247) жануарларды жерсіндіру, су айдындарына балық жіберу, жаңа балық түрлерін жерсіндіру, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау бойынша жұмыстар жүргізу тәртібін айқындайды;
248) бақылаулы аулауды, жерсіндіру мақсатында аулауды жүзеге асырады, балықтың қырылу қаупі бар су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аулауды ұйымдастырады;
249) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жағалаулық шекараларын білдіретін белгілер мен аншлагтардың үлгілерін, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналының) нысанын белгілейді;
250) балықтарды жерсіндіруге және су айдындарына балық жіберуге рұқсаттар береді;
251) балықтардың сөзсіз қырылуына әкеп соғатын балықтың қырылу қаупі туындаған және су объектілерін немесе олардың бөліктерін ағымдағы балық шаруашылығы мелиорациялауды жүргізу жолымен мұндай қауіпті болдырмау мүмкін болмаған жағдайларда ғылыми ұсынымдар негізінде балықтарды мелиорациялық аулау туралы шешім қабылдайды;
252) техникалық регламенттерді әзірлеу, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға өзекті сипат беру және оларды біріздендіру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дайындайды және енгізеді;
253) ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша статистикалық әдіснама әзірлейді;
254) орман пайдаланғаны (түбірімен босатылатын сүрек, өзге де орман пайдалану) үшін төлемдер ставкаларын есептеуге арналған әдістемелік нұсқауды бекітеді;
255) бекітіп берілуі бойынша конкурсқа қойылатын жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері тізбесін келіседі;
256) су шаруашылығы теңгерімдерін әзірлейді;
257) жануарлар дүниесінің мемлекеттік есебін, кадастры мен мониторингін жүргізеді;
258) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер кезінде мемлекеттік тапсырысты орындау үшін жеке квоталарды белгілейді;
259) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру шаруашылығы (елді мекендерде орналасқан су шаруашылығы және су бұру жүйелерінен басқа) саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
260) сулардың және оларды пайдаланудың мемлекеттік есебін, мемлекеттік су кадастры мен су объектілерінің мемлекеттік мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;
261) балық ресурстарын сақтау, өсімін молайту және аулау үшін (соның ішінде кәсіпшілік балық аулау үшін) маңызды мәні бар су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын немесе олардың бөліктерін, сондай-ақ су қорғау белдеулерінің учаскелерін балық шаруашылығын жүргізу үшін пайдалануға беру туралы шешімдер қабылдайды;
262) су объектілерінің ақпараттық дерекқорын құрады және оған барлық мүдделі тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
263) су объектілерін және ауыз сумен жабдықтау көздерін пайдалану режимін әзірлейді және бекітеді;
264) республикалық меншіктегі су объектілерін, су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануды ұйымдастырады;
265) орталық атқарушы органдар әзірлеген өндіргіш күштерді және экономика салаларын дамыту мен орналастыру схемаларының құрамында су ресурстарын пайдалану және қорғау болжамдарын су ресурстарын пайдаланудың жол берілетін деңгейі тұрғысынан келіседі;
266) су заңнамасының бұзушылықтарын жоюға шаралар қабылдайды;
267) су объектілері бассейндері бойынша табиғат қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық су беру көлемдерін белгілейді;
268) жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік уәкілетті органмен бірлесіп, әрбір су объектісінің бассейні үшін судың жай-күйі мен сапа критерийлерінің мақсатты көрсеткіштерін әзірлейді;
269) су пайдаланудың жыл сайынғы лимиттерін жылдың сулылығын, су объектілерінің экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін ескере отырып нақтылайды;
270) гендік инженерия негізінде алынған сорттар (гендік түрлендірілген) тұқымының партияларын Қазақстан Республикасына әкелуді келіседі;
271) заңды тұлға мәртебесі бар республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұсынатын қызметтерге тарифтер мөлшерлерін әзірлейді және бекітеді;
272) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының негізінде республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді бекітеді, сондай-ақ жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде жаратылыстану жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлейді және бекітеді;
273) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын жабудың және олардың аумақтарын азайтудың табиғи-ғылыми негіздемелерінің жобаларын әзірлеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
274) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 43-1-бабының1-тармағында көзделген жағдайда жергілікті халықтың мұқтажы үшін рұқсат етілетін әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
275) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 43-1-бабының2-тармағында көзделген жағдайда жүзеге асырылатын балықтың жаппай қырылуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
276) табиғат қорғау ұйымының рәміздерін (эмблемасы мен туын),
сондай-ақ табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін әзірлеу мен пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;
277) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;
278) республиканың тұқым ресурстарының мониторингін жүзеге асырады және республика бойынша тұқым теңгерімін жасайды;
279) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары өтініштерінің негізінде мемлекеттік стандарттарда белгіленген тұқым сапасының көрсеткіштерін ерекше жағдайларда бір жылдан аспайтын мерзімге төмендетуге рұқсат береді;
280) сорттардың оригинаторларын тіркейді;
281) байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
