Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі комиссия туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1880 қаулысы
(ҚР Үкіметінiң 21.01.02 ж. № 72; 20.11.02 ж. № 1223;
03.03.04 ж. № 267; 22.07.04 ж. № 782 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 22 ақпандағы өзгерістерді енгізгенге дейін қолданылды
"Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 7 тамыздағы № 1090 қаулысының 5-тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі комиссия туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекітілсiн.
2. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1995 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1880 қаулысымен
бекітілген
Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi
жөніндегі комиссия туралы
Ереже
I. Жалпы ережелер.
1. Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) "Iзгiлiк көмегi ретiнде тауарлар әкелу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 7 тамыздағы № 1090 қаулысына сәйкес құрылады.
ҚР Үкіметінiң 03.03.04 ж. № 267 қаулысымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1.1. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Үкіметтің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған.
ҚР Үкіметінің 21.01.02 ж. № 72; 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Комиссия құрамын, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен және пайдаланумен айналысатын Қазақстан Республикасының министрлiктерiнiң, өзге орталық атқарушы және жергiлiктi органдарының, басқа да мекемелерi мен ұйымдарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара) қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара) қаулысымен 4-тармақ өзгертілді
4. Комиссия заң тәртібімен тiркелген, халықаралық iзгiлiк көмектi тартумен, алумен, пайдаланумен және көрсетумен айналысатын басқа ұйымдармен және қоғамдық бiрлестiктермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс iстейдi.
ҚР Үкіметінің 21.01.02 ж. № 72; 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 5-тармақ өзгертілді
5. Комиссияның жұмысшы органы Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі болып табылады (осы министрлiктердiң Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен штат саны шегiнде), оған Комиссияның қызметiн ұйымдастыру және оның шешiмдерiнiң орындалуына бақылау жүктеледi.
6. Комиссияның тапсыруы бойынша халықаралық iзгiлiк көмек берушiмен дәрiлiк заттардың, жабдықтар мен медициналық бұйымдардың, емдеу-сауықтыру мекемелерiне арналған жабдықтардың тiзбесiн шешу және келісіп алу құқығы Қазақстан Республикасында тек Денсаулық сақтау министрлігіне ғана берiледi.
ҚР Үкіметінің 21.01.02 ж. № 72 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді
7. Төтенше жағдайларда халықаралық iзгiлiк көмек көрсетiлгенде материалдық құндылықтарды бөлу жөніндегі жедел шешiм қабылдау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгінiң өкiлiне жүктеледi.
II. Комиссияның мiндеттерi мен қызметi
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара) қаулысымен 8-тармақ өзгертілді
8. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
Қазақстан Республикасының ізгілік көмек көрсетуіне және шетелдiк iзгiлiк көмектi тартуға, алуға және пайдалануға байланысты мәселелердi жедел шешу;
iзгiлiк көмектiң пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара) қаулысымен 9-тармақ өзгертілді
9. Негiзгi мiндеттердi орындау мақсатында Комиссия мынадай қызметтердi орындайды:
Қазақстан Республикасына және шетелдік мемлекеттерге халықаралық iзгiлiк көмек көрсету жөніндегі ұсыныстарды қарайды;
адресаттары көрсетiлмей жiберiлген халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн алушыларды айқындайды;
алушылар арасында халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн бөлудiң лимиттерiн белгiлейдi.
халықаралық iзгiлiк көмек жүктерiн алушылардың осы жүктердi мақсатты пайдалануын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
Үкiметке қажетiнше халықаралық iзгiлiк көмек iсiнiң жайы туралы қорытындыланған мәлiметтердi, сондай-ақ өз өкiлеттiктерiн орындау үшiн қажеттi басқа да ақпаратты берiп отырады.
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 267 қаулысымен 9-1-тармақпен толықтырылды
9.1. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
III. Комиссияның құқықтары
ҚР Үкіметінің 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара) қаулысымен 10-тармақ өзгертілді
10. Комиссияның:
iзгiлiк жүк жiберiлген ұйымдардан оның мақсатқа сай пайдаланылғаны туралы ақпарат сұратуға;
тексеру мақсатында iзгiлiк жүк сақталатын орындарға кедергiсiз кiруге;
iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу мәселелерi бойынша ұсыныстар мен түсiнiктер беруге;
лауазымды адамдардың iзгiлiк жүктi сақтау және бөлу тәртібін бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi туралы тиiстi орындарға ұсыныстар енгiзуге құқығы бар;
ізгілік көмек көрсету туралы Үкімет кесімін әзірлеу жөнінде Үкіметке ұсыныстар енгізуге;
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1995 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1880 қаулысына
қосымша
Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi
жөніндегі комиссияның
Құрамы
ҚР Үкіметінiң 21.01.02 ж. № 72; 20.11.02 ж. № 1223 (бұрынғы ред. қара); 03.03.04 ж. № 267 (бұр. ред. қара); 22.07.04 ж. № 782 (бұр. ред. қара) қаулыларымен құрам өзгертілді
Әйтімова - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бірғаным Сарықызы Министрінің орынбасары, төрайым
Белоног - Қазақстан Республикасының
Анатолий Александрович Денсаулық сақтау вице - министрі,
Қазақстан Республикасының Бас
мемлекеттік санитарлық дәрігері
Коржова - Қазақстан Республикасының Экономика
Наталья Артемовна және бюджеттік жоспарлау вице-министрі,
төрайымның орынбасары
Шәмшидинова Күләш - Қазақстан Республикасының Білім
Ноғатайқызы және ғылым вице-министрі
Қонаев - Қазақстан Республикасының Төтенше
Эльдар Асқарұлы жағдайлар жөніндегі агенттігі
төрағасының орынбасары;
Хамзин - Қазақстан Республикасының
Рүстем Назымбекұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі Халықаралық
экономикалық және қаржылық
қатынастар департаментінің
директоры, хатшы
Сармұрзина Раушан - Қазақстан Республикасының Энергетика
Ғайсақызы және минералдық ресурстар министрлігі
Мемлекеттік активтерді технологиялық
дамыту және басқару департаментінің
директоры
Ержанов Аманияз - Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау
Қасымұлы агенттігі төрағасының бірінші орынбасары
Әбусейітов Қайрат - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Қуатұлы істер бірінші вице-министрі
Лавриненко - Қазақстан Республикасының Көлік
Юрий Иванович және коммуникациялар бірінші
вице-министрі
Смағұлов - Қазақстан Республикасының
Болат Советұлы Индустрия және сауда вице-министрі
Әшитов - Қазақстан Республикасының Еңбек
Батыржан Зайырқанұлы және халықты әлеуметтік қорғау
вице-министрі
Ойнаров - Қазақстан Республикасының Қаржы
Азамат Рысқұлұлы вице-министрі
Пак - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Лариса Юн-Боевна сақтау министрлігінің Фармация,
фармацевтік және медициналық
өнеркәсіп комитеті төрағасының
орынбасары
Евниев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Арман Қайратұлы шаруашылығы министрлігі Егіншілік
департаментінің директоры
Дүйсенбекова - Қазақстан Республикасының
Гүлжан Зайроллақызы Мемлекеттік материалдық резервтер
жөніндегі агенттігі Әкімшілік-қаржы
департаментінің директоры
Байшолақов - Қазақстан Республикасының Әділет
Алмат Мұратұлы министрлігі Заңға тәуелді актілер
департаментінің директоры;