Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 3 наурыздағы № 267 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 140 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 512-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1.1. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады және Үкіметтің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылған.»;
2-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
3-тармақтағы «келісімдерді, басқа да» деген сөздер алынып тасталсын;
4-тармақтағы «және пайдаланумен» деген сөздер», пайдаланумен және көрсетумен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» және «оларға» деген сөздер тиісінше «Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі» және «оған» деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың екінші абзацы «шетелдік» деген сөздің алдынан «Қазақстан Республикасының ізгілік көмек көрсетуіне және» деген сөздермен толықтырылсын;
9-тармақтың екінші абзацы «халықаралық» деген сөздің алдынан «Қазақстан Республикасына және шетелдік мемлекеттерге» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9.1. Комиссияның шешімдері ұсынымдық сипатта болады.»;
10-тармақтағы «құқығы бар» деген сөздердің алдынан»;»белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«ізгілік көмек көрсету туралы Үкімет кесімін әзірлеу жөнінде Үкіметке ұсыныстар енгізуге»;
2) көрсетілген қаулыға қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Келімбетов - Қазақстан Республикасының
Қайрат Нематұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрі, төраға
Лавриненко - Қазақстан Республикасының Көлік
Юрий Иванович және коммуникациялар бірінші
вице-министрі
Смағұлов - Қазақстан Республикасының
Болат Советұлы Индустрия және сауда вице-министрі
Әшитов - Қазақстан Республикасының Еңбек
Батыржан Зайырқанұлы және халықты әлеуметтік қорғау
вице-министрі
Ойнаров - Қазақстан Республикасының Қаржы
Азамат Рысқұлұлы вице-министрі
Пак - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Лариса Юн-Боевна сақтау министрлігінің Фармация,
фармацевтік және медициналық
өнеркәсіп комитеті төрағасының
орынбасары
Евниев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Арман Қайратұлы шаруашылығы министрлігі Егіншілік
департаментінің директоры
Дүйсенбекова - Қазақстан Республикасының
Гүлжан Зайроллақызы Мемлекеттік материалдық резервтер
жөніндегі агенттігі Әкімшілік-қаржы
департаментінің директоры
Байшолақов - Қазақстан Республикасының Әділет
Алмат Мұратұлы министрлігі Заңға тәуелді актілер
департаментінің директоры;
мынадай:
«Белоног - Қазақстан Республикасының
Анатолий Денсаулық сақтау вице-министрі,
Александрович төрағаның орынбасары»
«Хамзин - Қазақстан Республикасының
Рүстем Назымбекұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі Халықаралық
экономикалық және қаржылық
қатынастар департаментінің
директоры»
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Белоног - Қазақстан Республикасының
Анатолий Александрович Денсаулық сақтау бірінші вице-
министрі, төрағаның орынбасары»
«Хамзин - Қазақстан Республикасының
Рүстем Назымбекұлы Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрлігі Халықаралық
экономикалық және қаржылық
қатынастар департаментінің
директоры, хатшы»;
көрсетілген құрамнан Мұхаметжанов Бауыржан Әлімұлы, Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы, Жақыпов Қабиболла Қабенұлы, Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |