ветеринария саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
40) алдын алу, диагностика және жою бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізбесін әзірлейді;
ҚР Үкіметінің 2009.29.09. № 1464 Қаулысымен 41) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
41) жеткілікті ғылыми негіздемеге негізделген және жануарлар мен адам өмірі мен денсаулығына тигізетін салдарлары ескерілген, сондай-ақ халықаралық талаптарға сәйкес келетін ветеринариялық нормативтерді бекітеді;
42) сорт сынау және тұқым шаруашылығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді және тұқымға арналған құжаттама нысандарын әзірлейді және бекітеді;
43) сорттардың оригинаторларын тіркеу, зертханалық сорттық сынақтар жүргізу ережелерін бекітеді;
44) тұқымдардың сапаларына сараптама жүргізу тәртібін бекітеді;
45) технологиялық талаптарды, тұқымдарды өндіру, сақтау және сату схемаларын бекітеді;
46) сорт жаңарту және сорт ауыстыру тәртібі мен мерзімдерін белгілейді;
47) ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарын дайындауды, өңдеуді, сақтауды және пайдалануды ұйымдастыру тәртібін айқындайды;
48) бірегей және элиталық, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдарды өндірушілерді, тұқым өткізушілерді, тұқым сапасын сараптамадан өткізетін зертханаларды, байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын аттестаттау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
48-1) патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбесін әзірлейді;
48-2) мыналарды:
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынау мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын сынауды жүргізу әдістемелерін;
тұқым шаруашылығының аттестатталған субъектілері үшін субсидиялауға жататын бірегей тұқымдарды өндіруге және элиталық тұқымдарды өткізуге жыл сайын квота белгілеудің тәртібін бекітеді;
48-3) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін, жыл сайынғы тексеру жоспарларын әзірлейді және бекітеді;
48-4) патент беруге арналған қорытындымен қоса, сорт сипаттамасының, сорттың патент қабілеттілігі туралы қорытындының нысандарын белгілейді.
49) бастапқы, элиталық және өнеркәсіптік (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргізудің схемалары мен әдістерін әзірлейді және бекітеді;
50) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымдарын өндіру және сату көлемдерін болжайды;
51) аттестатталған тұқым шаруашылығы субъектілері сәйкес болуы тиіс біліктілік талаптарын белгілейді;
52) көрсетілген мақсаттарға арнап көзделген бюджет қаражаты шегінде тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектілер үшін субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрлері бойынша жыл сайынғы квоталарды белгілейді;
53) осы аймақта пайдалануға рұқсат берілген ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің жоғары сапалы тұқымдарын өндіру үшін табиғи-климат жағдайы қолайлы агроэкологиялық аймақтарды айқындайды;
54) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының тұқым топтарын, республиканың осы тұқымдарға деген қажеті толық қамтамасыз етілген жағдайда, сондай-ақ ғылыми зерттеулерге, патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығына мемлекеттік сынақ жүргізуге, элиталық тұқым өндіруге арналған тұқым топтарын әкетуді келіседі;
55) асыл тұқымды малдардың мемлекеттік кітабын жүргізеді және баспадан шығарады;
ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 751 Қаулысымен 55-1) тармақшамен толықтырылды
55-1) мал шаруашылығындағы жаңа селекциялық жетістіктерді сынауды және сапасын анықтауды жүргізеді;
56) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімін және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің перспективалы сорттарының тізбесін бекітеді және жүргізеді;
57) асыл тұқымдық малдардың мемлекеттік кітабын және асыл тұқымдық малдардың мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін әзірлейді және бекітеді;
58) мемлекеттік тұқым ресурстарын қалыптастыруды және басқаруды жүзеге асырады;
59) жергілікті атқарушы органдардан ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласында қажетті ақпаратқа сұрау салады;
60) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органға, қолданыстағы мемлекеттік стандарттарды және тұқым шаруашылығы саласындағы стандарттау бойынша басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар береді;
61) аттестатталған тұқым өндірушілер үшін белгіленген квоталар шегінде республикалық бюджеттен субсидиялауға жататын тұқымдарды сатудың шекті бағасын белгілейді;
62) омартаның ветеринариялық паспортының нысанын және оны беру тәртібін белгілейді;
63) бал шырынды өсімдіктерді өңдеу үшін қолданылатын өсімдіктерді қорғау құралдарының, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттардың тізбесін бекітеді;
64) Қазақстан Республикасында араларды тұқымдық аудандастыру жоспарын бекітеді;
65) асыл тұқым мал шаруашылығы саласында ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін әзірлеуді жүзеге асырады;
66) асыл тұқым аталық жануарларды тексеру және бағалау тәртібін айқындайды;
67) ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізеді және мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында статистикалық ақпарат қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
68) шаруашылық жүргізуші субъектілерге аттестаттауды жүргізу тәртібі, асыл тұқым мал зауыты, асыл тұқымдық шаруашылық, малды асылдандырушы және дистрибьютерлік орталық мәртебесін беру тәртібі туралы ережелерді әзірлейді;
69) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, асыл тұқым малдардың гендік қорын сақтау және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
70) асыл тұқымдық өнімді (материалды) бағалауға және генетикалық бақылауға арналған әдістемелер мен техникалық құралдар әзірлеуді жүзеге асырады;
71) асыл тұқым малдардың гендік қорын дамыту, сақтау және пайдалану бағдарламасы шеңберінде, ғылыми ұйымдармен бірлесіп, асыл тұқымдық орталықтардағы аталық малдардың тұқымдық және сандық құрамын айқындайды;
72) асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) асыл тұқымдық құндылығын айқындау және малдарды өсіру жөніндегі нормативтік құжаттарды бекітеді;
73) асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) есебін жүргізу нысандарын әзірлейді және бекітеді;
74) асыл тұқым малдарды өсіру үдерісін жетілдіру әдістері мен тәсілдерін әзірлеуді жүзеге асырады;
75) ұлттық қауіпсіздікке, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда және су шаруашылығы құрылыстарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында республиканың немесе өңірдің экономикасы үшін елеулі стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын мемлекеттік уақытша басқаруды енгізу жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді;
76) бассейндер мен облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) бойынша су пайдалану лимиттерін бекітеді;
77) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғат-қорық қоры объектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге береді;