Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысы
(2011.02.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 7 тамыздағы № 1090 қаулысының 5-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
2. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1995 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1880 қаулысымен
бекітілген
Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi
жөніндегі комиссия туралы
Ереже
I. Жалпы ережелер.
1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) «Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 7 тамыздағы № 1090 қаулысына сәйкес құрылады.
ҚР Үкіметінiң 03.03.04 ж. № 267 қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1.1. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Үкіметтің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған.
ҚР Үкіметінің 21.01.02 ж. № 72; 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Комиссия құрамын, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен және пайдаланумен айналысатын Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, өзге орталық атқарушы және жергiлiктi органдарының, басқа да мекемелерi мен ұйымдарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара) қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара) қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Комиссия заң тәртібімен тiркелген, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен, пайдаланумен және көрсетумен айналысатын басқа ұйымдармен және қоғамдық бiрлестiктермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс iстейдi.
ҚР Үкіметінің 21.01.02 ж. № 72; 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара); 2007.18.05. № 390 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 5-тармақ өзгертілді
5. Комиссияның жұмысшы органы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі болып табылады (осы министрлiктердiң Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен штат саны шегiнде), оған Комиссияның қызметiн ұйымдастыру және оның шешiмдерiнiң орындалуына бақылау жүктеледi.
6. Комиссияның тапсыруы бойынша халықаралық iзгiлiк көмек берушiмен дәрiлiк заттардың, жабдықтар мен медициналық бұйымдардың, емдеу-сауықтыру мекемелерiне арналған жабдықтардың тiзбесiн шешу және келісіп алу құқығы Қазақстан Республикасында тек Денсаулық сақтау министрлігіне ғана берiледi.
ҚР Үкіметінің 21.01.02 ж. № 72; 2005.22.02. № 156 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 7-тармақ өзгерді
7. ҚР Үкіметінің 2007.18.05. № 390 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
II. Комиссияның мiндеттерi мен қызметi
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара) қаулысымен 8-тармақ өзгертілді
8. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
Қазақстан Республикасының ізгілік көмек көрсетуіне және шетелдiк iзгiлiк көмектi тартуға, алуға және пайдалануға байланысты мәселелердi жедел шешу;
iзгiлiк көмектiң пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара) қаулысымен 9-тармақ өзгертілді
9. Негiзгi мiндеттердi орындау мақсатында Комиссия мынадай қызметтердi орындайды:
Қазақстан Республикасына және шетелдік мемлекеттерге халықаралық iзгiлiк көмек көрсету жөніндегі ұсыныстарды қарайды;
адресаттары көрсетiлмей жiберiлген халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн алушыларды айқындайды;
алушылар арасында халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн бөлудiң лимиттерiн белгiлейдi.
халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн алушылардың осы жүктердi мақсатты пайдалануын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Үкiметке қажетiнше халықаралық iзгiлiк көмек iсiнiң жайы туралы қорытындыланған мәлiметтердi, сондай-ақ өз өкiлеттiктерiн орындау үшiн қажеттi басқа да ақпаратты берiп отырады.
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 267 қаулысымен 9-1-тармақпен толықтырылды
9.1. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
III. Комиссияның құқықтары
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара) қаулысымен 10-тармақ өзгертілді
10. Комиссияның:
iзгiлiк жүк жiберiлген ұйымдардан оның мақсатқа сай пайдаланылғаны туралы ақпарат сұратуға;
тексеру мақсатында iзгiлiк жүк сақталатын орындарға кедергiсiз кiруге;
iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу мәселелерi бойынша ұсыныстар мен түсiнiктер беруге;
лауазымды адамдардың iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу тәртібін бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы тиiстi орындарға ұсыныстар енгiзуге құқығы бар;
ізгілік көмек көрсету туралы Үкімет кесімін әзірлеу жөнінде Үкіметке ұсыныстар енгізуге;
ҚР Үкіметінiң 21.01.02 ж. № 72; 20.11.02 ж. № 1223 (бұрынғы ред. қара); 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара); 22.07.04 ж. № 782 (бұр. ред. қара); 2005.22.02. № 156 (бұр. ред. қара); 2006.13.07. № 668 (бұр. ред. қара); 2007.27.03. № 233 (бұр. ред. қара); 2007.18.05. № 390 (бұр. ред. қара); 2007.28.10. № 998 (бұр.ред.қара); 2008.18.09. № 856 (бұр.ред.қара); 2009.25.09. № 1449 (бұр.ред.қара); 2010.30.09. № 1010 (бұр.ред.қара); 2011.02.07. № 764 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрамы өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1995 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1880 қаулысына
қосымша
Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі комиссияның
Құрамы
Божко Владимир Карпович | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі, төраға |
Ырсалиев Серік Әзтайұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, |
Құрманғалиева Аида Дәденқызы | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі, |
Оразаев Марат Әбілахатұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Смайылов Жанболат Амангелдіұлы | - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі, |
Комиссия мүшелері
Бектұров Азат Ғаббасұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрi |
Толымбаев Берік Зиябекұлы | - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі, |
Сүлейменов Тимур Мұратұлы | - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі, |
Ахметов Серік Әбжалиұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, |
Бекетаев Марат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысы, |
Омаров Қайрат Ермекұлы | - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары |
Шолпанқұлов Берік Шолпанқұлұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары; |
Бөлтіріков Руслан Ескендірұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі, |
Бейсен Назарбек Есеркепұлы | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасы, |
Раев Олжас Қайырбекұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры; |
Тен Игорь Викторович | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары |
Егізбаев Алтынбек Қосайұлы | - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кеңесшісі, хатшы; |