282) жаңа ветеринариялық препараттарға, азыққа және азықтық қоспаларға, аспаптарға, құрал-саймандарға қорытындылар береді;
283) тиісті аумақтағы эпизоотикалық ахуалды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсаттар береді;
284) карантинге жататын өнім транзитінің шарттарын айқындайды;
285) карантинге жататын өнімге фитосанитариялық, карантиндік сертификаттар және импорттық карантиндік рұқсаттар береді;
286) пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеу, өндірістік сынақтарын және мемлекеттік тіркеуді ұйымдастырады;
287) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеуді және Қазақстан Республикасының аумағында пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану құқығына тіркеу куәлігін беруді жүзеге асырады;
288) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуді ұйымдастырады және олардың жүргізілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
289) фитосанитариялық іс-шараларды жүргізудегі мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіреді;
290) зиянды және аса қауіпті зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг ұйымдастырады;
291) фитосанитариялық іс-шаралар ұйымдастыруды жүзеге асырады;
292) пестицидтердің (улы химикаттардың) тізімін әзірлейді, бекітеді және жүргізеді;
293) Қазақстан Республикасының Үкіметіне және жергілікті атқарушы органдарға карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу немесе оның күшін жою туралы ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ осы аймақтарда өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу тәртібін әзірлейді және олардың жүргізілуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
294) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар береді;
295) жануарлар дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттардың, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санаттарға жататын жануарлар түрлерін әкелуге және әкетуге Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен рұқсаттар береді;
296) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілейді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашып, жабады;
297) экономика салаларында су тұтынудың үлестік нормаларын келіседі;
298) су шаруашылығы құрылыстарының және су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін құрылыс, түбін тереңдету және өзге де жұмыстарды жүргізу жобаларын келіседі;
299) балық аулау құралдары мен тәсілдерінің қолдануға рұқсат етілген өнеркәсіптік және өнеркәсіптік емес түрлерінің тізбесіне қосылмаған балық аулаудың жаңа құралдары мен тәсілдерін (экспериментальды аулау тәртібінде) қолдануға рұқсат береді;
300) негізгі өзендердің бассейндері мен жалпы республика бойынша басқа да су объектілері бойынша су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын әзірлейді;
301) су объектілерін жеке және бірлесіп пайдалануға беру туралы ұсыныстарды және оларда су пайдаланудың шарттарын келіседі;
302) су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарының жай-күйін жақсартуды қамтамасыз ететін балық шаруашылығы және мелиорациялық-техникалық іс-шараларды келіседі;
303) елді мекендер шегінен тыс жерде су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобалау, ізденіс, ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды ұйымдастырады;
304) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
305) есепті кеспеағаш аймақтары мен кесу жасын бекітеді;
306) ұзақ мерзімді орман пайдалану кезінде орман пайдаланушылар әзірлейтін өртке қарсы іс-шаралар жоспарларына қойылатын талаптарды әзірлейді;
307) орман тұқымын аудандастыруды бекітеді;
308) климаттық және ауа райы факторларын негізге ала отырып, орман өрті шығу қауіпті мүмкін ормандағы өрт қауіпті маусымды айқындайды;
309) жергілікті атқарушы органдардың орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі өңірлік бағдарламаларын келіседі;
310) ормандардың жай-күйі мен өсуіне әсер ететін объектілер салынатын орындарды келіседі;
311) егер бұл үшін мемлекеттік орман қорының жерін басқа санаттарға ауыстыру және (немесе) оларды алып қою талап етілмесе, мемлекеттік орман қорында құрылыс жұмыстарын жүргізуді, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді, коммуникациялар тартуды және орман шаруашылығын жүргізу мен орман пайдалануға байланысты емес өзге де жұмыстарды орындауды келіседі;
312) мемлекеттік орман иеліктерінің орман орналастыру жобаларын және орман орналастырудың басқа да құжаттарын бекітеді;
313) орман биоқауымдастықтарына жерсіндіруді келіседі;
314) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу және өзге мақсаттарда ағаш кесу кезінде сүрек дайындау көлемін бекітеді;
315) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Сукодексінде белгілеген тәртіппен арнайы су пайдалануға рұқсаттарды беруді, олардың қолданылуын тоқтатуды және кері қайтаруды жүзеге асырады;
316) бірінші рет өндірілетін (дайындалатын) және Қазақстан Республикасының аумағына бірінші рет әкелінетін (импортталатын) азықты және азықтық қоспаларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
317) жануарлар аурулары бойынша эпизоотиялық мониторинг жүргізеді, эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды тексереді;
318) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық құжаттарды береді;
319) ветеринариялық препараттардың, азық және азықтық қоспалардың Мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
320) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, азық, азықтық қоспалар өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы жеке және заңды тұлғаларға келіседі;
321) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-техникалық құжаттамалардың жобаларын келіседі;
322) ормандарды күзетуді, қорғауды, молықтыру мен орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, өзінің функционалдық қарауындағы ғылыми, тәжірибелік-өндірістік және оқу мақсатында пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдалануды реттейді;
323) орман қорын күзету, қорғау және пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру, орман селекциясы және орман тұқым шаруашылығы саласындағы ғылыми-техникалық даму бағыттарын айқындайды, ғылыми зерттеуді және жобалау-іздену жұмыстарын ұйымдастырады;
324) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген құзыреті шегінде мемлекеттік орман қорын иелену мен пайдалануды жүзеге асырады;
325) облыстық атқарушы орган өкілінің қатысуымен өз қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру бойынша тендерлерді ұйымдастырады және өткізеді;
326) облыстық атқарушы органдардың функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалануға беру жөніндегі тендерлердің материалдарын және шарттардың талаптарын келіседі;
327) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының орман қорының жай-күйі, күзетілуі, қорғалуы, ормандарды молықтыру, орман өсіру мен орман пайдалану мәселелері жөніндегі, сондай-ақ, олардың қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі, күзетілуі, қорғалуы, пайдаланылуы және қаржыландырылу мәселелері жөніндегі есептерін қарайды;
328) орман қорының бірыңғай мемлекеттік есебін, бірыңғай мемлекеттік орман кадастрын, ормандар мен орман орналастырудың бірыңғай мемлекеттік мониторингін жүргізеді;
329) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың кадастрын жүргізеді;
330) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады;
331) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады;
332) өзге орталық атқарушы органдардың қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын келіседі және тіркейді;
333) өзге орталық атқарушы органдардың қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқару жоспарын келіседі;
334) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлуді түзету жобаларын және басқару жоспарларын, паспорттарын келіседі;
335) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қалпына келтіру іс-шараларын келіседі;
336) құзыреті шегінде мемлекеттік табиғи ескерткіштерді, мемлекеттік табиғи қаумалдарды және мемлекеттік қорық аймақтарын қорғау мақсатында оларды мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелеріне, табиғат қорғау мекемелеріне бекітіп беру туралы шешім қабылдайды;
337) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде белгіленген арнайы экологиялық талаптарды есепке ала отырып, мемлекеттік қорық аймағы аумағында геологиялық зерттеуді, пайдалы қазбаларды барлауды жүзеге асыруды келіседі;
338) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
339) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлуді түзету жобаларын бекітеді;
340) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының ұсынысы бойынша жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін келіседі;
341) су шаруашылығы құрылыстарын пайдалануға қабылдау-беру жөніндегі жұмысқа қатысады;
342) су ресурстарын пайдаланудың республикалық ақпараттық-талдау жүйесін құрады;
343) су шаруашылығы теңгерімін әзірлейді;
344) мемлекеттік су кадастрында қамтылған ақпаратқа мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
345) бассейндік схемалар мен су объектілеріне жол берілетін шекті зиянды әсерлердің нормативтері негізінде өзен бассейндері бойынша су пайдалану лимиттерін әзірлейді және бекітеді;
346) өзінің функционалдық қарауындағы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеуді ұйымдастырады;
347) өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқаруды, оларды күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ оларға ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
348) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен жобалау-іздену жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;
349) бекіре балық түрлерінің уылдырығын сыртқы нарықта саудалауға арналған марканың нысанын бекітеді және оны ішкі нарықта саудалау үшін марка беруді жүзеге асырады;
350) бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) жергілікті маңызы бар учаскелердегі балық шаруашылығы субъектілеріне арналған квоталарды қоспағанда, бекітілген лимиттер негізінде жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға арналған квоталарды бөледі;
351) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін жерсіндіру, сондай-ақ жасанды өсіру жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
352) аңшылық алқаптары мен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында жануарлар дүниесін қорғауды, өсімін молайтуды және мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
353) аңшылық шаруашылықтарының санаттарын айқындайды;
354) Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізеді және басып шығарылуын қамтамасыз етеді;
355) бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) фитосанитариялық мониторинг деректеріне және қалыптасатын фитосанитариялық ахуалға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;
356) Қазақстан Республикасында және басқа да мемлекеттерде карантиндік объектілердің болуы мен таралуы, оларға қарсы күрес жөніндегі шаралар мен іс-шаралар туралы дерекқор құрады және мүдделі тұлғаларға ақпарат береді;
357) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтерді (улы химикаттарды), оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
358) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын құрады;
359) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;
360) тіркеу, өндірістік сынақтар мен ғылыми зерттеулер үшін әкелінетін пестицидтер (улы химикаттар) санын айқындайды;
361) отандық және шетелдік селекция сорттарын мемлекеттік сынауды ұйымдастырады;
362) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу туралы, сондай-ақ, «Астық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдайды;
363) Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу туралы, сондай-ақ, «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 36-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдайды;
364) мемлекеттік ресурстар астығын сақтайтын астық қабылдау кәсіпорындарымен және көрсетілген астық қабылдау кәсіпорындарынан астық әкетуді жүзеге асыратын көлік ұйымдарымен астықтың кез келген мөлшерін тиеп жөнелтуді келіседі;
365) шекара және кеден пункттерінде (Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде) шекаралық ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастырады;
366) ветеринариялық ғылыми зерттеулерді және ветеринария саласындағы мамандарды қайта даярлауды ұйымдастырады;
367) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық препараттарды және оларды сақтау, тасымалдау (жеткізу) және пайдалану жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
368) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ, ветеринариялық препараттарды, азықты және азықтық қоспаларды өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысады;
369) экспорттаушы елдің ғылыми негіздемесі халықаралық ұйымдардан алған ақпаратты қоса алғанда, қолда бар ақпарат негізінде жеткіліксіз болып табылған жағдайда уақытша ветеринариялық-санитариялық шаралар енгізеді;
370) аумақты немесе оның бөлігін аурулар таралмаған немесе аурулар аз таралған деп айқындайды, осы аумақтардан экспортталатын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асырады, импортталатын елге растауды ұсынады және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда, оның өкілдерінің осы аумақтарда инспекциялау жүргізуге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
371) басқа елдердің ветеринариялық-санитарлық шараларының, егер ол шаралар Қазақстан Республикасының аумағындағы салауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін болса, баламалылығын таниды;
372) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден әкелінетін жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулары қоздырушыларының енуі мен таралуынан қорғауды ұйымдастырады;
373) импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) экспорттаушы елдің ресми органдары берген асыл тұқымдық куәліктің немесе оған балама құжаттың қолданылуын тануды жүзеге асырады;
374) ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектілеріне есептік нөмірлерді береді және олардың тізілімін жүргізеді;
375) агроөнеркәсіп кешеніндегі жастар саясатын іске асыруға қатысады;
376) орман шаруашылығы іс-шараларының орындалу сапасына және олардың мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орман орналастыру жобаларына сәйкестігіне бақылауды жүзеге асырады;
377) орман қорының сандық және сапалық өзгерістерін, ормандардың санитарлық жай-күйін, ормандардағы орман патологиясы жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
378) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шарттардың сақталуына және орман ресурстарын орман пайдалануға беру тәртібін бақылауды жүзеге асырады;
379) ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптарының, ормандағы өрттердің алдын алу жөніндегі, оларды уақтылы анықтау мен жоюды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуына, сондай-ақ өртенген алаңының есебін жүргізудің және мемлекеттік орман қорына өрттен келген нұқсанды анықтаудың дәлдігіне, орман өрттерінің зардаптарын жою жөніндегі шаралардың уақтылы қабылдануына бақылауды жүзеге асырады;
380) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына, пайдаланылуына, орман қорының пайдаланылуына, ормандардың молықтырылуына, ормандардың өсірілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
381) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ауыл және орман шаруашылықтарын кешенді жүргізу үшін жер учаскелерінің меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі ағаш және бұта өсімдіктерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына, пайдаланылуы мен молықтырылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
382) ормандарды зиянкестер мен аурулардан қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуына, орман зиянкестері мен аурулары ошақтарының пайда болуының, таралуының, екпелердің су басудан, қоқыстанудан, сарқынды сулар мен шаруашылық әсерінің басқа да түрлерінен қурап-солып қалуының алдын алу жөніндегі шаралардың уақтылы қабылдануына, олардың есебін жүргізу мен болжаудың дәлдігіне бақылауды жүзеге асырады;
383) кеспеағашты бөліп беру жөніндегі жұмысты тексеруге бақылауды жүзеге асырады;
384) сүрікті түбірімен босату және ағаш кесу қағидаларының, орман пайдаланудың өзге де қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
385) ормандарда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
386) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман тұқымдарын аудандастыру қағидаларының сақталуын, орман тұқымдарының дайындалуын, сақталуын, өңделуін және олардың сапасын, питомник шаруашылығының жүргізілуін бақылауды жүзеге асырады;
387) орман қоры жерлерінің нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
388) құрылыс жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру, коммуникацияларды тарту және орман шаруашылығын жүргізу мен орман пайдалануға байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау кезінде мемлекеттік орман қорын пайдалану тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;